Мемлекет және құқық теория мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 09:38, курс лекций

Описание работы

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Қоғамдық ілімдердің (философия, политология), сондай-ақ мемлекет пен құқықты игеретін ғылымдардың арасындағы мемлекет және құқық теориясының алатын орны.
Мемлекет және құқық теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады – ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.

Работа содержит 1 файл

тгп.docx

— 48.63 Кб (Скачать)

     Лейбниц айтқан афоризмге сәйкес, математиктер сандармен, ал заңгерлер ұғымдармен операциялар жүргізеді. Құқықтық ұғымдар  өмірден алынған бос абстракциялар  емес, олар жинақталған түрде шынайылықты, нақты қоғамдық қатынастарды білдіреді. Математикада қандай да бір есепті көбейту кестесін білмей жүргізу  мүмкін емес сияқты, саяси-құқықтық өмірді басты құқықтық ұғымдарды білмей игеру мүмкін емес.

     Мемлекет  және құқық теориясы Қазақстан Республикасының  ІІМ жүйесінде қызметкерлерді жоғары дәрежелі кәсіби тұрғыда  дайындауда ерекше маңызға ие.  Біріншіден, ол ішкі істер органдарының Қазақстан  Республикасының механизміндегі орнын, сондай-ақ мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудағы олардың ролін  көруге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекет және құқық теориясы қоғамның, мемлекеттің, құқықтың және жеке тұлғаның қатынастарының мәселесін аша отырып, ІІО-ның қызметкерлерінің халықпен өзара қатынасында сенімді бағыт  береді. Үшіншіден, бұл ғылым демократияның  тереңденуі мен өріс алуына, құқықтық мемлкеттің қалыптасуында ІІО-ның  қызметіне бағыт береді. Төртіншіден, құқықтық тәртіп, құқықбұзушылық, құқық  қолдану, құқықтық жауаптылық мәселерін  аша отырып, қылмыстылықпен күресу, құқықтық тәртіпті қорғау жайлы, Қазақстан  Республикасының ішкі істер органдарының  әртүрлі қызметтерінің және бөлімшелерінің күнделікті кәсіби қызметінің құқықтық негізі жайлы білім береді.

     Құқықтық  мемлекеттің қалыптасу жағдайларында  жаңа құқықтық ойлаудың, жалпы және құқықтық мәдениеттің, жоғары кәсіпқойлықтың, заңдылық пен әділдік сезімдерінің қалыптасуы, дамуы және бекуі жоғары маңызға ие болады.

     Мемлекет  және құқық теориясының басты  ұғымдарын сапалы түрде білу тәжірибе жүзінде саяси және құқықтық оқиғаларды дұрыс саралауға, қоғамдық өмірдің  күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына  шынайы ғылыми тұрғыдан дұрыс баға беруге, олардың шынайы негізін ашуға, олардың әлеуметтік маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл  ғылым болашақ заңгерлердің кәсіптік қасиеттерінің қалыптасуына тікелей  қатысады.

     Мемлекет  және құқық теориясы бойынша материалдарды, яғни ұғымдарды, қағидалар мен идеяларды  білмеу, маманның дайындығының жалпы  деңгейіне әсер етеді және құқықтың қандай да бір саласының материалын білмеумен салыстыруға да келмейді. Кейбір қағидаларды білу кейбір фактілерді білмеудің орнын оңай толтырады  деп Гельвеции айтқан. Мысалға, Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексінің нақты бір бабын білмеген жағдайда оның мәтінін ашып білімді толықтыруға  болады, ал қағидаларды, идеяларды, құқықтық құрылыстарды білмеу бұлайша жай  толықтырылмайды. Осының барлығы мемлекет және құқықтың жалпы теориясын ерекше, орны толмас және өте маңызды пәндер қатарына қосуға міндеттейді.

  1. Мемлекеттің шығу тегі теориясына жалпы сипаттама: әлеуметтік-экономикалық, патриархалдық, келісімді, күштеу, психологиялық және т.б.

     Мемлекет  пен құқықтың пайда болуының көптеген теориялары бар. Ғылыми көзқарастардың мұндай плюрализмі қоғамның дамуының тарихи ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Көбірек  танымалдарына келесілер  жатады.

     Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы орта ғасырда Фома Аквинскийдің еңбектерінде өз таралуын тапты; қазіргі кезде оны ислам дінінің, католиктер шіркеуінің (Маритен, Мерсье және т.б.) идеологтары әрі қарай дамытты. Осы доктринаның өкілдерінің пікірі бойынша, мемлекет – құдай еркінің өнімі және осыған байланысты мемлекеттік билік мәңгілік және тұңғиықсыз, ол ең бастысы діни ұйымдар мен қызметкерлеріне тәуелді болады. Сондықтан, әрбір адам мемлекет басшысына барлық жағынан да тәуелді болуға тиісті. Адамдардың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теңсіздігі де сол құдай еркімен шешілген, ол жағдайға көніп және Құдай билігінің Жердегі жалғастырушысына қарсылық көрсетпеу керек. Яғни, мемлекеттік билікті тыңдамау Құдайды тыңдамау ретінде бағалануы мүмкін.

     Мемлекетті  және мемлекет басшыларын (құдайдың бұйрықтарын  білдірушілер және өкілдері ретінде) қасиеттілік  дәрежесіне  ие қыла отырып, осы теорияның  идеологтары олардың келешегін  көтерген және көтеруде, қоғамда тәртіптің, келісімнің, руханилықтың бекуіне септігін тигізген және тигізуде. Бұл жерде  Құдай мен мемлекеттік биліктің арасындағы «делдалдарға» - шіркеуге және діни ұйымдарға ерекше көңіл бөлінеді.

     Сонымен қатар, бұл доктрина әлеуметтік-экономикалық және өзге де қатынастардың мемлекетке әсер етуін  өтінеді және мемлекеттің  нысанын қалай дамытуды, мемлекеттік  құрылысты қалай жақсартуды анықтауға  мүмкіндік бермейді.  Сондай-ақ, теологиялық  теория жалпы алғанда дәлелденбейді  жатады, себебі көбіне сенімнің негізінде  құрылған.

     Мемлекеттің пайда болуының патриархалдық теориясы (Аристотель, Филмера, Михайловский).

     Олар  адамдар – отбасының туындауына әкеліп соғатын өзара қарым-қатынасқа  ұмтылатын, ұжымдық жағдайда өмір сүрушілер  деген фактіге сүйенеді. Адамдардың қосылуының және осы отбасылардың санының  өсуі нәтижесінде отбасының дамуы  және өсуі ең соңында мемлекеттің  құрылуына әкеліп соғады.

     Осылайша, мемлекет басшысының билігі дегеніміз  отбасындағы әкенің (патриархтың) билігінің  жалғасы болып шығады, ол шексіз болады. «Патриархтың» билігінің  ең алдымен құдайдың құдыреттілігінен пайда болды дептанылатындықтан, қамқоршылығындағыларға мемлекет басшысына қарсылықсыз бағыну ұсынылады. Мұндай билікке қандай да болсын қарсылық көрсету болмауға тиіс. Тек патшаның (корольдің, т.б.) әкелік қамқоры ғана адамға қажетті өмірлік жағдайлармен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

     Отбасындағы әке секілді мемлекеттегі монарх таңдалынып алынбайды, тағайындалмайды  және қол астындағылармен араласпайды, себебі олар оның балалары.

     Мемлекеттің отбасымен ұқсастығы мүмкін жағдай, себебі қазіргі уақыттағы мемлекеттіліктің құрылымы тез арада пайда болған жоқ, ол алғашқы кезеңдегі отбасының құрылымымен салыстырылуы мүмкін  қарапайым нысандардан келіп дамыды. Сонымен қатар, бұл теория құдыреттілікті, мемлекеттік билікке деген сыйластықты, бір тұтас елдегі адамдардың «туысқандықтарын»   білдіреді.

     Сонымен қатар, осы доктринаның өкілдері мемлекеттің пайда болу процесін қарапайымдандырады, былайша айтқанда «отбасы» ұғымын  «мемлекет» ұғымымен ауыстырады, ал «әке», «отбасы мүшелері»  категориялары негізсіз түрде  соған  сәйкес, «мемлекет басшысы», «қол астындағылар»  категорияларымен бірдейлендіреді. Сондай-ақ, тарихшылардың айтуынша, отбасы (әлеуметтік институт ретінде) алғашқы қаумдық құрылыстың ыдырауы процессінде, мемлекеттің пайда болуымен қатар туындады.

     Мемлекеттің пайда болуының келісімді теориясы XVII-XVIII ғ.ғ. қисынды аяқталу түрінде Б. Спинозаның, Т. Гоббстың, Ж.-Ж. Руссоның, А.Н. Радищевтың еңбектерінде өріс алды.

     Осы доктринаның өкілдерінің пікірі бойынша, мемлекет алғашқы қауымдық құрылыс «табиғи» күйде болған адамдардың өзара шарт жасасқанының өнімі ретінде пайда болады. Мемлекет - адамдардың өзара келісіміне негізделген тиімді бірлестігі, осының нәтижесінде олар өздерінің бостандығы мен билігінің бір бөлігін мемлекетке артатын, өзара келісімге негізделген адамдардың тиімді бірлестігі. Бұған дейінгі жеке-жеке индивидтер біртұтас халыққа айналады. Осының нәтижесінде басқарушылар мен қоғамдар арасында өзара құқықтар мен міндеттер кешені, тиісінше оларды орындамағаны үшін жауаптылық пайда болады.

     Осылайша, мемлекеттің заңдар қабылдауға, салықтар жинауға, қылмыскерлерді жазалауға  және т.б. құқығы бар, алайда, сонымен  қатар, өзінің аумағын, азаматтарының  құқықтарын, олардың меншігін және т.б. қорғауға міндетті. Азаматтар заңдарды сақтауға, салықтар төлеуге және т.б. міндетті, өз қатарында олардың бостандығы мен меншігінің қорғалуына құқығы бар, ал басшылардың билік шектен тыс  қолдануы жағдайында олармен келісім-шартты бұзуға құқығы бар. Бір жағынан, келісімді  теория мемлекетті тануда алдыға жасалған ірі қадам болды, себебі мемлекеттік  пайда болуының және саяси биліктің  діни көзқарастарын жоққа шығарды. Бұл тұжырым терең демократиялық мазмұнға да ие, яғни адамдардың қажетсіз басшының билігін құлатуға, көтеріліс жасау табиғи құқығын негіздейді.

     Басқа жағынан қарағанда, бұл теорияның  әлсіз жағы өзінің дамуының нақты  бір этапында басшы мен халықтың арасындағы келісімнің өте қажеттігін түсінетін алғашқы қауымдастық  туралы схемалық, идеалдандырылған және абстрактілі түсінігі болып табылады. Мемлекеттіліктің пайда болуының объективтік  факторларын дұрыс бағаламау (ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси  және т.б.) және осы үрдістегі субъективтік факторларды тым жоғары бағалау көрініп тұр.

     Күштеу  теориясы XIX ғ. қисынды аяқталу түрінде Дюрингтің, Гумпловичтің, Каутскийдің және т.б. еңбектерінде бекіді.

     Олар  мемлекеттің пайда болуының себебін  экономикалық қатынастардан, құдайдың еркінен немесе өзара келісімнің нәтижесінен емес, ал әскери-саяси факторлардан – күштеуден, бір тайпаның басқа тайпаны жаулап алуынан көрді. Жаулап алған халықтарды және аумақтарды басқаруы үшін құрылатын мәжбүрлеу аппараты мемлекетке айналды.

     Бұл доктринаның өкілдерінің пікірі бойынша, мемлекет – бір тайпаның екінші бір тайпаны басқару үшін «табиғи» (яғни күштеу нәтижесінде) түрде  пайда болған ұйым. Ал бұл зорлық пен жеңілгендердің жаулап алушыларға тәуелділігі экономикалық басқарушылықтың  пайда болуының негізі болып табылады. Соғыстардың нәтижесінде тайпалар касталар, сословиялар және таптар болып қайта туындады. Жаулап алынғандарды құлдыққа итермеледі.

     Яғни, мемлекет – қоғамның ішкі дамуының нәтижесі емес, оған сырттан берілген күш.

     Бір жағынан, мемлекеттіліктің туындауындағы  әскери-саяси факторларды толықтай жоққа шығаруға болмайды. Тарихи тәжірибе күштеу элементтері көптеген мемлекеттердің пайда болу процесстеріне тән  болғандығын көрсетеді (мысалға, ежелгі герман мемлекеті).

     Басқа жағынан,  бұл үрдістегі күштеуді қолдану деңгейінің әртүрлі болғандығын үнемі есте ұстаған жөн. Сондықтан, күштеуді мемлекеттің пайда болуының себептерінің бірі ретінде ғана қарастыру керек. Сонымен қатар, кейбір аймақтар, біріншілікті саяси-экономикалық факторларға бере отырып, әскери-саяси факторлар, көбіне, екінші рольдерді атқарды.

       Мемлекеттің пайда болуының  органикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында Спенсердің, Вормстің, Прейстің және т.б. еңбектерінде кеңінен өріс алған. Тап осы дәуірде ғылым, оның ішінде гуманитарлық ғылымдар да Дарвинмен айтылған табиғи таңдау идеясының күшті әсерін сезінді.

     Бұл доктринаның өкілдерінің пікірі бойынша, мемлекет – организм, оның бөліктерінің үнемі байланыста болуы, тірі организмнің мүшелерінің өзара байланысына ұқсас, яғни мемлекет – тек биологиялық эволюцияның бір түрі әлеуметтік эволюция жемісі.

     Мемлекет  биологиялық организм бола отырып, өзіне тән мыйы (басқарушылар) және оның шешімдерін орындайтын құралдары (қол астындағылары) бар.

     Табиғи  түрде іріктеліп, өмірге ең қабылеттісі  ғана қалатын биологиялық организмдер  ортасы сияқты, соғыс пен күрес  процесінде нақты мемлекеттер жасалады, үкімет құрылады, басқару жүйесі жетілдіріледі. Осылайша мемлекет биологиялық организмге теңестіріледі.

     Мемлекет  құрылу процесіне биологиялық факторлардың әсерін жоққа шығаруға болмайды, себебі адамдар – тек әлеуметтік емес, сондай-ақ биологиялық организмдер.

     Сонымен катар биологиялық эволюцияға тән  барлық зандылықтарды механикалы түрде  таратуға болмас, барлық әлеуметтік меселелерді  биологиялық меселелерге жаткыза  беруге болмайды. Олар өзара байланысты болғанымен, өмір сүру дәрежесі әртүрлі, әртүлі заңдылықтарға бағынады және өзінің негізінде пайда болудың  әртүрлі себептері бар.

     Мемлекетің  пайда балуының психологиялық  теориясы. (Петражицкий Л.И., Фрейд). Бұлар мемлекеттліктің пайда болуын адам психологиясының ерекше қасиеттерімен байланыстырады: адамдардың басқаларға билік етуге деген кажітіліктер, бағынуға ұмтылу, еліктеу құлшыныстары.

     Мемлекетің  пайда болу себептерін алғашқы қауымдық адам тайпа көсемдерінің, жрецдердің , бақсылардың, сиқыршылардың т.б. қасиетіне  жатқызды.

     Олардың сиқырлық күші, психологиялық энергиясы (олар аңшылықты сәтті еткен, аурумен  күрескен, болашықты болжаған) алғашқы  қауымдық адамдар санасының жоғарғы  аталған элита тобына тәуелді болуына ықпал  жасаған. Дәл осы элиталарға берілген билік түрінен бастап, мемлекетік билік туындайды.

     Сонымен қатар билікпен келісе алмайтың адамдар  бар, олар қандай да бір қарсылық, қайшы  әректтер білдіреді. Жеке тұлғаның осындай  психиқалык бастамаларын бір уыста  ұстау үшін мемлекет пайда болады.

     Осыған  орай, көпшіліктің қажеттілігін канағаттандыру үшін  бағынуды, тыңдауды, қоғамдағы  кейбір адамдарды кінәләуді, яғни кейбір жеке адамдардың қарсылығын басып тастау үшін мемлекет қажет.

     Мемлекет  табиғаты – адамзат санасы заңдылығының түбінде жатқан психологиялық сипатта. Аталмыш теория өкілдерінің пікірлерінше мемлекет – жауапты шешім қабылдауға қабілеті бар, бастамалы(белсенді) тұлғалар мен берілген шешімді орындаушы, тек еліктеуші әрекеттерге қабілетті  әлсіз көпшіліктің арасындағы психологиялық  қайшылықтарды  шешу өнімі.

Информация о работе Мемлекет және құқық теория мәселелері