Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:14, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі:- Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болдыосының салдарынан еңбекші бұқараның мәдениет іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады.Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды жәнеүстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды.
Тақырыптың өзектілігі:- Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болды осының салдарынан еңбекші бұқараның мәдениет іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды және үстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды. Осыған орай алдағы уақытта жалпы мәдениетті дамытуда екі ірі әлеуметтік міндеттер тұрды: - жалпы адамзат тарихында жасалған күллі мәдени құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыру;
Тақырыптың мақсаты мен міндеті:
Қоғамның әрбір адамын, оның жынысына,ұлтына, нәсіліне қарамай мәдени процестерге тікелей қатынастыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін барлық қолдан келетін әлеуметтік жағдайларды жасау және қоғамда болып жатқан мәдени өзгерістерді және олардың қалыптасу кезеңдерін шолу меңгеру болып табылады. Мәдениет пен өркениеттің дамуы мұның өзі әрбір адамды жан-жақты дамытудың, өз кәсібімен қоса компьютерді жетік, әрі шет тілдерін де терең меңгерген, адамгершілік қасиеттері жоғары адамды қалыптастырудың негізгі шарты болады.
«Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуды жөн көрдім. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінік пен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микены мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.;
б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Ал осы ұғымдардың ішінде
мәдениеттану пәніне алғашқы екі
ұғымның тікелей қатысты
Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және т.б. қатысу) мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі діни табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті "пайдейя" (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады.
Гректер сонау көне заманның
өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты
қалыптасқан азаматтарды
Грекияда, негізінен, мәдениеттің
аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен
таралған, ал оның негізінде терең
генеалогиялық дәстүрлер (Гомер
шығармалары кейіпкерлерінің
Балаларды мектепке жазып-сызуға
үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды.
Грамматиканы музыкадан сабақ беру
толықтырды, өйткені көптеген өлеңдер
музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды.
12 жастан бастап ұл балалар палестраға
барды, гимнастикамен айналысты. Жастар
тыңдаушылар ретінде
Өкінішке орай, қоғамының
даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде,
көне полистердің өз тәуелсіздіктерін
жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының»
идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік
тұрақсыздық пен бей-берекет
Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге — монотеизмді, натурализмге - руханилықты, гелонизмге — (сүйсініп рахаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға — Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді карама-қарсы қойды.
Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол — құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рациональдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық аспандық дүниеден, оның тіршілік отанынан басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктің әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру» , оның ішінде акыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи бұзылмаған» және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды "жетілдіру" тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортада, адам бойында рациональдылық ең басты емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер — махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді.
Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол дерменсіздікті тануымен қатар, өзінің алып күш иесі екендігін де көрсете бастады. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Осындай қасиеттерге ие болған ортағасырлар мәдениеті — тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен және жан-жактылығымен де сипатталады.
Жаңа заманда (ХVІІ-ХІХ ғ.ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан баға беру қайта қаралып, жаңа мазмұнға ие болды. Мәдениет философиясы тұрғысынан алып қарастырғанда, ең озық идеялар осы дәуірдің философиясында кеңінен насихатталды. Ағартушылық кезеңі - буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси-әлеуметтік өзгерістерге толы тарихи, әрі рациональды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына үлес қосқан өз алыптары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда — Вольтер мен Монтескье, Германияда - Лессинг, Шиллер, Гете) дүние мен адамзат жайындағы ақиқатты айту құкығын діннен тартып алып, адамның ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қолдады. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ қабілетті, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың іске аспауына адамның өзі кінәлі. Оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, халықты қараңғылық түнегінде ұстау және т.б. мәдениет пен өркениеттің дамуындағы басты кедергілер болды. Олай болса, дәуір ойшылдарының антиклерикалдық (дінге карсы) көңіл-күйінің астарын аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның дүниедегі орны туралы мәселені қайта қоюға мүмкіндік берді. Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, акыл ой).
Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті — адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі және адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілер (адам, қоғам, мемлекет, құкық, философия және т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті.
Ортағасырлар мен кайта
өрлеу дәуірінен бастап зерттеле
бастаған Көне заманның тарихи, философиялық,
ғылыми және көркем әдебиетінен басқа,
олардың назарынан
Ж. Ж. Руссо сол кездің
өзіне-ақ ғылым мен өнердің адамдардың
табиғатын өзгерте алатынына
күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін
бүгінгі күнгі адамзат
Күн тәртібіне қойылған бұл
ойлар мен пікірлерге қарап Руссо
өркениеттің рахатынан мүлде
бас тартып, өткенге, яғни «тағылыққа»
қайта шақырған екен деген түсінік
туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының
қарама-қайшылықтары адамның алғашқы
кауымдық құрылыстан бастап өркениетке
деген құлшынысы жолындағы