Мемлекет және құқық теория мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 09:38, курс лекций

Описание работы

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Қоғамдық ілімдердің (философия, политология), сондай-ақ мемлекет пен құқықты игеретін ғылымдардың арасындағы мемлекет және құқық теориясының алатын орны.
Мемлекет және құқық теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады – ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.

Работа содержит 1 файл

тгп.docx

— 48.63 Кб (Скачать)

     І. Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдістері. Қоғамдық ілімдердің (философия, политология), сондай-ақ мемлекет пен құқықты  игеретін ғылымдардың  арасындағы мемлекет және құқық теориясының  алатын орны.

     Мемлекет  және құқық теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында  медотодологиялық (әдістемелік) маңызға  ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны  терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.

     Мемлекет  және құқық теориясын меңгеру  бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің  кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің  маңызын  белгілеу, бұл келешектегі  тәжірибелік қызмет үшін қажет.  Әрбір ғылымның өзінің пәні болады – ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы  зерттелетін заңдылықтың  нақты бір шеңбері.

       Мемлекет және құқық теориясының  пәні ретінде келесілерді атауға  болады:

  1. Мемлекет пен құқықтың шығуының, дамуының және функциялануының жалпы заңдылықтары.
  2. Мемлекет пен құқықтың әрекет етуінің мазмұны, түрлері, нысандары, функциялары, құрылымы және механизмі, құқықтық жүйесі.
  3. Барлық заң ғылымдары үшін ортақ болатын негізгі мемлекеттік-құқықтық ұғымдар.

     «Жалпы  заңдылықтар» осы ғылымның нақты  бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттілік пен құқықтың шығуын, дамуын және қызмет жасауын, яғни қайда орналасқанына қарамастан, олардың қандай да болсын қоғамның мемлекеті пен құқығына тән жалпы  белгілерді игеретінін білдіреді. Мемлекет және құқық теориясы жалпыланған  нысанда уақыттық және кеңістік сипаттарына  қарамастан барлық мемлекеттер мен  барлық құқықтық жүйелерді игереді.  Сондықтан, онда мемлекет пен құқық  туралы ғылыми ойлардың жеткен жетістіктері, әлеуметтік институттардың мәліметтері  туралы барлық теориялық маңыздар топтастырылған.

     Мемлекет  және құқық теориясының пәнінің  төл ерекшелігі мемлекет және құқық  теориясы ұғымдар жүйесін тек  «өзі үшін» ғана емес,  сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында  қорытындылады. Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін  және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен  объектісін, құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені   және құқықбұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен  тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді  және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т.б. жатқызуға болады.

     Мемлекет  және құқық теориясының пәнінің  ерекшелігі мемлекет пен құқық  өзара  байланыста, бір бірін толықтырушы  әлуметтік институттар ретінде  зерттелетіндігі  болып табылады. Осылайша, Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың  жалпы және өзіне тән заңдылықтарының пайда болуы, қызметінің дамуы туралы ғылым. Пәннің ерекшелігін есепке алғанда – бұл ғылым қоғамдық болып табылады, өйткені ол қоғамдық өмірдің белгілі бір саласы – мемлекет пен құқықты зерттейді.

     Бұл жалпы, құқықтық ғылым. Ол барлық құқықытық  пәндерге ортақ проблемаларды зерттеумен айналысады.

     МҚТ байланыстар мен қатынастарды ашатындықтан, осы тұрғыда басты, негіз болып  табылатын қорытындылар құрады, сол  себепті бұл фундаменттік ғылым  болып табылады. Бұл ең алдымен  салалық құқықтық пәндерге қатысты  бағыттаушы, әдістемелік мағынаға ие ілім.

     Ғылымның  әдісі ретінде жаңа білімдер пайда  болатын, пәнді игеруге қажетті  әдістер, тәсілдер және ережелердің  жиынтығы түсініледі.

     Мемлекет  және құқық теориясының барлық әдістерін, олардың таралу деңгейіне байланысты келесі жүйеге келтіруге болады.

  1. Жалпы әдістер – бұл ойлаудың әмбебап қағидаларын білдіретін философиялық, дүниетанымдық көзқарастар. Жалпының ортасынан метофизиканы (мемлекет пен құқықты бір бірімен және өзге де қоғамдық құбылыстармен байланыссыз, мәңгілік және өзгермейтін институт ретінде қарастырады) және диалектиканы (материалдық және идеалистикалық; соңғы аталғаны өз ретінде объективтік не субъективтік идеализм ретінде болуы мүмкін) бөліп көрсетеді. Осылайша, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен бар екендігі фактісін объективті идеализм құдай күшімен не объективтік ақыл-еспен байланыстырады; субъективтік идеализм адамның ой-өрісімен, адамдардың ерік-жігерінің келісуімен (келісім-шартпен), материалдық диалектика болса қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен (жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамды антагоникалық класстарға бөлумен) байланыстырады. Материалдық диалектика тұрғысынан алғанда қандай да болсын құбылыс (соның ішінде мемлекет пен құқық) нақты бір тарихи жағдайда және өзге де құбылыстармен өзара байланыста қарастырылады.
  2. Жалпы ғылымдық әдістер – бұл жалпы әдістерден өзге, жалпы ғылыми танымды қамтымайтын, тек оның жекелеген кезеңдерінде қолданылатын әдістер. Жалпы ғылымдық әдістердің қатарына талдауды (анализді), синтезді, жүйелік және функционалдық көзқарастарды, әлеуметтік тәжірибелік әдістерін жатқызады. Анализ (талдау) -  бұл күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты жекелеген бөліктерге шартты түрде бөлу. Осылайша, мемлекет пен құқықтың көптеген категориялары олардың мазмұндық белгілерін, өзіндік қасиеттерін ашу жолымен қалыптасады.

     Синтез (сомдау), керісінше, құбылысты, оны  құраушы бөліктерді шартты түрде  біріктіру жолымен игеруді білдіреді. Анализ бен синтез, әрине, біріккен күйінде қолданылады.

     Жүйелік көзқарас объектінің тұтастығын ашуға, ондағы байланыстардың көптүрлілігін  анықтауға бағытталған. Бұл әдіс жүйелік құрылыс ретінде мемлекеттік  аппаратты, саяси және құқықтық жүйені, құқықтың нормаларын, құқықтық қатынастарды, құқықбұзушылықты, құқықтық тәртіпті және т.б. қарастыруға мүмкіндік  береді.

     Функционалды  көзқарас бір әлеуметтік құбылыстардың  басқаларына әсер ету нысандарын анықтауға бағыттайды. Бұл әдіс мемлекеттің  және оның жеке органдарының функцияларын, құқық пен оның нормаларының функцияларын, құқықтық сананың, заңдық жауаптылықтың, құқықтық жеңілдіктер мен көтермелеудің  және құқықтық ынталар мен шектеулердің  функцияларын және т.б. білуге мүмкіндік  береді.

     Әлеуметтік  тәжірибелік әдісі құқықтық реттеудің  қате нұсқаларынан келетін зардаптардың алдын алу мақсатымен қандай да бір  шешімнің жобасын тексерумен байланысты.

  1. Жеке ғылыми әдістер – бұл мемлекет және құқық теориясын игерудің салдары болып табылатын нақты (жеке) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерінің тәсілдері. Оларға нақты-әлеуметтік, статистикалық, кибернетикалық, математикалық әдістерді және т.б. жатқызылады.

     Нақты-әлеуметтік әдіс сауалнамалық, сұхбаттасу, бақылау  және өзге де тәсілдерінің көмегімен  мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің фактілік жүріс-тұрысы жайлы мәліметерді  алуға мүмкіндік береді.

     Статистикалық әдіс жиі қайталанатын құқықбұзушылық, заңдық тәжірибе, мемлекеттік органдардың  қызметтері және т.б. секілді қандай да бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың  көлемдік көрсеткіштерін алуға мүмкіндік  береді.

     Жеке  ғылыми әдістердің ішінен толықтай заңдық болып табылатын екі әдісті: формальді-заңдық және салыстырмалы-құқықтық деп  бөліп  көрсету қажет.

     Формальді-заңдық әдіс құқықтық ұғымдарды (мысалға, «мәнді зардап» «заңды тұлға», «кінәні жеңілдететін мән-жайлар» секілді арнаулы заң  терминдері), анықтап, олардың белгілерін шығаруға, саралау жүргізуге, құқықтық жазбаларды түсіндіруге және т.б. мүмкіндік  береді.

     Салыстырмалы-құқықтық әдіс олардың жалпы және ерекше қасиеттерін  табу мақсатымен, әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген  элементтерін – заңдарды, заңдық тәжірибені және т.б. салыстыруға мүмкіндік  береді. Мысалға, Ресей мен Германияның  құқықтық жүйелерін салыстыра отырып, біз олардың арасында ұқсастық барын  көреміз, бірақ, сонымен қатар,  оларға тарихи түрде тән нақты бір  айырмашылықтар да бар.

     Мемлекет  және құқық теориясының  қоғамдық және заң  ғылымдардың арасындағы  алатын орны.

     Мемлекет  және құқық теориясы философиямен тығыз  байланыста, оның әдістерін (метафизика мен диалектиканы) және категорияларын (мән мен құбылыс, мазмұн мен нысан, мүмкіншілік пен қажеттілік, мақсат пен құрал және т.б.) белсенді түрде  қолданады. Өз ретінде, мемлекет және құқық  теориясы философиялық жалпыламалар үшін мемлекет пен құқық туралы мәліметтер береді.

     Саясаттанудың деректерін қолдана отырып (саясат және саяси өмір туралы ғылым), мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды саяси орта контексінде  қарастырады. Мәселен, мемлекетті саяси  жүйенің құрамдас бөлігі ретінде  талдай отырып, оның өзге де элементтерімен – партиялармен, қозғалыстармен және өзге де қоғамдық қауымдастықтармен  қоса мемлекеттің мәнін, оның осы  қоғамның саяси ұйымындағы орны мен  рөлін толығырақ және тереңірек  түсінуге болады.

     Басқа жағынан алғанда, саясаттануды мемлекет және құқық секілді (мемлекеттің  ұғымы, белгілері, нысандары және функциялары, саяси режимдер мен мемлекеттік-құқықтық режимдердің қатынасы және т.б.) әлеуметтік институттармен байланысты теориялық  қорытындылар мен жалпыламалар қолданады.

     Заң ғылымдарының жүйесінде мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарының ортақтығы олардың  мемлекет пен құқықты біртұтас қарастыруында. Айырмашылығы, тарихи-құқықтық ғылымдары (мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы) мемлекеттік-құқықтық нысандардың  дамуын хронологиялық тәртіпте зерттейтіндігінен, яғни тарихи әдістерді басымырақ  қолданатынынан көрінеді.  Ал теория осы процесстердің жалпы түсінігін  береді, мемлекет және құқықтың негізін, олардың қызметтерінің заңдылықтарын және т.б. зерттейді, яғни логикалық (қисындық) әдісті (бұл да тарихи әдіс, тек барлық кездейсоқтылық пен негізсіздіктен босатылған) қолданады.

     Салалық заң ғылымдары мен салыстырғанда  мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы ретінде көрінеді. Біріншіден, ол мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің  жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал қандай да болсын салалық ғылымның пәні құқықтың саласына сәйкес қоғамдық қатынастардың белгілі бір ауқымымен  ғана байланысты. Екіншіден, мемлекет және құқық теориясы барлық салалық  ғылымдарға ортақ мәселелерді (құқық  нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтың субъектісі, құқықбұзушылық, құқықтық жауаптылық) зерттейді. Үшіншіден, ол юриспруденцияда  әдістемелік роль атқарады. Сонымен  қатар, мемлекет және құқық теориясы салалық ғылымдармен тығыз байланысқа түсе отырып, «салалық» ғылыми мәліметтерді жалпылауға бағытталған, олардың мазмұнындағы фактілік материалдардан келіп шығатын  өзінің байлам-түйіндерін қалыптастырады.

     Осылайша, мемлекет және құқық теориясының  ғылым ретіндегі ерекшелігін  топтастыруға болады, осында:

  • оның пәнін мемлекет және құқық(техникалық және жаратылыстану ғылымдардан айырмашылығы) – қоғамдық құбылыстар құрайтын гуманитарлық ғылым;
  • қоғамдық өмірдің мемлекеттік-құқықтық ауқымына тікелей жататын әлеуметтік институттарды зерттейтін саяси-құқықтық ғылым (гуманитралық ғылымдардан айырмашылығы); мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтарын зерттейтін теориялық ғылым (басқа заң ғылымдарынан айырмашылығы) болып табылатындығынан көрінеді.

     Мемлекет  және құқық теориясы – ішкі істер  қызметкерлерінің  кәсіби құқықтық санасын қалыптастыруымен тікелей  байланысты аздаған заң ғылымдарының бірі. Теорияны оқытудан болашақ заңгердің  жеке құқықтық мәдениетінің іргесі қаланады, оның заңи дүниетанымының ғылыми базасы және құқыққа деген ұлы әлеуметтік құндылық ретіндегі терең сыйластығы қалыптасады.

     Мемлекет  және құқық теориясын оқыту барысында  саяси және құқықтық ойлаудың басты  жетістіктері, заң ауқымында еркін  және сенімді түрде білуге мүмкіндік  беретін түсініктердің жүйесі беріледі. Мемлекет және құқық теориясы оларсыз  салалық және өзге де құқықтық пәндердің  нақты білімдерін үйрену мүмкіншілігі болмайтын юриспруденцияның негізгі  ұғымдары жөнінде түсінік береді. Мемлекет және құқық теориясының  басты ұғымдарын сапалы түрде  білу тәжірибе жүзінде саяси және құқықтық жағдайларды дұрыс саралауға, қоғамдық өмірдің күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына шынайы ғылыми тұрғыдан дұрыс баға беруге, олардың шынай  негізін ашуға, олардың әлеуметтік маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл ғылым болашақ заңгерлердің кәсіптік қасиеттерінің қалыптасуына тікелей қатысады.

     2. Мемлекет және  құқық теориясының  заңгер-құқықтанушылар, Қазақстан Республикасының  ішкі істер органдарының  қызметкерлері үшін  тәжірибелік маңызы.

     Мемлекет  және құқық теориясы- заңгерлердің құқықтық санасының кәсіби дамуына  тікелей әсерін тигізетін құқықтық пәндерінің бірі. Теорияны оқытудан болашақ  заңгердің жеке құқықтық мәдениетінің ірге тасын салу, оның заңи дүниетанымының ғылыми базасының және құқыққа ұлы  әлеуметтік құндылық ретінде терең  сыйластығы қалыптаса бастайды. Мемлекет және құқық теориясын оқыту құқық  ауқымында еркін және сенімді  бағыт алуға мүмкіндік беретін  саяси және құқықтық ойлардың басты  жетістіктерінен хабардар етеді. Мемлекет және құқық теориясы салалық және өзге де құқық пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін болмайтын юриспруденцияның негізгі ұғымдары туралы көрініс  береді.

Информация о работе Мемлекет және құқық теория мәселелері