Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:14, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі:- Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болдыосының салдарынан еңбекші бұқараның мәдениет іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады.Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды жәнеүстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды.
«Оттоман падишахтары, — дейді А. Тойнби, — арнайы тәрбиеленген құлдардың көмегімен өз империясын басқарды және бұл олардың империясының қуаттылығын күшейтті».
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген. Әрине, бұл кеңістіктік, туыстастық уақыт ағынына төуелді болған. Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпыыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.
4 Мәдениеттегі әлеуметтану тұрғыдан түсіну және қоғамдағы мазмұны
“Мәдениет” деген ұғым
латын тіліндегі “Сultura”
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты. Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді. Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.
Бұл анықтамаларда мәдениет
ұғымы бір жақты қаралып
Мәдениет адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы. Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек. Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады. Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория. Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырады.
Мәдениет – тұтас бір
құбылыс, оны зерттегенде жүйелік
талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті
негізінде екі тұрғыда
Біздің әлеуметтік дүние танымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негізіндерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің жүргізілетін әлеуметтану зерттеулерінде сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал , адамгершілік қасиеттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілдік, қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар: мейірбандық, қайырылымдық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгерді.
Қазіргі қоғамдық-саяси кезең
адам тұлғасының рухани өміріне бір
жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның
рухани өміріне бір жақты әсер
етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің
дамуына екі үлкен бағыт (тенденция)
бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы
адамзаттық құндылықтардың таптық
құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын
көрсетеді және жалпы адамзат
құндылықтары адамның іс-қызметімен
тығыз байланысты. Адамдардың рухани
мүмкіншілігі тоқырау уақытында
да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта
іске асырылуда. Екінші бағыт, ел- жұрттың
белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл
бөлік бұрынғы идеологияық
Мәдениетті жалпы
Мәдениет әлеуметтануды қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-рухани процесс, әр түрлі мәдениеттерің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді. Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.
Жоғарыда көсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлеуметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатыны көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:
а) адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;
б) адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді.
Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде боып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға, т.б.) саяси қозғалыс , әлеуметтік революцияға айналады.
Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі- мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің шығармашылық заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттеген іс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды. Мысалы, жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.
Мәдени әлеуметтану қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілегін қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, арласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б. жұмыс жәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтардың талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б., міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.
Мысалы, қазіргі уақытта
театрларға көптеген адам бармайды, өйткені
қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған
қоса театр басқармалары ұйымдастыру
жұмысын дұрыс жолға қоя
Мәдениеттің мәні мен мазмұны
оның құрылымымен тығыз байланысты.
Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан
әр түрлі элементтерден, бөліктерден
тұрады. Мәдениеттің негізгі
Білім әр уақытта белгілі
бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы
қалыптасып, тілде көрініс тауып,
анықталады. Тіл-адамзаттың білімі мен
тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға
жеткізу құралы. Ол адамның ой-пікірін
және адамдардың бір-бірімен байланыстыратын
құрал. Танымды білдіретін әрбір
таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы
бар. Олардың әрқайсысы жоқ
Мәдениеттің екінші элементі-ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірлікткрдің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандырытын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.
Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізінде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму, өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық баруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, арман, мұрат, т.б. толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді. Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің, т.б. бағдарламасы болып саналады.
Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде. Олардың басты бағыттары мыналар:-