Христиан діні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 16:48, реферат

Описание работы

Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.

Работа содержит 1 файл

Христиан діні.docx

— 56.79 Кб (Скачать)

            Қазіргі христиандардың дін кітабы болған төрт Інжіл Жəбірейіл алейһиссалам арқылы Иса алейһиссаламға көктен түскен нағыз Інжіл емес. Өйткені, Иса алейһиссалам көкке шыққаннан кейін төрт адам тарапынан жазылған тарихи кітаптар болып табылады. Олардың бірі Матта (Matthew//Матвей) достарының қалауымен Иса алейһиссаламның аспанға көтерілуінен соң он екі жылдан кейін “Милад-и Иса” атты кітап жазған. Бұл кітап Иса алейһиссаламның дүниеге келуі туралы жазылған тарихи кітап болып табылады. Екіншісі Маркус (Markos//Марк), ол Иса пайғамбарды көрмеген, хауарилерден естігендерін уруждан (Иса алейһиссаламның аспанға көтерілуі) 28 жылдан кейін жазған. Үшіншісі Лука (Luke) деген адам. Ол да Иса алейһиссаламды көрмеген, хауарилерден естігенін 32 жылдан кейін Александрияда жазған. Төртіншісі - Жохан (Jahn//Юханна). Оның хауари екендігі туралы айтылады. Уруждан 45 жылдан кейін Иса алейһиссаламның өмірі туралы жазған. Аллаһу Та’ала жіберген Інжіл кітабы - тек бір ғана кітап еді. Ол Інжілде бір-біріне қайшы келетін ешнəрсе болмағандығы ақиқат Ал, төрт Інжіл болса, өзара қарама-қайшылықтарға толы.  

            Құран Кəрімде Иса алейһиссаламның өлтірілмегендігі, асылмағандығы айқын көрсетілген. Аталған төрт тарихи кітапта оның өлтірілгендігі туралы жазылғандықтан Құран Кəрімде көрсетілген, Аллаһтың сөзі болған Інжілдің бұл төрт кітаптан басқа кітап екендігі байқалады. 

            Бұл кітаптардағы оқиғалардың бір бөлігін Иса алейһиссаламнан естімегендіктері, оны Иса пайғамбар көкке көтерілгеннен кейін жазғандықтары кітаптардан аңғарылады жəне бұл туралы пірəдарлар да айтады. Мысалы, қамаудағы жəне өлтірілгенін алға сүрген кезде Иса  алейһиссаламның ауызынан келтірілген сөздер осыған жатады. Бұл сөздердің ақиқат Інжілде жоқ екендігі, Аллаһтың сөзі емес екендігі айқын. Қазір ақиқат Інжіл жоқ. Христиандардың қолында да, мұсылмандарда да мұндай кітап кездеспейді. Тіпті, пірəдарлардың көпшілігі көктен түскен Інжілдің жоқ екенін айтады. Бір аңыз бойынша яһудилер Иса алейһиссаламды өлтіретін кезде Інжілді өртеген немесе жыртып тастаған, ол кезде Інжіл таралмаған еді. Өйткені, Иса алейһиссаламның пайғамбарлық кезеңі үш-ақ жылға созылып, иман келтіргендер өте аз болды. Олардың көпшілігі оқу-жазуды білмейтін. Немесе 325 жылы жойған Інжілдердің ішінде дұрыс Інжілді де қате деп есептеп өртеп жіберген. Ол кезде бір-біріне қайшы келетін 40-50 Інжіл бар болатын. Əрқайсысына сенетіндердің арасында соғыстар болып, көп қан төгілетін. Ариус соты кезінде олардың төртеуін қалдырып, қалғанын өртегендігі ширкеу тарихтарында жазылған. Бір ағылшын пірəдар тыйым салынған Інжілдерді іздеп, тапқандарын ағылшын тіліне аударған, таппағандарының есімдерін жазып, 1236 жылы (м.1820) Лондонда басып шығарған. «Əл-жауаиб» газетінің хатшысы Ахмет Фариси оны араб тіліне аударған. “Інжіл” делінген кітаптардың есімдері “Самсамийа” кітабына енгізілген.  

            Христиандар осы төрт Інжілдің, қолдарындағы Тəурат, Зəбүр деген кітаптардың көктен түскендігіне сенеді. Осы төрт Інжілде Иса алейһиссаламның сөздері деп берілген сөздер күмəнді əрі мəшһүр емес. Марка мен Лука Павлостың шəкірттері, олар Иса аклейһиссаламды ешқашан көрмеген. Павлостың да Иса алейһиссаламды көрмегендігі жəне ол көкке шығарылғаннан кейін келіп: «Иса маған көктен көрініс берді» дегендігі «Китаби муқаддастағы» “Расулдардың іс-əрекеті” деген кітабының тоғызыншы бөлімінде Лука тарапынан жазылған. Олардың хауарилерден естігендерін жазғандығына да сенуге болмайды Өйткені, өздеріне осы мəліметтерді жеткізгендердің ешқайсысының есімдері мен жағдайлары туралы жазбаған, керісінше Иса алейһиссаламды көріп, өзінен естігендей етіп жазған. Тарихшылар мұндай жазуларды жалған деп есептейді. Мысалы, Иса алейһиссаламды яһудилер ұстауға келген түні жанындағы он бір хауаридің (апостол) қашып кеткендігі жəне басшылары Петрустың алыстан бақылап, Иса алейһиссаламды əкеткен яһудилердің артынан бас раввиндің үйіне дейін барғаны, кейін олардан қорқып қашқандығы Маттаның 26-шы жəне Марктің 14-баптарында жазылса, төрт Інжілде “яһудилер Исаны ұстап, олай жасады. Ол былай жауап берді”деп көргендей жазады. Бұлардың өтірік екендігі айқын.  

            Қазіргі таңда бүкіл христиандар Изник консилінде (діни мəжіліс) пірəдарлар қабылдаған төрт кітаптың көктен түскен Інжіл екендігіне сенеді. Жохан (Юханна) Інжілінде жазылған тəслис (үш құдай) сенімі діндерінің негізгі болып табылады. Яғни, Иса алейһисаламды тəңір немесе тəңірдің баласы деп санайды. Мұхаммед алейһиссаламға сенбегендіктері, мұсылман болмағандықтары үшін барлығы кəпір болып  есептеледі. 

  

  

٭٭٭٭٭٭ 

  

Насранилік - Христиандықтың негізі бұзылмаған кездегі аты. Бұзылғаннан кейін “христиандық” деп атала бастады. 

Исауилер – Исашылдық. Насрани дінін ұстанған имандылар. “Исаның (алейһиссалам) жақтастары, жолындағылар” мағынасын береді. “Насранилер” немесе “Мəсихшілер”деп те қолданылады. 

Информация о работе Христиан діні