Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 20:24, реферат
1-тақырып Шет елдердің конституциясы 2
2 2-тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері 2
3 3-тақырып Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер 2
4 4 тақырып Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.
ГФР-нің негізгі заңының 9-бабында көптеген жаңылыстары бар ұқсас ереже қалыптасқан: «Барлық немістер одақ және қоғамдар құру құқығына ие. Мақсаты немесе қызметі қылмыстық заңдарға қайшы немесе конституциялық құрылымға қарсы бағытталған, не халықтардың келісушілік идеясына қарсы бірлестіктерге тиым салынады».
ГФР-нің негізгі заңының 21-бабына сәйкес, партиялар «халықтың саяси еркіндігінің қалыптасуына көмектеседі». 1958 ж. Франция конституциясы партияларға арнайы төрт бапты арнайды: «Саяси партиялар және топтасулар пікірлерін дауыс беру арқылы білдіруге көмектеседі. Олар ерікті құрылады және өз қызметтерін ерікті жүзеге асырады. Олар ұлттық тәуелсіздік және демократия қағидаларын құрметтеу тиіс». Сонымен 1978 ж. Испангия конституциясының 6-бабында мазмұндалатын, саяси жүйедегі партиялар жағдайының байымды мінездемесін келтірейік: «Саяси партиялар саяси плюрализм қағидасына сәйкес халық пікірін қалыптастыруда және білдіруде бәсекелестік жүргізеді және саяси қызметтің негізгі элементі болып табылады. Олардың құрылуы және қызметі конституция және өзге де заңдар шегінде ерікті болып табылады. Олардың ішкі құрылымы және қызметі демократиялық қағидаларға бағынуы тиіс».
Конституциялық ережелер саяси партиялар қызметін заңшығарушылық регламенттеу үшін негіз болып табылады. Бұл көзқараста үлгілі мысал болып 1967 ж. ГФР-ғы партиялар туралы заң табылады. Осы заңның бірінші бөлімінің екінші параграфында партиялар туралы айтылған: «азаматтар бірлестігі федерация ауқымында немесе жекелеген жерлерде халықтың саяси еркін қалыптастыруға тұрақты немесе белгілі уақыт ішінде ықпал етеді және неміс бундестагындағы немесе ландтагындағы халық өкілдігіне көмектесу ниеті болады, егер олар көлемі және олардың ұйымдастыру беріктігі бойынша, мүшелерінің саны және олардың ішкі саяси сахынадағы өызметі бойынша нақты талаптана алатын болса».
Саяси партиялардың институализациясын реттеуші заңдар Финляндияда, Италияда, АҚШ-та, Португалияда, Австрияда, Испанияда, Мексикада және бірқатар өзге мемлекеттерде қабылданған.
1787
ж. АҚШ Конституциясы және
Саяси
партияларды ұйымдастыруда және
қызметін сыртқы реттеу актілер қатарына
әсіресе, АҚШ және ГФР үшін тән
конститутциялық қадағалау
Реттеудің
ішкі әдісі орталық және жергілікті
бақылаушы органдар арқылы саяси
партиялардың өзімен жүзеге асырылады.
Барлық партиялар олардың
Қазіргі
уақытта көптеген мемлекеттердің саяси
жүйелерінде саяси партиялардың
институализацисы одан әрі жүруде,
олардың мемлекеттік
Партиялық жүйелер, олардың түрлері. Шетел мемлекетеріндегі саяси жүйелер әлеуметтік, ұлттық, тарихи, діни және өзге әр мемлекеттің ерекшеліктері мен түсіндірілетін айтарлықтай әртүрлілік пен айрылады.
Партиялық жүйе-бұл қоғамның саяси ұйымын сипаттайтын және партиялармен мемлекет арасындағы қатынастармен сипатталатын, сонымен қатар партиялардың басқа да саяси жүйенің қоғамдық құрлымдарымен және азаматтармен өзара қатынастарымен сипатталатың құрлымның қасиеті.
Көп партиялық негізі болып әр түрлі қарама қарсы мүдделі топтардан тұратын қоғамның өзі табылады. Әр бір әлеуметтік топ саяси сақынаға өзіне сәйкес партиялар арқылы шығады.
Көп партиялы жүйелерді келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
А. Жалғыз өзі тәңірлік ететін партиясыз көп партиялы жүйелер. Мұндай көп партиялық нысанда ешбір партия парламентте абсолютті көпшілікке ие болмайды және сондқтанда үкіметтік коалиция құру мақсатында әр түрлі саяси одақтарға амалсыз барады.
Бұған
үлгілі мысал болып Италияның
саяси жүйесі табылады. 1993ж дейін
бірқатар партиялар әрекет етіп келді,
олардың ішінде ескісі болып 1832ж
құрылған Республткалық партия (онда
өз уақытындаДж.Гарибальди және Дж. Мадзини
құрамында болған) және 1845ж құрылған
Либералды партия табылады. Ватиканның
қолдауынан сүйенген және өзінің идеяологиялық
қызметінде християндықтың әлеуметтік
доктринасын кеңінен
1993ж.
қарай Италияның партиялық
1993ж.
18 сәуірде жалпы ұлттық
Әдетте
коалициялық үкімет құрылатын жалғыз
тәнірлік ететін партиясызкөппратиялы
жүйелер сонымен қатар
Б. Жалғыз өзі тәнірлік ететін партиясы бар көппартиялы жүйелер. Мұндай көппартиялық нысанда парламенттегі абсолютті басымдылыққа бір партия ие болады және ол бір партиялық үкіметті қалыптастырады.
Мұндай үлгідегі көппартиялық жүйе мысалы, Мексикада 60жылдан артық парламенттегі тәнірлік жағдайын сақтап келе жатқан институционалды-революциялық партиясы табылады.
Франциядағы партиялық жүйе бір қатар маңызды ерекшеліктерге ие. Ш. Де Голль (1958-1969) және Ж. Помпиду (1969-1974) президенттер кезінде монополиялық жағдайды алғашқысында жаңа республиканы қорғау одағы деп (ЮНР) аталған голлистік партия иеленеді, ал 1968ж. бастап Республика үшін демократтар одағы (ДДО) иеленді. 1976ж. бұл партия Республиканы қолдау бірлестігі (РҚБ) деген атауды қабылдады. В. Жискар Д.Эстеннің (1974-1981) президенттік кезенінде РҚБ 1978ж.құрылған жискарлық партия Франциялық демократия үшін одақ (ФДО) пен бірге үкіметтік коалицияға қатысқан. ФДО құрамына Республикалық партия, Әлеуметтік демократтар орталығы және Радикалдар және радикал социалистер партиясы (оң радикалдар) кірген правоцентристік топтасу болып табылады. Бұл партиялар 7жыл бойы үкіметтік коалицияны құрады, оларға солшыл оппазиция партиялары,-Француз социалистік партиясы (ФСП) және Француз коммунистік партиясы (ФКП)қарсы тұрды. Сонымен осы кезен ағымында Францияда жалғыз өзі тәнірлік ететін партиясыз көппартиялы жүйе әрекет етті. 1981ж. ФСП-ның басшысы Ф.Миттеран президенттік сайлаудың екінші кезенінде жеңіске жетіп жағдай өзгерді, осы партия мерзімінен тыс парламенттік сайлауда Ұлттық жиналыста абсолютті басымдылыққа ие болды. Нәтижесінде ФКП өкілдерінің қатысуымен социалистер үкіметі қалыптастырылды. Бірақта ФСП монополиялық тәнірлігі ұзақ болмады. 1986ж. наурыздағы Ұлттық жиналыстағы сайлауда ол жеңіс тауып билік басына оң күштер келді-құрамында РҚБ және ФДО, сынымен қатар Ұлттық фронт кірген блок болды. 1995ж. Ф.Миттеранның президенттік орынынаРеспубликалық партия көсемі Жак Ширак келді. Оңшылдардың үстемдік етуші жағдайы 1997ж. Ұлттық жиналыстағы сайлауға дейін сақталды, осы сайлауда басшылығында ФСП мен солшыл партиялар көпшілікке қол жеткізіп социалистер жетекшісі Л.Жоспен премьер-менистр болды.
Бундестагтағы
тұрақты басымдылық Христиан-демократиялық
одағы немесе Христиан-әлеуметтік одағы
(ХДО немесе ХӘО) партияларының блогына
тиесілі болғандықтан, 17 жыл бойы
(1949-1966) ГФР-да жалғыз партия тәңірлік ететін
көппартиялы жүйе әрекет етті. 1966ж.-1969ж.
дейін құрамына ХДО немесе ХӘО
және Германияның Социал-
Қазіргі
уақытта Христиан-әлеуметтік одағы
тек Баварияда аумағында әрекет
етеді. Германияның социалистік
тұтастық партиясы (бұрынғы ГДР-дағы
басқарушы партия) Демократиялық
социализм партиясы болып өзгерді.
Неонацистік және неофашистік қанат
1983ж. ХӘО-ның оң қанатының өкілдерінен
құрылған Ұлттық-демократиялық
Жалғыз
өзі тәнірлік ететін партиясы бар
көппартиялы жүйе (аздаған үзілістерімен,
1977-1980ж. және 1989-1992ж. партияларды Джаната
басқарды) Индияда әрекет етті. Тәуелсіздігін
алған кезде бастап 1996ж. мамырға
дейін британдық әкімшілік
1980ж.
аяғынан бастап Үнді партиялық
жүйесі тәнірлік ететін бір
партиясы бар көппартиялық
В.Екі партиялы жүйе бір қатар шетел мемлекеттерінде әр түрлі жағдайларға байланысты пайда болған көппартиялық өзіндік бір түрін ұсынады. Екі партиялық жүйе үшін түрлік айыру ерекшелігі болып саяси сақынада бір бірін билік басында ауыстырып отыратын басты екіпартиялардың монапольды тәнірлігі табылады. Бүл партиялардың біреуі басқарушы ролін , ал екіншісі оппазициялық ролін атқарады. Мұндай жүйе басқа партияларды қалыптастыру үшін байсалды кедергілер жасайды.
Бұл жерде классикалық үлгі ретінде болып АҚШ-тың екі париялық жүйесі табылады. АҚШ-тың саяси сақынасында жүз жылдан артық екі басты партиялар-Республикалық және Демократиялық монопольді тәңірлік етеді.
Өз уақытында (Азаматтық соғыс уақытында және бастслсар алдында 1861-1865) Ресспубликалық партия Солтүстік буржуазияларының мүддесін ұсынады, ал Демократиялық партия құлиеленуші оңтүстіктілердің саяси ұйымы болды. Сонымен партиялар арасындағы саяси айырмашылықтары жойылды, бірақ олар бұрынғыдай федерация, штаттар, қалалар және графтықтар дегейінде сайлау күресін қатан жүргізеді.
Ұлыбританияның екі партиялық жүйесі екі ірі партиялардан тұрады:тори партиясының негізінде 1867ж. ресми рәсімделген және 2 млн. Шамасында мүшесі бар Консервативті партия, және ағылшын кәсіподақтары және социалистік ұйымдар бастамасы бойынша 1900ж. құрылған Лейбористтік партия; оның құрамына 6.5млн.шамасында мүшелер кіреді.