Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы. Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.

Содержание

Кіріспе
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау
Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары
Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

                                                       Аннотация 

     Курстық жұмыста балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары туралы мәліметтер жинақталған, зерттелген.

          Курстық жұмыстың көлемі 35 беттен  тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

          Кестелер саны 3.

          Пайдаланған әдебиет тізімі 24. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Мазмұны 

   Кіріспе.......................................................................................................................5

  1. Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары..........................................
    1. Жылдық жоспар графигін құру ережесі..........................................................6
    2. Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау.............................................11
  2. Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
    1. Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі....................................17
    2. Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен

    анықтаудың  жолдары......................................................................................23

    1. Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және

    спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану..............................................26

    2.4 Балабақшадағы  «Денсаулық» білім беру саласының базалық

    мазмұнының  ерекшеліктері.................................................................................29

    Қорытынды...........................................................................................................35

   Пайдаланылған әдебиеттер...... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Кіріспе

       Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.

     Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары  оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.

     Екіншіден, ғылымды құрылымдық  реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.

     Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы  орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.

     Төртіншіден, Білім және ғылым  министірлігі мен Үкіметтің өзге  де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.

     Бесіншіден, біздің шетелдердің  мемлекеттік даму институттарын  белсендірек тартып, сонымен қатар  жеке меншік сектор инвестицияларының  математикалық және ғылыми білім  беру ісіне құйылуын көтермелеп  отыруымыз қажет.

     Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.

       Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау.

       Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру.

     -  Жылдық жоспар графигін құру  ережесімен таныстыру; 

     -  Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау;

      Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;

     -  Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;

     -  Сабақтың тиімділігін хронометриялық  әдіспен анықтау;

     - Балабақшадағы бұқаралық дене  шынықтыру-сауықтыру және спорттық  шаралардың тиімділігі пайдалану

     - Балабақшадағы «Денсаулық» білім  беру саласының базалық мазмұнының  ерекшеліктерін айқындау.

        Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі.

        Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.

   ...........................................................................

        1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары

         1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі 
 

     Бала  туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.

     Баланы  алғашқы жылдары жан-жақты  тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала  ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18  локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының  ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды.

     Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор  мәнге ие, болады. Мидың үлкен  жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып,  тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым  түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.

     Мектепке  дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі  балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).

     Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде «өміршеңдік кешені» деп аталатын  қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін  арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.

     Өмірінің  екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында  қарай ол бұл қимылдарды толық  игеріп, 1-1,3 м. саты,  текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол  сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.

     Бала  өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып  шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.

     Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.

     Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.

     Бала  тәрбиесінің міндеттері

     Бала  ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен  ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.

     1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.

      2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйклі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

     Бала  өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне  тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан  білім беру міндеттерін шешу аса  маңызды.

  1. Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
  2. Өмірге  ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
  3. Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.

     Сонымен  тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:

     1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу /адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б./.

     2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

     Дене  тәрбиесінің мазмұны

     Жасына  лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.

     Бала  дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас  кезінде күн режимі басты маңызға  ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу,  ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден  сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.

     Бала  даму үшін санитарлық тазалық құрылымының  да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты  ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.

     Бала  ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас  ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.

     Дене  жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.

     Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі  жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан  жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті («Аққулар мен қаздар»), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.

Информация о работе Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні