Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 16:48, реферат
Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.
96-бабында: «Аллаһ тірі. Аллаһу Та’ала бабамыз Ибрахимге:
“Сенің
нəсіліңнен
шыққан
барлық
адамдарды нығметіме бөлеймін” деп уəде берген, алайда ол мəсіһ (расул)
мен емеспін. Аллаһу Та’ала мені дүниеден алып кеткен кезде
шайтан барлық адамды менің Аллаһтың өзі немесе Аллаһтың баласы екендігіме сендіреді.
Осы қарғыс атқыр бүлікті
тағыда
шығарады.
Сөздерім
мен сенімімнің бұзылып, өзгеретіні соншалық, отыз
шақты ғана
иманды адам қалады. Сондай заманда Аллаһу Та’ала
адамдарға
рақымшылық жасап,
барлық
нəрсені
сол үшін
жаратқан
расулын жібереді. Бұл расул оңтүстіктен келеді. Үлкен құдіретке ие болады. Ол пұттарды қиратады,
пұтқа табынушылықты жəне шайтанның адамдарға билігін
жояды. Оның
сөзіне
сенгендер Аллаһу Та’аланың түрлі нығметтеріне қол жеткізеді» дейді.
97-бабында: «“Айтқан Мəсихіңнің аты кім жəне оның келу белгілері қандай?” деп сұраған көріпкел бақсыға Иса былай деді: “Мəсихтің аты
таңдануға тұрарлықтай.
Аллаһу
Та’ала оның рухын жаратқан кезде оған осы есімді берді жəне оны өзінің көктегі əсем
орнына қойды.
“Күт,
ей Ахмет, сен үшін мен жұмақты, əлемді жəне көптеген нəрселерді жаратамын. Оларды
саған
сыйлаймын. Сені қадір тұтқан адамды мен қадір тұтамын. Саған күпірлік жасаған адам менен қарғыс алады. Мен сені əлемге
менің құтқарушы
расулым ретінде жіберемін, сенің сөзің ақиқаттан
тұрады.
Жер мен көк
жойылса да, сенің иманың мəңгі сақталады” деді. Оның есімі
Ахмет болады. Осыған орай, Исаның айналасына жиналған халық “Ей,
Ахмет! Əлемді құтқару үшін
тезірек кел!” деп айқайлай бастады» деп жазылған.
128-бабында: «Бауырларым! Мен
136-бабында: тозақ туралы түсіндірме беріліп, Мұхаммед
алейһиссаламның өз үмбетін
жаһаннамдан қалай құтқаратындығы айтылған.
163-бабында: «Хауарилердің: “Келетіні туралы айтқан адамың кім?”
деген сұрағына
Иса жүрегі
тебіреніп тұрып: “Оның есімі Ахмет. Ол келген кезде ұзақ уақыттан
бері жауын жаумаса да, жерде жеміс ағаштары өседі.
Ол əкелген
Аллаһтың рахметінің арқасында
адамдарға
жақсы,
ізгі істер жасауға мүмкіндік туады. Аллаһтың рақымдылығы адамдарға жаңбырша
жауады” деді» дегені келтірілген.
Иса алейһиссаламның соңғы күндері туралы Барнабас Інжілі
мынадай мəлімет
береді (215-222-бабтар): «Рим əскерлері Исаны ұстау үшін ішке кірген кезде төрт ұлы періште
Жəбірейіл,
Исрафил, Микаил жəне Əзірейіл Аллаһу Та’аланың əмірімен Оны құшақтап алып, терезеден шығарып
көкке
көтерді.
Рим əскерлері өздеріне
жол көрсетіп
жүрген
Йаһуданы
(Иуда, Judas) “Сен Исасың!” деп ұстап алды. Оның қарсылығына, айқайлағанына, жалбарынғанына қарамай, сүйреп апарып креске керді.
Кейіннен Иса алейһиссалам анасы мен хауарилерге
көрінді.
Мəриямға: “Ана,
көріп
тұрсың ғой.
Олар мені емес, сатқын Йаһуданы асып өлтірді. Шайтаннан сақтаныңдар! Өйткені,
ол дүниені қате
сеніммен алдап-арбау үшін барлық нəрсені жасайды. Көрген, естіген нəрселерің үшін сендерді куəгер етемін” деді. Одан кейін
сенгендердің қорғалулары жəне күнəһарлардың өкінуі үшін Аллаһу Та’алаға дұға етті. Шəкіріттеріне қарап: “Аллаһу Та’аланың нығметі мен рақымдылығы жаусын” деді. Сосын төрт періште
оны шəкірттері
мен анасының көз алдында қайтадан аспанға алып кетді».
Барнабас Інжілі соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның келетінін одан 1000 жыл бұрын
айтып тұр.
Аллаһу
Та’аланың
бір екендігін айтып, үш құдай сенімін жоюда.
Барнабас Інжілі Мұхаммед алейһиссалам келуден 700 жыл бұрын
“кəпірлік”
деп қараланып,
жиналып алынып жоғалтылды. Демек, сол кездің өзінде
оның
ішінде фанатик христиандарға ұнамайтын, яғни Аллаһу Та’аланың бір екендігін, Иса алейһиссаламнан
кейін басқа
пайғамбардың келетінін
көрсететін
сөздер
болған.
Оны итальян тіліне аударған Фра Марино католиктік
пірəдар
болатын. Мына нəрсені ұмытпау керек, көп уақыт бұрын, яғни б.д.д. 300-325 жылдар аралығында
бірқатар
христиан дін адамдары Иса алейһиссаламның Аллаһтың ұлы екендігін қабылдамай,
оның
да біз сияқты
адам екенін дəлелдеу үшін Барнабас Інжілін алға тартады.
Олардың
ең
танымалы – Антиохия епископы Лучиан.
Оның
шəкіріті
Ариус (270-336) одан да танымал болған.
Ариус Александрия епископы, кейіннен
Стамбул патриархы болған Александр тарапынан
“кəпір”
деп жарияланып, қудаланған. Осыған орай Ариус досы, Измит
епископы Еусбюстың қасына барады. Ариустың сенімі
айналасына көптеген жақтастар жиналады. Тіпті Византия
императоры Константин мен қарындасы да оның құрған ариандар мазһабына кіреді. Ариустан кейін
тек Мұхаммед
алейһиссалам
кезеңінде
папа болған
Гонорий қана
(Honorius) Иса алейһиссаламның адам баласы екендігін жəне үш тəңірге
сенудің
дұрыс
еместігін айтқан. 630 жылы қайтыс болған папа Хонориус 48 жылдан
кейін 678 жылы Константинополда жиналған Рухани
мəжіліс
тарапынан ресми түрде “кəпір” деп лағынетелген. (Anathematised) 1547 жылы
сицилиялық
рахиб (христиан дін адамы) Камиллоның ықпалында
болған
Л.Ф.М Соззини христиандардың ең ұлы дін ғалымы жəне Келвинизмнің құрушысы француз Джан Келвинге
(1509-1564): «Мен үш тəңірге сенбеймін» деп, Ариустың мазһабын
таңдайтынын
білдіріп, маңызды христиан сенімі болған Адам
алейһиссаламның үлкен
күнəсі жəне Исаның осыны
кетіру үшін
дүниеге
келгені туралы нанымды қабылдамаған. Осы адамның жиені болған Ф.П. Соззини 1562 жылы бір
кітап жариялап, Иса алейһиссаламның тəңір емес екендігін нақты көрсеткен.
1577 жылы Соззини Трансилванияда Клаусенбург қаласына
барған
еді. Өйткені
осы мемлекетті басқарып отырған Сигисмунд үш тəңірі сенімін қабылдамайтын. Сол жерде
епископ Францис Давид (1510-1579) үштік сенімге толығымен қарсы
шығып,
бір мазһаб құрған болатын.
Бұл
мазһаб
Польшадағы
Раков қаласында құрылғандықтан
олар “раковиандар” деп аталды. Олардың барлығы Ариустың мазһабын ұстанатын.
Көптеген
ынсапты, ақылды
христиан дінбасылары қолдарындағы Інжілдерге сенбей, дұрыс
Інжілдің
Барнабас Інжілі екендігін мойындауда.
Мұны
көрген
папалар жəне
олардың
айналасындағы топтар Барнабас Інжілін
жоюға
бар күштерін
салуда.