Автор: M******@bk.ru, 25 Ноября 2011 в 18:51, реферат
Бағалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңыздылық сипатта болып, ол төмендегідей анықталады:
нарықтық қатынастардың дамуына бәсекелестіктің жағдайын жасау, тауарлар, қызметтер және қаржылық құралдардың ерікті қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық әрекеті арқылы;
меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа формаларын қорғау құралы қызметі арқылы;
инфляцияның бәсеңдеуіне және оның келеңсіз экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жұмсартуға ықпал ету арқылы.
1. Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
2. Қазақстан Республикасындағы баға саясаты
3. Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі
Бағаларды реттеу жүйесі 1979 ж. аяқталып, 1988 ж. тұрғын үй туралы Акт тұрғын үйге жалдық төлемді реттейтін жүйені жойды. Бірақ қазіргі уақытқа дейін үкіметке тағамдық азықтар және төмен табысты жанұялар үшін бірінші қажеттіліктегі басқа заттарға бағаларды реттеуді енгізуге рұқсат беретін заңдар әрекет етеді.
Бағаларды реттеудің басқа түрі – бөлшек сауда бағаларын қолдау енді қолданылмайды. Бұрын бағаларды реттеудің бұл түрі өндірушілермен ұсынылған бөлшек сауда бағаларынан жалпы бөлшек сауда бағалары төмен болмау үшін қолданылатын, яғни ірі компаниялардың бәсекелестігінен кіші компанияларды қорғауға бағытталған.
Бағаларды реттеудің әлі де болса әрекет ететін негізгі саласы – қандай да бір дәрежеде монополия билігі сақталынған жерлерде қоғамдық тұтынушылық сипаттағы кәсіпорындар ұсынатын қызметтер. Сонымен, реттеу: телекоммуникациясының белгілі бір аясында, жарым-жартылай газдық өнеркәсіптерде, электрқуаттылығында, сумен қамтамасыз ету, арна жүргізу (канализация) және жолаушы теміржолдық тасымалдарда қолданылады.
Швеция. Елде бағаларға бақылау және тексеру арнаулы орган – азаматтық-әкімшілік Министрлігіне бағынатын, бәсекелестік және бағаларды мемлекеттік басқару органымен жүргізіледі. Швеция бағаларды реттеу туралы заң және бәсекелестік шарттар мен бағалар жайлы мағлұматтар берудің міндеттілігі туралы заң қабылданған және ол қызмет етуде.
Инфляцияның өсу қарқынын басу және нарықтағы өткір дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қысқа мерзімдік жоспарда бағаларды тоқтатып қою (замораживание) қолданылады. Соғыс немесе оның туындау қауіптілігі бар жағдайда, не бағалардың маңызды жалпылай жоғарылауының туындау қауіпінде бағаларды реттеу заңы мемлекетке, бағаларға тікелей әсер ету бойынша шараларды жүзеге асыруға құқық береді. Заңға сәйкес мемлекеттік бағалардың жоғарылау мөлшерінің дәлелдемесін және бағалардың жоғарылауы жайлы алдын-ала ескерту болғаннан кейін бағалардың жоғарылауы рұқсат етілетін жағдайдағы тәртіпті енгізу және тауарлар үшін максималды баға деңгейін құру мүмкіндігі бар.
Бағалардың деңгейіне әсер ету мемлекеттік монополиялар және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады (арақ-шарап бұйымдарына монополия, пошталық қызмет көрсетулер, дәріханалық сауда, телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің түрі).
Швеция ауыл шаруашылығын бағалық қаражаттандырудағы (субсидирование) құралдардың маңызды көзі – шикізаттың импортталуынан кедендік алымдар. Олар ішкі нарықтың жоғарырақ бағалары мен сыртқы нарықтың бағалары арасындағы айырмашылықтың мөлшерінде қалыптасады.
Тұрғын
үйге бағалар – баға қалыптастырудың
мемлекеттік реттелуінің
Дания. Данияда бағақалыптастыру жүйесі көбінесе нарық факторларының ықпалымен құралған. Бағақалыптастыруға мемлекеттік әсер ету жоғарғы сипатта шектелген. Мемлекеттің бұл облыстағы қызметі сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, өндірістік шығындар сияқты өлшемдерге (критерий) сүйеніп, өз өнімдеріне бағаларды өз бетімен қоятын жекеменшіктік өндірушілердің еркін бәсекелестігі үшін максималды түрде жағымды жағдайларды қалыптастыруға кіріседі.
Үлкен масштабты немесе мемлекеттік сектордағы бағалар мен тарифтер фолькетингпен (парламентпен), муниципалды және мемлекеттік биліктермен қалыптасады. Тікелей мемлекетпен орнатылатың қатаң немесе реттелінетін бағалардың үлес салмағы шамамен 6%-ды құрайды.
Даниядағы бағақалыптастыру бойынша негізгі заңдық акт 1989 ж. 1-ші маусымда фолькетингпен қабылданған бәсекелестік туралы заң болып табылады. Бағақалыптастыру облысындағы монополияның қызметін қабылдауға бәсекелестік бойынша Кеңес жүзеге асырады. Оның мүшелерін төрт жылдық мерзімге өнеркәсіп министрі тағайындайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағақалыптастыру Дания мүшесі болып табылатын, ЕО-тың (Еуропалық Одақ) ауыл шаруашылық саясаты механизмдерінің ықпалының жетегінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, фермерлерге суландыру және сорғыту (дренажная) жұмыстарын жүргізу, энергияүнемдеуші (энергосберегающая) жүйелерді енгізу, негізгі құрылыс үшін жеңілдік ренталық шарттарды және қарыздарға мемлекеттік кепілдікті беруде қамтитың мемлекеттік қолдаудың біршама тармақталған жүйесі бар.
Норвегия. Елде бағаларды мемлекеттік реттеудің құқықтық негізіне 1953 ж. қабылданған бәсекелестікті шектейтін және пайданы, бағаларды бақылау туралы заң, сонымен қатар осы заңның негізінде шығарылған корольдік қарарлар (резолюции) реттілігі жатады. Кәсіпкерлік пен бағақалыптастырудың мәселелерін реттейтін заңдардың орындалуын бақылауды органдар жүйесі жүзеге асырады. Олардың ішіндегі маңыздыларына бағақалыптастырудың келесі мамандандырылған органдары жатады: баға бойынша Кеңес, бағалар бойынша Директорат, бағалар бойынша Мемлекеттік инспекция.
Мемлекет бағалардың максималды және минималды деңгейін анықтайды, бағаларды тоқтатып қояды, бағаларды есептеу шегерімдер мен үстемелер тәртібін, пайданың максималды дейгеін және бағақалыптастыру облысындағы басқа ережелерді орнатады.
Норвегияда ішкі бағаларды орнату негізіне әлемдік бағалар алынады. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелділігі үкіметті өзінің экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалардың ара қатынасы мен деңгейінің сәйкестігін бақылау жолымен де жүргізуге мәжбүр етеді. Егер импорт ішкі нарықтағы бағалардың ара қатынасының жағымсыз өзгеруіне әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге жүгінеді.
Австрия. Бағаларды мемлекеттік реттеу бағалар туралы (1976 ж) заң, картель туралы (1988 ж. редакциясында) заң, Антидемпинг (1985 ж.) заңы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекетт бағалардың 10% жуығын реттейді (қара металдың қалдықтары мен сынықтары, фармацевтикалық шикізат, дәрілік препараттар, электроэнергия, газ, жылумен қамту). Елдің парламенті телефондық, телеграфтық және теміржолдық тарифтерді, пошталық жинау, тұз, темекі бұйымдары, темекіге бағаларды орнатып, бекітеді. Қаржы Министрлігі спирттік ішімдіктерге бағаларды бекітеді.
Австрияның
экономика Министрлігі кез
Швейцария. Ауыл шаруашылығының тауарлық өнімдерінің жартысына жуық бағалары заңдық тәртіппен реттелінеді. Мемлекеттік реттеу тағамдық және азықтық дәндер, қант қызылшасы, рапс, сүтке бағаларды қамтиды. Етке анықтамалық бағалар орнатылады. Бағаларды шекті реттеу, оларды бақылаумен бірге, тоқыма тауарлары, киімдер, ойыншықтар, музыкалық аспаптар бойынша жүзеге асырылады.
Швейцарияда мемлекет қорғайтын немесе жәрдем ақша төлейтін тауарлар бағасы бақыланады.
Бағаларды бақылау жөнінде Федералдық ведомство – Швейцария бағақалыптастыру органы болып табылады. Мұнда бағақалыптастыру үдерісі нақты салалар және өнім түрлері бойынша қаулылар мен заңдар қатарымен, тауарларға қорғаушы бағалар жайлы федералды Үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Испания. Испанияда баға орнатуда 3 түрлі тәсіл орын алуы мүмкін. Біріншіден, бәсекелестік туралы заңдардан шығатын бағалар нормасын орнатуды реттейіндер. Екіншіден, мемлекеттік биліктің өкілеттігі нарықтық қызметтер мен тауарларға бағаларды орнату. Үшіншіден, өндірушілер мен сатушылар жүзеге асыратын бағларды орнату саласындағы тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты нормалар.
Бәсекелестік саласындағы испандық заңдардың жалпы қағидасы тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаларды орнату бөлігіндегі еркіндік болып табылады.
Испанияда адал емес бәсекелестік туралы Акт сияқты бәсекелестікті қорғау туралы Акт та бағаларды орнатудың еркінідігін жариялайды. Бәсекелестікті қорғау бойынша трибунал заңдық күші жоқ бағаларды орнату бойынша кез келген дұрыс емес жағдайды мәлімдеп, оның қатысушыларына 970000 эскудаға дейін және одан жоғары мөлшерде айыппұл салуы мүмкін. Адал емес бәсекелестік туралы Акт демпингтің мүмкіншіліктерін шектейді, ал ішкі сауда туралы Акт, демпингті, әкімшілік құқықбұзушылық ретінде анықтайды, қылмыстық кодекстің өзі бәсекелестік барысында орнатылған бағаларды белгілі бір жағдайларындағы модификациялау әрекеттерін қылмыс деп бағалайды.
Жалпы экономикалық саясаттың құралы ретінде біршама қызмет көрсетулер мен тауар түрлерінің бағаларына шектеулер салуға өкілеттік бар. Бағаларды жоғарлату үшін алдын-ала әкімшілік рұқсат талап етілетін тауарлар мен қызметтер санын қысқартты. Кейбір жағдайларда мұндай рұқсат билік органымен ұлттық деңгейде берілсе, басқаларда – аймақтық деңгейде беріледі. Ұлттық деңгейдегі рұқсаттар электрқуаттылығы, газ, дәрі-дәрмектер, ауылшаруашылық сақтандырудың әр түрлерін, пошталық және телеграфтық қызмет көрсетулер, телефон және байланыс қызметтерін, қоғамдық көлік және Ұлттық теміржол компаниясының жол билеттерінің төлемін бағалуға тиісті. Аймақтық деңгейдегі рұқсаттар сумен қаматамасыз ету, қалалық жолаушылық көлік пен аймақтық теміржол компанияларының қызметтері, сонымен қатар Канар аралдарындағы гидроирригационды қызметтер төлемдеріне тиісті.
Ішкі сауда туралы акт Үкіметке билік органдарының берген лицензиялары бойынша немесе монополиялар өндіретін стратегиялық тауарлардың, тағамдық өнімдердің негізгілеріне қарай бағалардың өзгерулеріне алдын-ала рұқсаттар жүйесін қолдануға рұқсат береді.
Бағақалыптастырудың үшінші тәсілі тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты және ұсынылатын бағалардың ішіндегі тиісті таңдаудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Испандық заңдарда негізгі бір ереже бар, ол бойынша тұтынушының баға туралы жалпы немесе смета туралы сұрау сала, ол жайлы мағлұматтары, және пайдалану немесе сатып алу актінің заңдық, экономикалық шарттары туралы, сонымен қатар бағалық шегерім немесе үстеменің кез келген мүмкін мөлшері және қосымша қызметтерді, қаржылық схемаларды ұсынудан, мерзімін ұзартып өткізу мүмкіншілігі немесе сол сияқты шаралардан шығатын кез келген қосымша шығындары туралы мағлұматтары болуы керек.
Бағаларға бақылау және мемлекеттік реттеуді 1977 ж. Королевтік декретпен бекітілген экономика және қаржы Министрлігі тұсындағы бағалар бойынша Жоғарғы кеңес жүзеге асырады.
Тұтынушылық бағалардың жалпы көлемінің шамамен 10%-ың тікелей мемлекетпен орнатылатын және реттелінетін бағалардың үлес салмағы құрайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу механизмі олардың келесі түрлерін қамтиды: рұқсат бағалар, хабарлау және жергілікті бағалар.
Рұқсат бағалар. Нақты тауар немесе қызмет бағаларын жоғарлатуды жоспарлайтын мемлекеттік немесе жекеменшік компания, бағалар бойынша Жоғарғы кеңеске қолдаухат жібереді және үкіметтік комиссиядан рұқсат алған соң бағаларды көтереді. Олар соя майы, электроэнергия, табиғи және сұйылтылған газ, бензин, керосин, дизельдік отын, тыңайтқыш өндірісі үшін мұнай, фармацевтік тауарлар, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру, телефон байланысының, телеграф пен пошта қызметтері, теміржолдық, автомобильдік, жолаушылық және жүктік тасымалдарға, ел ішіндегі теңіздік жолаушылық тасымалдарға, әуе тасымалдарына орнатылады.
Хабарлау бағалары – бағаларды жоғарлатуды жүзеге асырғанға дейін бір ай бұрын бағалар бойынша жоғарғы кеңеске хабарланғанан кейінгі бағалар (мысалы, айықтырылған (стерилизованное) сүт, сұйық май, жемшөп дәні, минералды тыңайтқыштар).
Жергілікті бағалар. Оларға келесі тауарлар мен қызметтер бағасы жатады: тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, қалалық жолаушылық және теміржол тасымалдары, клиника, санаторийлер, аурухана қызметтері. Олардың жоғарлауы бағалар бойынша провинциалды комиссия компетенциясына кіреді. Елдің жалпы нарыққа енуіне байланысты көптеген тауарлар, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаларды реттеу ЕО деңгейінде жүреді.
Греция. Бағақалыптастыру облысындағы мемлекеттік реттеу бағаларды тікелей анықтау және олардың орындалуын бақылау жолымен және жалпыэкономикалық саясат шекарасында немесе экономиканың жекек салаларындағы елдің белгілі бір даму кезеңдерінде табыстар мен бағалар саясатын жүргізумен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің шамамен 20% атауының бағалары мемлекеттік органдармен реттелінеді. Грецияда бағаларды реттеудің құқықтық негізі 1989 ж. бекітілген және нарықтық реттеудің Кодексі ретіндегі Президент қаулысы болып табылады. Кодекске сәйке бағалық реттеуге жататын барлық тауарлар мен қызметтер екі топқа бөлінген.
Информация о работе Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы