Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат
Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.
1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар
V - тыныс белгiсiнен кеткен қате.
Z – абзац керек деген белгi.
Z – артық қойылған абзац.
? – дүдамал, екiұшты, осы сөйлемдi ойлан деген белгi.
?! – пiкiрдi немесе фактiнi бұрмалаудан кеткен кемшiлiк.
! – осы жерге ерекше көңiл аудар.
~~~ - ауыстыруды
керек ететiн, бiрнеше
- стильдiк жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгi.
*** - сөз қалдырып кетсе, түсiнiксiз сөйлемдердi белгiлейдi.
Ендi осы шығарманы мұғалiм тексергенде ненi еске алу керектiгiне назар аударайық:
1. Дәптердiң сыртқы көрiнiсi
а) тазалығы
ә) әрiптердiң дұрыстығы
а) тақырып пен идеяның ашылуы
ә) пiкiрдiң молдығы
б) дәлелдiң дұрыстығы
а) жоспардың жүзеге асуы
ә) әрбiр бөлiмнiң мөлшерi
а) емлелiк жағынан
ә) синтаксистiк жағынан
а) сөйлемдердiң дұрыстығы
ә) көркемдiгi
Мiне, осы
қатемен жұмысты да үнемi оқушыларға
ескертiп отырған жөн. Осы айтылғандарды
басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай
болады.
Мазмұндама түрлерi және оған қойылатын талаптар
Көркем мәтiндi меңгертуде жиi қолданылатын жазу жұмыстарының бiрi – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтiндi қабылдап, сол қабылғандарын қайта жаңғыртуға тиiс және естерiнде қалған мәлiметтердi өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады, сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстыруға жаттығады.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды орынды қолдана бiлуге, жазбаша сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң синтаксистiк құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игi ықпал етедi. Осындай бiлiм дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерiн жүргiзуге болады:
Мазмұндама жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi әдiскер-ғалым С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау, т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтiндегi барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады.
Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтiн ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлi шығарма ұсынылған, ол нақышына келтiрiп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезiмiн тудыра алмас едi. Өйткенi мазмұндама мәтiндерiн оқушыларға оқып беруде мұғалiмнiң дауыс сазының әсерлi болуының маңызы зор. Сондықтан мазмұндама мәтiнiн оқығанда мұғалiм дауыс ырғағын бiрқалыпты сақтап, өзiнiң дикциясына қатты көңiл бөлгенi жөн. Мәнерлеп оқуда екi түрлi талап қойылады. Олар – физикалық және психикалық. Бiрiншiден, оқыған кезде дұрыс тұру, демдi еркiн және терең алу, дауысты бiрқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне оқудың ритмiн сақтау, сөздi анық айту, бiрқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгiлерiне сәйкестендiру, т.б. жатады.
Мiне, сондықтан мазмұндама мәтiнiн мұғалiмнiң өзi оқып бергенi жөн. Одан кейiн мазмұны айтылып, мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз сөздер мен сөз тiркестерi (фразеологизмдер) түсiндiрiледi. Мазмұндау жоспары түзiледi. Алғашқы кезде мұғалiмнiң көмегiмен, кейiннен оқушылар өз беттерiнше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтiннiң мазмұнына байланысты жай және күрделi болып келедi. Мәтiнге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз – мәтiн мазмұнын бөлiм-бөлiмге бөлiп беру деген сөз. Мәтiндi жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелеп беру, ондағы оқиғаның, iс-әрекеттiң орындарын алмастырып алмау үшiн қажет. Жоспарлау мәтiндегi әңгiме болып отырған негiзгi мәселенi тани бiлуге баулиды. Мәтiнге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар күрделi жоспар жолымен жүзеге асырылады.
Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi қосымша детальдардан түйiндi ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажеттi материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн ширатуға септiгiн тигiзедi.
Жұмыстың бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берiлген ойды күшейтетiндей детальдар қосып, мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерiн дамытып, тiлiн ширатады.
Мазмұндаманың бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген, етене таныс зат, құбылыс оқиға және iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселiп кетедi.
2) Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада даяр мәтiнге қосымша сол оқиға желiсiн ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсiнуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелi де көркем сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бiтiредi.
Суреттi пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлерi бар:
а) белгiлi оқиғаға арналған бiр сурет бойынша мазмұндама;
б) бiр оқиға мазмұнын ашатын сюжеттi суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.
Сурет және сюжеттi суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендiрiп өтуге мүмкiндiк мол. Атап айтқанда, сюжеттi сурет бойынша өткiзiлетiн мазмұндама мәтiнiндегi қайырымдар мен сөйлемдердiң орындарын ауыстырып берiп, оны суреттiң сюжетiне байланысты түзеттiрiп немесе орны ауыстырылған суреттердi мәтiн мазмұны бойынша жүйеге түсiрiп, түрлерi оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабiлетiн арттырады.
а) Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргiзуге болады:
Алдын-ала дайындалған қыс келбетi бейнеленген суреттi iлiп, сұрақ-жауап тәсiлi бойынша дайындық жұмысы жүргiзiледi.
1. Суретте
жылдың қай мезгiлi
Суреттiң мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып, сұрақтарға дұрыс берiлген жауаптар iрiктеледi.
Мұғалiм осы сурет бойынша дайындап келген мәтiндi мәнерлеп оқып шығады.
Мұғалiм мзмұндама мәтiнiн оқып болғаннан соң, әрбiр қайырым суретпен салыстырылады. Балаларға мағынасы түсiнiксiз деген сөздер мен сөз тiркестерi синоним сөздер арқылы түсiндiрiледi. Кейбiр сөздердiң орфографиясын есте сақтау қажеттiлiгi ескерiлiп, тақтаға жазылады.
Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзiледi.
Жоспардың үлгiсi:
1. Таңертеңгi табиғат көрiнiсi.
2. Өзен жағасында.
3. Балалардың қыс қызығы.
4. Балалар соққан аққала.
5. Қорытынды.
Мәтiн мазмұнын құрылған жоспар мен суреттi салыстыра отырып бiрнеше оқушы айтып шығады. Мұғалiм қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кiрiседi.
2. Сюжеттi
суреттер арқылы мазмұндама
3) Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетiнше сюжет ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұл шығармашылық жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды. Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзiндiк “менiнiң” қабiлетiне қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы “туа бiткен тiлдiк қабiлетiн” ояту. Мұғалiм бұл жұмысты “жеңiлден ауырға қарай жүргiзу” принципi негiзiнде iстейдi.
Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негiзiнде жазып шығады. Атап айтқанда:
а) келесi кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай түзiлген жоспар, әңгiме соңына бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер негiзiнде мазмұндама жаздыру;
ә) аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар негiзiнде мазмұндама жаздыру;
б) соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама жаздыру.
Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
Мектеп бiтiрушiлердiң сауаттылығын, бiлiмiн бағалау үшiн жүргiзiлетiн бақылау диктанттарындағы сөз саны белгiленген нормаға сәйкес болуы қажет.
Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану