Контактілік дәріс сабақтарының кестесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

1-тақырып Шет елдердің конституциясы 2
2 2-тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері 2
3 3-тақырып Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер 2
4 4 тақырып Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.

Работа содержит 1 файл

Шет ел конститутциясы.docx

— 67.28 Кб (Скачать)

«Шет  ел конституциялық құқығы»

пәні  бойынша дәріс  сабақтарының контактілік  мәліметтері 

Контактілік дәріс сабақтарының кестесі 
 

Тақырып Сағат
1 1-тақырып Шет елдердің конституциясы 2
2 2-тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері 2
3 3-тақырып Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер 2
4 4 тақырып Шетелдердегі  адам және азаматтардың конституциялық  мәртебесі.     2
    8
 

     1-тақырып Шет елдердің конституциясы 

     Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі  екі мағынада қолданылады. Формальді  мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар  тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін  мемлекеттің негізгі заңы. Заңды  конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын  тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда  ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа  мемлекеттік билікті жүзеге асыру  тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік  билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі  нақтыконституция немесе материалдық  мағынада конституция деп аталады.

Нақты және заңды конституция не сәйкес келуі, не сәйкес келмеуі мүмкін. Заңды  және нақты конституция арасындағы елеулі айырмашылықтың болуы негізгі  заңның ереже бөлімдерінде кейде  жиналғандықтарды тудырады. Мұндай ережелерді шыңайы әлеуметтік-саяси өмірге сәйкесттікке жеткізу конституция мәтініне түзету енгізу және оны конституциялық қадағалау  органдарымен талдау жолы арқылы қол  жеткізіледі.

     Қазіргі уақытта жүзден артық әрекет етуші  конституция саналады. Олардың кейбіреулері жүз жылдар бұрын қабылданған. Ең ескі конституциялар болып: АҚШ-1787ж., Норвегия-1847ж., Бельгия-1831ж., Люксембург-1868ж., Шейцария-1874ж.саналады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін  өзге де әрекет етуші Австралия, Мексика, Ирландия конституциялары қабылданған. Деген мен конституциялардың  басым көпшілігі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шыққан, соның ішінде Азия, Африка, Америка мемлекеттерінің  конституциясы. Соғыстан кейінгі кезенде  көптеген Америка мемлекеттері (Бразилия,Боливия,Гондурас,Доминика Республикасы,Сальвадор,Канада), Азия мемлекеттері (Жапония, Түркия, Корея, Филипины), Еуропа мемлекеттері (Италия, Франция, ФРГ, Дания, Греция, Испания, Португалия) конституциялары қабылданды немесе елеулі өзгерістерге ұшырады.

Қазіргі әрекет етуші конституция жеке өзіне  тән белгілерге ие. Оларда әкімшілік, ұлттық, саяси, тарихи, діни және өзге де сәйкес мемлекеттердін ерекшеліктері  көрініс табады. Сол сәтте конституцияға  кейбір міндетті элементтері тән:

  1. Қай нысандағы конституция болмасын халық егемендігі ұраның жариялайды. Бұл көз қараста конституцияның ескісі болсын жаңасы балсын ортақ. АҚШ конституциясының проблемасы: «Біз, құрама штаттар халқымыз... осы конституцияны салтанатты түрде жариялаймыз және бекітеміз...» деп айтады. Әрі қарай «жетілген одақ құру мақсаты» деп тізбектеледі, бірақ билік туралы және оның тасымалдаушысы туралы ештене айтпайды.
  2. Қай нысандағы болмасын барлыұ конституциялар жеке меншік институтын бекітеді.
  3. Конституцияларда әдетте билік бөліну қағидаларының негізі бекітіледі. Кейбір конституцияларда (Италия, Франция, ФРГ) билік бөліну концепциясы

    Ал, басқаларында (АҚШ, Дания, Жапония) билік  бөліну қағидаларысейкес баптарда нақты  қалыптастырылған.

  1. Барлық конституциялар мемлекеттін республикалық немесе монархиялық басқару нысаның белгілейді және бекітеді. Бұл сұрақ бойынша конституциялық ұйғарымдар әр түрлі болуы мүмкін. АҚШ конституциясы бүкіл одақты басқару нысаны туралы ештене айтпайды, бірақ штаттар үшін республикалық басқару нысаның бекітеді: «Осы одақтағы әр штатқа құрама штаттар республикалық басқару нысанын қамтамасыз етеді...» (5 б.4 тарау)
  2. Конституциялар мемлекеттік құрлым нысанын-унитаризм немесе федерацияны орнатады және бекітеді, дегенмен негізгі заңның мәтінінде тікелей ол туралы ұйғарылымның болмауыда мүмкін (Франция, Жапония). Конституцияда мемлекеттік құрылым нысаны туралы үнсіздіктін болуы унитаризм екендікті білдіреді. Дегенмен федеративті мемлекеттерде де «федерация» термині кездесе бермейді. Бір қатар конституцияларда синонимдер қолданылады. Мысалы, АҚШ және Индия конституциялары Одақ туралы айтады, ал Австрия конституциясы «Одақтық мемлекет» терминің мазмұндайды.
  3. Барлық конституциялар қай нысанда болмасын азаматтар мен қол астындағылардың демократиялық бостандықтарын жариялайды және бекітеді. әдетте негізгі заңның мәтінің өзінде осындай тарау немесе бөлімдер бар. Жаңа конституцияларда, әсіресе латынамерикандық-конституцияларда көптеген бөлшектер мен техникалық-заңды тұрғыдан адам және азаматтардың құқықтықжағдайы баймды өнделген. Конституцияларға жаңа құқықтар мен бостандықтар енгізіледі (мәлімет алу құқығы, қоршаған ортаны қорғау т.б құқықтар).

    Осы сәтте бір қатар конституциялардың  негізгі мәтінінде құқықтар және бостандықтар тарауының болмауыда  немесе айтылмауыда мүмкін. Мұндай конституциялар қатарына АҚШ, 1958ж. Франция  және кейбір франкотілдес Африка мемлекеттерінің  конституциясы жатады.

  1. Барлық конституциялар жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жүйесінұйымдастыру қағидасын және оның жүйесіне бағыныштылардың қызмет тәртібін белгілейді. Олардың қатарына мемлект басшысы, үкіметжәне парламент кіреді. Сонымен қатар конституцияларда сайлау, референдум және заңшығарушылық сияқты маңызды саяси үрдістарді реттеу негіздері бекітіледі. Кейбір конституцияларда мемлекеттің сыртқы саясатын реттейтін нормалар болады. Индия конституциясында халықаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттін бейбітшілік қалау бағытының толық сипаттамасы берілген. Мұндай ұқсас ережелер Греция, Португалия, Испания конституцияларының мәтінінде мазмұндалады.

   Конституциялармен реттелетін сұрақтар шеңбері әр алуан. Бірақта белгілі жақындау денгейі  мен жалпы заңдылыққа шығуға болады, әдетте ескі конституциялар жалпыланған  сипатта болады. Бұған мысал ретінде  болып, өзінде тек Одақ және штат арасындағы құзыретті бөлу және орталық мемлекеттік  билікті ұйымдастырудын жалпы қағидаларын  мазмұндайтын АҚШ конституциясы  табылады.

Екінші  дүние жүзілік соғыстан кейінгі  қабылданған конституциялар тәртіпті түрде бөлшектеніп өнделген.

Конституциялық  құқық ғылымында конституциялар әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеу әрекеттері бір неше жүргізілді. Мемлекеттік  құрлым нысанына байланысты конституцияларды унитарлы және федеративті деп бөлуге ұсынылған. Федеративті мемлекеттерде  конституцияны федерация және федерация  субъектілерінің конституциясына  айыруға болады. Конституцияларда саяси  режим сипатына байланысты демократиялық  және рекциялық деп бөледі. Біріншісі  белгілі құқықтармен бостандықтар щенберін, еркін білім алуды және саяси партиялар қызметін және тағы да басқалардың болуына кепілдік береді. Екіншісі саяси партиялардың қызметін шектейді немесе тиым салады, не бір партияның үстемдігін орнатады (комунизм). Ал, конституциялық әрекет ету немесе қолдану ұзақтығына байланысты тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Уақытша конституциялар белгілі бір мерзімге немесе белгілі оқиға болғанға дейін қабылдану мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Тайландтың 20 баптан тұратын конституциясы құрылтайшылық жиналыспен тұрақты конституция жобасы әзірленгенше дейін әрекет етті. Көпшілік конституциялар тұрақты болып табылады. Мысалы, 1917 ж. Мексика конституциясы көптеген түзетулер енгізілгенімен тұрақты болып табылады. Дегенмен уақыты бойынша тексеру өткен ғасырда қабылданып әлі күнге дейін қолданып келе жатқан ең ескі жіктеудің тұрақты екенін көрсетеді. Бұл жіктеу негізіне қаланған формализм белгілеріне қарамастан, ол конституцияны дараландыру қажеттіліктеріне жоғарғы деңгейде жауап береді.

Негізгі заңды объективтеу әдісі бойынша, яғни құрылтайшы еркінен тыс объективті көрінуі бойынша, конституция 2 топқа  бөлінеді. Жазылған конституциялар белгілі  жүйе бойынша құрылған бір тұтас  құжат түрінде құрастырылады. Әдетте жазылған конституциялар преамбуладан, негізгі мәтіннен және өтпелі ережелерден  немесе қосалқы жолдамадан тұрады.

Әдетте  преамбула конституцияны жариялаудың  салтанатты формуласын, конституцияны  қабылдау мақсатын, алғашқы конституцияға  сілтеулерді және кейбір өзге де құжаттарды мазмұндайды. Жалпы ереже бойынша  преамбула конституциялық мәтіннің ұштас бөлігі болсада нормативтік  сипаты болмайды. Оның ережелері сілтеме  нормаларды қоспағанда таза мәлімдемелік болып саналады (Франция конституциясының преамбуласын қараныз). Көптеген қазіргі  конституциялардың (Австрия, Бельгия, Дания, Исландия, Италия, Латын Америка  елдерінің көпшілігі) преамбуласы  жоқ, бірақ жолпы үрдіс жаңа конституциялардың (Бангладеш, Африка мемлекеттерінің  көпшілігі)преамбуламен бастслатындығына әкеледі.

Негізгі конституциялық мәтін әдетте бөлімге, тарауға, баптарға бөлінеді. Мысалы, Италия конституциясының мәтіні «Негізгі қағидалар»тарауынан, «Азаматтардың құқықтары мен  міндеттері», «Республиканың мемлекеттік  құрылымы»деген екі бөлімнен тұрады. Мұндай ұқсас құрлымға ГФР, Жапония, Франция, Индия, Малазия және кейбір өзге мемлекеттер конституциясы  ие. Әдетте мәтіннің ірі құрлымдық  бөлімдерінің атауы болады, сонымен  қатар болмауыда мүмкін (АҚШ). Кейбір конституциялар (Индия, Бангладеш) жекелеген  сұрақтар бойынша конституцияның жалпы  ережелерін нақтылайтын және анықтайтын толықтырулар мен қосарласуы мүмкін. Жекелеген конституцияларда өтпелі ережелер бар (Италия).

Жазылмаған  конституциялар өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта олар тек Ұлыбританияда  және Жаңа Зеландияда қолданылады. Жазылмаған конституцияларда жазылған конституция  сияқты құқықтық реттеу пәнінің дәл  сондай көлеміне ие. Өзге сөздермен  айтқанда, жазылмаған конституция басқару  нысанын, мемлекеттік құрлым нысанын, мемлекеттік биліктін жоғарғы органының  құрлымын, тұлғалардың құқықтық жағдайын және т.б. бекітеді, бірақ оның ұйғарымы бір тұтас құжат емес, құқықтың бір неше қайнар көздерінде мазмұндалады. Осылайша жазылмаған конституцияның объктивтілік нысаны анықталмаған. Мысалы, британияда қысқа мерзім ішінде (1653-1660 ж) О.Кремвелдің басқару құралы-жазылған конституция  әрекет етті, бірақ ол британдық  конституционализмнің дамуында елеулі ізін қалдырған жооқ. Британияның  қазіргі жазылмаған конституциясы  әр түрлі қайнар көздерін күрделі  конгломератын көрсетеді. Бұл конституция  үздіксіз толықтырылып және өзгеріп  отырды. Ол өзінің жазылған ағайындарына қарағанда толықтырулар және өзгерістер енгізудің күрделі процедурасын қажет етпейді, тәжірибелік тұрғыда  ол икемді және ынғайлы болып табылады. Парламенттік заңдардан бастап жаңа прецедент шығару үшін бір неше қарапайым  әдістер бар.

Конституцияларға  толықтырулар иен өзгерістер енгізу әдісі бойынша да екі топқа  бөлінеді.

Қатан конституциялар-кәдігімгі заңшығарушылық роцедура үшін қабылданғаннан күрделі  және өзгерістер мен толықтырулар енгізу ерекше тәртіпте жүргізіледі. Конституцияның қабылдануында, өзгертілуінде заңшығарушылық билік құзыретіне жатады, ал әрекет етуі заңшығарушылық билікке 

қарағанда қатан процедуралық ережеге сәйкес жүзеге асады.

Икемді  конституциялар кәдігімгі парламенттік заңдар сияқты тәртіпте өзгертіледі  және толықтырылады. Бұндай жағдай үшін ерекше процедура қарастырылмаған. Бұндай түрге Ұлыбритания және Жаңа Зеландия конституциялары жатады.

Ә Д Е Б И Е  Т Т Е Р  

Негізгі әдебиет

1. Конституция  зарубежных стран. М. Юрид.лит.1992 г.

2. Современные  зарубежные конституции. М. Юрид.лит.  1997 г.

    3. Испания:  Конституция и законодательные  акты. М. Прогресс, 1998 г.

    4. Италия: Конституция и законодательные  акты. М. Прогресс, 1998 г.

    5. Французская  Республика: Конституция и законодательные  акты. М. Прогресс, 1998 г.

    6. Китайская  Народная Республика: Конституция  и законодательные акты. М. Прогресс, 1999 г.

    7. Австрийская  Республика: Конституция и законодательные  акты. М. Прогресс, 1986 г.

8. ФРГ: Конституция  и законодательные акты. М. Прогресс, 1991

    9. Конституция  Российской Федерации. М. Юридическая  литература,1993 г.

10. Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ  и Балтии. 1994 

      Қосымша әдебиет

  1. Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ и Балтии. 1994
  2. Лазарев В.В. Конституционный суд в Австрии //Государство и право.-1993. -№ 9
  3. Руйе К. Швейцарский федеральный суд и надзор за конституционностью законов //Государство и право. 1995 г. -№ 12.
 
 

     Тестілер:

    1. Өзгерістер  мен толықтыруларды енгізу тәсілі  бойынша Ұлыбритания Конституциясының  сипаты қандай?

Информация о работе Контактілік дәріс сабақтарының кестесі