Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы. Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Кіріспе
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау
Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары
Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
-
ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа,
құрдастарымен өзара достық
-
барлығы бірге, бірдей
-
денесін дұрыс ұстауға, жеке
бас гигиенасын сақтау дағдысы
мен денсаулық сақтау
- спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру;
-
белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың
қосымша түрлерін соның ішінде
емдік-сауықтыру бағытындағы
-
әр халықтың қимылды
-
түрлі спорттық құрал-
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар
Жүру:
- аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі жағымен;
- қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру;
- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға);
- сапта қарқынды өзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен;
- басқа қимылдармен алмастырып жүру.
Жүгіру:
- жұптасып және бір қатармен;
- аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап, тыпырлап;
- бағытты өзгерте отырып;
- сызық арасы арқылы жіңішке жолмен;
-
бір қатарға қойылған
- ұстап алу арқылы;
- жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин);
- орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр);
- оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд);
- жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру.
Секіру:
-
аяқты бірге, алшақ қойып,
- бір орында тұрып оңға, солға бұрылып;
- айналып;
-
бір орында тұрып 20 рет, қос
аяқтап (тоқтап және жүрумен
- арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру;
- 4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру;
- шеңберден шеңберге секіру;
- биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке;
- биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру;
- бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп;
- 70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа;
- қысқа секіртпемен.
Лақтыру, қағып алу, домалату:
-
допты, шарды бір-біріне
- еркін бағытқа құрсауды домалату;
- допты жоғары лақтырып, қағып алу;
- допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет);
- допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру;
-
отырып және тұрып допты
- допты қос қолмен еденге ұру;
- допты оң және сол қолмен еденге ұру;
-
затты тігінен және
- допты қабырғаға ұрып, қағып алу.
Еңбектеу және өрмелеу:
-
6-8 метр арақашықтыққа төрт
- биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу;
-
заттар арасынан алақан мен
табанға сүйене отырып
- тіке және қырынан еңбектеу;
-
орындық астынан ішпен
-
көлденең, еңкіш тақтай және орындық
үстімен қолымен тартылу
- бөрене үстімен еңбектеу;
- көлбеу сатының жиегінен ұстап өрмелеу;
-
еденде бір қырымен тұрған
сатының тақтайшаларының
- гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеп, төмен қарай қадаммен түсу;
- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға;
- бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.
Тепе-теңдікті сақтау:
- жүгіру барысында тоқтап, бағытты өзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру;
-
тура және шеңбер бойымен,
- басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру;
- қабырғалы тақтай бойымен жүру;
-
гимнастикалық орындық үстіне
қойылған кубиктерді аттап,
-
көлбеу қойылған тақтайдың
- көлденең және еңкіш бөрене бойымен тура және қырынан жүру;
- алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде).
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
-
өз еріктерімен сапқа бір
- көп емес топпен, екеуден, үшеуден және барлық топпен шеңбер болып, сап түзеп тұру;
- сап түзеу және шашырау;
-бағытқа
қарап түзеліп, тізбектеліп
- оңға, солға, айнала бұрылу.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
Музыка
әуеніне қарай әртүрлі
Жәй, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау.
Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру.
Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.
Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, сонан кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ ұшын айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап төбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.
Мақсаты: балабақшаға дейінгі кіші жастағы балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу.
Міндеттері:
-
өзінің денесі мен
-
мәдени-гигиеналық дағдылары
-
қоршаған ортада өзін-өзі
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу), дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын, еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.
Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, әр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, аяқ-қолына су құю) жүзеге асыру.
Күн тәртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тәртібін бұзбауға үйрету.
Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңертеңгілік, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика және тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу.
Табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тәсілдерімен таныстыру.
Бағдаршаммен, көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден және қалай өту) таныстыру.
Мәдени-гигиеналық шаралар