Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:26, реферат

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................3

Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.........5

Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.........................5
1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................

1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі ....................

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау

2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң технико-экономикалық сипатының мәні

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек ақыны ұйымдастыру талдау.......

«ММГ» АҚ-ның еңбеке ақы жүйесі.....................................................
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру

3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі...........................................

3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру.......................

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................

Работа содержит 1 файл

ksiporynda_enbek_akyny_uyymdastyru.doc

— 704.00 Кб (Скачать)
  • 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
  • 6-15 разрядтар бойынша - сызықтық кызметкерлер;
  • 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
  • 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;
  • 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық кызметтердің басшылары;
  • 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы  еңбек процесінде орындалған жалпы  қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.[18].

 

 

1.3     Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі

 

 Еңбек ақыны ұйымдастыруды  пайдалану тиімділігі мыналарды  қарастырады:

  • Кәсіпорын меншігіне белгілі бір нәтиже алып келетін , жақсы еңбек ақы жүйесін ұйымдастыру;
  • Қалыптасқан диспропорцияларды жою;
  • Жұмысшыны әлеуметтік қорғау;
  • Еңбек ақының мөлшерін , жүйесін , нысандарын анықтауда еңбек ұжымның және әкімшіліктің толық жауапкершілігі;
  • Нақты көрсеткіштердің жоспардағы көрсеткіштерден жоғары болуы;

Кәсіпорында еңбек ақыны  ұйымдастыру келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • Еңбек ақы қорын қалыптастыру;
  • Еңбекті нормалау;
  • Тарифтік жүйені орналастыру;
  • Еңбек ақы жүйесін және нысанын анықтау;

Көптеген кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастырудың келесі принциптері бар:

  • Еңбектің саны мен сапасына  байланысты ақы төлеу;
  • Еңбек ақының дифференциациялығы жұмысшының біліктілігіне , еңбек шартына , кәсіпорынның саласы мен орналасу аймағына байланысты.
  • Реалды еңбек ақының жүйелік көтерілуі;
  • Орташа еңбек ақының өсу қарқындылығында еңбек өндірісінің қарқындылығын өсіру;
  • Әділдік , яғни көрсетілген еңбекке тең еңбек ақы төлеу;
  • Ауыр және зиянды еңбек ақыны есепке алу;
  • Адал және сапалы еңбекке мақсат қойғызу;
  • Міндетіне , яғни жұмысына жауапкершіліксіз қарағанға материалды жауапкершілікке тарту;

Еңбек ақыны ұйымдастырудың әрбір элементтерін жеке-жеке қарастырайық.

 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-да  еңбек ақы екі нысанда жүзеге асырылады- кесімді және мерзімді. «ММГ» АҚ-да еңбек ақының жүйесі және нысаны ұжымдық келісімшартпен және жұмыс берушінің актісімен анықталады.Өндірістің ұйымдық-техникалық шарттарының әрбір жағдайына сай еңбек ақының жүйесі мен нысаны қолданылады және бұл еңбек қызметінің жақсы нәтижесіне алып келеді.

2008  жылдың  1  маусымынан  қызметкерлер  мен жұмысшылардың айлық оклады 15 %-ға  өсті  және оның нәтижесінде алдынғы жылмен  салыстырғанда тарифтік ставка , қызмет айлығының  төлемдері өсті (сонымен бірге түнгі уақытта жұмыс жасағаны үшін  , мереке және демалыс уақытта жұмыс жасағаны үшін , белгіленген уақыттан  тыс жұмыс жасағаны  үшін  төлемақы , жұмыстың   өндірістік  нәтижелері үшін сылық ақы , еңбек  демалысына  өтемақы ).  2008 жылы  жұмысшылардың еңбек ақысы маусымның бірінен көтерілді , ал 2007 жылы шілденің  бірінен алдынғы  жылмен салыстырғанда  бір  ай бұрын) , сол  үшін  нақты  анализ жасау үшін 2008  жылдың  екінші жарты жылдығын  және 2007 жылдың  екінші  жарты жылдығын  салыстыру керек. Сөйтіп  жұмысшылардың тарифтік  ставка  мен қызмет айлығы бойынша  есептелген  еңбек  ақы  2008 жылдың  екінші жарты жылдығында  2007 жылдың  екінші  жарты жылдығымен  салыстырғанда 16.5 ға  өсті   және  ол  2007 жылы  1604723,9 мың теңге  болса, 2007 жылы  ол «1307070,9 мың теңге құрады. Ал  тарифтен  алынған орташа  айлық  еңбек  ақы  сол уақыт аралығында  113,4 %-ға  өсті, яғни  ол 2007 жылы 53203 теңге болса ,  2008  жылы ол 46897   құрады. 

Кәсіпорындағы  еңбек  ақы  жүйесі  жұмысшылардың  еңбек ақысын олардың  қызмет нәтижелеріне  еңгізген  салымдары бойынша дифференциациялайды, яғни мұнай өндіру  процесіне нақты және тікелей қатысуы  арқылы және де  олардың  квалификациялары  бойынша. Мысалы  2008 жылы  барлық деңгейлердің  жетекшілерінің  орташа айлық жалақылары 148947 теңге құрады, ал  біліктілігі  жоқ  жұмысшылардың орташа  айлық жалақылары 50213 теңге құрады. Ең  жоғары  және төменгі жалақының айырмашылығы  98734 теңгені құрайды.

Экономика жағынан  қарастырғанда  кәсіпорын  жұмысшыларының  еңбек  тиімділігі  еңбек  өндірісінің  деңгейі және  оның сапасымен  анықталады. Еңбек өндірісінің  көрсеткіші  еңбектің  соңғы нәтижелерін  салыстыру  негізінде  көрініс  табады (мысалы , тауар айналымының көлемі , қызмет көрсетуден түскен түсімнің  көлемі) , еңбектің өндірістік шығындарымен ( жұмысшылар санының орташа тізімімен сипатталады). Кәсіпорындағы  еңбек өндірісінің  өсуіне  бірнеше факторлар  әсер етеді. Оларға:

  • Тұтынушыларға  қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Жүк тасу және  жүк түсіру жұмысының  механизациялық деңгейін  арттыру;
  • Прогрессивті жоғары өнімді техника  мен технологияларды  еңгізу;

Бірақ осы қарастырған  экономикалық факторлардан басқа кәсіпорынның  еңбек өндірісіне  басқа да факторлар  әсер етеді . Оларға психологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар  жатады. Негізінде  еңбек өнімділігі  көбінесе адамның әрекетіне, оның тәжірибесіне, біліктілік деңгейіне, біліміне тікелей  байланысты  болады. Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыратын   тағы бір  маңызды  факторлардың бірі  болып  жұмысшыларға  материалды стимул  жасауды ұйымдастыру  және оның  деңгейін  арттыру, қызмет  перспективасының  болуы және  қызметтік мансапта әрі  қарай  көтерілуі. Осы айтылған фактор рыноктық қатынастардың қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Тірі еңбек өнімділігінің өсуі  бөлек жұмысшы өндірмесінің  артуына негіз болады, яғни жұмысшының жалақы деңгейінің артуы және де жалпы өмірлік деңгейінің  артуы. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбек ақы өсу  қарқынынан үнемі  алдында озып жүруі тиіс. Осы жағдайда халықтың өмір деңгейінің өсуі, кәсіпорын өндірісінің  өсуі және  еңбек ақы деңгейі қалыпты жағдайда болады.

2008 жылы еңбек өнімділігінің өсуі  2007 жылмен салыстырғанда орташа айлық еңбек ақыдан  9,9 %-ке артық , яғни ол пайда алып келетін кәсіпорын деп шешуге болады.  Бұл келтірген анализден  кәсіпорында  еңбек өнімділігінің  өсуі   орташа еңбек ақы өсу қарқынынан үнемі алдында  жүретінін байқауға  болады (немесе өнім өдіру көлемінің  өсу қарқыны  тұтыну қор өсу қарқынынан алда жүреді).  Нәтижесінде  өндіріс тиімділігін арттыру үшін пайданы максимизациялау принципі жүргізіледі. Бұл принциті ұстану « Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның гүлденуі  мен дамуына жол береді.

 Жұмысшыларды өндіріс   тиімділігінің  сапасын  арттыруға  қызықтыру үшін, мұнай өндіру  бойынша өндірістік жұмыстарды  атқарғаны үшін, әр кварталда  жұмысшыларға  атқарған жұмыстары бойынша сый ақы беріледі.

Сонымен қатар 2008 жылы  кәсіпорында басқа да ақылар көтерілді, оларды еңбек ақы қорына еңгізгенде 49,2 млн. теңгені құрайды . Негізінде бұл өзгерістер статьялар бойынша пайда болған, яғни зейнеткерлерге, Ұлы Отан Соғысының және еңбек фронтының ардагерлеріне арналған жеңілдіктердің  болуы. Сонымен қатар бұл өзгерістер іссапар куәлігі бағасының  жоғарлауы, уақтылы  еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төленетін ақылар, жүктілік және туу бойынша берілетін демалысқа ақылар, берілетін жұмыс киімдерінің, аяқ киімдерінің  және басқа да жеке заттардың  бағалары.

Бір айта кететін кемшілік ол атқаратын  қызметіне және де өндірістік жоспардың құрылуына  қатысу деңгейіне қарамастан «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-да  барлық  жұмысшыларға берілетін сый ақылар айлықтың 30 %-ын құрайды.

 Кәсіпорында  болатын   зиян  жағдайлар есепке алынады,  бірақ жеткілікті  мөлшерде емес. Мысалы үшін ,мұнай кәсіпшілігінде  вахтамен жұмыс жасайтын жұмысшылардың   орташа айлық жалақыларын оператор , машинист және басқа мамандармен салыстырғанда төмен болып келеді . Сәйкесінше бұл да кәсіпорынның  еңбек ақыны ұйымдастыруда бір кемшілігі болып табылады.

Кәсіпорынның  еңбек  ақыны ұйымдастыруда тағы бір  айта кететін  кемшілік бұл жұмыс  уақытының жоғалуының көп болуы, ол сәйкесінше еңбек өнімділігінің, өндіріс көлемінің, өткізілген өнім көлемінің кемуіне алып  келеді.Осындай уақытта таза пайда төмендейді.

Жалпы қарағанда «Маңғыстаумұнайгаз»  акционерлік қоғамының еңбек  ақыны ұйымдастырудағы жағдайы  жоғары деңгейде тұр , бірақ қалайда әлі де бітпеген жұмыстар бар және олар кәсіпорынның әрі қарай дамуына өз кедергісін тигізіп тұрады.

2   «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау.

 

2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның техника-экономикалық сипаттамасы.

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  -  Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Компанияның басты офисі Ақтау қаласында, Батыс Қазақстанда Каспий жағалауында орналасқан. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың бірі. Бұл компания Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бүкілодақтық Халық шаруашылық Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы №280 Қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын – өндірістік бірлестік ретінде құрылды. Сол тарихы күнге дейінгі бірнеше жылда түбектің мұнай, газ кен орындарын зерттеп, барлап, ашуда және жеделдете игере бастауда ұланғайыр жұмыстар жүргізіліп үлгерген еді.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай саласында ең сенімді, ең ірі мұнай өндіруші компания мәртебесіне ие болды. Қазыналы өлкедегі кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялды өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады

Негізгі тауар өнімі  бекітілген талаптарға сай өңделген мұнай және ілеспе газ болып табылады.

Атқаратын қызметтердің негізгі түрлері:

    • көмірсутегі шикізаттарының кен орындарын барлау;
    • мұнай-газға  іздеуші, құрылымдық, пайдаланылатын ұңғымалар 

бұрғылау;

    • мұнай-газ кен орындарын абаттандыру, құрылыс - монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу, автомобиль жолдарын салу және жөндеу;
    • мұнай мен газ өндіру;
    • мұнайды жинау, тасымалдау және тұтынушыға жіберер алдында кешенді дайындықтан өткізу;
    • мұнай өнімдері  республика мұнай өңдеу зауыттарында  өңделгеннен кейін, тұтынушыларға өткізу;
    • мұнай өндіруде пайдаланылатын ұңғымаларға қызмет көрсету және жөндеу, бақылау
    • өлшеу приборларын және өндіріс процесстерін автоматтандыру құралдарын, байланыс құралдарын орнату  және  пайдалану;
    • мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерін өткізетін сыртқы және ішкі рыноктарды зерттеу, маркетинг жүргізу;
    • тауарлар мен қызметтерді экспорттау және импорттау операцияларын жүргізу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту, шетел фирмаларымен сауда – экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастық орнату;
    • кен  орындарын  іске   қосу   процесстеріне  ақпараттық – есептеу қызметтерін көрсету. 

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ республиканың мұнай өндірісінің 11 % қамтамасыз етеді. Қазақстанның қор биржасының  ( КАSЕ) мәліметтері бойынша, 2007 жылдың 1 қаңтарында акциялар пакетінің 30 % Ansdele Development Ltd компаниясының үлесінде. Бұл компания Британияның Виргин аралында тіркелген. Қазіргі кезде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баланстық қоры 969 млн. тонна болатын 15 мұнай және газ кен орындарында жұмыс жүргізуде. Негізгі өнеркәсіптік нысандары – Қаламқас және Жетібай кен орындары саналады. Бүгінгі күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  жылдық мұнай өндірісі 5 млн. 660 мың тоннаны құрайды. (35. 55 бет).  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ барлық өндіретін мұнайдың 60%-ын  Қазақстанның ішкі рыногына өткізеді, ал қалған бөлігі экспортталады. Ішкі рыноктағы мұнайдың негізгі тұтынушылары  Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Экспортталатын мұнай ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттеріне сатылады. 1998 жылдан бастап    «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі пайдалы (табысты) болып саналады. (31. 87 бет).

1996 жылдың маусым айында  компания көмірсутекті шикізат  өндіру мақсатында 8 кен орнын 25 жыл пайдалану лицензиясын алды, оның ішінде 3- еуі газ- мұнай кен орындары (Асар, Қаламқас және Шығыс Жетібай), 2- уі мұнай- газ ( Бурмаш, Оймаш); 2-уі мұнай кен орны (Алатөбе, Солтүстік Қарақия) және мұнай  газ  конденсатты  Жетібай кен орны. 1996 жылы қараша айында «Маңыстаумұнайгаз» АҚ-на  Оңтүстік Жетібай мұнайгаз конденсат кен орынында 25 жыл мұнай өндірісін жүргізуге лицензия берілді. 1997 жылдың желтоқсан айында компания көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге, Бектұрлы, Придорожное , Атамбай, Сарттөбе мұнайгаз конденсаты кенорындарына Ащыағар, Айрантақыр, Солтүстік Аққар мұнай кен орындарына (барлық лицензиялар 31 жылға) сонымен қатар Оймаш газмұнай кен орнына 25 жылға – барлығы 7 лицензия алды. (23-87 бет).

2000 жылы Қазақстан  Үкіметі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның меншігіне Павлодар мұнай өңдеу заводының ( қуаттылығы жылына 7,5 млн. тонна) акция пакеттерінің 51% берді. Бұл завод этильденбеген бензин, реактивті двигательдерге арналған отын, қыстық және жаздық дизель отынын, мазут өндірілді. Акция пакеттері заводтың бұрын тұтынған мұнай төлемі ретінде берілді. Павлодар мұнай - химия заводының қалған 49 % акциялары мемлекеттің қарауында. Завод мұнайды отын  нұсқасында өңдейді, қайта өңдеу сапасы 80- 85 % құрайды, бұл мұнай өңдеудің әлемдік деңгейіне сай.

Мұнай өңдеу мынадай  процесстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

  • Мұнайды электрлік сусыздандыру және тұзсыздандыру;
  • Электросусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды қайта айдау;
  • Реактивті, дизельді отынды және бензинді гидротазарту;
  • Бензин фракцияларын каталитикалық реформинттеу;
  • Каталитикалық крекинттеу;
  • Газофракциялау;
  • Мұнай битумдарын өндіру;
  • Кокс өндіру
  • Күкірт өндіру

Информация о работе Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру