Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 09:38, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Қоғамдық ілімдердің (философия, политология), сондай-ақ мемлекет пен құқықты игеретін ғылымдардың арасындағы мемлекет және құқық теориясының алатын орны.
Мемлекет және құқық теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады – ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.
Мемлекеттің
белгісі ретінде егемендік оны
саяси қарым-қатынастардың
7. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар.
Мемлекеттің түсінігі оның мәнінің сипатын, яғни осы құбылыстағы ең бастысын, анықтаушысын, мықтысын, осы құбылыстағы заңдылығын және әлеуметтік тағайындалуын – рөлі мен тарихи мақсатын қамтиды.
Мемлекет - басқару-қамтамасыз ету, қорғау қызметін жүзеге асыру мақсатындағы арнайы аппараты бар, өз әмірін елдің барлық халқы үшін міндетті ете алатын жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.
Мемлекеттің мәнін қарастыру барысында екі аспектіні ескеру өте маңызды:
Мемлекеттің мәнін айқындауға келесі көзқарастарды атауға болады:
таптық, осы тұрғыда мемлекетті экономикалық үстемтік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады. Бұл жерде мемлекет билік етуші таптың мүдделерін қамтамасыз ететін құрал ретінде қолданылады. Бұл жағдайда қандай да бір таптардың мүдделерін алдымен қанағаттандыру басқа таптардың қарсылығын тудырмауы мүмкін емес. Осыдан келіп үнемі осындай қарсылықтарды күштеу, диктатура арқылы «басу» проблемасы туындайды. Жалпыадамзаттық мүдделер де бар бұл жерде, бірақ та олар екінші орынға қалдырылады.
Жалпы әлеуметтік, оның шегінде мемлекетті әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне компромисс(келісім) жасауға жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтама беруге болады. Бұл жерде мемлекет, көбіне, компромисс(келісім) секілді тәсілді қолдана отырып, әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың, мемлекеттің халқының басым көпшілігінің мүдделерін жинақтайтын қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін құрал ретінде кеңірек мақсаттарға қолданылады. Бұл денсаулықсақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және байланыс құралдары, қылмыстылықпен күрес және т.б.
Осылармен қатар, мемлекеттің мәнін қарастырудың бастысы ретінде діни, ұлттық, нәсілдік те және өзгеде көз қарастарды атап көрсетуге болады, олардың шегінде соларға сәйкес діни, ұлттық, нәсілдік мүдделер нақты бір мемлекеттің саясатында басымырақ болады.
Өзгеше айтқанда, мемлекеттің мәні санқырлы. Ол тек таптық және жалпыадамзаттық бастауларға ғана негізделмейді. Сондықтан мемлекеттің мәнінде тарихи жағдайларға байланысты бірінші орынға жоғарыда аталған бастаулардың қайсысы болса да шығуы мүмкін.
8. Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары.
Мемлекет
типінің түсінігі мемлекет және құқық
теориясының аса маңызды
Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
әлсіз жақтары:
2)
рухани факторлар дұрыс
Мемлекеттің типологиясының көңіл аударуға тұрарлық өркениеттік көзқарас.
Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениет – діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйық және локальді күйі. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т.б.) ғана сақтала алды.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
әлсіз жақтары:
9. Мемлекет нысанының (құрылысы) түсінігі, оның элементтері.
Мемлекеттің
нысаны – бұл билік етудің нысанын,
мемлекеттің құрылымының
Егер «мемлекет мәні» категориясы мемлекеттің басты, заңды, анықтаушысы не деген сұраққа жауап іздесе, «мемлекет нысаны» категориясы қоғамда билікті кімнің қалай жүзеге асырып жатқанын, мемлекеттік-билік құрылымдар қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, осы аумақтағы тұрғындар қалай бірлескен, қандай әдіс тәсілдер арқылы саяси билік жүзеге асырылады деген сауалдарды қамтиды.
Мемлекеттің нысаны –
Мемлекеттің нысанының элементтеріне мыналар жатады:
10.Басқару нысаны: түсінігі және түрлері.
Мемлекетті басқару нысаны – мемлекет нысанының элементті, жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарының құрылуын және олардың тұрғындармен ара қатынасын сипаттайды. Басқару нысаны ерекшеліктеріне таптық күштердің, билікте отырған әлеуметтік өкілдердің қарым-қатынасы, тұрғындардың ұлттық құрамы, мәдениет және салт дәстүр деңгейі әсерін тигізеді.
Басқару нысаны бойынша мемлекет монархия және республика болып бөлінеді.
Монархия – жоғарғы билік толықтай бір ғана адамның қолында болады ( король, патша, император, сұлтан және т. б.) және мұрагерлік жолмен беріледі.
Монархияның белгілері :
Монарх
шексіз билікке ие, яғни халықтың өкілетті
мекемелері жоқ және мемлекет егемендігінің
бірден-бір өкілі – монарх ( мысалы,
феодализм дәуірінің соңғы
Республика – билік белгілі бір мерзімге сайланбалы орғандарға берілетін басқару нысаны.
1.биліктің сайланбалығы;
2.мерзімділігі;
3.сайлаушылардан тәуелділігі.
Үкіметті кім қалыптастырса, ол кісмге есепті және кімнің бақылауында болса соған байланысты республика президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді. Президенттік Республикада(АҚШ, Сирия ) президент, парламенттікте (Германия, Италия ) – парламент, ал араласта (Франция, Финляндия, Австрия, Португалия) – президент және парламент бұл рөлді атқарады .
Қазақстан Республикасы басқару нысаны бойынша президенттік республика.