Кәсіпкерлік құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 19:53, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД елдерінің біразында, соның ішінде Қазақстанда ШОБ кеңінен тарады, өйткені онсыз нарықтық экономика қызмет ете алмайды, дами алмайды. Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, зерттеушілердің оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, Ұлттық экономикадағы рөлі мен орнын анықтауда маңызы зор болып табылады

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу.

1.1. Кәсіпкерлік субъектілерінің тіршілік әрекетінің үш кезеңі.

1.2. Салық салу және несиелендіру.

1.3. Лицензиялау және жылжымайтын мүлікке құқығы.

1.4. Мемлекеттік бақылау және сүреңсіз факторлары.

2. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан.

3. «Демеу» сақтандыру қоры.

4. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» қоры.

5. Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау.

6. Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу.

7. Алматы туристік орталығын дамыту бағдарламасы.

8. Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасы.

Қортынды.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлікті құқықты реттеу.Кожикова АА.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

    Құқық қорғау органдарына шағын және орта бизнес субъектілерін тексерідің заңдылығына  сараптама жүргізу қажет.

    Кәсіпкерлерден  түкен ұсыныстар мен шағымдарға ай сайын талдау жасалып, оған қажетті шаралар қолданылады, ал аймақтық бизнестің өркендеуіне ықпал ететін ұсыныстарға қолдау көрсетілетін болады.

    ШҚО-да шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары  шығарған тауарлар 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға өсті, 42,5 млрд теңгені құрады. Ол жалпы республика көлемінде шығарылған тауарлардың 4,1%-ын құрайды.

    Шағын бизнестің 10668 кәсіпорны тіркелген, оның ішінде жұмыс істейтіндері 7662. Тіркелген кәсіпорындар саны 3,1%-ға өсті. Ол жалпы республика көлеміндегі шағын бизнес кәсіпорындарының 6,7%-ы.

    Ағымдағы  жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ-ның ШҚО бойынша өңірлік  филиалына қарауға және соңынан  қаржыландыруға жіберілген бастамашы  жобалар саны 44 бірлік болды.

    Шағын бизнес кәсіпорындарының 12%-ы өнеркәсіпте, 13,4%-ы құрылыста, 3,8%-ы көлік және байланыста, 45,3%-ы саудада, 25,5%- ы қызметтің өзге салаларында.

    Кәсіпкерліктің  дамуының негізгі проблемалары:

    • өндіріс саласында кәсіпкерліктің жеткіліксіз дамуы;
    • тіркелгендер санынан қызмет ететіндердің үлесі төмендігі;
    • құжаттарды рәсімдеудегі және заемдарды алудағы төрешілдік (бюрократиялық) кедергілер.

    Бұл проблемаларды шешу үшін:

    Өскеменде және Семейде 2 экономикалық даму аймағын  құрады. Бұл жерге мемлекеттік  қаражат есебінен барлық қажетті инженерлік коммуникациялар орнатылады. Өз өндірісін алуға ниет білдіргендерге, құрылысқа және жаңа өндірістерді енгізуге жер телімдері беріледі, және де осы аймақтар аумағында ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктер ұсынады:

    • кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты проблемалар шешіледі;
    • облыстың субвенциялық аудандарында экономикалық әлеуетті көбейту үшін кәсіпкерлер санын 25%-ға ұлғайтады.[5]
 

    6. ҚР-ғы туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу.

    13 маусым 2001 жылғы «ҚР-ғы туристік  шаруашылық туралы» ҚР-ның заңы.

    2 тарау. 8 бап.Туристік шаруашылықты мемлекеттік  реттеу.

    Мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:

    • Туристік қызметті қолдау және оның дамуына жағдай жасау;
    • Туристік қызметтің басты бағдарларын анықтау;
    • ҚР-сын туризм дамуына қолайлы ел ретінде қалыптастыру;
    • Туристер мен туристік ұйымдардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    9 бап.  Мемлекеттік реттеудің басты  мақсаттары, бағыттары және басқару  тәсілдері:

    • Туристік шаруашылық сферасында азаматтардың демалыс, ерікті қозғалыс құқығын қамтамасыз ету;
    • Қоршаған ортаны қорғау;
    • Туристерді тәрбиелеу, ақпаратпен қамтамасыз ету және сауықтыруға жағдай жасау;
    • Туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік индустрия құру.

    10 бап. ҚР-сы Үкіметі жауапты:

    • ҚР-да туризмді дамыту бағдарламасын құрады және оның іске асуын заңнамаларға сәйкес қаржыландырады;
    • Туристік шаруашылық сферасындағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілер шығардаы;
    • Туристер баруына тыйым салынған нысандарды анықтайды;
    • Туристік шаруашылық сферасындағы мемлекеттік инвестициялау саясатын анықтайды;
    • Туристік шаруашылықты лицензиялау ережелерін нақтылайды;
    • Туристік шаруашылықтың ғылыми қамтамасыз етілуін қарастырады;

    11 бап.Атқарушы  орган жауапты:

    • Туризм сферасындағы мемлекеттік реттеуді іске асырады;
    • Туристік мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысады;
    • Туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлманың іске асуын қамтамасыз етеді;
    • Қазақстанның туристік мүмкіндіктері жайлы ақпарат таратады;
    • Халқаралық келіссөздер жүргізеді;
    • Туристік ұйымның қызметтерін қадағалайды, өзара бәсекелестіктің дамуын қадағалайды, өзара тең шарттар қояды;
    • Сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
    • Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді лицензиялайды;
    • Туристік қызмет субъектілеріне ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық кеңес береді;

    12 бап.Жергілікті  атқарушы органдар жауапты:

    • Туристік кәсіпкерлікті қолдау арқылы халықтың жұмысқа тартылуын қарстыру;
    • Аймақтық бағдарламалар қабылдау;
    • Туристік қызметтер мен объектілерді жарнамалау;
    • Жастар және балалар лагерлеріне демеу көрсету;
    • Туристік кәсіпкерлікті лицензиялау туралы жоғарғы органдарға хабарлау;

    13 бап. Туризм  бойынша кеңес жауапты:

    • Консультациялы-келіссөзді орган;
    • 15 мүшесінің 8-і түрлі туристік ассоциациялар мен ұйымдардан алынады;
    • Туризмді дамыту , инвестициялау, туристерге қолайлы жағдай жасау, туристік имидж қалыптастыру, мамандар даярлау жұмыстарында ұсыныстар жасайды;
    • Туристік ұйымдар арасында рейтинг жүргізеді.

    3 тарау. Туристік  қызметті ұйымдастыру.

    15 бап. Туристік  қызметті лицензиялау:

    • Туристердің құқығын қамтамасыз ету үшін туроператорлық, турагентік, экскурсиялық қызметтерді лицензиялау. Ол үшін туристік қызмет субъектілері азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы шартжасасады, оның сомасы айлық 10 мыңдық көрсеткіштен кем болмауы тиіс;
    • Егер туристік қызмет субъектісіне лицензия берілуі жайлы ақпарат жеткіліксіз болса, 12 ай көлемінде 3 реттен артық шарттағы міндеттерді орындамау болса, тіристік кәсіпкерлік қызметті сертификатсыз жүргізсе, ҚР-ның нормативті-құқықтық актілерін бұзған жағдайларда атқарушы орган туристік шаруашылық субъектісінің туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтері лицензияларын 6 айға дейін сот шешімінсіз тоқтата алады;
    • Лицензияны тоқтату туралы атқарушы органның шешімі сотта қайта қарастырылуы мүмкін.

    Туристік қызмет сферасындағы сертификаттау және стандарттау:

    • Мемлекеттік стандарттау, метрология, сертификаттаудың мемлекеттің стандарттары заңнамаларға сәйкес анықталады;
    • Атқарушы орган стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредитациялайды;
    • Туристік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамаға сәйкес келісім шарт жасалады. Онда туроператор, турагент жайлы, лицензиясы туралы, қызмет аты және орналасқан жері туралы, туристік қызметті пайдалану туралы, маршрут бағыты  жайлы, маршрут мерзімі, турдың бағасыі екі жақтың міндеттері, келіссөздерді бұзу шарттары, туристерді жеткізу жайлы толық ақпараттардың болуы шарт.

    Туристік ұйымдар.

       Туристік  шаруашылық туроператорлар мен турагентердің  негізгі қызмет бабы болып табылады. Туристік кәсіпкерлікпен Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары айналыса алады. Туристік ұйымдар өз филиалдарын ашуға құқылы. Қазақстан Республикасы территориясындағы шетелдік туристік ұйымдар отандық ұйымдарға тән лицензиялаудан өтеді. Туристік ұйымдар заң органдарында тіркелген басқа туристік ұйымдардың атауларын қолдана алмайды. Туроператорлар, турагентер және басқа туристік ұйымдар өзара ассоциациялар құра алады. Қазақстан Республикасының азаматтары туризмді дамыту мен туристер құқықтарын қорғау мақсатында қоғамдық бірлестіктер құра алады. Гид, гид-аудармашы және туризм құрастырушысы, экскурсовод тек Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

       7. Алматы туристік орталығын дамыту бағдарламасы.

       Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына  жолдауында бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін басымдық берілген салалар қатарына нарықтық туризмді дамытуға жоғары талап қойылды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Үкімет сағатында Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов мәлімдеуінше туризм саласына 5 жыл ішінде 59 миллиард теңге бөлінеді. Министр депутаттарға Туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырып, алдағы атқарылатын міндеттерді бөлді (24 сәуір 2007 жыл).

       Туризм  инфрақұрылымын дамыту үшін инвестициялар  тарту ерекше маңызды. Сондықтан  да Ұлы Жібек Жолы бойында және өзге де туристік бағдарларда қонақ  үйлер мен керуен-сарайлар желісін  салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа 90 инвестициялық жоба жинақталып, құны 386 миллион АҚШ доллары болатын 11-і “Қазына” орнықты даму қорының қарауына берілді. Ал Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында туристік орталықтар салу көзделген. Бұл үшін 30 миллиард доллар қажет. Сол сияқты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аумақтарында 5 және 2 тау шаңғысы базасын салу қолға алынбақ. Мұндай әлемдік деңгейдегі  “Ақ бұлақ” тау шаңғысы базасы Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалында орналасқан.

       Қазіргі еліміздегі туризм саласының өзекті проблемалары: тартымды ескерткіштер және табиғи нысандар бар өңірлерде жолдарды жөндеу мен халқаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық-хабарламалық белгілер орнату, туристерді тасымалдау үшін ыңғайлы, әрі жоғарғы сапалы вагондар сатып алу және бәсекелі тарифтер белгілеу, жолаушылардың ұшу сапарларының бағытын кеңейту және әуе тасымалына баға саясатын икемдеу, туристік нысандарды аралау үшін бағаның ыңғайлы болуын қалыптастыру т.б.

       Болашақ туризм орталықтарына айналуы тиіс қалалардың жобалары қарастырылуда. Соған  сәйкес “Ақтау сити” қаласын салуға 15-20 миллиард долларқажет болса, қазіргі кезде араб инвесторлары оның құрылысына қажетті жер тілімдерін сатып алған. Сол сияқты Бурабай туристік базасына қажетті жер тілімдерін жергілікті әкімдік бөліп бермек. Қапшағай қаласы маңынан орын тебетін “Жаңа Іле” қаласының жобасын америкалық сәулетшілер жасап жатыр. Алғашқы кезеңнің өзіне 12 миллиард доллар жұмсалады деп күтілсе, оның инфрақұрылымын толық шетелдердің өзі салатын болғандықтан, салықтан жеңілдік беру сұралған. Бұл ұсыныс Үкімет қарауында.

       Еліміздегі  туристік агенттерлің көпшілігі  сыртқы туризмді ұсынуға әуестігін, сондықтан олардың лицензиясын  кері шақырып алу тетігі жұмыс  істемей тұр. Лицензия беру мәселесі жергілікті әкімдіктердің қолында  болғандықтан, олардың жұмысын министрлік реттей алмай отыр. Тіркелген 921 туристік фирманың 20-30 пайызы ғана туристік салада жұмыс істейді.

       Сондай-ақ Үкімет сағатында балалар мен  жасөспірімдердің аулалық-спорттық ұйымдарын  құру, “Байқоңыр” ғарыш айлағынан  зымырандардың ұшуын бақылау  туризмін қалыптастыру және өзге де мәселелер қарастырылды. Қызмет көрсетудің талаптарға сай еместігі кеңірек сөз болды.

         Медеу мен Шымбұлақ елімізде  осы бағытта нағыз бетке ұстар  нысандар болып табылады. Кешенді  туристік жаңа курортты дамыту  мақсатында оның құрылысына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. 2011 жылы Алматы Қысқы Азия ойындарының орталығы болатындығы, бұл еуропалық стандарттарға сай қазіргі заманғы курорт салып, перспктивалық дамуын қамтамасыз етіп, сонымен қатар қаланы дамытуға, оның туристік және спорттық бағыттарын айқындауға мүмкіндіктерін береді.

         Алматының 2004-2010 жылдарға арналған  туризмді дамыту бағдарламасы  қабылданды. Оның мақсаты – халқаралық  туризм орталығы ретінде Алматы  қаласының тартымды туристік  имиджін қалыптастыру, қала тұрғындары мен қонақтарының демалуға, еркін қозғалуға және саяхатқа байланысты түрлі мәдени, рухани, танымдық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.

       Қазіргі кезде туристерге қызмет көрсетуден  Алматы 60% үлес алады. Мемлекет туризмге инвестиция тарту бағдарламасы бойынша бұл жобада негізгі жұмысты «Capital Partners» компаниясы жүргізеді. Үлкен іске тек жеке бизнестің қаржысын ғана тарту көзделген. Жоба Шымбұлақта туристік инфрақұрылымды дамытып, қызмет көрсету сапасын жақсарту, жаңа трассалар салу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда салынатын халқаралық дәрежедегі таулы курорт болашақта осы саладағы еуропалық 10 үздік курорт қатарынан көріну үшін әлемдік деңгейдегі компаниялар кеңесші ретінде шақырылды. Солардың ең бастысы – мол тәжірибесі бар британдық «Locum Consalting» компаниясы. Бұл мемлекеттік жоба болашақта қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал ететін және оңтүстік астананы осы заманғы мегалополиске және туристік орталыққа айналдыруға жәрдемдесетін жоба болып табылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік құқық