ҚР еңбек кодексі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 07:54, реферат

Описание работы

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

Содержание

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан"

Работа содержит 1 файл

Енбек кодекс Microsoft Office Word.docx

— 232.30 Кб (Скачать)

307-бап. Еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  
                саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және  
                қадағалау     

 Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау саласындағы  мемлекеттік басқаруды, бақылау  мен қадағалауды Қазақстан Республикасының  Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік орган және өзге  де уәкілетті мемлекеттік органдар  өз құзыретіне сәйкес жүзеге  асырады.     

308-бап. Еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  
                жөніндегі талаптар     

1. Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау жөніндегі  талаптар Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді және қызметкерлердің  еңбек қызметі процесі кезінде  олардың өмірі мен денсаулығын  сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға  тиіс. 
      2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.     

309-бап. Еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  
                саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау    

  Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг пен тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.

34-тарау. ЕҢБЕК  ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ  САЛАСЫНДАҒЫ  
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ     

310-бап. Еңбек  шартын жасасу кезінде еңбек  қауіпсіздігі  
                және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін  
                кепілдіктер     

1. Еңбек шартында зиянды  және (немесе) қауіпті өндірістік  факторларды қоса алғанда, еңбек  жағдайларының дәйекті сипаттамасы,  Қазақстан Республикасының заңнамасында  және ұжымдық шартта көзделген  осындай жағдайлардағы жұмыс  үшін берілетін кепілдіктер, 
жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс. 
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.     

311-бап. Еңбек  қызметі процесінде қызметкерлердің  еңбек  
                қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына  
                берілетін кепілдіктер     

1. Жұмыс орнындағы еңбек  қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік  стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау жөніндегі  ережелер талаптарына сәйкес  болуға тиіс. 
      2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. 
      3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды. 
      4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті. 
      5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.      

312-бап. Қызметкерлерді  міндетті медициналық тексеру     

1. Жұмыс беруші ауыр  жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары  бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді  Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. 
      2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.     

313-бап. Қызметкерлерді  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  
                қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру  
                және білімдерін тексеру     

1. Қызметкерлерді еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама  беруді және білімдерін тексеруді  жұмыс беруші өз қаражаты есебінен  жүргізеді. 
      2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды . 
      3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. 
      4. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК  
ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН  
МІНДЕТТЕРІ     

314-бап. Қызметкердің  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  
                қорғау құқықтары     

 Қызметкердің: 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына; 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; 
      3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге; 
      4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға; 
      5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа; 
      7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға; 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына; 
      9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.      

315-бап. Қызметкердің  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  
                қорғау саласындағы міндеттері      

 Қызметкер: 
      1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 
      2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге; 
      3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға; 
      4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға; 
      5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.     

316-бап. Жұмыс  берушінің еңбек қауіпсіздігі  және  
                еңбекті қорғау саласындағы құқықтары     

 Жұмыс беруші: 
      1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға; 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.    

  317-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және  
                еңбекті қорғау саласындағы міндеттері     

1. Жұмыс беруші: 
      1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға; 
      2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге; 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуге; 
      4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге; 
      5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 
      6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге; 
      7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына, қызметкерлердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге; 
      8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
      9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға; 
      10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен  ережелерге сәйкес қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды өткізуге, сондай-ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестаттауды өткізуге; 
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге; 
      12) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға; 
      13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға; 
      14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; 
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге; 
      16) авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті. 
      2. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік көздерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін. 
      Ескерту. 317-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.     

318-бап. Еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  
                жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру      

 Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау жөніндегі  іс-шараларды қаржыландыру жұмыс  берушінің қаражаты және Қазақстан  Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. 
      Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды. 
      Қаражат көлемі ұжымдық шартпен айқындалады.

36-тарау. ЕҢБЕК  ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ  
ҰЙЫМДАСТЫРУ     

319-бап. Еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  
                саласындағы нормативтік құқықтық актілерді  
                қабылдау     

1. Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау саласындағы  нормативтік құқықтық актілер  еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің  өмірі мен денсаулығын сақтауға  бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге  де нормаларды, ережелерді, рәсімдер  мен өлшемдерді белгілейді. 
      2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 
      3. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.     

320-бап. Өндірістік  объектілер мен өндіріс құралдарын  
                жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек  
                қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі  
                талаптар     

1. Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау талаптарына  сай келмейтін өндірістік ғимараттар  мен құрылыстарды жобалауға, салуға  және қайта құруға, технологияларды  әзірлеуге және пайдалануға, машиналарды,  тетіктерді, жабдықтарды құрастыруға  және әзірлеуге жол берілмейді. 
      2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндірістік объектілер, өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. 
      3. Өндірістік объектілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган  белгілеген тәртіппен еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізілуге тиіс. 
      4. Қабылдау комиссиясы өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен жүргізеді.     

Информация о работе ҚР еңбек кодексі