Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Содержание

1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар

Работа содержит 1 файл

Жас маманға жәрдем.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Элективті курстың оқу-әдістемелік  кешеніне қойылатын  талаптар

      Элективті курстың ОӘК келесі негізгі элементтерден  тұруы тиіс:

  1. Курс бағдарламасы.

    1.1. Мазмұндама (атауы, негізгі мазмұны, курс кімге арналады). Бастысы

мазмұндаманың қысқа болумен қатар әрі тұтынушысына оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға жалпы мектеп қоғамдастығына арналған курстың тартымдылығы неде екені  жайлы толық мағлұмат беруі керек.

    1.2. Курстың  оқу үрдісінде алатын орны

      Жалпы білім беретін курстың жалпы білім беретін сондай-ақ базалық кәсіби пәндермен салыстырғандағы орнын анықтау: ЭК зерделеуде қандай пән аралық байланыстар жүзеге асатынын, кәсіби өзін-өзі анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда қандай жағдай жасалатынын, нақты мектептің оқу жоспарына енгізілген курс қандай мектеп қоғамдастығының мәселелерін (мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту; оқушылардың демалысын ұйымдастыру; мектеп пен отбасының, сонымен бірге мектеп, жергілікті әкімшілік, қоғамдастықтың өзара іс-әрекетін күшейту; аймақтың компонетті есепке алу; мектептің өзіндік ұстанымын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды)анықтап,шешеді. 
 1.3. Мүмкіндігінше курстың мақсаты мен міндеттерін тұтынушыға – яғни, мұғалім мен оқушыға түсінікті терминдермен беру. Не үшін оқылады, оқу үрдісі субъектілерінің қандай жетістіктерін қанағаттандыратыны – курстың мақсаты болып табылады.

      Мүмкіндігінше білім үрдісінің барлық субъектілерінің: оқушылардың, мұғалімдерінің, мектеп қоғамдастығының, толық қоғамның мақсаттарын ойластыру керек. «Білім үрдісіне қатысушылардың яғни, ата-ана, педагог, оқушы, білім мекемесінің рөлін арттыратын және білім субъектілері арасындағы жауапкершілікті тарату негізінде ашық мемлекеттік жүйе ретіндегі» білімді дамыту қажеттігіне бағыттанған жөн.

      Мақсатқа жету үшін – мақсатқа сәйкес курсты оқыту міндеттері қалыптасады. Курсты оқу барысында оқушы мен мұғалімге нақты қандай жұмыс істеу керек?

      1.4.Курс  мазмұнының негізгі компоненттері.  Бағдарламаның бұл бөлімі теориялық  және практикалық сабақтардың  мазмұнын (фактілер, ұғымдар, ұсыныстар, идеялар, қағидалар), білім мен дағды, қызметтің әдістері мен түрлері және оны меңгеру тәжірибесінен тұрады. Қандай бөлімдер және мектеп курстарының қай бөлімдері алдын-ала меңгерілуі тиіс екендігі көрсетілуі тиіс.

      Бұл мазмұнның кәсіпшілік оқыту мамандығына әсер ететін және қандай пайдалы мамандықтың білім мен біліктілігін қалыптастыратын /қызмет аясы/ көрсетіледі.

 Мүмкіндігінше курс мазмұны қай материалдарда іске асырылатынын (оқу құралы, оқушыларға арналған жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, хрестоматия, электрондық/мультимедиялық құрал, интернет қорлары және т.б.) көрсеткен жөн.

    1. Оқытудың әдістері мен нысандары оқытуды кәсіптендіру, оқушының жеке және жас ерекшеліктерін есепке алу, тұлғаның дамуы мен өзіндік даму талаптарына сай анықталуы керек.

 ЭК зерделеу әдістерінің негізгі бағыттары:

  • толық көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық интеграция;
  • тәжірибе мен ынтымақтастық негізінде оқыту;
  • оқушының жеке ерекшеліктері мен тұтынушылықтарын есепке алу;
  • өзін-өзі тануда қоршаған әлем туралы ақпаратты іріктеу, жеке танымдық тәсілдердің түрлілігі (кіші топтарда рөлдік ойындар, имитация, үлгілеу, тренинг, жоба әдістерінің интерактивтілігі);
  • тұлға қызметі, субъект, субъект тәсілдері (мұғалім мақсатына емес, оқушы тұлғасына назар аудару, өзара әрекет ету теңдігі);
  • фасилитация.

     Оқытуда оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруда шығармашылық және ізденімпаздық тәсілдері – оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыс істеуде түрлі оқу ақпарат көздерімен жұмыс атқару бөлігіне аса мән беру керек.

 Өзара қызмет негізінде жалпы білім беру мақсатына бағытталған мұғалімнің басты қызметі сонымен қатар – лидерлік қасиет. Бұндай тәсіл – психологиялық климатты, сенімділікті, өзара көмекпен ынтымақтастықты құруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, мұғалім білім әлеміне жетелейтін «жетекші», өзіндік тапсырмалар мен теориялық материалды зерделеудегі – кеңесші және сарапшы, имитациялық ойын мен тренингте – жетекші, оқу жобасын орындау барысында үйлестіруші және кеңесші болады.

 Оқу сабақтарының ұйымдастыру нысандарын анықтағанда ең алдымен курстың арнайы мақсаттарына сүйену керек. ЭК бір не одан артық бірнеше оқушы оқығандықтан жеке-топтық және ұжымдық жұмыс нысандарының нұсқалары ретінде қарастырған жөн. Егер курстың мазмұны тек топтық немесе ұжымдық нысанда игерілуі мүмкін болса, онда оқитын топтың минималдық санын нақтылау керек.

 Таңдаған кәсіп түріне қарай болашақ кәсіп қызметінің үрдісі мен шарттары туралы оқушыға түсінік беретін оқыту түрлері мен әдістерін қолдануды қарастыру арқылы кез-келген деңгейде оларды жобалаған маңызды.

 ЭК оқытудың мазмұны мен әдістемесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар:

  • тақырыптың тұлғалық өзектілігімен әлеуметтік маңыздылығы;
  • базалық курстарды қолдау, тереңдетілген кәсібилендіру мен бірге оқытудың жеке траекториясын таңдау;
  • мұғалім мен оқушының оқу сұранысына ие болып, оқушының болашақ кәсіби қызметіне барабар оқытудың түрлі нысандары мен әдістеріне сүйеніп оқытуды ұйымдастыру.

 Сонымен қатар, оқушылардың кәсіби оқуына сәйкес практикалық қызметке араласқаны да маңызды. Жалпы – оқу, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық қабілет пен дағдыны дамытып, қалыптастыруды қамтамасыз етуі де керек.

 1.6. Курсты оқу нәтижесі. ЭК оқытуда күтілетін нәтижесі сауалының жауабы: жеке білім траекториясын мектепте құруға қандай білім, білік, тәжірибе қажеттігі мен мектепті аяқтаған соң сәтті кәсіби карьера алынып, қандай қызмет түрлері игерілетіні, оны игеру үшін қандай құндылықтар қажет екені ұсынылмақ.

 Оқыту нәтижесі «оқушы білуі керек» (мысал келтіру, түсінік алу, білу), «тәжірибесі болуы» терминдері түрінде беріліп, құзырлы термин ретінде қалыптасуы керек. Курстағы оқуды аяқтағанда оқу құзырлығының кем дегенде негізгі үш түріне сәйкес – топпен жұмыс, ақпаратпен жұмыс, мәселені шешу құзырлықтары бойынша білім алған оқушының деңгейін анықтауға болады.

    1. Барлық бөлімдері мен тақырыптарының негізгі мазмұны көрсетілген курстың тақырыптық жоспары мен оларды оқудағы бюджет уақыты.
    2. Қосымша оқу материалдары: мұғалім мен оқушыларға арналған (негізгі және қосымша) әдебиеттер, электронды басылымдар (компакт дискілер, компьютерлік оқыту бағдарламалары), интернет қорлары.
 

2. Оқушыларға арналған  оқу құралы.

  Курстың негізгі мазмұны дәстүрлі оқулық түрінде де, басқа да нысандарды (бейне курс, интерактивті компьютерлік бағдарлама, интернет қорлары т.б.) ұсынылуы мүмкін. Оқу материалын баяндау мұғалімді дәріс оқуға бағыттауға емес, керісінше оның атқаратын функциясы бойынша – оқушыға сыныпта жасайтын тапсырмаларды ұсынуға (мәтіндер мен материалдарды талқылауға, берілген материалдар бойынша пікірталас ұйымдастыруға), курсты меңгеру бойынша өзіндік жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауға және шығармашылық жобаларды дайындауға бағытталуы керек.

 Құралдың мазмұны оқушыларды өздігінен мәселелерді шешуге үйретуі керек. Материалдың баяндалуында оқушылардың алдына мәселе қойып, соңынан оны шешу жолдары көрсетілетін проблемалық стильді қолданған дұрыс. Шешімнің өзі анық құрастыру маңыздылығымен қатар, танымал болған мәселемен салыстырылуы керек.

 Құралдың анықтамалық-әдістемелік аппараттары да: курс пен оның бөліктерінің кестелері, айдаршалары, сөздік, бақылау, мәселе мен шығармашылық сауалдар мен тапсырмалар, иллюстрациялық тапсырмалар, қаріптік белгілер (терминдер, мағыналық екпіндер, мысалдар, қызықты деректер және т.б.) маңызды.

 Элективтік курс құралының оңтайланған нысаны – өзі үйреткіш. Бұнда оқу кітабының «мектептен кейінгі» болашағын есепке алу маңызды; оқушыға мектеп бітірген соң қандай сапада (сөздіктің, анықтаманың, оқу кітаптарының) пайдалы екендігі.  

3. Әдістемелік ұсыныстар/сабақ  әзірлемелері.

 Бұл оқу-әдістемелік кешенінің элементтері оқушылар мен мұғалімдердің сабақтарын дайындап, сапалы өткізуіне әсерін тигізуі керек. Әдістемелік ұсыныстар мен құрал оқушы мен мұғалім өзіне керегін алатын кітапқа біріктірілуі мүмкін. Бұндай нұсқадағы оқу кітаптары баспахана үшін де тиімді болады, себебі жеке мұғалімге арналған әдістемелік құралдар кітаптардың көп мөлшердегі данамен шығарылғанда ғана мақсатты болмақ.  

4. Хрестоматия/Мазмұндамаланған  әдебиеттер тізімі.

 Курс материалы игеруге қиын материалдарға негізделген жағдайда ғана хрестоматияны әзірлеу қажет. Егер ұсынылған әдебиетке қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, мазмұндамаланған әдебиеттердегі тақырыптардың қандай ақпарат көздерінен алынатын тізімі көрсетілгені жөн.  
 

Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану