Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:14, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі:- Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болдыосының салдарынан еңбекші бұқараның мәдениет іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады.Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды жәнеүстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды.
Адамзатты қоғамдық - тарихи
тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың
бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат
тарихының үйлесімділік мәселелеріне,
оның заңдары мен ережелеріне
баса назар аудару негізінде «адамзат
баласының үздіксіз даму» идеясын
алғаш рет ұсынған болатын, бұл
идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында
үш дәуірді басынан кешіреді - «құдайлар
ғасыры», «батырлар ғасыры» және
«адамдар ғасыры». Ұлы неміс философы
Иммануил Кант (1724-1804) «ақыл-ойға» табынған.
Ол француз ағартушыларының
XIX ғасырда мәдениет
Тайлордың басты жаңалықтарының бірі - мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын діннің шығуының анимистік теориясын өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның кабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің Көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болған түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және т.б. түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің» қалыптасуына әсер етті.
Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы - адам бойындағы хайуандық сезімдік бастауды ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны — адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның «Өнердің философиясы» (1802-1803) атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын, тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынадай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынадай қағидаларға келіп тірелді:
а) мәдениетті – ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер);
ә) мәдениетті - ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);
б) мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг);
в) ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
г) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып - өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Бірақ біз қарастырған
кезеңде мәдениеттің
Мәдениет (латын cuItura өңдеу,
егу деген сөзден шыққан). Мәдениет
адам жасаған әлем сияқты «екінші
табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген
ортасымен қарым-қатынасы. Қарым
қатынас нәтижесінде қалып
Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский
сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән
ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде
қалыптаса бастады, сондықтан да
оны әлі де болса да буыны бекімеген
жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен
қатар философиялық ілім, өйткені
ол философияның басты саласы мәдениет
философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі
материалдық және материалдық емес
өндіріс орындары еңбекке қабілетті,
технологиялық мәдениетті игерген
адамдарды қажет етеді. Осыған орай,
соңғы кездері педагогикалық
құжаттардағы «технологиялық мәдениет»,
«еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін
көпшіліктің дұрыс түсінуі
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
1. Материалдық
- бұл өндірістегі құрал-
2. Рухани — бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның
әрбір саласының сапалық
2) мәдениет жүйе ретінде,
яғни, оның құрылымы, оған кіретін
бөліктер, элементтер, олардың арасындағы
байланыс-қатынастарды, мәдениеттің
жүйелік салаларын зерттейді.
Адам іс-әрекеті дамуының өзі
мәдени құбылыстың жеке
Мәдениеттің мәні мен мазмұны
оның құрылымымен тығыз байланысты.
Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан
әртүрлі элементтерден, бөліктерден
тұрады. Мәдениеттің негізгі
Әлемдік мәдениет ырғақтарын
анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан
Республикасының негізгі
Әрбір ұлттық мәдениет бос
кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған
ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік
оқшау, мәңгіге берілген енші емес.
Ол тарихи ағынның өрісі болып
табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды
қасиеті — оның тылсымдық сипаты.
Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер
үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының
кепілі және көршілес жатқан мекендерге
де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды.
Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен
туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық
белгілері халық санасында
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сіңіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.
Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында
әсіресе, көшпелі халықтар шебер
пайдалана білген. Ат пен көшпенді
біріккен жан болып көрінеді. Мұны
көрші халықтардың миф-
3 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі. Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ «ит — жеті қазынаның бірі» деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға пайдаланды.