Аймақты басқарудың орталықсыздандыру

Автор: p*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 17:23, курсовая работа

Описание работы

Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;

Содержание

КІРІСПЕ ............................................................................................................
2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........
4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................
8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................

24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................
24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................
26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................
32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....
39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………
39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................ 42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
54

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
56
ҚОСЫМША 58

Работа содержит 1 файл

аймактык КУРСОВАЯ.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

    Аймақтық  экономиканы басқару күрделі  және көп қырлы проблема болып  келеді.Онда ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік сұрақтар шырмалады, олардың шешіміне жүйелік әдісті қолдану лайықты. Сондықтан жүйелік талдау аймақты  басқаруда әмбебап методология бола алады. Ол барлық сыртқы және ішкі орта құбылыстарын бірлікте қарастыратын ойлау бейнесін қалыптастырады. Соның өзінде аймақты жүйелік басқару барлық құбылыстарды бірыңғай бүтін сияқты қамтуы болжайды, олардың объективті бағалауын, барлық өзгергіштердің есебін, жаңа тенденциялардың болжауын.

    Жүйелік талдау әдістері ғылымдарда жиі қолданылады. Рационал емес әрекеттерді қақпалауға арналған, әртүрлі шешімдердің зардаптарын  табу мақсатымен процедураларды қолдану  жаңалық болып келеді. Мысалы, облыс  әкімі қаланың ескі бөлігін бұзуға және жерді жарыс сауда арқылы таңдаулы үйлерді тұрғызуға кәсіпкерлерге беру туралы шешім қабылдады. Бұл микроаудан тұрғындарының митингілеріне әкелді. Жүйенің бөлігі ретіндегі (қаланың) ішкі жүйе бұзылу фактісі көз алдымызда (микроауданның). Бұл жағдайда жүйелік талдауды қолдану даулардан құтылуға немесе болған әрекеттердің зардаптарын азайтуға көмектеседі.

    Жүйені  бірнеше белгі мінездемелейді: эмердженттілік; синергеттілік; мультипликаттілік, сыйысушылық, құрылымдардың болуы және кері байланыс.

    Эмердженттілік  жүйе мақсатының оның бөлімдеріне кіруші бөліктердің мақсаттарымен сәйкес келумеуін білдіреді. Дәл осылай, мысалы, жергілікті өкімет органдары жүйесінің мақсаты салық түсімінің барынша көп көлемін алуда түзеледі, ал кәсіпорындардың және ұйымдардың ішкі жүйелерінің мақсаты өз табысын максимизациялау, төленетін салықты минимизациялау. Ішкі жүйелердің элементтердің мақсаттары жүйелер мақсаттармен сәйкес келмейтіні анық. Бұл жағдайда басқару өнері компромис табуда.

    Синергеттілік әрекеттердің бірбағыттылығын анықтайды, жүйе рамкаларында тырысу интеграциясын болжайды, ол ақырғы нәтиже өсуіне ертіп әкеледі. Аймақтық экономиканы басқаруда синергеттілік өмір жағдайын жақсартуға ұмтылуда аймақ халқының саналы бір жаққа бағыталған қызметін білдіреді. Аймақты басқару жүйесі синергетикалық әсерді қамтамасыз ететін байланыстарға ие екендігін анықтау маңызды, яғни әрбір компонент бөлек әрекеттескенге қарағанда беру жиынтығы жоғарырақ нәтиже береді. Жүйенің барлық құрастырушыларын өзара байланыстыратын, дербестік және субординацияның, құқықтардың және міндеттердің теңдігін қамсыздандыру үшін жұмыс істейтін айқын механизм бар болуы тиісті.

    Мультипликативтілік жүйе жасаушы белгі ретінде жүйе нәтижелілігін көбейтуге бағытталған  басқарушы әрекеттерді білдіреді. Мысалы, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін реформалауды ойластыру саясаты тұрақты экономикалық өсу шегіне жетуге көмектеседі, ол, ақыр соңында, жалпы ұлттық өнімді үлкейтеді, демек, инвестиция құралдарын, әлеуметтік бағдарламаны.

    Жүйе  бөлімдерінің өзара икемделушілігін  және адаптивтілігін сәйкестілік мінездемелейді. Мемлекет деңгейінде күрделі жүйеле ретінде ұлттық экономика мен  аймақтардың экономикасы арасындасәйкестілік  проблемалары көрінеді. Мысалы, Қазақстанда, бай табиғи қорлары немесе аса тиімді өндірісі бар донор - аймақтар өз табысының бір бөлігін амалсыз орталыққа беруі тиіс. Оларды аяғында дотациялық аудандардың мұқтаждықтарына бағыттайды, ал бұл болса трансферттерді және аймақ аралық басқа құралдарды таратуда әртүрлі қайшылықтарға алып келеді. Тек қана аймақтардың қаражаттық мүмкіншіліктердің терең жүйелік талдауы резервтерді айқындауға және дамудың нәтижелі жолдарын табуға көмектеседі.

    Жүйенің келесі белгісі обьектілер және элементтердің  реттілігін, олардың арасындағы байланыстардың тұрақтылығын және иерархияны анықтайтын басқару құрылымының болуы. Әрбір ұйымдастырушылық түр оған қойылған жүйе элементін басқару функциясын тек қана сапалы орындап қана қоймай, сонымен қатар шапшаңдықпен, әрекеттердің үйлестігіне қабілеттілікпен, басқаратын шешімдердің сапасымен, ең аз шығындармен сипатталатын үйлесімді ішкі құрылымы болу керек.

    Басқарудың  аймақтық құрылымы жататын күрделі  жүйелердің түпкі қасиеті кері байланыс құру боп табылады. Ол ақпарат жүйе шығуынан сол жүйенің кіруіне  түсетінін білдіреді, бұл дегеніміз, тұрақты түрде талдау жасау және айқындалған мақсаттармен салыстыруға, стратегиялық шешімдер қабылдауға рұқсат етеді.

    Аймақтық  экономиканы басқаруға жүйелік  жақын келудің негізгі мазмұны  болып басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, шапшаң басқару, мониторингі, бақылау, есеп және т.б.) қызметтің дербес түрлері сияқты бөлек орындалмай, комплексті, аумақты басқарудың барлық жүйелерінің жұмысын есепке ала орындалады. Басқаша айтқанда, барлығы жүйені және оның мақсаттарын айнала айналады, функциялар бұл мақсаттарға жетудің құралы сияқты қарастырылады.

    Жүйелік талдау бірінші белгісі болып  проблеманы дұрыс қою болып келеді. Басқаша оны жүйені құру сияқты анықтауға. Ол дегеніміз:

    - проблеманы ойластыру қажет; 

    - оның қаншалықты терең қойылу керектігін анықтау;

    - сәйкес мақсаттарды келістіру; 

    - баламалық шешімдердің бағалау белгісін анықтау.

    Аймақтық  даму көзқарасынан келесі проблемаларды  белгілеп қоюға болады:

    - толық құнды баспана нарығын жасауы;

    - азық базасының жақсаруы және онан ары дамуы;

    - елдің өнеркәсіпті - иннервациялық бағдарламасының орындалуы;

    - халық өмірі сапасының және әл-ауқаттының жоғары дәрежеге жетуі;

    - нарықтық инфражүйелер институттарының дамуы - құнды қағаздар нарығының, қаражаттық аспаптар нарығының, сақтандыру қызметтерінің, банкілік және банкіліксіз мекемелер нарығының.

    Аталған проблемалардан ең бастысын алып қою  керек, ол таңдау жергілікті өкіметтердің шешімінен, зерттеуші тәжірибесінен және басқа факторлардан тәуелді болады.

    Екінші  белгісі - талдаудың жүйелік бағыттылығы. Бұл проблеманы зерттеу шекараларын кеңейтуге ұмтылу. Мысалы, егер біз адамдардың әл-ауқаттылығын зерттесек, онда халық санына жалпы аймақтық өнім, жұмыс бастылық өсу шегі, орташа еңбекақы, күнкөріс минимумының өзгеруі, нақты табыстардың,инвестициялардың динамикасы, қызметтер сферасын кеңейту, баспана қамтамасыздығы сияқты көрсеткіштердің динамикасына талдау жасау қажет.

    Үшінші  белгі анықсыздық есебі қажеттілігінде. Бұл құбылыстардың болу мүмкіндігінен шығады. Проблема неғұрлым қиын, соғұрлым ол үлкен кезеңді басады, соғұрлым анықсыздық көбірек.

    Төртінші  белгі бар альтернативаларды  жақсартуда емес, жиынтығын максималды кеңейтуде. Ешқайсысы қанағаттанарлықтай болмайтын бар альтернативаларды  салыстырғанша, жаңа альтернатива шығару анағұрлым құнды. Осылайша, егер біз ұлттық мақсат ретінде әл-ауқаттылық жоғары дәрежеге жетуін таңдасақ, онда мына мақсатты қамтамасыз етудің бірнеше альтернативасы бар болады: мысалы, жағармайлық - энергетикалық қорлардың экспорты жолымен, инновациялық және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, немесе аз және орта кәсіпкерлік дамуы арқылы.

    Бесінші белгі нақты жүйеде шешім өңдіруде тәжірибе жасау мүмкінсіздігімен сипатталады. Техникалық жүйеден айырмашылығында, аймақтық басқару жүйесінде барлықғы адаммен байланысты, оның назарымен, көзқарасымен. Сондықтан бесінші белгі ғылыми стандарттарға жетуге ұмтылуда:

    - тексеру - процедуралардың және әдістердің негізінде алынған нәтижелер басқаларымен қайта алына алады ;

    - айқындық - есеп-қисаптарды, алғы шарттарды,  тексерілген деректер, сын, контраргументерді қолдану ;

    - объективтлік - қорытынды адамдардан, абырой немесе жеке назардан  тәуелсіз.3,4,5

    Жүйе  мақсаты - бұл объекті және оның параметрлерінің  болашақтағы жай-күйі . Мақсат жүйе жұмысының нәтижелілігін бағалау  критериі болғандықтан, анық және дәл мақсаттар бар болуында әрбір жеке адам өз жетістіктерін ұғынады және қанағаттандыру алады .

    Бір жүйеде әр алуан мақсаттар бола алады . Кез-келген жүйе күрделірек бір жүйенің  бөлімі екені белгілі. Соның өзінде бір ішкі жүйе әр түрлі жүйелердің бөлімі болуы мүмкін . Мысалы , «жұмыс бастылық бағдарламасы» ішкі жүйесі « еңбек нарығы » жүйесінің бөлімі болып келеді, сол сияқты «аймақтық даму бағдарламалары», немесе « аз және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының »бөлімі де болуы мүмкін. Бірақ бұл жүйелердің мақсаттары әр түрлі болғандықтан, сондықтан да ішкі жүйелердің мақсаттары әр түрлі.

    Күрделі жүйелерде бір-бірін толықтырмайтын көптеген мақсаттар бола алады . Бұл  дегеніміз, бір мақсатқа жетуге ұмтылу басқасын жүзеге асыру мүмкіншілігін кемітеді . Мысалы , экономикалық аймақтың мақсаттары бола алады :

    - белгілі бір әл-ауқаттылыққа жету;

    - қоршаған ортаны сақтау;

    - аймақ аралық жеткізу жоспарларын  орындау; 

    - өнеркәсіптік - инновациялық даму  бағдарламалары шегінде өнеркәсіпті жаңарту;

    - ядросыз аймаққа айналу;

    - қорғаныс бұтақтарының конверсиясы  және т.б.

    Бұл мақсаттарды бағалай және салыстыра  отырып, зерттеушіге негізгі, бүгінгі  күн проблемаларын айқындайтын  біреуін ерекшелеу қажет.

    Ішкі  жүйелердің алдыңғы деңгей мақсаттары ішкі жүйелердің келесі деңгей мақсаттарын ескертеді. Жалпы мақсат бірнеше жергілікті , жеке мақсаттармен айқындалады . Мысалы , « халықтың өмір деңгейі жоғарылауы » мақсатын келесідей жазуға болады :- материалдық қамтамасыздық - әлеуметтік сфераларды инвестициялау- тұрғын үйлер салу және инвестициялық өндіріс тауарларын жасау - өнімді ұйымдастыру және үй шаруашылықтарын тұрмыстық техникамен жабдықтау . Басқа вариант та мүмкін : материалдық қамтамасыздық – зерттеулер өткізу және экологиялық тазалардың азық-түлік өндірісіне қаражат бөлу – азық-түлік индустриясын сапалы жаңа деңгейде жасау. Біздің жағдайымызда аймақтық даму мақсаттарын анықтауда келесі процедураларды жүзеге асыруға ұсынылады:

    1) Негізгі ақпарат талдауы. Ол  үшін нұсқаулық құжаттар туралы, үкімет қаулылары , әртүрлі бағдарламалары, статистикалық материал басқа да мәлімет жиналады . Концепциялар және болжаулар маңызды мағынаға ие .

    2) Сценарий жазу. Ақпарат талдауы  нәтижесінде жүйенің келешек  жай-күйі туралы ұсынулар реттеу  кезең туады, сценарий жазу . Сценарий екі элементтен тұру тиісті: бар тенденцияларды суреттеу, келешек жай-күйді суреттеу (қазіргі заман жай-күйі үлгісі , келешек жай-күйі үлгісі).

    Қазіргі заман жай-күйі үлгісіне кіреді : проблеманы, сыртқы және ішкі шарттарды , негативтік және позитивтік тенденцияларды , даулы жағдайларды , сандық мінездемелерді сапалы суреттеу. Келешек жай-күй үлгісіне кіреді: қол жеткен тенденцияларды ескере бар жай-күйді сақтау, жүйенің (ішкі жүйелердің) экспонентпен, шиыршықтының қисық, немесе революцияшыл жолмен дамуы.

    Жұмыстағы тенденцияларда көптеген белгілер толығымен  ашылмағанын ескере кеткен жөн . Бұл  тенденциялар 10-15 жылға жалғақанда , онда бүгін көрінетін кішкене  сәйкессіздіктер болашақта үлкен  сәйкессіздікке айналуы, ірі проблемалар  туғызуы мүмкін . Сондықтан ақпаратты зерттеу зерттейтін объекті күй-жайы жақсару мүмкіншіліктері қаншалықты үлкен екенін айқындауға рұқсат етеді .

    Қорытындылай  келе, аймақтық проблемалардың зерттеуінде  жүйелік талдауды қолдану зерттеуші  инструментарийын кеңейтеді, реалистілік дәрежесін және өңделетін аймақтық экономиканы басқару үлгілерінің барабарлығын жоғарылатады, экономикалық кеңістік құруда жаңа мүмкіншіліктер ашады.3,4,5 

 

     2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР  МЕН СТАНДАРТТАР 

    2.1 Ресей федерациясының  аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі 

    Дамыған елдерде жергілікті басқару түрлері  және үлгілері. Аймақтық экономика  облысындағы мамандар дамыған елдерде  жергілікті өзін-өзі басқарудың үш үлгісін белгілейді - англосаксон  , француз және араласқан . АҚШ, Ұлыбритания , Канада , Австралия және Жаңа Зеландия үшін бірінші мінездеме, екінші - Франция, Италия, Испания, Бельгия, сонымен қатар латын Америкасы елдерінің қатары үшін, үшінші - Германия және Жапония үшін.

    Англосаксондық түр жергілікті органдардың терең автономиясымен және айқын орталыққа бағынудың болмауымен ерекшеленеді, француздық- дамыған орталық өкімет әкімшілігінің жергілікті органдарды бақылауы, аралас-екеуінің де элементтерін үйлестірген. Әрбір елде жергілікті орган түрлерінің әр түрлілігі байқалады . Жергілікті басқару үлгілерінің әрбірін толық қарап шығайық . Англосаксон жүйесі Ұлыбританияда туды . Оның өте маңызды белгісі - сайлаулы органдарға қамқорлық жасаушы үкіметтің өкілетті өкілдерінің орындарында жоқ болуы. Осында жергілікті басқарудың екі сатылы жүйесі орын алады - ел графтықтарға бөлінген, ал графтықтар - төңіректерге . Жүйе негізін графтықтар құрайды , оларға заңмен жергілікті сайлаулы органдарды жүзеге асыра алатын өте маңызды функцияның барлығы берілген. Төңірек, метрополитендіктерден басқа, болмашы функциялармен үлестірілген.

Информация о работе Аймақты басқарудың орталықсыздандыру