Автор: p*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 17:23, курсовая работа
Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;
КІРІСПЕ ............................................................................................................
2
1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........
4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................
8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19
2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................
24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................
24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................
26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................
32
3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....
39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………
39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................ 42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
54
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
56
ҚОСЫМША 58
ӘКК аймақтың инновация орталығы, ауыл шаруашылық өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығаратын ірі жеткізуші болады және шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерін шағыруға жәрдемдеседі. ӘКК жобаларына қатысу қаржылық, жер, технологиялық ресурстар, ішкі нарық, ӘКК тарапынан кепілдік мүлікпен қамтамасыз етуге рұқсаты бар және бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы жұмыстарын кеңейту мүмкіндігі бар отандық бизнес-құрылымдарға қызықты болады.
Қазақстанда ӘКК-ның қатысуымен отандық өндірушілер шетелдік серіктестіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндігі бар, онда отандық шикізат пен шетелдік технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығаруларын арттырады. Қытай, Ресей, Қырғызстан секілді көрші елдердің көрсеткіштері үлгі бола алады, онда жергілікті және шетелдік кәсіпорындардың тоқыма өнеркәсібінде жергілікті шикізат пен шетелдік технологияны қолдану, сонымен қатар шетелдік компаниялар шығаратын әлемге танымал киімдер маркасы, жергілікті шикізат пен еңбек ресурстарын қолдану арқылы тоқыма өнімін өндіру бойынша кәспорын филиалдары дамып келеді.
Сонымен қатар ӘКК
жобаларын іске асыру үшін салық
салу кезінде заңға сәйкес уақытша
жеңілдіктер енгізу - өндірістік
фокусты өзгерту негізінде
3.3 Аймақтық басқарудың
нәтижелілігі мен тиімділігін
бағалау
Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы - халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші. Жоспарлы бағыттар шаруашылық басқарудың құралы ретінде пайдалануға болады. Басқарудың макроэкономикалық моделінде көрсеткіштердің негізінде мына жүйеге негізделген ең төмен жиынтық:
-экономикалық дамудың индикаторы - өнімнің өсу қарқыны мен көлемі, өндірістік шығындардың құрылымы (материалдық, еңбекақы төлемі т.б.) пайдалылығы, салық салу ауырлығы, инвестициялық белсенділік;
-әлеуметтік
индикаторлар - өнім шығармайтын
саланың дамуы деңгейі мен
бастау көздерінің динамикасы, жұмыссыздық
деңгейін бағалау мен жұмыспен
қамту, халықтың нақты және
номиналдық табысы және
-жалпы
көрсеткіштер - инфляция факторы
мен деңгейін бағалау,
Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды айтуға болады:
-валовтық
аймақтық өнімнің ақшалай
-ақшалай
қордың материалдық
-бір
жұмысшыға өндірім және
-аймақтағы басқаруға кететін шығын үлесі.
бұл модельді елестету үшін аймақтардың көрсеткіштерін талдау керек. Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары арасында салыстырмалы талдау жүргізейік.
Оңтүстік Қазақстан облысының негзгі экономикалық даму индикаторы 1-кестеде көрсетілген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібімен өнімдер (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 134125,7 млн. теңгеге алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8,1 %-ға артық, ауыл шаруашылығының валдық өнімінің көлемі 9,6%-ға өскен және ол 80421,9 млн теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестициясы 1,44 есе өсіп 45231 млн. теңгені құрады. Жалпы алғанда ОҚО-на 383 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,21 есе артық. Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,31 есе артып, 61736,9 млн. теңгені құрады.
Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 113%, мұндай өсулер Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында және Шымкент қаласында байқалды. 2004 жылы ішкі айналым көлемі 749,5 млн.долларды құрады, экспорт 1,48 есеге өсіп, 442,4 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,52 есеге өсіп, 307,1 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген мақтасы (облыс экспортынан 41,6%), мұнай өнімдері (19,6%), бидай ұны (6,5%), қорғасын (3,7%). ресми инфляция 5-6%, тұтынушы бағасы 4,8%-ға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ға төмендеді.
ОҚО 2003 жылдағы бюджеті 599,75 млн. теңгеге орындалды, 2004 жылы 1679 млн, теңге дефицитімен орындалды. Бюджеттің нақтыланған бөлігі 97,1 %-ға, ал шығын 97,9%-орындалды. түсімді номиналды есептегенде 53890,3 млн. теңге, ал шығын - 55569,5 млн. теңгені құрады. облыстың шаруашылық субъектілерінің қаржылық нәтижесінде кіріс 16294,5 млн. теңгені құрағаны анықталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 %-ға артық. Бизнесті дамытуға арналған екінші деңгейлі банктер беретін несие қаражатының көлемі де өсіп келеді.
Соңғы 5 жылда облыстың кәсіпкерлік құрылымдары айналымдағы қаражатты толтыруға және жаңа жабдықтар алғанға екінші деңгейлі банктерден қысқа және ұзақ мерзімді негізде 50 млрд. теңге көлемінде ақша алды. Олардың маңызды бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылық өнімдерін (ұн дайындау, макарон, сары май мен жануар майы, жеміс-жидек пен көкөніс, шырын, ет, шұжық, тоқыма бұйымдарын) қайта өңдеуге жұмсалған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпкерліктерінің саны 5,1 %-ға өсіп 4028 бірлікті құрады, соның ішінде жартысы Шымкент қаласында тіркелген. Шағын кәсіпкерліктердің көбі сауда мен автомобильдерді жөндеу қызметінде - 1279 бірлік, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында - 1063 бірлік құрылған. соңғы 4 жыл ішінде өнімдерді, тауарлар мен шағын кәсіпкерліктегі қызметтерді іске асыруда кіріс 2,1 есеге өсіп 104657 млн. теңгені құрады.
Облыста кәсіпкерлік құрылымдарға қаржылық қолдау нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылды. соңғы жылы халық тұрғындарының саны 56 мың адамға өсіп, көптеген адамдар жұмыспен қамтылды. 2004 жылы шағын, орта және ірі кәсіпорындарда, мекемелерде, облыс ұйымдарында істейтін жұмысшылардың саны 927 мың адамды құрады, соның ішінде 438,6 мың адам жалдамалы жұмысшылар. Нақты ақша кірісі 21,7 %-ға өсті. кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және облыс мекемелеріндегі ортаайлық номиналды жалақы 2004 жылда 26,6 %-ға өсті. 2003 жылы ол 112,3 % болатын. соңғы 3 жылда орташа зейнетақы мөлшері 1,7 есеге, ал күнкөріс деңгейі 1,27 есеге өсті. Егер 2003 жылы номиналды ақшы кірісі 7,8 %-ға өссе, нақты - 0,4 %-ға өссе, 2004 жылы сәйкесінше 21,7%-ға және 15,6 %-ға өсті.
Шығыс Қазақстан облысының негізгі экономикалық даму индикаторы 2 кестеде көрсетілген. 2004 жылы ШҚО-ның өнеркәсіптерімен (соның ішінде үй шаруашылығы секторын қосқанда) 222814,8 млн. теңгеге өнім шығарған, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 22,4%-ға артық, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2,3 %-ға өсіп, 69926,2 млн. теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестиция көлемі 13,1 пайызға өсіп, 50748 млн теңгені құрады, жалпы алғанда облысқа 114633 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық . Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 7504,7 млн. теңгені құрады. Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 4,8%.
2004 жылы ішкі айналым көлемі 1532,7 млн.долларды құрады, экспорт 1,6 есеге өсіп, 868,7 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,3 есеге өсіп, 663,9 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген металл және содан жасалынған заттар -53,2%, минералдық өнімдер-15,7% , химиялық және соған қатысты заттар (пластмасс пен каучукты қосқанда)-6,8% . Ресми түрде жұмыссыздық деңгейі - 7,2 пайызды құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпорындарының саны 7%-ға өсіп, 6656 бірлікті құрады.
2-кесте
Шығыс
Қазақстан облысы
экономикалық дамуының
негзгі индикаторлары
Көрсеткіштердің атауы | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | өсу қарқыны | өсу қарқынының айырмашылығы |
Үй шаруашылығын қосқандағы өнімнің физикалық көлемінің индексі % | 116,5 | 101,4 | 104,8 | 104,8 | 106,9 | 6,9 |
Облыстағы ішкі сауда айналымы млн. доллар | 1082,8 | 1042,4 | 1086,6 | 1532,7 | - | - |
экспорт | 538,8 | 599,6 | 560,2 | 868,7 | - | - |
импорт | 544,0 | 442,7 | 526,4 | 663,9 | - | - |
Тұтыну бағаларының салыстырмалы индексі | 108,0 | 106,5 | 106,2 | 107,3 | 107,0 | 7,0 |
өнеркәсіптегі көтерме бағалардығ салыстырмалы индексі | 98,4 | 11,1 | 105,1 | 119,4 | 106,0 | 6,0 |
Номиналды орташа айлық жалақы, теңге | 16832 | 18816 | 19787 | 24212 | - | - |
Ресми жұмыссыздық деңгейі % | 7,3 | 7,3 | 7,3 | 7,2 | - | - |
Ең төмен шығындармен ең жоғары нәтижелер
ретінде анықталатын экономикалық тиімділіктен
шығатын немесе орындалған жұмыс бірліктіріне
жұмсалған шығындарды есептеп, трансакциондық
шығындар талдауын қарайық.
3-кесте
Шығыс
Қазақстан облысы
бойынша трансакциондық
шығындар
Көрсеткіштер | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Бюджет, барлығы | 50 490 562,0 | 69 794 077,3 | 94 308 342,4 |
Мемлекеттік шығындардың жалпы сипаты (мың. теңге) | 3 008 606,0 | 3 836 004,4 | 4 503 093,0 |
Мемлекеттік басқарудың жалпы қызметін орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар | 2 470 581,0 | 3 240 232,2 | 3 812 464,6 |
Соның ішінде үкіметтің өкілетті органдары: | 141 287,0 | 153 510,0 | 187 714,0 |
-Облыс мәслихатының аппараты | 16 379,0 | 17 617,5 | 20 184,0 |
-аудан мәслихатының аппараты | 124 908,0 | 135 892,6 | 167 530,0 |
Соның ішінде үкіметтің өкілетті органдары: | 2 329 294,0 | 3 086 722,1 | 3 624 750,6 |
Облыс әкімінің аппараты | 719 599,0 | 920 060,3 | 1 160 780,5 |
Аудан әкімінің аппараты (облыстық мәні бар қалалар) | 750 139,0 | 935 730,0 | 1 265 467,0 |
Қаладағы аудан әкімінің аппараты, аудандық мәні бар қалалар, ауыл округіне қарасты елді мекендер | 859 596,0 | 1 230 931,8 | 1 198 503,1 |
Үкіметтің жергілікті органдар аппаратының саны | 3 397 | 3 427 | 3 427 |
Облыстағы үкіметтің жергілікті органдарын ұстауға жұмсалатын барлық шығындар пайызбен | 4,9 | 4,6 | 4 |