Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:26, реферат

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................3

Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.........5

Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.........................5
1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................

1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі ....................

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау

2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң технико-экономикалық сипатының мәні

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек ақыны ұйымдастыру талдау.......

«ММГ» АҚ-ның еңбеке ақы жүйесі.....................................................
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру

3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі...........................................

3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру.......................

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................

Работа содержит 1 файл

ksiporynda_enbek_akyny_uyymdastyru.doc

— 704.00 Кб (Скачать)

Мұндай көзқарас экспорттық секторды дамытудан, оны ұлттық өсімді молайту процесіне белсенді  түрде енгізе отырып,  ішкі экономиканың қатарлас салаларына және өңірлердің дамуына ауқымды мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ресурстарды жұмылдыру тетіктерінің бірі неғұрлым дамыған өңірлік орталықтарда өзара байланысты бірнеше өңірлерде кәсіпкерлікті жандандыруға бағдарланған Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) қалыптастыру болады.

ӘКК активтерді басқара алады, жобаларға бастама жасайды және нақты өңірді дамыту мүддесінде қосымша инвестициялар тартады.

Бұл корпорациялар қызметінің маңызды бағыты өңірде ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызмет көрсе-тулеріне сұраныс қалыптастыру болады.

ӘКК-ні дамыту сонымен қатар рентабельді емес кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Алдағы уақытта басқару тәжірибесінің жинақталуына және ӘКК-ні капиталдандыру деңгейін арттыруға қарай, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығуды қоса алғанда, олардың «жауапкершілік саласын» кеңейту мен әртараптандыру туралы мәселе қаралуы мүмкін.

Өңірлердің экономикалық дамуын жеделдету, «серпіліс» жобаларын құруды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар мен осы заманғы инфра-құрылым қалыптастыру, өңірлерге шетелдік және отандық инвестициялар тарту (трансұлттық корпорациялар (ТұК, әлемдік брендтер) мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер құру көзделеді.

Тұтастай алғанда, өңірлердің бәсекеге қабілеттілікке мамандануын қалыптастыру, оның ішінде бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыру жолымен, сыртқы нарықтарда бәсекелесу әлеуеті бар мамандандықтар базасында құрылатын болады.

Өңірлердің мамандануы тұтынушылар мен нарықтарға бағдарланумен қалыптастырылатын болады. Тар маманданған және, дәлірек айтқанда, дәл осы неғұрлым күшті бәсекелік басымдықтарға ие салалары бар өңірлер табысқа қол жеткізетіндігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан өңірлер бір немесе бірнеше салаларға (қызмет салаларына) маманданатын болады, ал барлық қалған қызмет түрлері осы негізгі салаларға қызмет көрсетумен және қамтамасыз етумен байланысты болады.

Жергілікті атқарушы органдар инноваторлар рөлінде бой көрсетіп, дәстүрлі факторларға (табиғи, еңбек ресурстары, қазіргі бар өндірістік қорлар) қарағанда өңірлердің өздері құра алатын және олардың ұзақ мерзімді бәсекелік басымдығын қамтамасыз ететін өндірістің мамандандырылған факторларын (инновациялық әлеует, білікті жұмыс күші, институционалдық орта) құра отырып, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі құруға ұмтылуға тиіс.

Іс-қимыл стратегиясы да өте мәнді болып келеді.Мынадай шаралар кешенін іске асыру арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілікке мамандануын қалыптастыру:

  • ұлттық, өңірлік және әлемдік экономикалық жүйеде ел өңірлері мен тірек қалаларының ұстанымдану (мамандану) бағыттарын айқындау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  • облыстардың және тірек қалалардың жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде өздерінің ұлттық, өңірлік және әлемдік нарықтардағы  ұстанымдану бағыттарын айқындайтын бәсекелік даму стратегиясын (бәсекелік стратегияларды) әзірлеуі. өңірлердің даму стратегиясын әзірлеудің негізінде мынадай әдіснама жатуға тиіс:
  • өңірлер ұстанымдануының геоэкономикалық ауқымы;
  • бірінші кезекте өз мүмкіндіктерін бағдарға алу (өзін-өзі ұйымдастыру мен ішкі ресурстарды жұмылдыру);
  • өңірлердің өндірістің дәстүрлі факторларын тиімді пайдалануға ғана емес, инновациялық әлеует, білікті жұмыс күші, қазіргі заманғы инфрақұрылым және институционалдық орта сияқты мамандандырылған факторларды дамытуға да бағдарлануы;
  • салалық және аумақтық кооперациялау әлеуетін сату;
  • қолайлы бизнес-ахуал жасау және экономикалық субъектілердің кең аясын жалпы экономикалық даму процесіне тарту.

Мемлекеттік органдар, жеке меншік кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар, ҒЗИ мен басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлік стратегияларды қалыптастыру мен іске асыруда мемлекет пен бизнестің серіктестігін қамтамасыз ететін тетік ретінде облыс әкімдерінің жанынан консультативтік-кеңесші органдар ретінде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру.

Мыналарға ие болатын  бос орындарға:

Өңір (немесе бірнеше жақын орналасқан өңірлер) әлеуетті бәсекелік артықшылықтарға не болатын бос орындарға шығу үшін шағын және орта компаниялардың, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың күш-жігерін біріктіру есебінен;

Ірі тігінен кіріктірілген компаниялар әрекет ететін өңірлерде (негізінен мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларында) - өңірдің ірі компанияларының талаптарына сай келетін тауарлар мен қызмет көрсетулер жеткізу жөніндегі тапсырыстарды алу мен орындау үшін шағын және орта компаниялардың күш-жігерін біріктіру есебінен кластерлік бастамаларды іске асыру.

Кластерлік зерттеулер нәтижелері бойынша туризм, жүк тасымалы, мұнай-газ машиналарын жасау, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салалар мен кіші салаларда кластерлер қалыптастыру перспективалы болып айқындалған.

Ұзақ мерзімді перспективада басқа да салалар мен кіші салаларда да кластерлерді дамыту көзделіп отыр, ол үшін айқындау үшін кластерлік бастамаларды неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу қажет болады.

Кластерлер екі жолмен құрылады: кенеттен (тікелей мемлекеттік қолдаусыз) және мемлекеттің бастамасы бойынша – «синтетикалық» кластерлер. «Синтетикалық» кластерлерде компаниялар да, мемлекет немесе донорлық компаниялар да көшбасшы бола алады.

Құрылатын кластерлер мынадай сипаттамаларға жауап беруге тиіс: бәсекелік ортаның болуы және сонымен бір уақытта кластерлерге қатысушылар арасындағы кооперациялау, географиялық шоғырландырылуы, бір қызмет түріне мамандануы (мысалы, туризм кластері), қатысушылардың әртүрлі құрамы, ұзақ мерзімділігі және инновацияларға ашықтығы. Кластерлерді дамытуда жеке бастама негізгі рөл атқаратын болады. Кластерлік бастамаларды іске асырудағы мемлекеттік органдардың, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың рөлі жәрдем көрсетуде немесе мынадай жағдайлар жасауда болады:

  • Жеке меншік сектор тарапынан бастама болмаған жағдайда «синтетикалық» кластерді дамытуға бастамашылық ету (маркетингтік зерттеулер жүргізу, кластердің әлеуетті қатысушылары арасында үндесу орнату және басқалар);
  • Бастамашылық кластерлерде - кластердің әлеуетті қатысушылары: өндірушілер, жеткізушілер, сервистік компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, реттеуші органдар мен қаржы институттары  арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді үйлестіруші тетіктер (мысалы, үйлестіру кеңестері) құру;
  • Кластерлік даму үшін қамтамасыз етуші инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту: өндірістік және қойма үй-жайларын, кіреберіс жолдарын беру, көлік-логистикалық тораптар, кадрлардың біліктілігін арттыру орталықтарын қалыптастыру; инженерлік желілері бар жер учаскелерін және кластерлерді дамытуды қамтамасыз ететін басқа да объектілер беру;
  • Кластерге қатысушыларды қажетті ақпаратпен (нарық, заңнамалық база, перспективалық жобалар және басқалар туралы) қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйе құруға және оның жұмыс істеуіне жәрдемдесуді;
  • Конференциялар, мамандандырылған көрмелер, семинарлар, жарнамалық-тұсаукесер іс-шараларын, кластерлерге әлеуетті қатысушылардың шет елдерге танысу сапарларын ұйымдастыруды және өткізуді, брошюралар, каталогтар мен басқа да материалдар шығаруды көздейтін кластерлерді дамытуды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
  • Басқа кәсіпорындарға (шағын және орта бизнес субъектілеріне) мердігер кәсіпорынның өзінен жақсы орындай алатын бизнес-функцияларды немесе бизнес-процестердің бөліктерін беруді көздейтін ірі шетелдік және ұлттық компаниялардың аутсорсингін ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;
  • Ірі шетелдік компаниялар өз операцияларын жүргізетін салаларда жергілікті құрамдас бөліктерді күшейту, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компанияларға өнімдер мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерін ұсыну үшін қазақстандық өндірушілер тартуды, оның ішінде:
  • олардың жергілікті компанияларды дамытуға салатын инвестицияларының пайдалылығы үшін жағдайлар жасай отырып, көмекші, қызмет көрсететін және өңдеуші салаларда шетелдік инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру;
  • халықаралық сапа стандарттарын, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық әдістерін, оның ішінде осы бөліктегі шетелдік компаниялардың күш-жігерін көтермелей отырып, енгізу жолымен  шағын және орта компаниялардың әлеуетін арттыру;
  • жоғары білікті кадрлар даярлау, оның ішінде осы жұмысқа мүдделі шетелдік инвесторларды тарта отырып даярлау;
  • ірі компаниялар мен жергілікті жеткізушілер арасында белсенді және тиімді ақпараттық алмасу үшін жағдайлар жасау (ірі компаниялар үшін жергілікті мердігерлер туралы, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар ұсынатын мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ жергілікті мердігерлер үшін жергілікті құрамдас бөліктер жөніндегі талаптар туралы ақпарат) есебінен тартуды көздейді.

Аутсорсингті енгізу және өндіріс шығынын төмендетуге мүмкіндік беретін және тігінен кіріктірілген компаниялардың жаћандық нарықтағы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жергілікті құрамдас бөлікті күшейту жөніндегі шаралар ірі компаниялар үшін қосымша әкімшілік талап емес, олардың операциялық қызметінің бір бөлігі болуға тиіс.

Жергілікті компаниялардың ірі шетелдік компаниялардың технологиялық тізбегіне қол жеткізуі өз өнімдері мен қызмет көрсетулерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және перспективада сыртқы нарыққа да шығуға мүмкіндік береді. Мұндай мамандану шикізат ресурстары сарқылғаннан кейін де жалғаса беруі мүмкін (бірнеше он жыл бұрын мұнай ресурстарының сарқылуына қарамастан, мұнай өнеркәсібінің орталығы болып табылатын Хьюстон қаласы үлгісінде).

Макроөңірлерде қоғамдық мүдде мен табысты қызметті үйлестіретін 5-7 әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құру.

Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық парктер (ИП) құру туралы мәселені пысықтау:

  • Қазақстанда ДСұ-ға мүше мемлекеттердің талаптарына сәйкес келетін АЭА жұмыс істеуінің негізгі принциптерін көрсететін арнайы экономикалық аймақтар құру тұжырымдамасын әзірлеу;
  • АЭА мен ИП құру мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық базаны өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде АЭА мен ИП жұмыс істеуінің әлеуетті экономикалық пайдасын назарға ала отырып,  жекелеген АЭА мен ИП құру орындылығы мәселелерін қарау;
  • АЭА мен ИП-нің өңірлердің экономикалық қызметіне тығыз кірігуін қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Қазіргі уақытта еңбек ақының маңызы зор екені белгілі. Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталан-дырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

Бұл дипломдық жұмыста Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі еңбек ақының жағдайы, осы салада болатын проблемалар, еңбек ақының ең төменгі деңгейі, еңбекті нормалау жүйесінің мәні, мазмұны толық ашып көрсетілді. Сонымен бірге еңбек ақының жалпы анықтамасына, оның жүйесіне, түрлеріне, нысандарына, құрылымына тоқталып кеткенбіз. Сонымен қатар еңбек ақының шетелдік тәжірибесін талқылай отырып, оның Қазақстандағы еңбек ақының жүйесімен салыстырулар келтірілген болатын.

 Осы зерттеулер  нәтижесінде:

  1. қолданылып жүрген тиімділігі төмен, ескірген еңбек ақының моделін жаңа тиімділігі жоғары моделімен алмастыру керектігін шешім жасалынды.

2  рыноктық қатынастарға өтумен принципиалды жаңа  еңбек ақыны ұйымдастыру талап етіледі. Қазіргі уақытта бұл нақты қажеттілік және ол ескірген, тиімділігі төмен еңбек ақы моделін жаңа бір моделге ауыстыру керек, себебі ол жұмысшылардың потенциалын ашуға және экономиканың дамуына кедергі жасайды.

  1. дәстүрлі принциптерге негізделген еңбек ақыны ұйымдастыру, яғни  оның тарифтік ақылары, айлықтары, сый ақының түрлі түрлері, үстемелер мен қосымшалар ғылыми-техникалық прогреске жатпайды, яғни  өнімнің сапасының жоғарлауына және несурстарды экономдауға.
  2. барлық сый ақы түрлері, үстемелер мен қосымшалар өздерінің стимулдық рөлдерін жоғалтты және тарифтік ақыларға, қызметтік айлықтарға механикалық  прибавкаларға айналды. Сөйтіп, олар еңбектің нәтижесіне байланысты емес. Бұдан басқа ол еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесіне кедергі келтіреді  және оны түсінуге қиындық туғызады.
  3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесіне талдау жасалынды. 
  4. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысшыларына еңбекақы төлеу және жұмыс уақытын есепке алу нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
  5. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қолданыстағы еңбекақы жүйесі, кәсіпорын қызметі нәтижесіне жеке жұмысшының еңбек үлесін есепке ала отырып, жалақыны дифференциациялауға мүмкіндік береді, яғни әрбір жұмысшы мұнай өндірісі процесіне біліктілігіне қарай нақты қосқан үлесіне сәйкес жалақы алады.
  6. Еңбек ақы жыл сайын өсуде. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанды еңбек ақы мөлшері 645196,0 мың теңгеге (15,4%- ға) өсті. 2008 жылы еңбек өнімділігінің өсуі алдынғы жылмен салыстырғанда орташа айлық еңбек ақының өсуін 9,9 %-ға жоғары болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында әлемді торлап алған экономикалық дағдарысты ауыздықтаудың жолдарын көрсетіп беретін осындай құжат аса қажет болатын. Жолдаудың “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” аталуының өзі-ақ халықты қиындықтарды жеңе білуге жігерлендіріп тұр емес пе?!

Дағдарысты жеңудің басты жолы – ынтымақ пен ауызбірлік. Елбасымыз: “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген халық даналығын тілге тиек ете отырып, “...енді ұсақ-түйекті доғарған жөн. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді, ағайын...”, – деген болатын.

Информация о работе Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру