Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері келесідей болып табылады :
- мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің теориялық негіздерін зерделеу;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланың көрсеткіштерін талдау, халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайына сипаттама беру;
- мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін бағалаудың мәнін айқындау, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін жетілдіру жолдарын анықтау.

Работа содержит 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 144.50 Кб (Скачать)

       КІРІСПЕ 

       Билік – халықтың қолында. Сондықтан, қандай мемлекет болмасын, ең бірінші мемлекетті басқарған кезде, сол халқының жағдайына, әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне, яғни әлеуметтік саласына баса назар аударуы  тиіс. Осы саланы тиімді жетілдіру  жолдарын ойластыру әрине басқару саласына тиесілі.

       Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір  адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен  ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

      Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің теориялық негіздерін қарастырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өріске сипаттама беру және әлеуметтік салада мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын айқындап көрсету болып табылады.

       Курстық жұмыстың міндеттері келесідей болып  табылады :

       - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік  тиімділігінің теориялық негіздерін  зерделеу;

       - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік  саланың көрсеткіштерін талдау, халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайына сипаттама беру;

       - мемлекеттік басқарудың жалпы  әлеуметтік тиімділігін бағалаудың мәнін айқындау, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін жетілдіру жолдарын анықтау.

       Курстық жұмыстың объектісі - аталған мәселелерді тұжырымдау ҚР-да орын алған мемлекеттік басқарудың сипатын көрсетуге көмектеседі және де мұнда негізінен әлеуметтік өрістегі мемлекеттік басқару субъектілері мен экономиканы басқару органдары қызметінің тиімділігін анықтауға жәрдем береді.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
    1. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік механизм теориясы
 

       Еркін нарықтық экономикадағы бәсекелестік ешкімді кедей немесе ауқатты  деп бөлмейтін, бейтарап механизм болып  табылатындықтан, оның негізінде бөлінген табыстар қоғам үшін қажетсіз теңсіздіктің туындауына жағдай жасап отырады. Аталған мәселенің алдын алуда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қызметтерге қарамастан кедейлік мәселесі әлі де дамыған европалық елдерде, сонымен қатар Қазақстан Республикасында да көкейкесті экономикалық және әлеуметтік мәселенің бірі болып келе жатыр. Осы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді әрине мемлекетті басқару арқылы шешеді .

       Басқару – кез келген ұйымдық құрылымның мақсатына жетуге, оның қызметін ұйымдастыруға, құрылымын сақтауға ықпал ететін функция. Билік –басқарудың негізгі қажетті шарты, құралы. Басқару функциясын атқарушы өз қарамағындағыларға билік етеді. Оның түпкілікті мақсаты – билік обьектісін өзіне бағындыру емес, керісінше, билік міндеттерді жүзеге асыру тәсілі, құралы ретінде пайдалану.

       Кең мағынада, әлеуметтік билік дегеніміз – әлеуметтік қызметті жүзеге асырушы субъектінің билік құралдары мен ресурстарын пайдалана отырып, өзінің айналасында билік кеңістігін қалыптастыратын, соның шегінде басқа институттар мен топтарды өз еркіне бағындыратын, өз қызығушылығын көздейтін әлеуметтік институттар, ұйымдар, әлеуметтік топтар және жеке тұлғалар арасындағы ерекше қатынас. Мемлекеттің билігі – халық билігі негізінде жүргізіледі, яғни өзінің еркін мемлекет арқылы жүзеге асырады.

       Басқару субъекті ретінде өз органдары жүйесімен мемлекет пен басқарылатын объектілер қоғамда өз-өзімен болмайды, ал болса да, олардың ұтымдылығы мен нәтижелілігі өте төмен. Өзара көмектесе әрекет жасағанда ғана олар даму факторларын жасайды, адамдарға өз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Осындай әрекеттестіктің көрсетілуі болып төмен ұсынылған механизм болып табылады.

       Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі деп мемлекеттік  басқару субъектісі мемлекеттік билікке сүйеніп, басқару әрекеттестіктегі қоғамның мұқтаждарын, мүдделерін және мақсаттарын біле қоятын, өз басқару шешімдері мен әрекеттерінде бекітетін және өмірге практикалық өткізетін әлеуметтік элементтердің, процестердің және заңдылықтардың жиынтығы мен логикалық өзара байланысы танылады. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік басқаруды әлеуметтік толығу механизмі, оның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы ол керек шарттылыққа, негізділікке және нәтижелілікке ие болады. Осы мағынада әлеуметтік механизм мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың құқықтық, функционалдық және ұйымдастырушылық заңдылықтары мен рәсімдеріне көңіл аудармай ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қозғалыста оның әлеуметтік функциясын, әлеуметтік рөлін және құндылығын әр басқару құбылысына олармен қатар, негізінде және бірлесе айқындалуының қажеттілігін ұсынады.

       Мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік билік нысанында  жинақталған халық қалауы осындай  қалау болып табылады.

       Басқарушылық  шешімдер – бұл ішінде қойылған мақсаттарға жету үшін, мүдделерді қамтамасыз ету және басқарудағы тиісті мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін қажет басқаратын бөліктердің (мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардың) қоғамдық жүйеге әсер етуі қисынды нысанда көрсетілген әлеуметтік актілер. Мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың және іске асырудың әлеуметтік механизмі мемлекетпен өзара байланысты және дәйекті детерминделген қоғамдық құбылыстардың бірыңғай қатар арқылы көрсетілуі мүмкін: «мұқтаждықтар – мүдделер – мақсаттар – шешімдер – әрекеттер – нәтижелер».

       Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі оның бөлінбейтін әлеуметтік құбылыс ретіндегі деңгейде ғана емес, сондай-ақ барлық, жеке де мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың ұйымдастыру, құқықтық және өзге де әрекеттерінде істейді.

       ҚР  Конституциясына сәйкес әлеуметтік мемлекеттің құрылуы қоғамдық өркендеудің негізгі кепілі болып саналады. Арнаулы заңдарға сай мемлекеттің әлеуметтік функцияларының даму сапалылығы жалпы мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер етеді. Қазір де әлеуметтік бағдарламаларды дұрыс қаржыландармай отырғанын көреміз. Аз қамтылған азаматтарға – соның ішінде жұмыссыздарға, көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақының дұрыс бөлінбеуі әлеуметтік саясат нәтижесін төмендетеді.

       Халықтың  нақты өмір сүру ұзақтығы азаюы ең алдымен Қазақстанның  ұлттық қауіпсіздігіне, әлеуметтік-демографиялық дамуға және тура экономикаға нұқсан келтіреді. Осыған байланысты әлеуметтік салада жаңа, кейінге қалдырылмайтын реформалар жүруі тиіс.

       Әлеуметтік  саладағы реформалардың негізгі мақсаты:

  • туу мен өлімді тежеу, дұрыс өмір салтын жарнамалау арқылы өмір ұзақтығын ұзарту, медициналық көмектің жақсарту, тұрмыста және өндірісте жарақатты болдырмау және де көшіп-қон процесін реттеу арқылы демографиялық жағдайды жақсарту;
  • гендерлік тендікті орнату және қоғамдағы әйелдің алатын орнын жақсарту;
  • экономиканың нақты секторында жұмысбастылықты дамыту;
  • экономикалық-әлеуметтік қамтамассыз етілген тұрғындар деңгейіне мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету;
  • әлеуметтік көмекке бөлінген қаржыны барынша дұрыс реттеу;
  • халықтың тұрмысын жақсарту жұмыссыздықты, кедейшілікті төмендету;
  • барлығына тегін медициналық көмек көрсету, жалпы және кәсіби білімді қолжетімді қылу;
  • әлеуметтік қызмет пен қамтамассыз етуді барынша сапалы, кең таңдаулы ету;
  • әлеуметтік жүйені қаржыландырудың жаңа, тиімді әдісін таңдау

       Әрбір сала көптеген құрауыштарынан тұрады, сол элементтері арқылы көрсеткіштерін реттеп, бақылап отырады. Әлеуметтік салада да көптеген элементтері бар, мысалы бұл сала зейнетақыны, жұмысбастылықты, демографияны, халық санын, жәрдемақылар және айлық жалақы мөлшерін бақылайды және реттейді. Соның ішінде ең негізгісін сипаттасақ, оның ішінде: жұмыссыздық, демография және өзгелері.

       Әлеуметтік  саланың элементі жұмыссыздық деңгейі  – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен ауқытша жұмысыздықтың жалғыз себебі емес, фирма бантротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады.

       Әлеуметтік  өсуінің нақты мүмкіндіктерін қажетті  төрт топтағы процесті ұйымдастырылу мен жұмыс істеуіне, факторларына тәуелді:

  • басқару механизмінің тиімділігі
  • табиғи ресурстарының саны мен сапасы
  • негізгі капитал қоры
  • еңбек ресурсының саны мен сапасы.
    1. Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары
 

       Экономика мен әлеуметтік дамудың тұрақтылығы бір бірімен тығыз байланысты және әлеуметтік даму өте көп факторларға, аргументтерге, элементтерге тәуелді, өйткені солар арқылы тепе-теңдікті сақтап тұра алады және ол барлық элементтерді орындау қызметтерінің нәтижелі бағасын анықтаушы құрал. Тек тұрақты даму өлшемін тапқанда барып, әлеуметтік даму барысында әртүрлі элементтер қызметтеріне реттеу жүргізу арқылы оның басқару тетіктерін таба аламыз.

       Әлеуметтік  әдістер әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады: әлеуметтік нормалау, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік реттеу, әлеуметтік бастама, моральдік ынталандыру.

       Әлеуметтік  нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен ұжым және жекелеген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік  тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру нысадары жатады.

       Әлеуметтік-саяси  әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері кіреді (үлгі-насихат, сендіру, басқару ісіне қатынастыру және т.б.).

       Әлеуметтік  ретеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың, топтардың, тұлғалардың мүдделері  мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.

       Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданылады.

       Басқарудың  әлеуметтік-психологиялқ әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты  амалдары мен тәсілдерін білдіреді.

       Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамассыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.

       Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәжемелік  сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама  адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді көрсетіп береді.

       Құқықтық реттеу – мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын құқықтық кесімдер мен нормативтік құжаттар, олардың қолданылуы меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға таратылады.

       Қаржылық-кредиттік реттеу - қаржы ағындарын басқару жөніндегі тұтқаларды пайдалану.

       Осы әдісті іске асырудың негізгі нысаны мемлекеттік бюджетте солардың есебінен бюджеттік салалар – әлеуметтік орта салалары қаржыландырылатын баптарды бөлу. Қаржылық реттеудің басқа нысаны – солардың есебінен әлеуметтік саланың  тиісті салалары қаржыландырылатын бюджеттен тыс әлеуметтік: зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларын құру. Жекешелендіру, яғни әлеуметтік сала кәсіпорындарын жеке меншікке беру, әдетте шектелген.

       Мақсатты  бағдарламалар – «Қант диабеті», «Мигрант», «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес» сияқты ең өткір әлеуметтік проблемалар бойынша әлеуметтік бағытталған бағдарламалар. Олар да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

       Әлеуметтік  саясат құралдары – әлеуметтік –  кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер. Әлеуметтік кепілдіктерде мемлекеттің азаматтардың алдындағы да, азаматтардың мемлекеттің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де бекітілген: мысалы, мемлекеттік бюджеттен отбасы мен балаларды қолдау бағдарламасын іске асыруға, білім беру мен мәдениет қызметтерін дамытуға қаржы басымдық тәртіппен бөлінеді.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі