Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы

Автор: M******@bk.ru, 25 Ноября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

Бағалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңыздылық сипатта болып, ол төмендегідей анықталады:
нарықтық қатынастардың дамуына бәсекелестіктің жағдайын жасау, тауарлар, қызметтер және қаржылық құралдардың ерікті қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық әрекеті арқылы;
меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа формаларын қорғау құралы қызметі арқылы;
инфляцияның бәсеңдеуіне және оның келеңсіз экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жұмсартуға ықпал ету арқылы.

Содержание

1. Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
2. Қазақстан Республикасындағы баға саясаты
3. Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі

Работа содержит 1 файл

Баға саясаты.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

       4) нарықта басым тұрған қожалық етуші субъектілерді мойындау туралы шешімдер қабылдау;

     5) өзінің міндеті шегінде заң  бұзушылық туралы істерді қарау,  тексеру жүргізу және кінәлілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту;

     6) табиғи монополия субъектілерімен  бағалардың мемлекеттік тәртібін  бұзу нәтижесінде алынған сомалардың  бюджеттің керісіне аударылуы  туралы шешімдер, сонымен қатар  тікелей немесе жанама бағалар  мен тарифтерді уақытша төмендету арқылы залалдың орнын толтыру туралы шешімлер қабылдау;

     7) уақытша өтейтін бағалар мен  тарифтерді белгілеу жолы мен  бағалар мен тарифтерді заңсыз  көтеруімен табиғи монополия  субъектісімен келтірілген шығындардың  тұтынушыларға орнын толтыру  туралы шешімдер қабыладу;

     8) нарықта монополист болып мойындалған  немесе онда басым болатын  қожалық етуші субъектінің шаруашылық  қызметі бойынша монополияға  қарсы реттеу әдістері туралы  шешімді қабыладу;

     9) сараптау мен тексеру жүргізуге  басқа ұйымдардан мамандарды  тарту;

     10) сотқа талаптармен бару, бағалардың мемлекеттік тәртібін, монополияға қарсы заңын, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша заңнын және т.б. бұзылуын жою мақсатымен олардың қаралуында қатысу.

     Агенттікті  Төраға басқарады, оны Қазақстан  Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады.

     Төрағаның орынбасарлары бар, олар Агенттік Төрағасының  ұсынысы бойынша ҚР-ң Үкіметімен қызметке тағайындалып, босатылады.

     Агенттік  Төрағасы жанынан кеңестік орган  болып табылатын алқа құрылады. Алқа шешімдері бұйрық түрінде жарияланады. Алқаның сандық және қызметкерлік құрамы Агенттік аппаратының құрылымдық бөлімдер басшыларының ішінен Агенттік Төрағасымен бекітіледі.

     Агенттіктің аумақтық органдары бар – табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және облыстар мен астана, Алматы қалалары бойынша шағын бизнесті қолдау бойынша Депертаменттер, олар заңды тұлға болып табылады.

     Агенттік  және оның аумақтық органдарындағы монополияға  қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді қарастыру үшін қызметкерлік құрамы Агенттік Төрағасы және аумақтық орган басшысымен бекітілетін Әкімшілік комиссия құрылады. 

     Бағаны  реттеудің шет елдік тәжірибесі 

     Көп елдерде жалпы тактика ретінде мемлекеттік органдар мен құрастырылатын белгілі бір бағақалыптастырудың ережелері, әкімшілік-юриспруденциялық әдістер қолданылады.

     Соңғылары ұлттық экономикада мәні бар қызмет көрсетулермен тауарларға нақты  бағаларды енгізу мен реттеудің  міндетін өзіне алады.

     Мемлекеттік органдар бағаларды бақылауды да жүзеге асырады. Бүтіндей бағақалыптастырудың  мемлекетпен бақыланатын аясы шығарылған өнімнің жалпы көлемінің 10-нан 30%-ға дейінгі көлемін қамтиды.

     Бағаларға мемлекеттік әсер етудің әдістері мен  тәсілдері нарықтық экономика жағдайы  әр түрлі елдерде бірдей емес. Ол ұлттық, саяси, ресурстық және аңбектің әлемдік бөлінісіндегі елдің алатын орнын анықтайтын басқа факторларға тәуелді. Сонымен бірге бір елдегі бағаны реттеудің әдістері экономикалық қатынастар даму деңгейінің ерекшеліктеріне қарай маңызды өзгертулерге ұшырауы мүмкін.

     Мысалы, Италияда, бағаларды реттеудің екі кезеңін атауға болады.

     Бағаны  бақылау туралы бірінші заңдар экономикалық дағдарыс (1930-1933) жылдарында пайда болды  және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  әрі қарай жалғасын тауып, күшейтілді. Осы заңдармен қарастырылған  бақылаудың нысаны тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кең тобына тікелей қалыптасатын бағалар болып табылады. Бұл бақылаудың субъектілері көптеген заңдарды шығару жолымен оны жүзеге асыратын тікелей Парламент немесе парламент берген өкілеттілігіне негізделіп әрекет ететін Үкімет болып табылады.

     90-шы  жж. бұрыңғы көптеген заңдар жойылған  болатын. Бақылау нысаны болып  бағалардың өздері емес, олар  тіршілік ететін нарық болды.  Бақылау субъектілері саяси билік  органдары емес, негізінен мамандардан  тұратын тәуелсіз мекемелер болды.

     Бірінші кезең бағақалыптастыру жүйесінің сипаттамаларынан екі үлкен топты бөлуге болады.

     Бірінші топқа соңғы 60 жыл ішінже бағаларға  «шек қойған», реттегіш сипаттағы сан  түрлі заңдарды жатқызамыз, жалғасынша бұл заңдар экономиканың әр түрлі  салаларында бағалардың өзгеруін бақылайтын режимді енгізді: мысалы, жалдық төлем, отын бағасы, дәрі бағасы және т.б. Баға реттеудің екінші тобы қызықтырақ. 1944 жылы бағалар бойынша ведомствоаралық комитет құрылды. Оған кез-келген айырбас сатысындағы кез-келген тауар бағасын, импор пен экспорт кезіндегі кез-келген тауар бағасын сонымен қатар жұмыс пен қызмет көрсетулердің бағасын анықтауға, басқа органдармен құрылған бағаларды өзгертуге сенімдік білдірді. Бұл комитет 1993 жылдың аяғына дейін өмір сүрді.

     Араласу құралдарының жиынтығы өте кең болатын және қайта жаңарту (реконструкция) жылдарындағы (1946-1960) және содан кейін 1973 жылы энергетикалық дағдарыс кезіндегі Италия үкіметінің экономикалық саясатына сәйкес келетін.

     Баға  бойынша ведомствоаралық комитет  «қоғамдық пайдалы» жұмыстар бойынша тәуелсіз органдар мекемесімен қызметтері тоқтатылды.

     Бұл органдар өкілеттілігі ведомствоаралық  комитеттің билігіндегі өкілеттіліктерден  бір шама ерекшеленеді. Бір жағынан  бұл органдар «тәуелсіз», бірақта  басқа ведомствоаралық комитет  – Экономикалық жоспарлау бойынша ведомствоаралық комитеттің нұсқауларына бағынды. Басқа жағынан, бұл органдардың міндеті бағаны бекітуде ғана емес, сонымен қатар нарық немесе көмек түрлерінде жеке салалардың әр түрлі аспектілерін реттейді.

     АҚШ-да 70-ші жылдарда ішкі нарықтағы көтерме және бөлшек сауда бағаларының өсу қарқыны айтарлықтай жылдамдады, бір қалыпты инфляцияның қарқынындағы ұласуы елдің экономикалық стратегиясын модификациялаудың қажеттігіне әкелді. Мемлекеттің бірінші ықпалы бағаларды тікелей реттеу арқылы инфляцияны жеңу әрекеті болды. 1971 ж. АҚШ президенті Р.Никсон әкімшілігінің белсенділігі бойынша бағаларды орталықтандырып, басқару енгізілді. Елдің экономикалық жағдайы, қоғамдық ойдың қыспағы президентті шекті шараларға баруға мәжбүрледі. Осындай жағдайда инфляция деңгейін төмендету өте ауыртпалы салдарды туғызу мүмкін еді (жұмысбастылықты төмендетпей инфляцияны шектеу еңбекақы мен бағаларды бірдей уақытта тоқтатып қоюды енгізген жағдайда мүмкін болады).

     Қысқамерзімдік  жоспарда АҚШ-дағы бағаларды тікелей реттеу елдің экономикасының белгілі бір тұрақтылығына мүмкіндік берді. 1972 ж. күзіне қарай бөлшек және көтреме сауда бағасының өсу қарқыны төмендейді, жұмысбастылық біршама жоғарылады, ЖҰӨ тез өте бастады.

     Бірақ орталықтандырып реттеудің жағымсыз салдары да көрінді. Еңбекақы мен бағаларды тоқтатып қою салааралық капиталдың  құйылуын шектеді, инвестициялық қызметті тежеді, іскерлік белсенділік деңгейін төмендетті, табыстың өсуін тоқтатты.

     1974 ж. мамырда АҚШ-ы бағаны тікелей  бақылаудан бас тартты. Қазіргі уақытта жеке тауарлар тобы бойынша бағаларды тікелей реттеу мен мемлекеттік қаржыландыруды шектей отырып, американдық әкімшілік елдегі экономикаллық жағдайды жалпы сауықтыруға мүмкіндік беретін жанама реттеудің әдістері мен нарықтық иінтіктерді белсенді қолдануға тірек жасайды. Бағаларды жанама реттеудің негізгі бағыттары:

     - шектеуші сипаттағы ақша-несиелік  саясат, федеральдік қор жүйесінің  есептік мөлшерлемесін реттеу;

     - тауарлар мен қызметтердің федеральдік  сатып алынуын кеңейту;

     - мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту;

     - тиімді салық саясаты.

     Осындай мемлекеттік макроэкономикалық  саясатты жүргізу нәтижесінде АҚШ-ның  ішкі нарығындағы ұсыныс пен сұраныс  арақатынасының өзгеруіне белсенді түрде әсер етуге және баға деңгейі мен айырбастың базалық пропорцияларын анықтауға мүмкіндік туды.

     Соңғы сегіз жылда, елде экономикалық өсудің теңдесіз тұрақты және жоғары қарқыны  байқалады, мемлекеттік бюджет тапшылығы  мәселесін артта қалдырып, профициттік (бюджеттің оң сальдосы) көрсеткіштерге қол жетуде.

     Қазіргі уақытта бағаларды тікелей мемлекеттік реттеу антитрестік реттеудің юрисдикциясына (заңдық хұкім, заңдық құқықты шешетін құқық) түсетін жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ-да жалпылай негізде, баға 5-тен 10%-ға дейінгі дәрежеде мемлекетпен реттелінеді.

     Франция - өнеркәсібі дамыған аз ғана елдердің бірі, онда ұзақ уақыт бойы бағаның мемлекеттік реттелуі қатаң режимде жүргізілді. Қырықжылдық кезең аралығында (1947-1986) бағаның мемлекеттік реттелуі «дирижизм (белсенді мемлекеттік реттеу саясаты)» саясатының құрамдас бөлігі болды және қазіргі уақытқа шейін оның бірен-сараны сақталды. 1973 ж. басталған бағалардың ырықтандырылуы (либерализация) 1980-шы жылдардың екінші жартысына шейін жалғасты. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіптік өнімдер бағаларының шамамен 90%-ы босатылды.

     Қазіргі уақытта француз үкіметі келесі саладағы монополист-кәсіпорындар өніміне  қатысты бағаларды реттеуді жүзеге асыруда: газ, электроқуаттылығы, көлік, ауыл шаруашылығы өнімдері. Тауарлар мен қызметтерге еркін және реттелінетін бағалар арақатынасы келесі үлгіде: шамамен бағалардың 20%-зы мемлекетпен реттелінеді, ал қалған 80%-ы еркін бағақалыптастыру режимінде болады.

     Бағаларды реттеу, қызмет көрсету, сауда, өнеркәсіп  жұмысшылары мен фермерлердің табыстарындағы паритеттің сақталуына, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік әсер етудің негізгі құралы болып табылады. Ауыршаруашылық өнімдерінің шамамен 90%-на бағалар реттелінеді. Осымен, мемлекет тағамдық азықтардың бөлшек бағасының динамикасы мен деңгейіне жанама әсер етеді.

     Бағаларды реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер  қызметін реттеуді, өнеркәсіб жұмысшылары  мен фермерлер, сауда, қызмет көрсету  саласындағы алынатын табыстылық паритетін (тепе-теңдік) реттеуді жүзеге асырушы негізгі құралдардың бірі болып саналады, ауыл шаруашылық өнімдер бағасының 90%-ға жуық шамада реттелінеді. Осындай жолмен мемлекет тағам өнімдерінің бөлшек саудалық бағасының динамикасы мен деңгейіне жанама түрде әсер етеді.

     Бағаны  реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік құрылым болып, құрамына баға және бағалық бәсекені мемлекеттік реттейтін органды енгізетін жоспарлау және қаржы Министрлігінің бәсеке бойынша Департаменті табылады. Бағаны реттеуге қатысты үш мыңға жуық мемлекеттік бақылаушылар қызмет етеді, олар өз ретінде бағаны реттеу бойынша жоғарғы аталған бөлімнің, салалық министрліктің және 100 департаменттің қызметкерлері болып саналады.

     Мемлекеттік бақылаушылар бағалардың мемлекеттік  тәртіптілігін сақталуын бақылайды, бағаларға қатысты заңдарды бұзушыларға қатысты акт құрып, оны жалғасынша қаржылық арбитражға беруге құқылы, ал арбитраж сол заң бұзушыларға қатысты санкция бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.

     Тауарлар  сапасы мен бағасына орнатылған қоғамдық бақылаудың кең ауқымды желісі бар.

     Қазіргі уақытта Ұлыбританияда бағаларды реттеу тіпті шектелген және коммуналдық қызметтер және осымен байланысты салалар қатарының аясындағы монополияға таратылады. Мұнда екі қағидаға сүйенеді. Біріншісі, нарықтық биліктің бәсекеге қарсы ықпалын шектеу мақсатымен бәсекелестік туралы Заңды қолдану. Екіншісі, сатып алушы мен сатушының нарықтық билігінің айқын теңсіздігін шектеу мақсатымен, азаматтық және қылмыстық құқықтықты құрастыратын заңдық қағидаға негізделген әр түрлі шараларды қолдану.

     Көп жылдар бойы Ұлыбританиядағы табыстар мен бағалар саясаты мемлекеттік экономикалық басқарудың негізгі белгісін құрды және де жалпы инфляцияға қарсы саясатты жүзеге асыру еңбекақының өсуін тоқтатуына кәсіподақтардың келісімінің тәуелділігіне қарай немесе сәйкес заңдарды қабылдау жолымен емес, мемлекеттік тапсырыстың беруін қабыл алмау немесе қабыл алу жолымен жүзеге асырылған жағдайда маңызды құқықтық таластарды туғызды. 1973 ж. инфляцияға қарсы акт және оның шекарасындағы белгілі бір салаларды реттеуден босататын бағалар шегіндегі заңдар Кодексін қабылдаумен реттеу жүйесін қалыптастырудың әрекеті жасалынды. Сол кезде сәйкес әкімшілік орган болып табылатын бағалар бойынша Комиссияның басқа облыстарында бағаларды жоғарлату, олардың мүмкін болатын шығындарының жоғарылауын көрсететін жерлерде ғана, рұқсат берілді. Пайданың маржасы да шектелген болатын. 1977 жылғы бағалар бойынша комиссия туралы ак Комиссияға бәсекеқабілеттілігі жеткіліксіз нарықтарға назар сала отырып, Комиссия негіз ретінде ұтсануы тиіс жалпы жағдайлар реттілігін қалыптастырып, бағаларды жоғарылатуға қатысты жалпылама сипаттаға өкілеттікті берді.

Информация о работе Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы