Кедейлік, аш-жалаңаштық
бұқараны сабырдан айырып, тобырлық
қалыпқа түсіреді, алдына келгенін,
қолына түскенін тапа-тармағай
талап-тонауға дейін апарады.
Бұл нағыз бассыздықтың, бандитизмнің
өзі, заңды биліктің әлсіздігі
болып табылады.
Террористік қимыл-әрекеттердің
дүниенің барлық түкпірінде жыл
сайын көбейіп келе жатқаны
ешкімге жасырын емес. Бірде Иракта,
бірде Ауғанстанда, бірде Палестинада,
бірде Дағыстанда, Шешенстанда, Ингушетияда,
бірде Ресейдің орталық қалаларында
лаңкестік күштер айылын жимай,
оқтын-оқтын бейбіт жандарды қырғынға
ұшыратып келеді. Терроризмнің сотқарлары
ұсталып, көздері жойылуда. Көптеген
шетелдіктер жалданып, арнайы дайындықтан
өтіп, Ресей елінде лаңкестік
топтың қатарында қылмыс жасауда.
Бүгінгі билікті,
қоғамды ойландыратын жайлар
көп. Бұған оларды не итермелейді?
Бәрін материалдық, қаржылық жайлармен
түсіндіруге бола ма? Бұлардың
жыртқыштық, хайуандық, қатыгездік
әрекеттерінің артында не күш
тұр? Жазықсыз жандарды шімірікпестен
қалай өлімге қияды? Идеялық
сенім, діни нанымның арқасында
осыған бара ма? Әлде алдану, арбаудың
нәтижесінде күнәсіз пенделердің
қанын төгіп, көз жасын көлдетуді
немен түсіндіруге болады?
Біздің бақытымызға
орай, Қазақстанда лаңкестіктің
үлкен ошағы болған жоқ. Террористердің
зұлымдық әрекетінің іздері кезіккен
жоқ. Дегенмен де сырттан келген
діни миссионерлер, әртүрлі сектаның
өкілдері көбейіп барады. Олар
дәстүрлі діндерден алшақ сенім-нанымдарды
уағыздап, жастардың санасын улап
жүр. Бұлардың елге емін-еркін
кіріп, еркін сайран салуын
тоқтату қажет. Бұған еліміздегі
дәстүрлі дін ұйымдарының басшылары
көмектесулері керек. Дін адамдардың
бас араздығын қоздырмай, олардың
бірлігін, татулығын, имандылығын
қамтамасыз етуге күш салулары
абзал.
Террористік әрекеттердің
оқтын-оқтын қайталанып келіп,
халық арасындағы дүрбелең туғызғанымен,
уақыт өте келе азаматтар оны
ұмытып, естен шығарып жібереді.
Соның салдары болуы керек,
жүргізілген сауалдамалардың нәтижесіне
қарағанда көпшілік өз өмірлеріне
басты қауіп-қатерді олардан күтпейді.
Мәселен, 2008 жылы қаңтарда Левада
Орталығы жүргізген сауалдаманың
қорытындысы осыны аңғартады.
Сауал берілген
ересек 1600 азаматтың 5 пайызы ғана
Ресейге іштен төнетін қауіпті
лаңкестіктен күтеді. Ал 20 пайызы
– биліктің озбырлығынан, 14 пайызы
– экономикалық дамудың әлсіздігінен,
12 пайызы билік ішіндегі топтардың
өзара қырқысуынан деп түсінеді
екен. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым
азаматтарды лаңкестіктен гөрі
басқа мәселелер көбірек алаңдататын
секілді. Өйткені бұл террорлық
әрекеттердің қайталану мерзімі
белгісіз, біріншісі болып, екіншісі
қайталанғанша, ел оны ұмытып
кетеді, яғни нажағай оты жарқылдағанша
Құдайға құлшылық ете бермейді.
Халық санасы ұмытшақ, жамандықтың
бәрін есте ұзақ сақтай бермейді.
Сондықтан да сауалдаманың нәтижесі
солай, қатты қауіпті лаңкестерден
күтпейді.
Терроризм –
жаңа құбылыс емес. Ол XIX ғасырдың
екінші жартысында-ақ Ресей қоғамын
едәуір елеңдетті. Билікке, қоғамдағы
ахуалға қарсы топтар әр жерде-ақ
бас көтерді. Кісі өлтірумен
айналысып, үйлерді өртеді, осылай
қылмыстарының ізін жасырғысы
келді, олар дүниені қайта құруды
мақсат етті. Бұл үшін құпия
саяси ұйымдар құрды, билікке
қарсы күресті. Күш қолдану,
қорқыту-үркіту әрекеттеріне барды.
Бұл туралы Ф.Достоевский өзінің
«Ібіліс» («Бесн») атты романында
жақсы жазды. Мұншалықты қиянатқа,
кісі өлтіруге, дау-жанжалға, зұлымдықтарға
неге барасыздар деген сауалға
романның бір кейіпкері Лямшин
былай деп жауап береді: «для
систематического потрясения основ,
для систематического разложения
общества и всех начал; для
того, чтобы всех обескуражить
и изо всего сделать кашу
и расшаттавшееся таким образом
общество…» (Қараңыз, 10-т, 510- бет).
Бүгінгі терроризмнің
де мақсаты, күрес тәсілі осындай,
бұдан екі ғасыр бұрынғыдай. Уақыт
жаңа, күрес тәсілі бұрынғыша:
қорқыту-үркіту, елдің берекесін
алу, жазықсыз жандардың қанын
төгу, қасіретке ұшырату, аңқау
жандарды бопсалап, өз қатарларына
тарту.
Осыған қарамастан
соңғы кезге дейін әлемде лаңкестікті
бағалауда субъективтік ұғым
басым болды. Мәскеу метросындағы
соңғы екі жарылысқа дейін
Батыста Ресейдегі террорлық
әрекеттерді азаттық үшін күрес
құрбандары деп бағалау басым
болып келген еді. Осы соңғы
жарылыстан кейін олар өз көзқарастарын
өзгерткен секілді. Мәскеу метросындағы
бұл жарылысты бүкіл Батыс
бірауыздан айыптап, ресейліктердің
қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Мұның өзі – прогресс. Терроризм
қай жерде жасалса да, варварлық
құбылыс. Бүгінгі әлемдік өркениеттің
бетіне үлкен таңба. Адамдардың
рухани деңгейінің көрінісі. «Қара
жамылған жесірлерді» күйеулерінің
кегін алу үшін тікелей ажалға
айдау өркениеттіліктің белгісі
емес. Шындап келгенде, нағыз тағылық,
орта ғасырлық түнекке қайта
оралу деген сөз.
Қазіргі кезеңде
әлемде кең етек алып отырған
бұл індетті материалдық қана
емес, рухани мешеуліктің, адамдар
бойындағы гуманистік сезімдердің
тұрпайылануының салдары деп
ұғынған жөн. Сондықтан да бұл
ғасыр қасіретімен күресте осыны
басты назарда ұстауымыз керек.
Адамзат өркениеті,
тарих тегершігі кері шегініс
жасауға тиіс емес, өйткені планетадағы
тіршілік прогреске құрылған, әлем
ертеңге деген үлкен үмітпен
өмір сүреді.
Әбдеш Қалмырзаев,
философия ғылымдарының
докторы, профессор
Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының
кандидаты, дінтанушы
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ
МЕН ТЕРРОРИЗМ
Ғылым және технология
дамудың шырқау шегіне шыққанына
және адамзат бірін-бірін оңайлықпен
тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына
қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм
мен терроризм тақырыптарды бұқаралық
ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Хақ дін Исламды да шарпып өтетін
осы мәселенің мән-жайы хақында
өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім
келеді.
Исламият адам және
табиғат жаратылысымен толық
санасатын, адамның тумысынан пайда
болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын,
оларды дұрыс һәм қажетті деп
көретін нағыз орта жол. Мәселен,
үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық
тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым
іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың
күллісі де жұмыр басты пенденің
бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық
қатынасты шектемейді, не болмаса
дін жолында жүрмек болғандар
үйленбесін, жанұялы болмасын демейді,
қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды,
жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды.
Тек, адамның жаратылысымен пайда
болған әр түрлі қажеттіліктерін
халал жолмен табуды, қанағаттандыруды
бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық,
маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат
қылықтарды лағынеттейді.
Түркілер кіріп-шыққан
манихейшілдік, бұддашылдық, маздак сықылды
діндерде ет жеуге, мал союға мүлдем
тыйым салынғаны белгілі. Кейін
қабылданған христиандықта болса
монахтардың (еркек яки әйел) үйленуіне,
бала қызығын көруіне тыйым салынған.
Кейбір діндер дүниелікті жауыз, күнәкарлық
деп санаған да дүние-мүлік жинауды
жексұрын ғып көрсеткен. Пайғамбарымыз
жомарт байларды мадақтап, мұсылмандарды
саудамен шұғылдануға, саудада адал
болуға және қайырымдылық жасауға шақырған.
Исламият дүниелік байлықты харам деп
санамайды. Әбу Бәкір, Осман сықылды
сахабалар өз уақытында дәулетті
адамдар еді. Бірақ, дүниелік жинау
өмірдің, жаратылыстың басты мақсаты
болмауы керек. Аллаһ Тағалаға жақындататын
жолдың бәрі халал, ал Оның разылығынан
алшақтататын әр нәрсе жағымсыз, харам
болып саналады, міне, критериямыз
осы болмақ.
Маркстік фәлсәфә
жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының
қайнар көзі деп санаған; сондықтан,
меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық
жамандықты жоямыз деп ойлаған. Бірақ,
тәжрибе мұның солай болмағанын
көрсетті. Үйткені, меншік сезімі адамның
жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті
жою жаратылыс заңдарына қайшы
келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік
хұқұғы болмаса да өзінің арманына
жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді,
табады. Бұл болса қоғамда жаман
қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа,
құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады.
Сондықтан, Исламияттың нағыз орта
жол екені, қайталап айтқанда машрұғ
(шарғи, заңды) талаптардың харам
саналмағаны анық болады.
Исламиятта фұндаментализм,
экстремизм, терроризм деген нәрселер
жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне
сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің
өзі бейбітшілік, тыныштық деген
сөз. Исламның басты мұраты адамдар
арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан,
экстремист, террорист деп аталған
топтардан діннен басқа себептерді,
мақсаттарды іздеу керек. Олардың
саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары,
ойлары болғанын тексеру керек. Екінші
мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар
туралы айтқанда не жазғанда міндетті
түрде «Исламдық террористер» деген
тіркеуді қосатындардың ойы бөтен.
Егер, олардың мақсаты терроризмді,
экстремизмді қаралау болса, онда тек
террористтерді немесе экстремистерді
айыптар еді олар, Ислам сықылды
бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы
бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне,
ең таза имандылыққа тіл тигізбес
еді олар.
Террорист ұйымның
мүшесі қандай бір мұсылман елдің
азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар
дереу «мұсылман террористтер»
дей салады. Ал, басқа діндегі
террорист топтар туралы болғанда,
олардың діні айтылмайды да басшысының
ғана аты немесе шыққан жерінің аты,
ең болмағанда саяси көзқарасы ғана
айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК»
тобы туралы ешқашанда «Христиан
террорист Баск тобы» деп айтпайды
олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА»
ұйымы туралы «христиан/католик
террористік ұйымы ИРА» деп ешкім
айтқан емес! Токйодағы метрода улы
газ шашып көптеген адамдардың өлуіне
себеп болған Жапониядағы бұддист
«Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист
террористтер» деп ешкім айтқан
емес. Сондықтан, мұның негізінде
Исламды көре алмаушылық және Исламды
жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз
пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты
жұбайымен Астана орталық мешітіне
барғанында баспасөз өкілдеріне берген
сұхбатында былай деді: «Исламның
ішіндегі эктремистер деп айтылып
жатқан сөз жөн емес. Ислам деген
дүние жүзілік дін. Екі миллиардқа
жақын халық мұсылман дініне бағынады.
Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер
әр дінде болып жататын жағдай.
Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек.
Ал енді, Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған,
діннен қалған мәселелер ондай емес,
еш уақытта мұсылманның діні соғыспен,
қолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріп,
заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы
жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда.
Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның,
Құранның жолыменен халық жүретін
болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның
өзіне де жақсылық әкеледі деген
сөз».
Нағыз экстремистік
топтардың тауқыметін батыс елдері
көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа
елдерінде саңырау құлақша қаптап
кеткен христиан фундаменталист ұйымдары
мен түрлі-түрлі секталар салдарынан
мыңдаған адамдар аянышты халде
қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния
уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында
«Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның
39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап
өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы
Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown)
қаласында «Халықтың храмы» деген
сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін
өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы
«Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан
1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы
сектаның Швейцарияның екі қаласындағы
мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін
өртеп өлді. Күн храмы сектасының
Канададағы белсенділері де тыныш тұрған
жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі
деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан
1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса
23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп
өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы
Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына
мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін
өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының
әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан
(монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында
19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен
өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы
бір мемлекетте католик шіркеуінің
бірнеше мың мүшесі бірге жан
қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның
бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә
адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық.
Жалпы ел болып, осындай қауіпті
секталардан сақ болуымыз, балаларымызға
лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі
ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз
керек.
Соңғы кездерi баспасөз
беттерiнде, теледидар хабарлары
мен әуе толқынындағы таралымдарда
бiзге орыс тiлi арқалы енген «фундаментализм»
(iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз.
Осы мағлұматтарда фундаментализм
сөзі көбінесе мұсылмандық һәм осы
дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда
ғана қолданылады! Осы даурықпа хабарлар
«исламдық фундаменталисттер», «мұсылман
фундаменталисттер» немесе «мұсылмандардың
заңнан тыс қауiптi ұйымдары мен зиянды
iс-әрекеттерi» деп жырлайды. Бұл
терминдi, шын мағынасын бiлетiн
адамдар да бiлмейтiн адамдарша
кез келген жерде қолданып, әйтеуiр,
шулата бередi. Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп,
аталмыш терминнiң сөздiк һәм
энциклопедиялық мағыналары мен
дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу
барысына қарағанымызда, фундаментализм
деген сөздiң хақ дiн Исламмен
және осы хақ дiнге сенушi имандылармен
үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын
анықтаймыз.
Ең алдымен, мұсылмандарға
пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің
сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын
түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң
түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре)
деген етiстiк. Фундаре – жерге
төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы
етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат
есiмі пайда болған. Оның мағынасы –
төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып,
жер тағаны немесе iрге тасы деген
түсiнiктердi беретiн болған. Жә, жоғарыдағы
фундаментум, яғни осы күнгi батыс
Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен
онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм
сөзiнің мағыналары тым алшақ.