Экстремизм и терроризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:24, доклад

Описание работы

Экстремизм жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.

Работа содержит 1 файл

экстремизм терроризм.docx

— 198.59 Кб (Скачать)

   Грек  жұрнағынан  аяқталатын  «Экстремизм» деген  латын сөзі «шеттеу» яғни орталықтан  ауытқу, белгіленген жерден тыс  кету деген мағына береді.

         Экстремизм жалпы тәртіпті мойындамайтын,  өзінің пікірімен ғана іс-әрекет  жасаушы дегенді білдіреді.

         Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа  бейімделген көзқарасынан пайда  болады.

         Яғни, тек менің ғана пікірім  болуы керек деген сияқты. Бұл  ең алғашқы этаптары болып  саналады. Экстремизмнің тағы бір  көрінісі басқа біреуді көре  алмау, түсінбеу немесе түсінгісі  келмейтін адамдардан шығады.

         Лаңкесшілер  дұрыс бағытқа  жол көрсететін адамдардың кеңесіне  мүлдем құлақ аспайды. Олар  өздерін ең   таза кіршіксіз  деп санап, басқаның барлығын  адасушыларға жатқызып,  жөн білетін  адамдарды мойындамайды.

         Міне, осының салдарынан әлемде  түрлі   төңкерістер мен қантөгістер  орын алуда

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары  

 

29.04.2009 жылы «Болашақ»  қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысы  Әділет департаменті және Жамбыл  облыстық Ішкі Істер департаментінің  террризм, экстермизм, сепаратизмге  қарсы күрес басқармасы бірлесіп  баспасөз – конференция ұйымдастырды.

Бұл, баспасөз-конференцияда  «В духе единиства- без экстремизма» атты жоба ұсынылып және алдағы уақытта  осы жобаны жүзеге асыру барысы бойынша  аудандарда жұмыстар ұйымдастыру қолға  алынды.

Діни істер жөніндегі  бөлім бастығының м.а. Б.І. Әмірбеков  жасаған баяндамасында облыс  бойынша тіркелген діни бірлестіктердің  жалпы саны мен атқарып жатқан істері және заң бұзушылық әрекеттері бойынша мәліметтер келтірді. Дінтанушы  Т. Тұрғанқұлов қоғамдағы орын алып отырған діни экстремизм, терорризм, сепаратизмнің шығу себептеріне  шолу жасап, олардың алдын алу  үшін кері ағымдағы діни қозғалыстар  мен секталарға қатысты қандай шаралар  жасау керектігін атап өтті.

Баспасөз - конференцияға  қатысқан облыстық БАҚ өкілдерінің: «Балалар мен жасөспірімдер арасында қазіргі таңда дінге деген  ұмтылыстары мен қызығушылықтары  туралы және сол жастарымызға діни бағытты дұрыс бермеуден, көбіне қателіктерге ұрынып жатады немесе шетелдік теологиялық оқу орындарына барып  білім алып, басқа бағыттағы ағымдардың жетегінде кетіп, қоғамға үлкен  қауіп төндіруде. Осының алдын алуға  қандай шаралар жасау қажет»- деген  сұрақтарына Б.І. Әмірбеков: «Облыс бойынша имамдардың 70 пайызы діни сауаттылығы  жоқ, оның ішінде 20 пайызы 1- 4 айлық курстары мен мешіт жанынан ашылған  сауат ашу курстарын ғана бітірген. Ал, шамамен 10 пайызы жоғарғы діни оқу  орындарын бітірген. Соның ішінде кейбіреуінің аталған оқу орындарын  бітіргенін растайтын құжаттары  жоқ. Оның үстіне облыста ресми түрде  оқытатын медресенің жоқтығы, осының салдарынан жастар арасында рухани қажеттіліктер  туындап, шетелдік оқу орындарына барып  білім алу мәселелері туралы айтып  өтті».

www.minjust.kz/ru/node/9840 

Редакция

Хабарландыру               

Мемлекеттік сатып  алу

Switcher

Қатер қайдан демеңіз  немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау

9-Маусым. 2010

Пікірлерді көру 

Мәскеудің метрополитенінде болған екі жарылыс бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бейбіт тұрғындардың өмірін қиған бұл террорлық актіні АҚШ-тан бастап, бүкіл Еуропа, Азия елдері бір ауыздан қатал айыптады. Екі жас әйелдің мұндай жантүршігерлік әрекеті ақылға сыйымсыз шектен шыққан ауыр қылмыс болды. Метродағы сойқаннан  кейін араға бір күн салып  Дағыстанның Кизляр қаласында тағы террорлық шабуыл жасалды. Бұл жарылыстан 12 адам мерт болды, негізінен, құқық  қорғау органдарының қызметкерлері. Солардың қарсыласуының арқасында халық  тығыз орналасқан жерлерге лаңкестер  жетіп үлгере алмады. Бұл лаңкестік  те алдыңғы апатты ұйымдастырушылардың  ісі деп бағаланды. Содан кейін  Ингушетияның Қарабұлақ қаласындағы  жарылыстан екі полицей қызметкері опат болды. Мұндай террорлық әрекеттердің жиі бой көрсетуі дағдыға айнала бастады. Жер шарының әртүрлі  аймағында – Иракта, Ауғанстанда, Пәкістанда, Еуропа мен Азияда жиі  көрініс беруде.

Бұл террорлық әрекеттердің сыры неде? Жазықсыз жандарға қарсы  адамдар неге өлім себеді? Олар неге қатыгездікке барады?

 Бұл сауалдар  әркімді-ақ ойландырады. Ежелден  бері жеке адамдардың өміріне  қастандық жасап, тұтқиылдан өмірін  қиып, дұшпандыққа баруы тарихтан  белгілі. Бұл қастандық негізінен  патшаларға, ел билеушілерге, министрлерге, фабрика-заводтың директорларына, ірі  помещиктерге қарсы бағытталған-ды. Мұны түсінуге болады. Олар өз  бақытсыздықтары үшін кінәлілерден, ар-намысын аяққа таптаушылардан, жеке басының кегін алудың  бірден-бір жолы лаңкестік деп  есептеді. Александр II патша осындай  қастандықтан қаза болды. Аш-жалаңаш  халық өздерінің ауыр тұрмысынан  құтылудың амалы қатыгез патшаның  көзін жою деп түсінді. Француздар XVIII ғасырда Людовик XVI король  мен оның айдай сұлу зайыбы  Мария Антуанеттаның бастарын  гильотинамен қағып тастады.

 Бұл қастандықтардың  нысанасы нақты тұлғалар болды.  Оларды құрбандыққа шалудың себептері  де жеткілікті еді. Ал бейбіт  халықты жаппай қырғынға ұшыратуды  қалай түсінуге болады?

 «Экстремизм»  деген терминнің өзі XX ғасырдың  екінші жартысынан бастап қолданысқа  енді. Экстремизм латынның extremus –  крайний деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, төтенше» деген  мағынаны білдіреді.

 Экстремизм баспасөзде  лаңкестік деп аударылып жүр.  Бұл өз мағынасын дәл беріп  тұрған жоқ. Лаңкестік ұғымы  ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық  жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал экстремизм – бұдан кеңірек  ұғым. Оның өмірдегі көріністері  терроризм, геноцид, этноцид, расизм  болып табылады.

 Экстремизм бұл  ілім немесе ғылым емес. Ал  өмірде радикалды саяси ілімдер,  саяси ұғымдар, түсініктер жиі  кездеседі. Олар бірте-бірте кең  етек алып, күш жинап, нақты  практикалық әрекетке ұласады,  яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге,  қарақшылық қылмыс жасауға барады. Саяси радикализм тікелей экстремистік  қылмыстың түріне жатпайды. Ол  саяси ұрандар, популистік үндеулер  тастайды, өз идеяларын жариялы  түрде листовкалар арқылы таратады. Бірақ бұл экстремистік әрекет  емес. Бұл саяси популизмнің, халық  назарын өзіне аударудың, көпшіліктің  көшбасшысы болуға ұмтылудың  көрінісі болып табылады.

 Саяси радикализм  өкілдері нені насихаттаса да, нені ұрандатса да олардың  идеялары көпшілік мүддесіне  қайшы келмейді, керісінше, оған  жақын әрі ұнамды да болуы  ықтимал. Бірақ оның қазіргі  жағдайда халыққа бере қояр  қайыры аз болмады. Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында бірқатар  саяси қозғалыстың басшылары  мұнайдан, шикізатты сатудан түскен  табысты әр адамның есепшотына  аударып беруді ұсынды. Қарапайым  халыққа, оның үстіне әбден  күйзелген, жоқшылықтың, тапшылықтың  зардабын шегіп отырған жұртшылыққа  бұл ренталық үлес беру идеясының  қатты ұнағаны сөзсіз. Өйткені  әркімге өзінің бүгінгі қалтасы  қымбат. Бірақ саяси билік мұны  қолдамады. Табиғат байлығын игеруден  түскен табысты ұлттық қорға  жинақтауды дұрыс деп шешті.  Биліктің бұл қадамының орынды  болғандығын қазіргі шындық, әсіресе,  әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы  ахуал айқын көрсетіп отыр.

 Саяси радикализм  мен саяси реализм екеуі екі  басқа дүние. Біріншісі оқиғаны  тездетуді, мәселені түбегейлі  бірден шешіп тастауды ұсынады.  Оған қажетті жағдай пісіп  жетілді ме, оған қоғам дайын  ба, биліктің қолындағы ресурстар  оны қамтамасыз ете ала ма? Онда радикалистердің шаруасы  шамалы, олардың мақсаты – мәселені  күн тәртібіне шығарып, оның  орындалуын талап ету. Биліктегілер (көбіне олар нақты реалдық  жағдайды есепке алады) болса,  оған бірден бел шешіп кіріспейді, белгілі мерзім қажет екенін, ресурстар мен алғышарттар керек  екенін алға тартады. Радикалдық  саясаткерлерді бұл қанағаттандыра  бермейді. Қоғамдық пікірге жүгінеді, өздеріне белгілі дәрежеде жақтастарды  да табады, қоғамда жарықшақ туғызып,  саяси тұрақтылық пен келісімге  кері әсерін тигізеді. Сондықтан  да билік солшыл радикалистерге  қолдау көрсете бермейді.

 Бұл күнде халықаралық  экстремизм әлем жұртшылығын  қатты алаңдатып отыр. Әсіресе,  Ресейдегі наурыздың соңғы күндеріндегі  террорлық әрекеттер халықтың  ашу-ызасын туғызды. Ресей Президенті  Д.Медведев Махачкалада Солтүстік  Кавказ аймағының басшыларымен  кеңес өткізіп, терроризмді ауыздықтаудың  бес бағытын алға тартты. Біріншіден, күш қолдану құрылымдарының қызметін  одан әрі жандандырып, пәрменділігін  арттыруды ұсынды. Екіншіден, терроризм  мен лаңкестікке қарсы күресті  мейлінше қатал, мейлінше батыл  жүргізуді, керек болса, қанжардың  соққысымен олардың көзін жоюды  талап етті. Үшіншіден, бүлікшілерден,  лаңкестерден өз еркімен қол  үзген жандарға жылы көзқарас  танытып, оларды ішке тартуды  қажет деп санады. Төртіншіден,  елдегі экономикалық ахуалды  күшейтуді, жаңа жұмыс орындарын  ашуды, жұмыссыздықты, әсіресе,  жастар арасындағы жұмыссыздықты  барынша азайтуды талап етті. Солтүстік Кавказ халықтарының  рухани жаңғыруын қамтамасыз  етуді, олардың мәдениетін, білім  алуын, адамгершілік және моральдық  толысуына жағдай жасауды ұсынды. Бесіншіден, елдің рухани көсемдерінің, дін басшыларының, халық алдындағы беделін, әсер-ықпалын тиімді пайдалануды, діни тәрбиенің оңды жақтарын ұмытпауды ескертті.

 «Лаңкестерді  ауыздықтауға бола ма, – деді  де Д.Медведев, – әбден болады. Біз оларды жеңеміз, өйткені  біз көппіз, әрі күштіміз, біздің  сыртымызда халық тағдыры тұр,  әрі ең бастысы – шындық  біз жағында», – деп оптимистік  нотада сөзін аяқтады. Бірақ  Ресей басшысының бұл жігерлі  сөзіне илана қоюдың өзі қиын  еді. Өйткені ол лаңкестіктің  нақты себебі мен қайнар көзі  неде екенін айтпады. Керісінше,  оның экономикалық астарына шешуші  мән бермеді. Террористердің кедейі  жоқ, бәрі бай деп лаңкестіктің  экономикалық негізін алдыңғы  кезекке шығармады.

 Президент Д.Медведев  лаңкестікпен күресте күш қолдану,  жазалау шараларын қатайтуға  көп көңіл бөлді. Лаңкестердің  көзін жоюға, олардың ұясын  күл-талқан етуге шақырды, яғни  қорқыту-үркіту жағына екпін түсіре  сөйледі. Бірақ бұдан үріккен  бүлікшілерді көрмедік. Араға екі-үш  күн салып, Ингушетияның Қарабұлақ  қаласында милиция бекетінде  жарылыс жасап, екі полицейді  мерт етті. Өздерін өлімге тәуекел  етіп, белдеулеріне бомба байлап  келген жанкештілер үшін қатал  жаза, түрме қорқыныш емес, лаңкестердің  бетін қайтара алмады. Сондықтан  да терроризмнің түпкі себебін,  төркінін айқындап алмай, онымен  біржақты күш қолданумен, қанжар  жұмсаумен қорқытып алу мүмкін  емес. Қорқатын жандар мұндай  жолға әсте де түспейді, олар  қорқыныш-үрейдің не екенін білмейді, олар өлімнен сескенбейді, бұл  жолға өз өмірлерін садақа  еткен. Сондықтан да қорқыту-үркіту, жазалауды қатайту лаңкестікті  болдырмаудың басты амалы емес.

 Рас, террористің  өзінің бай болуы мүмкін. Бірақ  оны қолдайтын, паналатып, жасырып  сақтайтын адамдар негізінен  тұрмысы төмен, өмірге риза  емес, билік саясатына көңілі  толмайтын жандар емес пе? Сондықтан  да терроризмнің экономикалық  астарын жоққа шығармай, оны түбегейлі  шешпейінше, лаңкестікті ауыздықтау  мүмкін емес. Жұмысы жоқ, тұрақты  табыс көзі жоқ адам лаңкестердің  қатарын толықтырмағанда қайда  барады! Көзі қарайған тал қармайдының  кебін киіп, олар бүлікшілердің  ықпалына еріксіз түседі. Жастарды  жұмыспен қамту, жаңа жұмыс  орындарын көптеп ашу, олардың  әлеуметтік, рухани сұраныстарын  қанағаттандыру лаңкестердің әлеуметтік  базасын тарылтудың бірден-бір  жолы болып табылады.

 Рас, лаңкестік  қимылдар біздің елімізден тыс  жерлерде бой көрсетуде. Бірақ  бұл бізді, қазақстандықтарды  алаңдатпай отыра алмайды. Өйткені  террористер жазықсыз бейкүнә  жандарды құрбандыққа шалуда. Бейбіт  отбасылардың басына қайғы-қасірет  әкелуде. Біреуді ата-анасынан, біреуді  ұл-қызынан айыруда, сәбилердің  көз жасына қалуда. Мұндай қасіреттің  ертең біздің елімізде орын  алмауына кім кепілдік береді? Терроризм бір елдің, бір өңірдің,  бір аймақтың үлесіндегі құбылыс  емес, оның белгіленген шекарасы  жоқ. Ол жер шарының кез келген  түкпірінде бұрқ ете түсуі  ықтимал. Сондықтан да әлемнің  кез келген елінің басшылары  халықаралық терроризмді бүгінгі  жаңа ғасырдың айықпас індеті  деп қабылдап отыр.

 Экстремизм термині  XX ғасырдың екінші жартысында  халықаралық қатынас құжаттарында  айналымға енгенімен, оның түрлі  формалары әр елде ежелден  белгілі болып келді. Теңізге  шығатын елдерде теңіз қарақшылығы  (пиратство), континенттік елдерде,  таулы мекендерде жол бойын  торыған үлкен баукеспе ұрылар, Жібек жолының бойында керуен  тонаушылар, Еуропа елдерінде Робин  Гудтар, өшпенділікпен ауыл-қыстақтарға  өрт қоюшылар, қазақ тұрмысында  барымташылар, өрістен не қорадан  мал ұрлаушылар және басқа  заңсыз күш қолдану, халыққа  зиян келтіретін зұлымдықтар  орын алды. Оның кейбір сарқыншақтары  әлі де бар. Олар бұл күнде  басқаша сипат алып, жаңаша мазмұнға  ие болуда. Солардың осы заманғы  көрінісі экстремизм болып табылады. Оның негізіне күш қолдану,  мәселені дәстүрлі, заңды жолмен  емес, ең оңай қарақшылық жолымен,шектен  шыққан төтенше амалмен, адамгершілік, мораль, ар-ұят, әдепті ысырып тастап, адам баласына қатыгездікпен қастандық жасау тәсілімен жүзеге асырылатын болды. Оның мақсаты елдің зәресін алу, қоғамда қорқыныш пен үрей тұғызу, өмірдің қалыпты жағдайын өз ырғағынан айыру болып табылады. Бұл жолда экстремистер өз өмірлерін де кияды, жанкештілік жасап, тікелей өлімге тәуекел етеді. Мұны олар өздерінше идеяларына берілгендік, берген серттеріне адалдық деп түсінеді. Бұлар – негізінен өмірден түңілген, алдау мен арбаудың шармауына ілігіп, жалған сенімнің құлына айналған пенделер. Мәселен, Ермакты алайық. Ол кім өзі? Оған деген көзқарас бірыңғай емес. Баукеспе ұры ма, әлде жол торыған қарақшы ма, әлде халықтың ортасынан шыққан батыр ма? Жолында кездескен кез келген ауылды тонаушы баскесер ме? Әлде орыс жерінің етек-жеңін жинап, оны кеңейтуші, Сібірді бағындырушы халық қаһарманы ма? Қала мен селоны өрт құшағына берген соғыс жылдарындағы неміс оккупанттары кім? Оларға қарсы астыртын күрес жүргізген қызыл партизандар ше? Ал бүгінгі тақыр бас скинхедтер кім? Бұлардың бәрі де күш қолдануға барған. Күш қолданды деп сонда солардың бәрін бір тақтаға қоямыз ба? Бір өлшеммен бағалаймыз ба? Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген.

Информация о работе Экстремизм и терроризм