Экстремизм и терроризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:24, доклад

Описание работы

Экстремизм жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.

Работа содержит 1 файл

экстремизм терроризм.docx

— 198.59 Кб (Скачать)

Ешқандай мәдениеттің  өздігінен пайда болмайтыны рас. Әлемді тамсантқан Ислам мәдениеті  пайда болғанда өзінен бұрынғы Мысыр, Месопотамия, Грек, Парсы, Үнді мәдениеттерін  пайдаланғаны, олардың Исламның өзегімен ұштасатын тұстарын алып, дамытқаны  белгілі. Мәселен, әл-Фарабидің басқа  дін мен басқа ұлттың өкілі  болғанына қарамастан Стагирит Аристотелдің (м.б. 384-322) пікірлерін дамытқаны осының бір айғағы. Осы орайда айта кететін  бір жәһіт; ерте дәуірдегі мұсылман зерттеушілері грек, ибрани, парсы, үнді және түркі тілдеріндегі көп  мұраларды хатқа түсіру не аудару арқалы әлемдік мәдениеттің маңызды  мирастарының сақталып қалуына үлкен  үлес қосты. Егер мұсылман ғалымдары  мен көрегенді билеушілерінің осы  қызметі болмағанда, бәшәриет көп  нәрседен махұрым қалар еді, бүгінгі  өркениет сәуиесіне жете алмас еді. 

Мұсылман ғалымдар бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына ұсынды. Ғылымды күнкөріс пен мәртебе  алудың құралы деп көрмеді олар. Бір мисал келтірелік: Иран патшасы I Шапұр кезінде (241-272) Хұзистан аймағында  Жұндишапұр деген қала орнатылады. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі I Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың  екінші үлкен қаласына айналады. Мұнда  атақты дәрігерлік мектебі пайда  болады. Алайда, Жұндишапұрлық дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге  білдірмейді һәм үйретпейді /[9]/. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылғаннан соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын  ашып, пайдалана алған-ды. Алайда, Ибни Сина сықылды біртуар дәрігерлер болса жазған кітаптары тек мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның  өзінде кем дегенде алты ғасыр  бойы бас оқулық есебінде оқытылған. Со ғасырлардың ең мықты батыс  елдерінде мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық  ілімдарлардың шыға алмағаны осыдан.[10] Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай  дейді: «Исламның басты артықшылығы, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі  білімді халықтардың алдында  болуы, әрине, материалдық һәм рухани мәдениет жағынан бірдей мәдени біріншілікті ұстауында жатады» /[11]/. 

Мұсылмандардың басқа  мәдениеттерге қамқорлық жасағанының  енді бір белгісі олардың жер-су атауларын, кісі есімдерін өзгертпеуі. Күні бүгінге дейін мұсылман елдерінде  Исламнан бұрынғы жағырапиялық атаулар  сол қалпында (дыбыс үндестігінен басқа) қалғаны мұны растайды. Мисалы, Түркиядағы жер, су, қала, аудан атауларының  басым көпшілігі грек тіліндегі  бұрынғы атауымен қалған. Тек, түрік  тілінің үндестік заңына сәйкестендірілген; Ыстамбұл, Анкара, Измир, Трабзон, Анталя, Бұрса т.т. бәрі де ежелгі атауында. Бұдан басқа Солтүстік Африкадағы Триполи (Либия), Константин (Жазайыр), Казабланка (Мағриб), Александрия (Ескендерие, Мысыр) т.т. айтуға болады. Жә, мұсылмандар тарапынан Испанияда, Портұғалияда, Балқан елдерінде салынған қалаларды санап шығуға сан жетпейді. Мисалы; Италиядағы Палермо қаласының негізін мұсылмандар қалаған. 

Тарихта бірінші  рет халифалықтар дәуірінде дүние  жүзі мәдениеттері тығыз араласты; қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері батысқа, мұсылмандардың ғылыми-мәдени табыстары болса қытай  еліне мәлім болды. Талас (751ж.) соғысынан  кейін Атлант мұхитынан Қытай  мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мұмкіншілік ашылды. Мұсылмандар 3 құрлықтағы билігінің  арқасында халықтар арасында мәдени байланыстардың орнатылуына орасан зор үлес қосты. Халифалар батыстағы  франк, герман, рим патшаларымен және шығыстағы қытай ханадандарымен тығыз мұғамалада болды; мәселен, қытай  деректерінде халифалықтан 651-798жж. аралығында 37 рет, ал 908-1168жж. аралығында болса 49 рет  елшілік келгені жазылған /[12]/. 

Қорыта айтатұғын  болсақ, тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі һәм кірігуі (интеграция) тек Исламнан кейін  ғана мүмкін болды. Оған дейін мәдениеттер  арасында өшпенділік пен пышақ сырты  ғана байланыс болған болса, Исламмен бірге шығыс пен батыстың барша  мәдениеттері жамырасып, үлкен жетістіктерге  қол жеткізілді. Оған дейін белгілі  бір мәдениетке ғана тән боп есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында  бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды. Мисалы, араб цифрлары деп атағы  шыққан сандардың ежелгі дәуірде  тек Үндістандықтарға ғана мәлім  болғаны белгілі. Мұсылмандар осы  цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ, оларды құр символдықтан шығарып, мағналы  белгілерге айналдырды. Бәшериет тарихында  бірінші рет нөл (сыфыр) цифрін мұсылман ғалымдар тапты уә еңбектерінде пайдаланды; мәселен, нөлді бірінші рет сан  ретінде қолданған Мұхаммед Мұсаұлы  әл-Хорезми (780-850) болды /[13]/. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз  сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы  сандарды белгіледі, жүздік, мыңдық және ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары мүмкін тарихтағы  ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Үстіміздегі информация ғасырында, телекоммуникация дәуірінде мұсылмандар  ашқан осы жаңалықтың қызығын  бүкіл әлем көруде. Орыс тіліндегі  цифр мен батыс тілдеріндегі cipher сөздері арабша нөл дегенді білдіретін «сыфыр» сөзінен алынған. Шындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда  қолданымы өте икемді һәм оңай. Әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық  Еуропаға тек X-XIIғғ. ғана мәлім болған; осы жаңалықты батысқа жеткізген  Герберт есімді адамның абырой-беделінің  артқаны соншалық, кейін ол Рим  Папасы сайланған /[14]/. Оның есімі Папа Силвестер II болып, Еуропа тарихында  қалды. Әл-Хорезмидің «Китаб әл-жәбір  уә-л Мұқабала» (Алгебра мен теңдіктер  кітабы) латын тіліне аударылғанда (XIIғ.) әл-жәбір сөзі алгебра деп  аударылғандықтан осы сөз термин боп қалыптасты. Оның екінші бір  кітабы латыншаға «Algorithmi de numero Indorum»  деп аударылғандықтан, алгоритм сөзі тағы да терминге айналды. 

Адам хұқұқтары  жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, он төрт ғасыр  бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде  барлық адамдардың хұқұқтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз: 

«26/183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық  шығарып, бүлік жасамаңдар!» /[15]/. 

Міне, көптеген аяттар мен хадистер мұсылмандарды орта жолға, қанағаттылыққа, адамгершілікке шақыруда. Сондықтан, Аллаһ Тағаланың  бұйрығын орындағысы келетін мұсылман ешқашан да экстремист, террорист  т.т. бола алмайды. Ислам дініндегі  автоконтроль жүйесі мұсылмандарды  асыра сілтеушілікке жібермейді. Ислам дінінде дүниедегі өмір мен ахиреттің, құлшылық пен пендеуи  өмірдің, дүнияуилік пен ұхрауиліктің балансы жасалған. Мұсылман сондықтан  ифрат уә тәфриттен, яғни әр түрлі  әсірешілдіктен аулақ болады. Қоғамдағы  һәм жанұядағы орнын сақтайды, көршілерімен тату-тәтті қатынас  орнатады, мемлекеттің дамуына үлес қосады. Мұсылмандар ешқашанда «құлатушы» болған емес, қайта «тұрғызушы» болған үммет. Ал, Ислам атын жамылып адамзатқа  зиянды іс-әрекет жасаушылардан сақ  болған жөн, олардың негізінде Исламнан басқа нәрселерді іздестірген жөн. Үйткені, Ислам діні күллі адамзатқа  рахмет ретінде жіберілген дін. Басты  мақсаты адам нәсілін қорғау, көркем ахлақты уағыздау, бейбітшілікті  орнату. Дініміздің қадірін білейік  ағайын һәм дінімізді

http://drk.kz/load/referat/dintanu/dini_ehkstremizm_men_terrorizm/13-1-0-112

Терроризм дегеніміз  не? 

Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы  мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер  мен іс-шараларды ұйымдастыру  «терроризм» деп аталады.

Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік  пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі  жасау. Сонымен бірге қоғамда  дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп  шоғырланған орталарында, сауда  саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта  бүлік шығарып, үрей тудыру. Кейбір зерттеулерге қарағанда, террористік  іс-шаралардың басталуы біздің эраға  дейін 44 жылы Цезарьды өлтірген жылға  негізделеді. Демек, адамдар арасында бейбітшілік пен тыныштық болмаған, террористік және анархиялық іс-шаралар  орын алып келген. Демек, сонау жылдардан  бері террористік әрекеттермен күресіп  келеміз-дегенге саяды. Террористік  іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист»  деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер  төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

 

Д.Мамырханқызы

Бәйдібек аудандық

әділет басқармасының

Қазіргі әлемде терроризм  идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден - бір қатер. Бұл  идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге  багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті  ауқымда қатерлі салдар тудыратын  деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі  қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың тоғысында кезікті.

 Мәселенің мәнін  қарастыруға кіріспестен бұрын  терроризм ұғымын анықтап алған  жөн сияқты. Терроризм - өзінің  жалпы ұғымын және ерекшелікті  белгілерін анықтауда объективтік  тұрғыдан қиындық туғызады. Субъективтік  сипаттағы қиыншылықтар мынандай  себептерден шыққан. Біріншіден, терроризм  құбылыс ретінде философиялық, саяси,  тарихи, психологиялық, құқықтық, публистикалық  және басқа қырлары арқылы  зерттеледі. Зерттеушілердің бәрі (тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар және  т.б.) аталмыш құбылысты өз көзқарасы  тұрғысынан қарастырып, «терроризм»  ұғымына өз түсініктемесін берді.  Сонымен қатар әдебиеттерде оны  кәдімгі әдеттегі түсіндіру басым  болды. екіншіден, терроризм ұғымын  жасауға екі қоғамдық - саяси жүйенің  жылдар бойы қордаланып қалған  идеолиялық - саяси қарама - қайшылығы  ықпал етті. Терроризм - көбінесе  коммунистік және ұлт - азаттық  қозғалыстары деп немесе керісінше,  империалистік мемлекеттер мен  олардың арнайы қызметтерінің  зиянкестік әрекеттері деп түсіндіріліп  келді.

 Осыған орай  терроризмді саяси - құқықтық  құбылыс ретінде қарастыру алдымен  «террор» мәтінінің өзін анықтаумен  тығыз байланысты. «Террор» (террор) ұғымы латын тілінен аударғанда (қорқыныш, үрей) мағынасында айтылады  және зәре ұшыратын саясат, саяси  қарсыласына күштеу шараларымен  қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір  кезеңде өмір сүрген мемлекеттің  (мемлекеттік террор) билік қызметімен  байланыстырады. Ол ерекше қуғын  - сүргінмен, мемлекеттік биліктің  ел ішіндегі саяси қүрылыстарына  (ішкі террор) және оның

 сыртындағы қарсыластарына (сыртқы террор) қыр көрсету қызметімен  сипатталады.

 «Террор саясаты», «бұқаралық террор», «жаппай террор»  дегендер жалпы террор ұғымына  жатады. «Соғыс», «агрессия», «геноцид»,  т.б. ұғымдар да террор категориясына  ұқсас. Бұл олардың арақатынасын  анықтау қажеттігін туғызады. Жалпы  террор дегеніміз - күші басым  қарсыластың аса әлсіз қарсыласты  басып - жаншу құралы.

http://stud.kz/sms/satipalum/2145

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

28-Қыркүйек, 2010 | 1 рет  оқылған  

Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне  сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген  сөз. Исламның басты мұраты адамдар  арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған  топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың  саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген  тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек  террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.

 Террорист ұйымның  мүшесі қандай бір мұсылман  елдің азаматы болса болғаны,  әлгі бұлақтар дереу «мұсылман  террористтер» дей салады. Ал, басқа  діндегі террорист топтар туралы  болғанда, олардың діні айтылмайды  да басшысының ғана аты немесе  шыққан жерінің аты, ең болмағанда  саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК»  тобы туралы ешқашанда «Христиан  террорист Баск тобы» деп айтпайды  олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА»  ұйымы туралы «христиан/католик  террористік ұйымы ИРА» деп  ешкім айтқан емес! Токиодағы  метрода улы газ шашып көптеген  адамдардың өлуіне себеп болған  Жапониядағы буддист «Аум Синрике»  сектасы туралы «Буддист террористтер»  деп ешкім айтқан емес. Сондықтан,  мұның негізінде Исламды көре  алмаушылық және Исламды жағымсыз  етіп көрсету секілді жауыз  пиғылдар болғанын айта кетуіміз  керек.

 Нағыз экстремистік  топтардың тауқыметін батыс елдері  көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа  елдерінде саңырау құлақша қаптап  кеткен христиан фундаменталист  ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар  салдарынан мыңдаған адамдар  аянышты халде қаза тапты. Мәселен,  АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында  «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін  улап өлтірген. 1978 жылдың 18 қарашасында  Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің  Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың  храмы» деген сектаның 912 мүшесі  циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы  «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан (1995 жылы) күні өз-өздерін  өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның  екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан күні (1994 жылы) өздерін өртеп  өлді. Күн храмы сектасының Канададағы  белсенділері де тыныш тұрған  жоқ: шығыс аймақтағы Морин  төбесі деп аталатын мекендегі  5 адам 4 қазан күні (1994 жылы), ал, Сен  Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз  күні (1997 жылы) өздерін атып не  өртеп өлтірген. Американың Тексас  уәлаятындағы Вако қалашығындағы  «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның  19 сәуір (1993 жылы) өздерін өртеп  өлтіргені әлем жұртшылығының  әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының  акциясында 19 қыркүйек (1985 жылы) күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір  мемлекетте католик шіркеуінің  бірнеше мың мүшесі бірге жан  қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың  ісі, бейкүнә адамдарды жалған  уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел  болып, осындай қауіпті секталардан  сақ болуымыз, балаларымызға лайықты  дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі  ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз  керек.

Информация о работе Экстремизм и терроризм