Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері келесідей болып табылады :
- мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің теориялық негіздерін зерделеу;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланың көрсеткіштерін талдау, халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайына сипаттама беру;
- мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін бағалаудың мәнін айқындау, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін жетілдіру жолдарын анықтау.

Работа содержит 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 144.50 Кб (Скачать)

       Ал  екінші тарауды, яғни Қазақстан Республикасының әлеуметтік саланың көрсеткіштерін талқыладық. Оның бәрі басқару және өзге салалардың тиімді, өзара байланыса жұмыс істеуінің арқасында.

       Аталған сала бойынша халықты әлеуметтік қорғау және қазіргі әлеуметтік саясат шаралары іске асуда. Қазақстан Республикасының Контитуциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі: әлеуметтік көмек, балалары бар отбасына жәрдемақы, балалары бар мерзімдік қызметтің әскери қызметшілердің отбасына жәрдемақы, мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы, әкелері алимент төлеуден жалтарған балаларға уақытша жәрдемақы, тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады, тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі, жұмыссыздарға материалдық көмек, этникалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы және басқа жәрдемақылар мемлекет тарапынан көрсетіледі.

       Мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру  жолдарын жетілдіруді қолдау мақсатында Үкімет табыстардың теңсіздігін  тегістеу мақсатын атқарады. Мемлекеттің  әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіруде  бағдарламаларға сәйкес еңбек рыногын реттеу шаралары да маңызды орын алады. Жұмыс орындарын құруда – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу, бизнес-инкубаторлар құру, оралмандарды жұмысқа орналастыру және т.б. Бағдарламаларда мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясаттарын еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясы «Қазақстан-2030»-ға сәйкес жүзеге асыру мақсат етіліп, нақтылы міндеттер айқындалады.

       Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік тұрақтылықты дамытудың тетіктерін басқару жолдары мынадай: Үкімет әлеуметтік стандарттар жүйесін халықаралық стандарттарға кезеңмен жақындату, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін анықтау, халықтың өмір сүру деңгейін халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады.

       Сондықтан да, елімізге ең өзектісі мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін дамытуын қарастыру нәтижесінде әлеуметтік саланың мемлекеттік реттелуі өз деңгейінде болуы, мемлекет басшылары әлеуметтік қамтамассыз етілудің тиімді жолдарын іздеп, жұмыссыздықты жоюға ат салысу қажет. Ол ертеңгі мемлекетіміздің тұрақты экономикасына, тиімді әлеуметтік саласына үлкен маңызды әсері болады деп ойлаймыз. 
 
 
 

       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

       
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы, 
    2000.
  2. Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан 
    Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы 
    туралы", 23.01.2001.
  3. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы. – 2007.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің  Қазақстан халқына
  5. Асан Д.С. Мырзалиев Б. Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты дамыту тетіктері. – Алматы: Заң әдебиеті, 2008.
  6. Атаманчук Г.В. Теория  государственного  управления. – М:Омега-Л, 2004.
  7. Бейісов М. Әлеуметтік ахуал әлденіп келеді // Дала мен қала, 2007.
  8. Бердалиев К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  9. Джанбурчин К. Концептуальные основы устойчивого развития гетерогенных социально-экономических систем // Аль Пари, 2001. №4, С 9.
  10. Жакупова Г. Биліктің экономикалық табиғаты // Қаржы-қаражат, 2005. №6, Б 27.
  11. Исаева А. Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері // Қаржы-қаражат, 2006. №5, Б 29.
  12. Ихданов Ж.Ө. Орманбеков Ә.О. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы:  Экономика, 2002.
  13. Кузембаев Б. Приоритеты социальной политки // Казахстанская правда, 2003. 15 апрель.
  14. Лящева А. Әлеуметтік тұрақтылық // Солтүстік Қазақстан, 31 мамыр, 2005.
  15. Мамыров Н. К., «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998 ж.
  16. Орынбеков А. Модельная оценка развития социально-экономической системы региона. – Алматы: Ғалым, 2000.
  17. Сахариев С.С., А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004 ж.
  18. Смағұлова Г.С. «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  19. Туралин Ә.З  Мемлекеттік теорияны басқару
  20. Үсенова Г. Жұмыспен қамту саясаты және экономикалық өсу // Ақиқат, 2003. №2, Б 29.
  21. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
  22. Ілясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Т. Қаржы. – Алматы: Білім, 2005, 552 б.
    1. www.akorda.kz
    1. www.goverment.kz

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі