Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат
Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.
1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар
1. Сабақтың тақырыбы
2. Сабақтың мақсаты
3. Сабақтың түрі
Екіншіден,
сол сабақтағы әрбір сәтті алдын ала жоспарлап,
сол сәттерде орындалатын жұмыстардың
қалай атқарылатындығын қалт жібермей
қадағалап отырғанда ғана мұғалім өз мақсатына
жетеді.
№ | Сабақтың сәттері | Мұғалімнің атқаратын жұмысы | Оқушының міндеті |
1 | Ұйымдастыру сәті | Мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалайды | Оқушы оқу құралдарын әзірлеп, сабаққа дайындалады |
2 | Үй тапсырмасын сұрау сәті | Мұғалім әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын сұрайды (жазбаша, ауызша) | Оқушы үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беруге дайын отырады, жауап береді |
3 | Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті | Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып жаңа сабақпен байланыстырады. | Оқушы тыңдайды, сұраққа жауап береді |
4 | Жаңа сабақты түсіндіру сәті | Мұғалім алдын ала дайындаған әдісімен жаңа сабақты түсіндіреді | Оқушы тыңдайды |
5 | Жаңа сабақты пысықтау немесе бекіту сәті | Алдын ала әзірленген сауалдар бойынша оқушылардың білімі тексеріледі | Алған біліміне қарай оқушы жауап береді |
6 | Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындату сәті | Мұғалім бұл сәтті мүмкіндігінше жазбаша жүргізеді. Кейде ауызша да жүргізіледі | Оқушы орындайды |
7 | Оқушыларды бағалау сәті | Мұғалім үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды | Оқушы бағасын күнделіктеріне қойғызады |
8 | Үйге тапсырма беру сәті | Мұғалім жаңа сабаққа байланысты үй тапсырмасын түсіндіреді | Оқушы тыңдап күнделіктеріне жазып алады |
Ендігі бір мұғалімге керекті нәрсе, сабақтың түрін ажырата білу. Сабақ екі түрге бөлінеді: 1)дәстүрлі сабақ, 2)дәстүрлі емес сабақ.
Оқытудың дәстүрлі әдісіндегі мақсат: мұғалім білім беруі қажет. Бұл жерде мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенеді. Ал оқушылар тыңдайды, тапсырманы орындайды. Оқытудың басым түрі + түсіндіру. Тек біржақты қатынас. Мұғалім жеке оқушылармен де жұмыс істеуі мүмкін. Дәстүрлі сабақ кезеңдері: а)үй тапсырмасын сұрау, тексеру; ә)жаңа сабақты түсіндіру; б)оқушыны бағалау; в)үйге тапсырма беру.
Яғни, дәстүрлі әдісте оқушы аса көп белсенділік көрсетпейді. Ал енді дәстүрлі емес, қалыптан тыс сабақ дегеніміз не? Дәстүрлі емес сабақтар: 1)пікірсайыс, 2)саяхат сабағы, 3)ойын, концерт сабағы, 4)сот сабағы, 5)конференция сабақ, 6)семинар сабақ, 7)сахналық сабақ, 8)баспасөз сабағы, 9)дәріс сабақ, 10)дебат сабақ т.б.
Оқытудың
дәстүрлі емес әдісінде немесе түріндегі
мақсат – оқушының дағды мен білімге қолын
жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының
өзара белсенділігі артады. Бұл жерде
жұмыс топтық не ұжымдық болуы мүмкін.
Сондықтан, мұғалім бағыттаушы. Мұғалім
жұмысты тапсырманың орындалуына қарай
ұйымдастырады. Оқушылардың танымдылық
белсенділігін арттырып отырады. Әрбір
сабақта оқушылар сұрақтарға жауап іздеп,
белсенді әрекет жасайды. Сабақтың дәстүрлі
емес түрін таңдағанда мұғалім төмендегі
мәселелерді ескергені жөн.
Мұғалім
үшін ең басты назар аударатын
мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде
сан мыңдаған әдістер бар. Сол
әдісті технологиядан ажырата білуіміз
керек. Бұл күнде мұғалімдер жаңа
технологияларды өз сабақтарында пайдаланып
та жүр. Кейде сол технологияларды орынсыз
қолданып, сабақта өзі көздеген мақсатына
жете алмай жүрген мұғалімдер де кездеседі.
Сонымен, әдіс дегеніміз – мұғалімнің
белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті,
тәсілі. Ал технология дегеніміз – көптеген
әдістердің жиынтығы. Сөзіміз түсініктірек
болуы үшін, көз алдымызға үлкен бір құрылысты
елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу
үшін көптеген кірпіш керек. Ал сол кірпіштерді
дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін.
Ол үшін білгір маман басқаруы керек. Міне,
біздің технологиямыз да осы іспеттес.
Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді
тиімді пайдалана білмесе, ол технологияны
түсінбегені. Ондай жағдайда мұғалім мақсатына
жете алмайды. Өйткені, мұғалімге сабақтың
жоспары белгілі. Енді, жоғарыдағы дәстүрлі,
дәстүрлі емес сабақтарды еске түсірейік.
Соңғы кездері оқыту үрдісіне интерактивті
әдістер көбірек қолданылып жүр. Оны, әсіресе,
қалыптан тыс сабақтарда пайдаланған
тиімді. Алға қойған мақсатқа жету үшін
мұғалім қай әдісті қашан және қалай қолдану
керектігін алдын ала жоспарлап отыруы
керек.
Сонымен әдістің түрлерін еске түсірейік:
Жас маманға ең қажетті дүниенің бірі – сабақтың түрлерін ажырату. Олар төмендегідей:
1. жаңа білімді меңгерту
қайталау сабағы
2. білімді тексеру және бағалау
3. қорытындылау (жүйелеу)
4. аралас (комбинацияланған)сабақ
Сонымен, жаңа білімді меңгерту сабағының басты мақсаты – жаңа
сабақты жан-жақты түсіндіру. Бұл кезде басқа сәттердің көлемі азаяды. Тек жаңа сабақ жайлы толық ақпарат беріледі. Терең, тиянақты білімнің негізін үйрету болып табылады. Оның кезеңдеріне мыналар жатады:
1. ұйымдастыру
2. жаңа материалды үйретуге дайындық
3. жаңа материалды түсіндіру
4. жаңа материалдар бойынша түсінігін бекіту, пысықтау
осы бойынша оқушы білімін бағалау
5. үй тапсырмасын беру
Ал қайталау сабағында бұрынғы өткен сабақтардан алған білімдерін
тереңдету, еске сақтағандарын нақтылау, ұмытуға жол бермеу, оқушы біліміндегі олқылықтарды жою басты мақсат болып табылады.
Оның кезеңдері мынадай:
1. ұйымдастыру
2. үй тапсырмасын тексеру
3. білімді жан-жақты тексеру
4. оқушының өткен сабақта алған білімін пысықтау, оқушы білімін бағалау
5. үйге тапсырма
Бекіту сабағында оқушылардың танымдық біліктері мен дағдылары
жетілдіріледі.
Сондықтан, бұл сабақта жаттығулар
мен қайталаулар көбірек
1. ұйымдастыру
2. жаңа материалды үйренуге дайындық
3. жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмалар
4. оқушыларды бағалау
5. үйге тапсырма
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат – оқушы білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың өн бойында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Қорытындылау
(жүйелеу) сабағында жалпы білімді
жалпылама қорыту жүреді. Бұл типі
жағынан білімді тексеру
Сабақтың
формалары төмендегіше
Сабақтың көрнекілігіне техникалық құралдар, кеспе суреттер,
сюжетті суреттер, семантикалық карталар, тірек сызбалар, кестелер, портреттер, көркем шығармалар, газеттер, журналдар, қолдан жасалған карточкалар, бейне таспалар мен үн таспалар, слайдтар, т.б. жатады. Қазіргі кезде кейбір мектептерде заман талабына сай компьютерлер мен мультимедиялар да қолданылып жүр. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктерді іріктеп алдын ала дайындап қояды. Сабақтың жоспарына қарай қай сәтінде қандай көрнекілікті пайдалану керектігін және оны қалай қолдану керектігін ескеру керек. Сонда ғана сабақта оқушыны қызықтыра, сабақты әрлендіре аласыз.
Ал
сабақтың барысында жоғарыда көрсетілген
сабақтың сәттерін негізге алуға
болады. «Тамызығын тапса, тас та жанады»
деген халық даналығы бекер айтылмаған
шығар. Қысқасы, мұғалім әр түрлі жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың
өн бойында негізгі мақсатты, оның түйінін
естен шығармай әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда
ғана өз мақсатына жетеді.
Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
Қазақ тілі – бастауыш мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі жетекші басты пән. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пен дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалын жақсы меңгеріп, алған білімдерін практикада қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін өткенде жүйелілік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік сақталуы қажет. Оқушылар білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оларды жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде табандылыққа, қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар білімінің тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін білімді тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру – әр мұғалімнің міндеті.
Сондықтан жаңа педагогикалық іскерлікті қолдануға ерекше мән беріп, пайдаланатын әдістерге тоқталайық.
1. В.Ф.Шаталовтың
тірек-сызба нұсқасы және
а)
Сыныптағы тақтаға салынған сызба
нұсқа арқылы сабақты түсіндіру.
Мысалы: «Көктем», «Наурыз» тақырыптарына
тірек сөздерді оқушылардың өзіне
жазғызу, сосын мұғалім толықтырып отырады.
Ағаш
бәйшешек
көктем жылы
ұя құстар
ериді
табиғат мейрам
наурыз
Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану