Аймақты басқарудың орталықсыздандыру

Автор: p*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 17:23, курсовая работа

Описание работы

Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;

Содержание

КІРІСПЕ ............................................................................................................
2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........
4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................
8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................

24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................
24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................
26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................
32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....
39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………
39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................ 42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
54

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
56
ҚОСЫМША 58

Работа содержит 1 файл

аймактык КУРСОВАЯ.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

          Тәуекел факторларының  арасында жетекші венчурлық бизнеске – мемлекеттің қолдауы, бизнес-идея, күтілетін кіріс, менеджмент - әлемдік тәжірибеде  бірінші кезекке менеджмент жобаларының деңгейін қояды. Елдердің инновациялық дамудың талдауы ғылымның жаңашылдығына, инженерлік ғылымға назар аудару керектігін көрсетеді. Компаниялардың дамуы мен жемісті жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық, яғни, менеджментті дамытуды қолға алу қажет. Ол ең алдымен мақсаттылықты, келісімді, технологиялық және құқықтық-экономикалық білімдердің жоғары деңгейін, тәуекелге бара алу мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз ету керек.  Қазақстанда менеджмент мемлекеттік басқаруда, банк саласында жемісін көріп жатыр. Ал бірлескен сектор, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау салалары туралы оны айтуға болмайды. Бірақ елдегі басқару жүйесіндегі көпке ортақ кемшілік болып бұрынғыдай кеңес үкіметі кезіндегі мысалы, қаржылық-шаруашылық қызмет секілді бағаланып-талдау жұмыстары жүргізілмейді. Қаржылық шығындар жаман менеджменттің салдары. Қазір мысалы көптеген бюджеттік ұйымдарға енгізілген сапалы менеджмент жүйесі, жүйедегі уәжді немесе басқа да факторларға мүлдем назар аудармау салдарынан формалды сипатта жүр. Елбасы басқару жүйесінің мұндай өрескел кемшілігін сынға алды.

          Заманауи менеджментті әрі қарай дамытуға, компаниялардың әлеуметтілігін нығайту үшін ұйымдар  мен жекелеген жұмысшылардың арасында өзара әрекет ұстанымы ерекше орын алады.   Бұл іске бизнес өздерінің өзімшілдігінен жеткілікті назар аудармай отыр. Тіпті бірлескен үлгідегі ұйымдарда,  қоғамда бірлескен рух, бірлескен мәдениет  оң құбылыс ретінде қалыптасқан. Жылдам басқару мен капитал мүддесінен қарағанда дұрыс. Бұл жерде талдау басқа кеңістікте  - бірлескен ұйымның мүддесі ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерімен сәйкестігі қаншалықты екендігіне негізделеді. Әлеуметтік тұрғыда бірлескен басқару бұрыннан орталықтандырылған өктем басшылықпен шектелген топ адамдар ретінде қалыптасқан. Мұндай ескі бірлесу әр түрлі белгілер мен мақсаттарға байланысты, мысалы кәсібилікке т.б. бірлескен ұстаным бойынша бұрында отбасылар, тектер т.б. ұйымдастырылған, қазір бұл бизнес, саяси партиялар, кәсіподақтар т.б. бизнестің бірлескен ұйымдары қазіргі жағдайда монополия арқылы ақпарат жүзеге асады, осылайша ішкі бәсекелестікті басқарып отырады. Бірлескен басқарудың басқа да маңызды ресурстардың тапшылығы мен биліктің иерархиясы осы үкіметтің ажырамас бөлігі болып табылады.

    Бірлескен менеджмент – бүгінгі таңда бұл  меншікті басқарудың  ең тиімді құқықтық-экономикалық механизмі.  Қазіргі кездегі әлемдік  шаруашылық жүйеде  трансұлттық  компаниялар (ТҰК) ерекше орын алады. ТҰК  еңбекті бөліп берудің халықаралық тиімді әрі маңызды құралы болып келеді, ал жекелеген елдердің экономикалық жетістіктері, соның ішінде Қазақстанның еңбекті бөліп беруі  көп жағдайда ТҰК қадағалайтын әлемдік технологиялық тізімде нешінші орын алатынымызда болады. 

    Бірлескен басқарудың жұмысы салалық, салааралық және трансұлттық білім берудің  нарықтық белсенділігін пайдалану  мен жетістіктерге жетуге, интеграциялық-сервистік  жүйені құруға бағытталған.

    Қазақстанда бір-бірінен көлемімен, меншік  құрылымымен, ұйымның типімен және басқарудың жағдайымен ерекшеленетін 100-ден астам бірлескен ірі бірлестіктер қалыптасқан. Бұлар алдымен мынадай бірлестіктер: ұлттық және мемлекеттік компаниялар, мемлекетпен бекітіліп-жеке жобалар бойынша меншіктендірген акционерлік компаниялар, жеке бірлескен басқарулар мен Қазақстандық ТҰК бөлімшелері. Қазақстанның оннан астам бірлескен басқарулары шын мәнінде экономиканың  нақты секторында төлем қабілетін реттейді: Қазмұнайгаз, КЕГОК, «Метал-Стил», Қазақмыс, Қазмырыш, Қазақстан Аллюминийі, Өскемен титан-магний комбинаты, ТҰҚ Қазхром т. б. Қаржылық сектордың ішіндегі ұлттық бірлестіктердің арасындағы көшбасшылар «Казкоммерцбанк», Халықтық жинақтау банкі мен     ТуранАлем Банктерді атау керек.

    Бірлескен басқару жүйесін сипаттайтын  негізгі белгілер деп мыналарды атауға болады: меншікті басқарудың қатысушылары, бірлестік жұмысының ашықтығы, акциялардың концентрациясы, банктердің бірлестіктің акцияларын иемдену құқығы, мемлекеттің бірлескен құрылыста қатысу деңгейі, бірлестікті дамытудың  негізгі ұлттық идеясы, бірлестіктің негізін қалаушылар, акционерлер арасындағы консенсус деңгейі, менеджмент пен жұмысшылардың арасындағы байланыс, акционерлер тарапынан менеджмент жұмысының деңгейі, бірлестіктердің стратегиялық мақсаттарға жақын болуы, нарықтық қордың бірлестіктің жұмысына ықпалы т. б.

    Меншікті  бірлескен басқарудың қатысушысы болып  акционерлер, менеджерлер, банктер, кәсіподақтар, мемлекет және басқалары бола алады.  Акционерлер ғана қатысса бір  басқа. Егер мемлекет меншікті басқарудың басқа да қатысушыларымен тең дәрежеде компанияның активтеріне ие болса, онда бұл бірлескен басқарудың басқа жүйесі болады. Бірлескен басқару жұмысының ашықтығын оның негізгі белгісі болып табылады.

    Қазақстандық  бірлестіктердің талдауы тиімсіз  меншіктік құрылымды, бірлескен басқарудың өзі әлсіз екенін, инвестициялық мүмкіндіктердің шектеулі екендігін көрсетеді. Акционерлер мен менеджменттің арасында мүдделердің шиеленісіп бара жатқаны бәсекеге қабілетті компанияның басқару мен интеллектуалдық ресурстарының жоғалуына әкеліп соқтырады. Қалыптасудың бастапқы кезеңінде бірлескен басқару құрылымдарының нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіз болу салдарынан екінші деңгейлі банктердің экономиканың нақты сектордың активтерін сатып алуға мүмкіндік берді. 

    Ұлттық  іскерлік идеологияның, корпоративтік нормалар мен құндылықтардың  болмауынан, оларды олигархтарды байыту құралына айналдырды. Бұл талдау  бірлескен басқару басқа салалардағы менеджментті жүзеге асыруда, мысалы, мемлекеттік басқаруда –стратегиялық немесе шұғыл шешімдердің қабылдаудағы нарықтың немесе транс акция қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бюджеттік ұйымдардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептері менеджменттің төмен деңгейі мен қызметкерлер құрамын басқарудың ғылымға негізделмеген әдістері, бірінші басшылардың табысты ең маңызды құрал деп қарамауында. Дамушы елдер экономикасының дамуын зерттеуде кезінде олар да менеджмент факторын жете бағаламағандық кезеңінен өткен. Сонымен Қазақстандағы басқару жүйесін дамытудың негізгі шаралары Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы талаптарға сәйкес «Қазақстан өзінің дамуында жаңа беталыс табалдырығында тұр: Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын»:

    -меншік  иесі және менеджмент табысының  жетекші факторы ретіндегі бірінші басшысы екенін мемлекеттің мойындауы;

    -ұйымның  бірінші басшысы лауазымына орналасқан  кезде менеджменттің теориясы  мен практикасына біліктілік  минимумды енгізуі;

    -ұйымдастырушылық  аудитке аудит менеджмент бөлімін  аудио жүйесін енгізуі;

    -Қазақстандағы бірлескен басқару мен менеджментті дамытудағы мәселелерді зерттеу бойынша мемлекеттік гранттар бөлуі;

    -жаңа  нарыққа шығуға мүмкіндік беретін  ұтымды аса ірі бизнестермен  мемлекеттік серіктестікті күшейту;

    -елдің  транснационалдық компаниялар үдерісіне әлемдік технологиялық тізімде еңбекті бөліп берудің халықаралық қатынасқа шығуға      көмектесуі;

    -елдегі  компаниялардың бірлескен басқару  жағдайын тыңғылықты зерттеу  үшін және салыстырмалы талдау  жұмыстарын жүргізуді қалыптастыруы;

    -корпорацияның  нормативтік-құқықтық база жұмысын, акционерлер құрылымын, ашықтың деңгейін, екінші деңгейлі банктердің акцияларға иемдену құқығы, мемлекеттің әлеуметтік серіктестігі, еңбек пен корпорация, бірлескен басқарудың стратегиялық мақсаттарын дамытуы т.б. деп есептеуге болады.

    Сонымен менеджмент саласындағы мәселелерді  талдай келе, бірлескен басқарудың бәсекеге қабілетті болып дамуға және Қазақстан экономикасы мен  оның бәсекеге қабілетті елу елдің  қатарына енуіне талпыныс жасайды.  
 
 
 

    3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялар 

    Тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарға, сондай-ақ  мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарға жүргізілген талдау келесі жайттардың бетін ашты.

    Мемлекеттік меншік жайына келсек. 2005 жылдың қорытындысы  бойынша жұмыс істеп тұрған  республикалық мемлекеттік меншіктің  515 кәсіпорнының 41-і шығынға жол берген. Оның ішінде 22 кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында, атап айтсақ, тәжірибе шаруашылықтары (10), ауылшарушылығының ғылыми-өндірістік орталықтары, су шарушылығы жүйесі қызметі саласындағы кәсіпорындар. 2005 жылғы аталған көрсеткіштерді 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштермен салыстыра келе, 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында шығынға жол берген 6 кәсіпорын болғандығы, яғни 16 кәсіпорынға немесе 3,5 есеге өсу байқалады. Түзеу мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыру саласында 2005 жылдың қорытындысы бойынша 5 республикалық мемлекеттік кәсіпорын шығынға ұшыраған. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі қызмет көрсету саласында (білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт т.б) өз қызметін жүзеге асырады. 2004 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, трактор жасау, инновациялық қызмет, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық машиналарын сынақтан өткізу, логистика, электрэнергетика, банк қызметі, энергетика саласындағы зерттеулермен айналысатын, тиімсіз деп танылған мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 12.

    Коммуналды  меншік турасында айта кетер болсақ. 2004 жылдың қорытындысы бойынша 4255 коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың 208-і тиімсіз деп танылған, негізінен бұған тұрғын үй және коммуналды шаруашылық саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру, жолдар мен көшелерді, инженерлік желілерді, жылумен қамтамасыз ету нысандарын өз қалпында ұстап тұру және абаттандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өңдеу және сату, сауда-коммерциялық және делдалдық қызмет, баспа ісі, елді мекендердің бас жоспарын, жобалық смета құжаттарын дайындау, жалға беру пункттерін құру сияқты қызмет түрлері жатады. Қонақ үй қызметі, шыныпластиктен жасалған балық аулау қайықтарын жасау және сату, жүк вагондарын жөндеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын және тағы бірқатар кәсіпорындар сирек кездеседі. Жолаушылар тасымалы, жөндеу-құрылыс және жинақтау жұмыстары, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметі, АКК  кәсіпорындарын материалдық-техникалық және өндірістік қамтамасыз ету, тауарларды өндіру және сату, алтын өндіру, үй-жайларды жалға беру, жарнама, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату, әуежай қызметін жүзеге асыру, тұрғын үй және коммуналдық салада, астықты сақтау және өңдеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ішінде 30 компания тиімсіз боп табылды. Тиімсіз деп танылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызмет түріне жасалған талдау нәтижесі бойынша, аталған кәсіпорындардың негізінен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге арналған қызмет түрлерін ұсынуына маманданғандығы көрінеді. Осылайша, кәсіпорынның мүлкін (ғимараттарын, жерін, техникалық құрал-жабдықтарын және т.б.) ӘКК-ның басқа мақсатында пайдалану үшін, немесе ӘКК тарапының бастамасымен кәсіпорынды оңалту мақсатында кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды     ӘКК-ның қарамағына беру тиімді болар еді. Бұл жерде аталған ереже табиғи монополия субъектілерін қатысты емес. Сондай-ақ республикалық және коммуналды мекемелерге, республикалық және коммуналды-қазыналық кәсіпорындарға бекітілген мүлік, бағдарлама құжаттарымен қарастырылған қандай да бір міндеттерді атқару үшін құрылған акционерлік қоғам акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлестері, сонымен қатар республикалық және коммуналды меншікке қалдырылатын нысандар критериіне сәйкес келмейтін және де жекешелендірілуге немесе шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау ретінде берілуге тиіс нысандар мен жер учаскелері ӘКК қарамағына берілмейді. ӘКК-ға берілетін тиімсіз кәсіпорындарды оңалту мәселелері өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ортамерзімді жоспарында қарастырылған қаржы инвестициясының көлемі шегінде шешілетін болады. Бұл жерде мемлекеттік бюджет қаражаты ғана емес, ӘКК-ның өзі, сонымен қатар «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның қаражаты қаржыландыру көздері бола алады.  

    Мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға қол жеткізу, өңірлік дамуға баса назар аудара отырып, Қазақстанда қалыптасқан  жағдайға мейлінше бейімделген шикізатсыз секторлардың жаңа даму тетіктерін іздестіру  нәтижесінде ӘКК-ны құру идеясы дүниеге  келді. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар – бұл тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру және сату жолымен табысқа кенелу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық тұрақты бизнес-құрылымдар. Бұл жерде түскен табыстың бір бөлігі сол өңірдің елді мекендерінің әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсалады. ӘКК-ны құру кластерлік даму, ішкі ресурстарды өз бетінше ұйымдастыру және жұмылдыру механизмдерін енгізу жолымен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттің қатысуымен тұрақты бизнес-құрылымдарды біріктіру өңірдің экономикалық белсенділігіне баса назар аударатын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға ұйытқы бола алатын ірі өңірлік орталықтар құруға мүмкіндік тудырады.             

    Кооперативтердің құрылуы шағын және орта бизнес өндірістері мүшелерінің халықаралық тәжірибесі көрсетеді ,шағын және орта бизнестің маңызды түрде өндірушілік кооперативтік өндірістегі өнімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді . Кооперативтер  шағын және орта бизнес өнімдерін сатуда, біртұтас  «брэндін» құрайды.

    Табысты кооперативтер ауыл шаруашылығынан , тамақ өнеркәсібіннен басқа да салалар мен қызмет көрсету аясында  да құрылады.

    Бірқатар  кедергілер де кездеседі; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен қатар, басқару мүмкіндігінің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өңірлік деңгейде реформаның жеткілікті енгізілмеуімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік даму институттары инвестициясына кең көлемде кіру алмауымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілер тарапынан өздері атқарып отырған  іс әрекеттегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдаудағы  ынталарының жоқтығымен байланысты.

    Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін келешегі зоры  экономикалық ұйымдар моделі болып  көрінеді, мамандандырылуға бейімділігі және инновацияға қабілеттілігімен сипатталатын барлық жүйеде ресурстың жұмылдыруына кластерлік көзқарас негізделген. Қордың шоғырландырылуында негізгі механизімдердің бірі өңірлік Әлеуметтік өңдірістік корпорацияның  (ӘӨК) құрылуы болады, ол жеке немесе бірнеше өлкелердің жеке кәсіпкерлік белсенділігін жандандыруға арналған.

Информация о работе Аймақты басқарудың орталықсыздандыру