Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:40, курсовая работа

Описание работы

Жеңіл атлетика – бұл жүру, жүгіру,секіру және лақтыру жаттығуларын біріктіретін спорт түрі. Дене тәрбиесі және спорт факультетінде жеңіл атлетика оқу-ғылыми пән болып келеді және студенттердің жеңіл атлетиканы оқыту түрлерінің теориясы мен әдістемесін, жарыстардағы төрешілік ережелерін оқыту, сонымен қатар, спорттың негізгі түрлерінің техникасын меңгеру мен өзіндік және жеке жаттығулар кезіндегі дағды мен шеберліктің мүліктенуін қарастырады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 302.00 Кб (Скачать)

Төреші - хронометристер мәредегі төрешілерге қарсы жақтағы мұнарада немесе стадион трибунасындағы төрешілік ложада орналасады.

Секундомерлер уақытты  пистолеттен от (түтін) шығу кезінен, жалауша қозғалғаннан кейін есептей  бастайды.

Қиылысқан жерде жүгіру (кросс) дала, орман және сайларда өткізіледі. Дистанцияда табиғи және жасанды  кедергілердің аздаған саны болуы мүмкін: орлар, жыралар немесе 1 метрден биік емес шарбақтар.

Кроссты тұйық немесе алшақтанған маршрут бойынша (старт  пен мәре бір жерде) өткізуге болады.

2 км және одан да  көп дистанциядағы старт пен  мәре стадионда орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда спортшылар бір жолмен дистанцияның басында және соңында бір шеңберден көп емес жүгіру керек.

Кросстың өту орны ағаштар мен бұталарда ілінген  түсті жалаушалармен, ленталармен, түсті қағаз үзінділерімен, жіптер және жалаушалармен (сол жағынан  қызыл, оң жағынан ақ), сонымен қатар, бағытты және мәреге дейінгі қашықтықты көрсететін көрсеткіштермен белгіленеді.Кросс белгіленбеген маршрут бойынша да өткізіле алады. Бұл жағдайда стартта қатысушыларға тек қана мәренің орны және бақылау пунктілерінің орналасуы айтылады.

Төрешілер алқасына дистанция  бастығы, оның көмекшілері және бақылаушылары  кіреді. Бас төрешімен бірге ол қашықтықты таңдап, 50–100 метрлік рулеткамен өлшейді, белгілейді, трасса бойынша  бақылаушыларды қояды және жарыс  аяқталған соң оларды шешеді.

Жарыстар масштабына және мәре мен старттың орналасуына  байланысты төрешілер алқасының  құрамына бірнеше бригада кіре алады. Старт пен мәре бірлеспеген болса, онда жұмыстың оперативтігі үшін төреші-хронометристтер  және мәредегі төрешілердің аз дегенде екі бригадасы қажет.

 

 Ұзындыққа  және биіктікке секіру техникасы,  жарыстар ережелері.

Секірудің үш тәсілі бар  – «аяқты бүгіп», «керіліп» және «қайшылай».

Нәтиже соққы орнына аяқтың қою кезінде қарқынның  горизонтальды жылдамдығына және қағажытудағы вертикальды жылдамдыққа байланысты. Секіруге қағажыту бұрышы, ұшуда спортшының тепе-теңдікті сақтай білуі және жерге қону кезінде аяқтарын әрі қарай алға шығаруы әсер етеді.

Ұзындыққа секіру қарқыннан, қағажытудан, ұшу фазасынан және жерге қонудан тұрады. Қарқынның ұзындығы Жүгіру дайындығының деңгейімен, максималды жылдамдықты ала білумен анықталады; әйелдерде 30–35 м, ерлерде – 40–45 метрге тең. Жаттыққандықтың көтерілуімен қарқынның жылдамдығы мен ұзындығы үлкейеді.

Балаларда қарқынның  ұзындығы қысқарады және кіші жастағы оқушыларда 15–20 метрге, үлкен оқушыларда 25–30 метрге тең.

Қарқынның басында екі  бастапқы қалып қолданылады. Бірінші  қалыпта бір аяқты алға бақылау  сызығына қою керек, екіншісін –  артқа. Екінші нұсқада аяқты аздап  бүгіп 10–15 сантиметрге арасын ашып денені алға қарай еңкейтіп қолдарын төмен түсіру керек. Қозғалыс «құлаумен» басталады.

Қарқын бірте-бірте  немесе шапшаң жылдамдықтың үлкеюімен  орындалады. Қағажыту кезінде жүйрік ешқандай кернеусіз қағажытуға көше алатындай жылдамдық максималды болу және дененің вертикальды қалыпта болғаны өте маңызды.

- Аяқ барлық бунақпен АЖО кескініне жақынырақ, денеге қарағанда жоғарыға-төменге-артқа қарай шапшаң күреу қимылымен қырлы ағашқа қойылады. Жерге қатысты ол әрдайым төменге-алға қарай жолға 65–70° бұрышымен кернелген бұлшық еттерімен қойылады. Дене салмағы инерциясының әрекетінен аяқтың барлық буындарында вертикаль моментінде тіктелумен шағын бүгілуі басталады.

Соққы аяқтың тіктелуімен  бірге сермеулік аяқ белсенді қимылмен жамбастан алға-жоғарыға шығарылады. Аттас қол жаққа және аздап  артқа қарай қойылады, ал басқасы  – алға-жоғарыға және шамалап ішке қарай қойылады. Сермеулік аяқ  шамалап тізеде тіктеледі.

- Ұшудан кейін дене қағажытудан кейінгі қалыптағыдай жағдайда болады. Қолдар аздап түсірулі және дененің тепе-теңдігін ұстайды. Бұндай қалып «ұшу қадамы» деп аталады және секіру ұзындығының ширегінен астам созылады.

«Қадамдағы» ұшудан кейін  сермеулік аяқ төмен түседі, оған соққы аяқ жақындайды, ал тізе кеудеге қарай жақындайды.

Жерге қонуға жақындағанда секіргіш қолдарын төменге-артқа жібереді, тізе буындарында аяғын тіктейді және шамасы жеткенше алға қарай шығарады. Жерге қону барлық буындарда аяқтың бүгілуімен, дененің алға қарай еңкеюімен және шұңқырдан шығумен немесе бір жаққа құлаумен аяқталады.

Секіруге арналған сектор шұңқырмен (ені 2,75 метрден кем емес, ұзындығы 6 метрден және тереңдігі 0,5 метрден кем емес), жерге қону үшін құммен, құммен бір деңгейде орнатылған қағажыту үшін ағаш кесегімен (ені 19,8–20,2 см, ұзындығы – 1,21–1,22 және жуандығы – 0,1 м) және қарқын үшін жолмен (ұзындығы 40 метрден кем емес, ені – 1,22 м) жабдықталған. Стадионда қағажытуға арналған ағаш кескіні 1–3 метр қашықтықта ал залдарда 3 метрден кем емес қашықтықта орнатылады.

Ағаш кескінінің арғы шетінен пластилин текшесі немесе ені 10 см және биіктігі 0,7 см дымқыл құм  жапсырылады, алдыңғы шеті 30° бұрышта  қисатылған.

- Егер жарысқа сегіз немесе одан да аз қатысушылар қатысса онда олардың алты әрекет жасауға құқығы бар. Егер қатысушылардың саны сегізден асып кетсе, оларға үш секіруге құқық беріледі. Ең жақсы нәтиже көрсеткен сегіз спортшы үш әрекет жасауды қолданып финалда секірулерін жалғастырады.

Финалға қатысу міндетті түрде. Тек қана ауырған жағдайда ғана секіргіш жарыстарға қатысудан бас тарта алады. Спортшылар әр әрекетті кезекпен төрешінің шақыруы бойынша жасайды. Шақыру кезінен кезекті секіруді жасауға 1 минуттан көп емес уақыт беріледі.

Жеңімпаз алтыдан ең жақсы нәтиже бойынша анықталады. Нәтижелердің тең болуында басқа әрекеттерде бәрінен алысырақ секірген спортшы жеңімпаз аталады.

Нәтижені өлшеу ағаш кескініне секіргіштің кез келген дене бөлігімен қалдырылған орын нүктесіне нөлдік белгі қойылған рулеткамен жасалады. Азаю жағына толық сантиметрлерге дейін жұмырланумен мәліметтер хаттамаға енгізіледі.

Жарысқа аға төреші, төреші-өлшеуші  және хатшыдан тұратын бригада қызмет етеді.

Сәтті әрекет жағдайында аға төреші ақ жалаушаны көтереді және «Бар!» командасын береді, ал хатшы нәтижені хаттамаға енгізеді. Сәтсіз жағдайда жоғарыға қызыл жалауша көтеріледі, «Жоқ!» командасы беріледі, хаттамада «Х» қойылады. Әрекет пропускі прочеркпен белгіленеді. Егер қатысушы:

а) ағаш кескінінен немесе жанынан жүгіріп өтсе;

б) пластилин (құм) сызығын басып кетсе;

в) секіру кезінде шұңқырға дейін жерге тиіп кетсе;

г) екі аяқпен қағажыту жасаса;

д) секіруде сальто жасаса – онда секіру есептелмейді.

Биіктікке секірудің  бес тәсілі бар: «фосбюри-флоп», «алмалы-салмалы», «толқын» «аунатпа» және «аттап өту». Бастап келе жатқан спортшыларды жаппай оқытуда жиі соңғы тәсіл қолданылады.

 

- Секіру қарқыннан, қағажытудан, планкадан өту және жерге қонудан тұрады.

Қарқын 30–45° бұрыштан жанынан жасалады және 7–9 жүгіру қадамнан тұрады. Ол бір орыннан немесе жақындаудан секіргіш бірнеше тезделген қадамдардарды жасаған кезде орындалады және бақылау белгісіне тұрып жүгіруді бастайды. Қарқынның бірінші бөлігінің жеделдетілген жүгіруден ешқандай айырмашылығы жоқ. Жылдамдықтың өсуімен қадамдардың ұзындығы да өседі.

Қағажытуға дайындық қарқынның соңғы қадамдарында жүйріктің  АЖО-ң төмендеуінің есебінен жасалады. Қағажытудың алдында соңғыдан бұрыңғы  қадам ұзарады, ал соңғы қысқарады.

Соңғы қадамның азаюы  секіргішке денесін соққы аяққа  тез жылжытуға, жамбасын алға шығарып қарқынның жылдамдығын жоғалтуды минимумға әкелуге мүмкіндік береді. Қағажыту алдында аяқ тіктеліп АЖО проекциясының алдындағы жерге қойылады. Жамбас иық осін озады, ал соққы аяқ жамбас сызығын озады. Оны соққы аяқта алға-жоғарыға қозғалтып спортшы сермеулік аяқты еркін шапшаң қимылмен жоғарыға көтереді, тізеде бүгіп сырт жаққа бунағын бүгеді. Шынтақ буындарында бүгілген қолдары жоғарыға көтеріледі. Осылай планка проекциясының орнынан 60–70 см қашықтықта жасалатын белсенді қағажыту аяқталады.

Қағажытуды жасап секіргіш денесін вертикалды қалыпта ұстап  жоғарыға мінеді, тізеде аздап бүгілген сермеулік аяғын биігiрек көтереді, соққы аяғы еркін түсірілген. Ұшудың жоғарғы нүктесінде сермеулік аяқ  аяқ ұшын ішке қаратып төменге  қарай түседі, ал соққы аяқ сыртқа қарай бұрылумен жоғарыға көтеріледі. Бір мезгілде дене планкаға бұрылып соққы аяққа қарай еңкейеді, жамбас шапшаңдап планка үстінен өтеді, қолдар төменге түсіріледі, сермеулік аққа қону басталады.

Бастап келе жатқан жеңілатлеттер  мен төменгі дәрежелі спортшылардың жарыстарында жерге қону орны ретінде құмы бар шұңқыр бола алады (тереңдігі 0,5 м). Құм жақсылап қопсытылған және тегістелген болу керек.

Секіруге арналған бағандар стационарлық немесе қозғалмалы бола алады. Еркінше, қатты құрылыс олардың беріктігін қамтамасыз етеді және 2,5 м биіктікте планканы құруға мүмкіндік береді. Бағандар арасындағы қашықтық – 4,00–4,02 м.

2,5–30 сантиметрлік көлденеңденген  домалақ планка ағаш немесе металлдан жасалады.

 

  Қолданылатын жаттығулар: Секірулер  және секіру жаттығулары.

Жаттығулардың бағыты: Уақытқа және қайталану санына орындау.

Мөлшерлеу: 10–12 м.

Әдістемелік нұсқаулар: Құм немесе жұмсақ жерде жаттығуларды орындау. Оның шеттерінде бағаның қарсы жағына бағытталған пластиналарды берік орнату үшін ені 2,5–30 см және ұзындығы 15–20 см тегіс айдын болу керек. Планканың ұзындығы – 3,98–4,0 м, ал салмағы – 2 кг көп емес болу керек. Жерге қону орны (5х3х0,5–0,75 м) губкалы резенкеден, паролоннан немесе басқа жұмсақ синтетикалық материалдардан жасалады. Айдынның беті қарқынға жеткілікті қылатындай түзу және тегіс (15 метрден кем емес) болу керек.

Биіктікті анықтау үшін ұзындығы 0,5 м және ені 4 см баспалдақпен қолданады. Өлшеуіш тек қана вертикальды  орнатылады. Оның бағанына тығыздалып металлдан жасалған өлшеуіш лента жабыстырылады немесе сантиметрлік жіктеулер жасалады. Нөлдік белгі баспалдақтың астыңғы айдынына сәйкес болу керек. Бағанда лентадағы планканың биіктігін көрсететін көшпелі көрсеткіш бар.

Жарыста аға-төреші, 2–3 төреші-өлшеуші  және хатшыдан тұратын бригада қызмет етеді.

Есепке алынған әрекетте аға-төреші «Бар!» командасын береді және бір мезгілде ақ жалаушаны жоғары көтереді, ал хатшы хаттамаға «О»  деп жазады. Есепке алынбаған әрекетте «Жоқ» командасы беріледі, қызыл  жалауша көтеріледі, хаттамаға «Х» жазылады. Өтіп кеткен әрекет сызықшамен белгіленеді.

Планка қойылатын бастапқы және содан кейінгі барлық биіктіктер жарыс туралы ережемен немесе төрешілер  алқасымен анықталады және секіру басталуға  дейін хабарланады. Әр сайын планка 2 см кем емес биіктікке көтерілу керек. Егер секторда бір ғана қатысушы қалса, онда төреші келесі биіктікті оның рұқсатымен орнатады.

Кез келген биіктікті  кешу үшін секіргішке үш әрекет беріледі, әр қайсысына төрешінің шақыруынан бастап 1 минуттан көп емес уақыт  беріледі.

Егер қатысушы секіруге дайын болмаса немесе негізсіз оны  бөгелтсе, онда оның әрекеті сәттіге  теңеледі, ал қайталанған жағдайда спортшы мамандығынан босатылады. Жарыс  орнында тіркеу кезінде немесе бірінші  шақыруда спортшы қандай биіктікке  секіретінін айту керек. Жарыс кезінде қатысушы әрі қарай қатысуға құқығын жоғалтпай өзінің заявкасын өзгертуге, кейбір алдағы биіктіктерді өткізіп жіберуге құқылы. Секіргіш берілген биіктікте есепке алынбаған бірінші немесе екінші әрекетті жасағаннан кейін қалғандарын қолданбай келесіде секіруге құқылы. Есепке алынбаған үш әрекетті қатарынан жасаса, спортшы жарыстан шығарылады. Алынған орындар ең биік алынған биіктік бойынша анықталады. Егер бірнеше қатысушы бірдей нәтиже көрсетсе:

а) соңғы биіктікте  ең аз әрекет санын қолданған жетекші деп есептеледі;

б) соңғы алынған биіктікте  әрекеттердің тең жағдайында ең аз сәтсіз секіруді жасаған жеңімпаз атанады;

в) екі бірінші көрсеткіштердің  тең жағдайында соңғыдан басқа барлық биіктікте (сәтті және сәтсіз) әрекеттерді  аз қолданған жеңімпаз атанады.

Барлық аталған көрсеткіштер екі немесе одан да көпте болуы  мүмкін. Онда бірінші орынды анықтау  үшін қайта секіру өткізіледі. Қатысушыларға  әр биіктікке бір да  спортшы  ала алмаған соңғы биіктіктен бастап бір әрекет жасауға мүмкіндік беріледі. Егер барлық немесе бірнеше спортшы сәтті орындаса, планканы көтереді (орнатылған тәртіпке сәйкес), қарсы жағдайда – түсіріледі. Планканың көтерілуі мен түсірілуі 2 сантиметрге жасалады.

Басқалар ала алмаған  биіктікті алған қатысушы бірінші орынға ие болады.

Қайта секіру жарыстың жалғасы  болып есептеледі. Егер спортшы планканы қағып кетсе, жерден екі аяқпен қағажыту жасаса, қағажыту кезінде жерге қону аумағына тиіп кетсе секіру есептелмейді.

анықталады.

 

2. Жеңілатлетикалық  түрлерде оқыту мен жаттықтырудың жүйелілігі

Жеңілатлетикалық жаттығулардың  күрделі және алуан түрлі техникасын меңгеру темпы тек қана күрделендірілген әрекеттердің жүйесінен байланысты емес, берілген жеңіл атлетика түрі қандай жүйелілікте меңгерілетінен де тәуелді.

Ертеде пайда болған дағдылар ауыстыру механизмі бойынша жеңіл талетика түрінің техникасын сәтті игеруге (жаратымды ауыстыру) немесе жаңа қимыл дағдыларын қалыптастыруға себепші бола болады. Осыған байланысты, жаңа қимыл дағдыларын игеру процесі дағдылардың жаратымды әсерін максималды қолдануға болатындай және жаңадан қалыптасатын дағдыларға меңгерілген дағдылардан жаратымсыз әрерінен аулақ болатындай құрылу керек.

Меңгеріліп отырған  түр техникасының әдістемеіл жүйелілігінен  жеңіл атлетикалық жаттығуларды меңгерудің сапасы мен жылдамдығы тәуелді.

Оқытудың тиімділігі ұсынысты жақсартатын және оқылып отырған  қимыл әрекетінің уақытша және кеңістік сипаттамаларын жеңілдететін әдістемелік  приемдардың бір қатарын дұрыс  және уақытында қолданғанда көтеріледі. Мұндай приемдарға жататындар:

а) жаттығуларды жасаудағы  жағдайды жеңілдету;

б) қимыл жылдамдығын  төмендету;

в) жаттығуды бөлшектеп-жүйеленіп  жаңғырту;

г) дыбыс сигналдарын  және көретін ориентирді қолдану;

д) тікелей физикалық  көмек;

е) қимылдарды имитациялау;

ж) біртұтас жаттығуларды тек қана техникаға орындау.

Төменде жеңіл атлетикалық  жаттығуларды оқытудың жүйелілігі көрсетілген, жеке мәселелер және оларды шешу құралдары  аталған, сонымен қатар әдістемелік  нұсқаулар берілген.

Информация о работе Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі