Алеуметтану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:43, реферат

Описание работы

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.

Работа содержит 1 файл

оздик жумыс 4.doc

— 420.00 Кб (Скачать)

     Парсонстың  бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету,  бірігу және  үлгілерге сай келу).

     Индустриялды  социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың  қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі  адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін  арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық - әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.

     Индустриялды  социология шеңберінде өткізілетін,  белгілі  социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс  орнында ғана емес, басқарудың бүкіл  жүйесі – менеджментке де қатысты.

     Американ  социологы және психологы  Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар»  доктринасының негізін қалаушылардың бірі.

      Мейонның  теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:

            1) адам «әлеуметтік  жануар» ретінде,  топтық тәртіптің  контекстіне енгізілуін  мен бағытталуын белгілейді;

     2) бағынудың қатал  иерархиясы мен  бюрократтық ұйыдастыруы   адам табиғаты  мен оның  бостандығымен  сай келмейді;

            3) өнеркәсіп жетекшілері   өнімдерге емес, көбінесе адамдарға  бағытталуы керек.

      Мейо  бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.

           Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым  сол кезде Ресейде  тұрып-ақ эсерлер  партиясының өкілі  ретінде саяси  күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды.

     Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық  тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының  басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды.

     Социомәдениет жүйесі динамикасының  маңызды факторы  әрқайсысы меншікті көзқарасы бар доминантты мәдениетті жүйенің құлдырауы болды. Сорокин олардың ішінен келесілерді белгілейді:    

     1) «сезімді» супержүйе  (шындық белгілі  сезімдер  негізінде  қабылданады);

  1. «ойша» (шындық интуиция  көмегімен танылады);

     3) «идеалистік» (екі  алдыңғының  комбинациясы ретінде қарастырылады).

     Батыс әлеуметтануында,  Сорокинның  ерте кезде-ақ айналыса бастаған әлеуметтік мобильділік  пен стратификация  концепциясы мен  эмпирикалық зерттеулері  өте жоғары  бағаланады. Әлеуметтік мобильділік  – қоғамның тарихтан тыс,  қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес,  сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның  бір деңгейінде орналасқан,  индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге  өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік  (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің  бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның  екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.

     Қазіргі батыс әлеуметтануының  қазіргі социологиялық  жағдайын түсіну және оның даму перспективасын  айқындау  үшін парадигма  түсінігі қолданылады. «Парадигма»  түсінігі  белгілі уақыт  барысында ғылыми қауымдастыққа мәселелерді айқындау мен оларды шешуде моделін ұсынады және бәрімен танылған ғылыми  жетістіктерді білдіреді.  Барлық ғылымдардың дамуы бұрынғы парадигмалардың жаңалармен алмастырудың  революциялық үрдісін белгілейді. 

     Американ  зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың  үш  негізгі парадигмасын белгілейді:

     Құрамына  құрылымдық функционализм  мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін  фактуалистік парадигма.

     Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.

     Бихевиоризмнің  әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы  және бихевиористік  социология).

     Бірінші парадигма («әлеуметтік  фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің  екі тобына - әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.

     Екінші  парадигма – «әлеуметтік  дифференциялардың» парадигмасы - әлеуметтік фактілерді оқуға  емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға  негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .

     Үшінші  парадигма – «әлеуметтік  тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер  ойынша, алғашқы екі  парадигмалар метафизикалық  болып келеді. Өйткені  олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.

     Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық  ерекшеліктерін бөліп  көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық  социологиялық көзқарас, ол «экономикалық  адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына  және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.

     Қазіргі теоретикалық жағдайдың  ішіндегі бағыттарына келесі социологиялық бағыттарды жатқызуға болады: неомарксизм (Т. Адорно, Г.Маркузс, Ю.Хабермас), әлеуметтік қайшылықтардың теориялары (Т.Дарендорф, Я.Озер және т.б.), символикалық интеракционизм (Джордж Мид), этнометодологияны (Г.Гарфинкель), постмодернизм (Э.Гидденс және т.б. 

       3  Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік  ақпарат жинаудың әдістері

 

     Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы –  техникалық процедуралардың  логикалық жалғастырмалы  жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

     Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

     -    зерттеуге дайындық;

     -    бастапқы ақпаратты  жинақтау;

     - жиналған ақпаратты  өңдеу және ЭВМда  өңдеуге  дайындау;

     - өңделген ақпаратты  талдау. Зерттеу нәтижелері  бойынша,  есеп  дайындау, қорытындыларды  және кепілдемені  тұжырымдау.

     Барлау  зерттеу – социологиялық  зертеулердің ең қарапайым  түрі. Ол шағын зерттеу  жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

     Суреттеу  зерттеу. Мақсаты  мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін  эмпирикалық мағлұматтарды  алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

     Аналитикалық  зерттеу – зерттелетін  құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Аналитикалық зерттеу дайындығы  біршама уақыт талап ететін, мұқият  құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және  бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

       Қолданылған әдістер  негізінде  бұл  зерттеу  жиынтық  сипатқа ие болады. (зерттеудің  әртүрлі әдістері қолданылады)

     Социологиялық зерттеу түрін  таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу  бағдарламасын  құрастыруға  көшеді. Бұл құжаттың ғылыми  негізделу  дәрежесінен  жүргізілген  социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі  айқындалады.

     Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.

     Зерттеу бағдарламасы  екі  бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

     Бағдарлама  жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу  уақыты, ғылыми, ұйымдастыру  және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

     Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге  қарағанда көп  уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін,   бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына  тоқталайық. 

     3.1 Зерттеудің мәселесінің   тұжырымдалуы  мен негізделуі

     Нақты социологиялық зерттеуді  өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің  қарама-қайшылығы  болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.

     Объективті  қарама-қайшылықтың  сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде  жататын,  зерттеу  түрін  айқындайды.  (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)

     Әдетте, эмпирикалық социологиялық  зерттеу  аралас болып  табылады:  ол тек  тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ  ғылыми мәселелерді шешеді.

     Мәселелік әлеуметтік жағдай  ғылыми мәселеде  нақты  бейнеленеді, онда ол  қоғам  сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда  іске асырудың жолдарын мен  амалдарын білмеуден тұрады.

     Егер  әлеуметтік мәселені  белгілі құралдармен  шешуге болса, онда бұл  тәжірибелік мәселе болып табылады.  Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру  жатады. 

     Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде  едәуір толық және айқынды  көрініс алуға  тырысады.  Шын  әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.

     Кең жоспарлы мәселелерді  қоюдан да бас тартқан  жөн, себебі бір зерттеу  шеңберінде бірнеше  мәселерді шешу мақсатсыз  болып келеді.  

     3.2 Зерттеу мақсаттарын  белгілеу

     Социологиялық зерттеудің мақсаты  айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе  қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы   қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады   деген нақты сұраққа жауап беру керек.

     Мақсат  пен гипотезаларға  сай  зерттеу міндеттері  айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.

     Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа  жауап ретінде  зерттеу мәселелерін  шешудің құралдары  мен жолдары қандай деген ізденісінен  тұрады.

     Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады.  Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша,  жаңа  зерттеу  дайындауға көмек көрсете алады.  
 

Информация о работе Алеуметтану тарихы