Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы

Автор: M******@bk.ru, 25 Ноября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

Бағалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңыздылық сипатта болып, ол төмендегідей анықталады:
нарықтық қатынастардың дамуына бәсекелестіктің жағдайын жасау, тауарлар, қызметтер және қаржылық құралдардың ерікті қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық әрекеті арқылы;
меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа формаларын қорғау құралы қызметі арқылы;
инфляцияның бәсеңдеуіне және оның келеңсіз экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жұмсартуға ықпал ету арқылы.

Содержание

1. Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
2. Қазақстан Республикасындағы баға саясаты
3. Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі

Работа содержит 1 файл

Баға саясаты.doc

— 135.00 Кб (Скачать)
 
 
 

Фирманың  баға саясатына мемлекеттің  ықпалы 
 
 
 

     Ж О С П А Р 
 
 

     1. Бағаны мемлекеттік  реттеудің формалары

     2. Қазақстан Республикасындағы  баға саясаты

     3. Бағаны реттеудің  шет елдік тәжірибесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары 

     Бағалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңыздылық сипатта болып, ол төмендегідей анықталады:

  • нарықтық қатынастардың дамуына бәсекелестіктің жағдайын жасау, тауарлар, қызметтер және қаржылық құралдардың ерікті қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық әрекеті арқылы;
  • меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа формаларын қорғау құралы қызметі арқылы;
  • инфляцияның бәсеңдеуіне және оның келеңсіз экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жұмсартуға ықпал ету арқылы.

     Мемлекеттің бағақалыптастыру үдересіне араласуы бағаларды реттеудің тура және жанама әдістерін біріктіру негізінде жүзеге асады.

     Бағаларды тікелей реттеу - әрекет етуші бағаларды белгілеуге мемлекеттік әкімшілік араласуы, бағалардың деңгейлерінің құрлымын және қозғалысын қалыптастыруда мемлекеттің қатысуы, баға қалыптастырудың белгілі бір ережелерін белгілеу.

     Мемлекеттің бағаны белгілеу еркіндігіне әсер ету дәрежесіне байланысты тіркелген, реттелетін және еркін бағалар болып бөлінеді.

     Мемлекетпен тіркелген бағалар. Бұл жағдайда бағаларды мемлекет өзі белгілейді. Баға қалыптастыруды шектеудің келесі формалары болады.

     Мемлекеттік прейскурант бағаларды бекіту – мемлекеттік органдармен бекітілген және жарияланған ресми жинақтың таурлары мен қызмет көрсетулерінің бағалары мен тарифтері. 1987 ж. дейін КСРО-ң барлық бағалары прейскурантты болды.

     Нарықтық еркін бағаларды «тоқтатып қою» - нарықтық бағаларды белгілі бір деңгейде белгілі бір (әдетте қысқа мерзімге) уақыт мерзіміне тіркеу. Экономикадағы күшті инфляция кезінде қоллданылады.

     Монополиялық бағаларды тіркеу – нарықтағы үлесі 35% артығын құрайтын кәсіпорындардың бағасына қолданылады. Тіркелген бағаларды енгізу туралы шешімrе осындай бағаларға қосылатын пайданы (тиімділікті) анықтау процедурасы әсер етеді.

     Мемлекетпен реттелетін бағалар. Кәсіпорындар үшін ережелерді мемлекет белгілейді, соларға сәйкес кәсіпорындар өздері бағаларды белгілейді.

     Бағалардың шекті деңгейін белгілеу – бөлшек сауда бағасы шекті бағадан басым түспеу керек. Егер баға шекті деңгейден басым болса, шекті деңгейден басым түсетін баға бойынша сатылған тауарлардан алынған пайдаға үдемелі салық салу қолданылуы мүмкін.

     Прейскуранттың тіркелген бағаларына шекті үстемелерді немесе коэффициенттерді бекіту – бөлшек сауда бағасы прейскуранты баға және шекті үстеме қосындысынан басым түспеу керек. Мұндай шара тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені еркін бағалардың өсуі ақырында өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.

     Бөлшек сауда бағалары элементтерінің шекті мәндерін белгілеу – пайда, шегерім, жанама салықтар шамасын бір реттілікке келтіру (регламентация ).

     Бағаларды бір рет көтерудің шекті деңгейін белгілеу – белгілі бір пайызға бағалардың өсуі. 

     Сонымен қатар, бағалардың мемлекетпен реттелуі монополиялық бағаларды миемлекеттік реттеу және мемлекеттік кәсіпорындарға бағаларды белгілеу жолымен жүзеге асуы мүмкін.

     Еркін нарықтық бағалар. Бұл жағдайда, мемлекет адал емес бәсекеге және нарықты монополиялауға бірқатар тыйымдар енгізе отырып, кәсіпорындарға нарықтағы «ойын ережелерін» белгілеп береді.

     Шектемелердің келесі формалары пайдаланылуы мүмкін.

     Бағаларды көлденең тіркеуге тыйым салу – екі немесе одан да көп бәсекелесуші кәсіпорындардың бағаларды белгілі бір деңгейде ұстап тұру туралы келісіміне тыйым салу.

     Бағаларды тігінен тіркеуге тыйым салу - өндірушілерді өз бағаларын жабдықтаушылар мен саудаға ендіруге тыйым салу.

     Бағалық дискриминацияға тыйым салу – саудагерлерге тауарды бір бағамен ұсынуды талап ету.

     Демпингке тыйым салу – бәсекені жою мақсатымен тауарды өз құнынан төмен бағамен сатуға тыйым салу.

     Адал  емес бағалық бәсекеге тыйым салу – баға төмендетілді деген алдамшы әсер туғызуға жол бермеу.

     Бағаларды тікелей реттеу әдістерімен қатар мемлекет жанама реттеуді де жүзеге асыралы, яғни бағаны белгілеу үдересін бірқатар жанама шаралармен ықпал етеді.

     Бағаларды жанама реттеу – нарықтағы тауар ұсынысының кеңеюіне, нарықтық сұраныстың көбеюіне, халықтың кірістерін басқаруға, салықтарды реттеуге ықпал ететін әдістер мен құралдардың қосындысын қолданумен қамтамасыз етілетін баға белгілеуге араласу. Жанама реттеу – бұл бағалардың өздері емес, керісінше оларға әсер ететін факторларды реттеу. Бағаларды жанама реттеу шараларына жататындар:

  • мемлекеттік сатып алулар;
  • салықтық жүйе;
  • ақша айналымын және несиені реттеу;
  • мемлекеттік инвестиция саясаты;
  • мемлекеттік шығындарды реттеу;
  • амортизация нормаларын бекіту.

     Бұл шаралармен мемлекет сұраныс пен  ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті орнатуға және сонымен қатар барлық экономика  көлемінде бағалардың бірқалыпты және баяу өсуіне ықпал етуге ұмтылады. Сөйтіп, бағаларды реттеудің жанама әдістері бағаларды өздеріне емес, керісінше бағаны белгілеуге әсер ететін және макро экономикалық сипатқа ие факторларға ықпал етуде көрінеді.

     Жанама  реттеу пайыздың есептік мөлшерлемесі, салықтар демеуқаржылар, кірістер, валюта курсы, экспорт-импорт баджары және квоталар көмегімен және келемі жолдармен жүзеге асады, жеңіл салық салуды, жеңіл несие беруді қолдану, бюджеттен қаражаттандыру және демеуқаржы беру, үкімет органдарының заңды немесе жеке тұлғамен сатылатын өнімге тіркелген бағаларды енгізу туралы келісімге отыру және тағы да басқа.

     Бағаларды реттеудің тікелей және жанама әдістері бірігуінің дұрыстығы қажет.

     Бағаларды шамадан тыс мемлекеттік реттеу кезінде нарықтық механизмдер әлсірейді  және шығындар мен нәтижелерді салыстыру үшін нарықтық бағдарды жоғалту қауіпі пайда болады; өйткені нарықтың негізгі параметрлері нарықтық емес факторлар жағынан күшті әсер алуда. Бәсекелестік нарыққа қатысы жоқ және мемлекетпен белгіленетін баға ұсыныс пен сұраныстың өзгеруіне байланысты жеткілікті түрде жедел ауыса алмайды. Мұндай жағдайда не тапшылық, не нарықта өткізілімге ие емес тауарлардың іркілуі пайда болады.

     Мемлекет  бағаларды қалыптастыруға және оларды реттеуге қатысудан толық кеткен жағдайда экономика негіздері бұзылады, мемлекет монополизммен күрестің маңызды әдістерінің бірін жоғалтады, ал нарықтық қатынастар және көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тұрақсыз болады. 

     Қазақстан Республикасындағы  баға саясаты 

     Тауарлық  нарық пен бәсекенің дамуы, монополистік іс-әрекетті шектеу, адал емес бәсекенін жолын кесу және 11.06.91 ж. «Бәсекенің дамуы туралы» Заңға сәйкес осы саладағы басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу үшін жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік іс-әрекетті шектеу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті құрылды. ҚазҚСР-ң Монополияға қарсы комитеттің төрағасы Президентпен тағайындалды және Жоғарғы Кеңеспен бекітілді.

     1993 жылғы 11 қаңтардың № 1063 «Жаңа  экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік іс-әрекетті шектеу бойынша ҚР-ң Мемлекеттік комитетін монополияға қарсы саясат бойынша ҚР-ң Мемлекеттік комитетіне өзгерту туралы» ҚР Президентінің Жарлығын орындау үшін ҚР Министрлер Кабинеті 1993 жылдың 29 науырызында өзінің «Монополияға қарсы саясат бойынша ҚР-ң Мемлекеттік комитеті» монополистік іс-әрекетті шектеудің мемлекеттік саясатын жүргізу, бәсекенің дамуы, экономиканы монополиясыздандыра және адал емес бәсекенің жолын кесу бойынша мемлекеттік басқарудың орталық органы болып табылатынын белгіледі. Монополияға қарсы саясат бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін басқару ҚР Министрлер Кабинетімен жүзеге асырылады. Комитеттің төрағасы ҚР-ң Президентімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

     1994 жылғы 15 шілденің ҚР-ң Президентінің «Мемлекеттік билік және басқару органдарының құрылымын жетілдіру және оларға кететін шығындарды қысқарту туралы» Жарлығын орындау үшін Монополияға қарсы комитет бағаларды бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізу және тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік басқарудың орталық органы болып табылатын бағалық және монополияға қарсы саясат бойынша ҚР-ң Мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. Кейін ол ҚР-ң экономика және сауда Министрлігінің бағаларды реттеу Департаменті болып өзгертілді.

     1999 жылдың 13 қазанының № 235 «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органдарының  құрылымын жетілдіру бойынша  шаралар және олардың міндетін  атқару туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығына сәйкес 1999 жылдың 1 қарашасында ҚР-ң Үкіметінің № 1713 Қаулысымен «Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау бойынша ҚР-ң Агенттігі туралы ереже» бекітілді. Берілген Ережеге сәйкес аталған Агенттік бағаны белгілеу, бәсеке мен бизнестің (кәсіпкерліктің) дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мәіндетті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік заңды тұлға – мемлекеттік мекеме болып табылады. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

       

     

     

       

       

     

     

     

       
 
 

       
 

     

       
 

     11-сур.  Баға және монополияға қарсы  саясат бойынша Республикалық  Комитет құрылымы

     Агенттіктің функцияларына жататындар:

     1) Қазақстан Республикасының қожалық  етуші субъектілерінің – табиғи монополистердің Мемлекеттік тіркелімін, нарықтағы үстем жағдайға ие қожалық етуші субъектілердің Мемлекеттік тізілімін, мемлекеттік органдармен көрсетілетін ақылы қызмет көрсетулердің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және енгізу;

     2) субъектілердің – табиғи монополистердің өніміне бағаларды (тарифтерді) немесе олардың шекті деңгейін белгілеу, сонымен қатар, заңмен белгіленген жағдайларда, мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулерінің бағаларын реттеу;

     3) табиғи монополия субъектілерінің  шығындарын қалыптастырудың әдістері мен процедураларын дайындау және енгізу, олардың шығындалуын бақылауды жүзеге асыру;

     4) есептеу әдістемесін және мемлекеттік  ұйымдар монополиялы жүзеге асыратын  қызмет көрсетулерге бағаларды  белгілеу ережелерін дайындау.

     Өз функцияларын жүзеге асыру үшін Агенттік заңда белгіленген тәртіп бойынша құқылы:

     1) қожалық етуші – табиғи монополистердің  өніміне және мемлекеттік органдар  болып табылатын мемлекеттік  мекемелер мен көрсетілетін қызмет  көрсетулерге бағаларды (тарифтерді) немесе олардың шекті деңгейін белгілеу;

     2) табиғи монополистердің өніміне  (жұмысына, қызмет көрсетуіне) бағалардың өзгеруі мәселелері бойынша көпшілік алдында тыңдаулар жүргізу;

     3) қожалық етуші субъектілердің  – табиғи монополистердің материалды  құндылықтар мен қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша тендерлерді жүргізуде қатысу;

Информация о работе Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы