Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 19:53, реферат
Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД елдерінің біразында, соның ішінде Қазақстанда ШОБ кеңінен тарады, өйткені онсыз нарықтық экономика қызмет ете алмайды, дами алмайды. Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, зерттеушілердің оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, Ұлттық экономикадағы рөлі мен орнын анықтауда маңызы зор болып табылады
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу.
1.1. Кәсіпкерлік субъектілерінің тіршілік әрекетінің үш кезеңі.
1.2. Салық салу және несиелендіру.
1.3. Лицензиялау және жылжымайтын мүлікке құқығы.
1.4. Мемлекеттік бақылау және сүреңсіз факторлары.
2. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан.
3. «Демеу» сақтандыру қоры.
4. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» қоры.
5. Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау.
6. Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу.
7. Алматы туристік орталығын дамыту бағдарламасы.
8. Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасы.
Қортынды.
8.Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасы.
Кең байтақ Қазақстанның, соның ішінде, Шығыс Қазақстанның әсем табиғаты дүние жүзіндегі белсенді туристерді қызықтыра түсуде. Облыста 83 турфирма тіркелген. 2006 жылы 216662 адамға 974490,4 мың теңге сомасында жалпы туристік қызмет көрсетілді . Облыс бойынша келуші туристер 10781 адам, шығушы туристер 9083 адамды құрады. Негізгі баратын бағыттар – Ресей, Германия, Қытай, Чехия, Турция, ал облысқа нгеізінен Ресейден, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туристер келеді. Туризмді табыс көзіне айналдыру мақсактында 2005 қарашасында ШҚО мәслихаты шешімімен өңірде туризмді дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілді. Онда туризм салаларына қолайлы жағдай жасау, облыстың туристік имиджін қалыптастыру, туристік инфрақұрылымды дамыту, халқаралық іскерлік қатынастарды нығайту, ішкі және сыртқы туризм өрісін кеңейту жолдары қарастырылған. Іс-шараларды орындау үшін оны қаржыландыруға 734 млн теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 165 млн теңге бөлінді. Департамент өңірдегі туристік кәсіпкерлермен бірге, фирмалар өкілдерін жыл сайын 6 халқаралық көрмелерге қатысуын қамтамасыз етеді. Облыста 4 имидждік шаралар мен «Мұзтау» халқаралық фестивалін ұйымдастырды. Алакөл, Бұқтырма, Сібе демалыс аймақтарында туристік және медициналық-сауықтыру қызметін жақсарту үшін сәйкес 2, 10, 3 млн теңгенің жобалау жұмыстары белгіленді. Департамент тапсырысы бойынша облыстың туристік төлқұжаты, буклет, интернет сайтын, схема-карта жасауды, «Эко Алтай» туристік мекемесін құру, «Саяхат Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру, «Катон-Қарағай» емдеу-сауықтыру кешені базасында республикалық туристік орталық ашу жайлы, облыстың әсем маршруттары жайлы шетелдік фирмалармен ынтымақта деректі фильмдер түсіруді тапсырды.
Таяуда
ШҚО емдеу-сауықтыру туризмін дамыту
мәселесі бойынша мәжіліс болды. Онда
туризмді дамытудың бір саласы ретінде
марал шаруашылығын өркендету, пантымен
емдеу жобаларына көңіл бөлінді. ҚР Сыртқы
істер министрлігі туристердің елімізге
еркін келіп қайтуына қолайлы жағдай жасау
мақсатында 29 елдің азаматтарына қатысты
виза алу қызметіне жеңілдік жасалды,
авиабилеттер бағасын арзандату мәселесі
қарастырылды. Шалғай ауылдағы көп жылдан
бері қордаланған проблемаларды шешу
мақсатында ондағы туристік кәсіпкерлерге
туристік орталық аймағынан жалға жер
беру көзделген.
Қортынды.
Жоғарыдағы талдаулар алдыңғы жылдар тәжірибесі негізінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын жүйелеу арқылы экономикалық, құқықтық және институционалдық құрылымдық реформаларды реттеу қажеттігі жөнінде қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Қабылданып отырған шараларға қарамастан Қазақстандағы шағын және орта бизнес, оның дамуын тежеп, қазақстандық қоғамды тұрақтандыру мен елдің экономиалық өсімінің негіз болуға мүмкіндік келесідей мәселелерге жолығуда: қаржы-несие қол жетімдігінің болуы; ресурстар жеткіліксіздігі; жергілікті жерде шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатын өткізу процесін үйлестіру мен басқарудың нақты басымдықтары болмауы; кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік емес институттармен қауымдастық, шағын несие, ақпараттық консалтингтік және оқыту мекемелері, бизнес инкубаторлар, технопарктер және басқа да тиімді ақпарат алмасу тетігімен кері байланыстың жоқтығы.
Қазір
елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың
белгілі бір инфрақұрылымы
Көрсетілген
шараларды іске асыру нәтижесінде кәсіпкерлікке
ықпал мен көмек көрсету бойынша сапалы
инфрақұрылымның әрекеттегі нысандары
кәсіпкерлік бизнес дамуының жаңа бағыттарын
іске асыруға мүдделі болады.
Әдебиеттер тізімі: