Христиан діні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 16:48, реферат

Описание работы

Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.

Работа содержит 1 файл

Христиан діні.docx

— 56.79 Кб (Скачать)

            Иса алейһиссаламға Інжіл кітабы түсірілді. Бірақ, яһудилер бұл кітапты сексен жылда жоқ етті. Кейіннен жазылған, христиандар Аллаһу Та’ала тарапынан жіберілгеніне сенетін “Китаби муқаддас” (Қасиетті кітап) екі бөлімнен тұрады: біріншісі, “Ескі өсиет” (Old Testament) кітабының сол кезге дейінгі пайғамбарлардың, əсіресе Мұса пайғамбардың уағыздарын қамтиғанына сеніледі. Екіншісі, “Жаңа өсиет” (New Testament) Иса алейһиссаламға сенгендердің ішінде Матта (Matthew), Марк (Mark), Лука (Luke) жəне Жоханның (Jahn) жазған кітаптары болып, ол Иса алейһиссаламның өмірін, жасаған істерін жəне айтқан насихаттарын қамтиды. 

            Інжілді дайындауда Құран Кəрімнің жазылуында сақталған мұқияттылық сақталмаған. Ақиқат мəліметтерге бірқатар қате түсініктер, ырымдар, аңыздар енгізілген. Хижраның 1303 (м.1885) жылы қайтыс болған монастырлық мұғалім қажы Абдуллаһ Абди бектің араб тілінде жазылған “Рисала-и самсамийа” жəне түрік тілінде жазылған “Изах-ул-мəрам” кітаптарында Інжілдер туралы кең мəлімет берілген. Ақиқат Інжілге өте жақын Інжіл нұсқаларының да бар екендігі қазіргі кезде байқалуда. 

            Олардың ең маңыздысы Барнабас Інжілі. Барнабас Кипрде дүниеге келген яһуди кісі, шын аты Жозеф болатын. Ол Иса алейһиссаламға сенетіндердің алғашқыларынан бірі жəне хауарилердің (апостол) арасында маңызды орын алады. Оған тағылған “Барнабас” деген лақап “насихат жасаушы”, “жақсылыққа шақырушы” мағынасына келеді. Христиан əлемі Барнабасты Павлоспен (Saint Paul) бірге христиан дінін таратқан қадірлі тұлға деп таниды жəне жылда маусымның 11 жұлдызында пасхасын тойлайды. Барнабас Иса алейһиссаламнан естіген, үйренген нəрселерін сол күйінде өзгертпей жазып отырған. Бұл Інжіл христиандықтың алғашқы үш жүз жылында басқа Інжілдермен бірге қолдан-қолға өтіп, оқылған. 325 жылы Изникте поптардың (Nicene) рухани мəжілісі ибрани тіліндегі барлық Інжілдерді жоюға шешім қабылдаған кезде, Барнабас Інжілі де жойылған. Өйткені, төрт Інжілден басқа Інжілді оқыған жəне сақтаған адамдарды өлтіру туралы бұйрық шыққан еді. Қалған Інжілдер латын тіліне аударылған, тек Барнабас Інжілі өте құпия түрде жоғалған. 383 жылы папа Дамасус кездейсоқ қолына түкен Барнабас Інжілінің нұсқасын папалықтың кітапханасында сақтаған. Хижраның 993 (м.1585) жылына дейін осы жерде тұрған Барнабас Інжілін папа Сикстаның (Sextus) досы Фра Марино (Fra Marino. “Fra” итальян тілінде “бауыр” жəне “пірəдар” мағынасына келеді) кітапханадан тауып алып, оны көп зерттеген. Өйткені, атақты христиан дінбасы Иранеус (130-200) шамамен 160 жылы Аллаһтың бір екенін, Исаның Аллаһтың баласы еместігін айтып, “Павлос римдіктердің бірнеше тəңірге табыну əдетін алып, үш Құдайға табыну сенімін христиан сеніміне қосқысы келген” деп, Павлосты сынға алғанда бұған дəлел ретінде бір құдай сенімін уағыздаған Барнабас Інжілін көрсеткен еді. Осыны білетін Фра Марино Барнабас Інжілін мұқият оқып, шамамен 1585-1590 жылдары аралығында оны итальян тіліне аударған. Осы итальянша қолжазба əркімнің қолына өтіп, соңында Пруссия королінің кеңесшісі Кремердің қолына тиеді. Кремер оны х.1120 (м.1713) жылы түріктерді Зентада жеңгендігі жəне олардан Мажарстан мен Белградты алғандығы үшін Еуропада атағы таралған ханзада Юган де Савойға (1663-1736) сыйлаған. Ол қайтыс болғаннан кейін Барнабас Інжілі оның жеке кітаптарымен бірге 1738 жылы Венадағы королдік кітапханасына (Hofbibliothek) өткізілген.  

            Алғаш рет бұл кітапханадан Барнабас Інжілінің итальянша аудармасын тапқан ерлі-зайыпты Рогтар (Ragg) оны ағылшын тіліне аударған. Осы ағылшынша аудармасы х.1325 (м.1907) жылы Оксфордта басылған. Бірақ, бұл аударма да таңғажайып тəрізде жоғалып кеткен. Оның бір нұсқасы “Бритиш музей” мұржайында, бір нұсқасы да Вашингтонда Америка конгресі кітапханасында бар. Пакистанның Құран Кəрім қоғамы “Qoran Council” ағылшынша нұсқасын 1973 жылы қайтадан басып шығарды.  

            Барнабас Інжілінің 70-бабында: «Иса өзіне “Сен Аллаһтың баласысың” деген Петрусқа ашуланды. Оған ұрысып “Кет, жоғал! Сен шайтансың, маған жамандық істегелі тұрсың” деді. Одан кейін хауарилеріне қарап. “Маған бұлай айтқандарды қарғыс атсын. Өйткені, Аллаһ маған оларды лағнеттеуге бұйрық берді” деді» делінеді. 

            71-бабында: «Мен ешкімнің күнəсін кешіре алмаймын. Тек Аллаһ қана күнəларды кешіреді» дейді. 

            72-бабында: «Иса:“Мен бұл дүниеге Хақ Та’аланың дүниеге саламат əкелетін расулының жолын дайындау үшін келдім. Бірақ, сендер абайлаңдар, ол келгенге дейін алданып қалмаңдар. Өйткені, менің сөздерімді алып, менің Інжілімді бұзатын бірқатар жалған пайғамбарлар шығады” деді. Сол кезде Андреастың: “Ол расул туралы бізге айтып берерсің?” деген сұрағына “Бұл расул сендердің дəуірлеріңде келмейді. Сендерден бірнеше жылдан кейін менің Інжілім өзгертіліп жəне ақиқатқа шынайы сенгендердің шамамен 30 ғана адамды құраған кезінде келеді. Міне, сол кезде Хақ Та’ала адамдарға аяушылық танытып, елшісін жібереді. Оның үстінде əрдайым ақ бұлт жүреді. Ол өте құдіретті болады, пұттарды қиратады, пұтқа табынушыларды жазалайды. Оның арқасында адамдар Аллаһты таниды. Оны құрмет тұтады жəне мен де шындық адамдық халіммен таныламын. Менің адамнан басқа нəрсе екендігімді айтқандардан кек алады” деп жауап берді» дейді.  

Информация о работе Христиан діні