Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 16:48, реферат
Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.
Крест жорықтарында қаншама мұсылманның қанын төкті. Құдысқа кірген кезде христиан
тарихшылары айтқандай мешіттерде өлтірілген
мұсылмандардың қаны
ат сауырына дейін жетті. Бірақ, кейін Құдысты олардан қайтарып алған Салахиддин Айуби христиандарға үлкен
жомарттық
танытып, тұтқынға алған ағылшын
королі арыстан жүректі Ричардты босатып
жіберді. Кейбір христиан фанаттары Осман
империясына қарсы жасалған жорықтарды да мұсылмандарға қарсы жасалған крест жорықтары деп санады. 1912-13 жылғы Балқан соғысын
бір француз тарихшысы “ең үлкен крест жорығы” деп санау фанатизміне
дейін барған-ды.
Андалусия мұсылман мемлекеті 1492 жылы
испандар тарапынан басып алынған кезде испандар ол жердегі
мұсылмандарды қырған не
болмаса зорлап христиан дінін қабылдатқан еді.
Осы тағылық əрекетті
христиандар Американың жергілікті халқы инктерге де қолданған. Испандар бұл шарасыз ұлтты мүлдем жойып жіберді.
Христиандардың Ислам дініне жəне оның пайғамбарына жапқан жалалары мен өтіріктері əлі күнге дейін ең төмен, ең əдепсіз тəсілдермен жалғасын табуда. Үндістандық Рахметуллаһ əфəнді “рахимаһуллаһу та’ала” 1854 жылы Делиде
жəне
кейінен Стамбулда ағылшын протестант дін басыларымен
жасаған
арадағы
пікірталасында оларды жауап бере алмайтын
дəрежеге
жеткізген, ақырында поптар қашқан. Осы Ислам ғалымы бұл жеңісі туралы жəне оларға берген жауаптарын Стамбулда қағаз бетіне
түсірген.
Бұл
кітап “Изхар-ул-хақ” деген атпен араб тілінде
2 том болып 1864 жылы басылды. Кейіннен Мысырда қайта
басылды. Бірінші томының түрік тіліндегі аудармасы
осы атпен Стамбулда, екінші томының түрікше
аудармасы “Ибраз-ул-Хақ” деген атпен 1877 жылы Боснияда
басылды. Ағылшын,
француз, урду, парсы тіліндегі аудармалары
да жарық
көрген.
Өзгертілген
«Тəурат»
жəне
«Інжіл» кітаптарындағы өтірік сенімдер мен жалаларға дəлелдермен
жауап берген құнды Ислам кітаптарының ішінде
Абдуллаһ
Тəржуманның араб
тіліндегі “Тухфат-ул-ариб” кітабы, Нажаф Əлидің 1871
жылы Стамбулда жазған “Мизан-ул-мауазин” кітабы,
Имам Ғазалидің (рахметуллаһи алейһ) “Əр-раддул-жəмил”
кітабы жəне
Ибрахим Фасих Хайдаридің “Əс-сыратул-мустақим” кітабы “Хақиқат кітабүйі” атты баспа үй тарапынан басылған.
Христиандардың ішінде де пірəдарлардың (поптардың) зұлымдықтарына, ақылға қонымсыз жəне қисынсыз сенімдеріне қарсы
шыққандар
кездесті. 1517 жылы Лютер деген пірəдар
папаға қарсы
шықты,
ол Інжілді неміс тіліне аударып, Інжілде
кездеспейтін “пірəдарлардың үйленбеуі”, “үйленгендердің еш уақытта ажыраспауы”, “күнə шығару”
жəне
“креске табыну” сияқты мəселелерді христиан дінінен
алып тастады. Осылайша 1524 жылы “протестант”
деген жаңа
христиан бағытын құрды. Бірақ, үштік сенімді (əке, бала, қасиетті рух) сол қалпында қабылдады.
1534 жылы ағылшын королі VIII Генрий де
папаға қарсы
шықты
жəне
оның ұсынысы
жəне
күштеуімен
ағылшын-американ
ширкеуі салынды. Атақты француз əдебиетшісі Вольтер «Кандид»
атты еңбегінде
пірəдарлардың қате
түсіндірмелері,
бұрмаланған діни
сенімдері мен əртүрлі айлакерліктері туралы
жазып, оларды масқаралады. Бұдан кейін жазылған осындай шығармалар француз төңкерісінің (1789)
жасалуына үлкен ықпалын тигізді. Осы төңкерістен
кейін пірəдарлар
назардан тыс қалды. Амал не, мұсылмандар арасынан уаххаби қарақшылары
сияқты
бұзық адамдар
шығып,
Исламды жаман етіп танытқандықтан, христиандар Исламды қабылдаудың орнына
дінсіздікке бой алдырды. 1917 жылғы Ресейдегі
большевик төңкерісі де дінді жоюға бағытталған.
Бірақ,
арада уақыт өтіп,
төңкерістің əсері
азайғаннан
кейін адамдар қайтадан табынатын бір құдіретті
іздей бастады. Нобель сыйлығының иегері орыс əдебиетшісі Солженицын “Алғашқы шеңбер”
атты еңбегінде:
«Екінші дүниежүзілік
соғыста
Сталин де Аллаһқа сенген, жерге сəжде етіп, жасырын түрде
Одан жəрдем
тілейтін» деп жазады.
Иса алейһиссалам көрсеткен алғашқы Исауилік (исашылдық, мəсихшілік)
туралы мəліметтерді қамтитын
алғашқы Інжіл
бірқатар өзгертулерге ұшырап,
оған
адамдар тарапынан басқа бөлімдер қосылған. Аллаһу Та’аланың сөздері жоқ етілген. Осылайша, Інжіл қасиеттілік
сипатын жоғалтқан. Ислам ғалымы Əлхаж Абдуллаһ бин Дастан Мустафа “Изах-ул
Мəрам
фи кашф-из-зулам” атты түрікше еңбегінде былай дейді: «Иса
алейһиссаламды
яһудилер ұстап, өлтіргісі
келген кезде қасындағы Інжілді де отқа жаққан немесе жыртып тастаған.
Ол кезде Інжіл əлі əлемге таралмаған еді, Иса алейһиссаламның діні де əлі орнықпаған болатын. Өйткені, Иса пайғамбар тек екі жарым, үш жыл ғана
дінді уағыздай
алды. Сол себептен Інжілдің тағы бір нұсқасының жазылған болуы мүмкін емес. Иса алейһиссаламның сахабалары өте аз
жəне
көпшілігі
сауатсыз адамдар еді. Сол үшін де оларда Інжілдің тағы бір
жазба нұсқасының болуы
мүмкін
емес. Інжілді ешкім жаттаған да жоқ болатын. Тағы бір мүмкін нəрсе мынау: Иса алейһиссалам
дүниеге
келгеннен 325 жыл өтіп, Изник мəжілісінде көптеп Інжіл нұсқалары қате, негізсіз деп өртелген
болатын. Ақиқат Інжілдің солардың ішінде
жоғалтып
жіберілген болуы да мүмкін».