Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:43, курс лекций
Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
"Дипломатиялық қызмет туралы" Заң қабылданғаннан кейін оның қызметін бұдан ары қарай да жалғастыру үшін сыртқы саясат ведомствосы жайында жаңа ереже қажеттілігі туындады. 1997 жылы 12 қарашада ҚР Үкіметінің Қаулысымен N 1553 "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы" Ережесі бекітілді. Ол жеті тараудан, 15 баптан тұрады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,15,17,18,21.
Тақырып 7. ҚР шетел істер министрлігі мен билік басшыларымен мемлекет басшыларының іс сапарын өткізудегі хаттамалық тәжірибесі .
Дәріс мақсаты: ҚР шетел істер министрлігі мен билік басшыларымен мемлекет басшыларының іс - сапарын өткізудегі хаттамалық тәжірибесі туралы түсінік беру, танымын кеңейту, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. ҚР шетел істер министрлігі мен билік басшыларымен мемлекет басшыларының іс сапарын өткізудегі хаттамалық тәжірибесі.
2. ҚР шетел істер министрлігі мен билік басшыларымен мемлекет басшыларының іс сапарын өткізудегі хаттамалық тәжірибесі туралы мысалдар.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктері мен шетелдік инвесторлардың басшыларын, қызметкерлерін, әскери атташелері мен әкімшілік-техникалық персоналдарын тіркеудің ЕРЕЖЕСІ 9 бөлім 37 баптан тұрады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктері мен шетелдік инвесторлардың басшыларын, қызметкерлерін, әскери атташелері мен әкімшілік-техникалық персоналдарын тіркеудің тәртібін анықтайды.
2. Төтенше және Өкілетті Елшіні тіркеу
2. Қазақстан Республикасында ашылған дипломатиялық миссиялар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Хаттама қызметіне әуежайда (вокзалда) қарсы алуды ұйымдастыру үшін Елшінің келу күні туралы хабарлай отырып, нота жібереді. Келгеннен соң Елші сенім грамотасын тапсыру рәсімімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Хаттама қызметіне жолығысулар жасайды. Содан соң Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесуде оған сенім грамотасын және кері шақыру грамотасын тапсырады.
3. Уақытша Сенімді Өкілдерді тіркеу
5. Тіркелуші мемлекет кездесуді3 ұйымдастыру үшін Уақытша Сенімді Өкілді жіберу туралы оның келу күнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Хаттама қызметі дипломат келгеннен кейін тіркелуші мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосы басшысының Уақытша Сенімді Өкілді тағайындауы туралы жолдауын тапсыру үшін министрдің орынбасарымен, содан соң Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесулерін ұйымдастырады.
4. Консуддық мекеме басшысын тіркеу
6. Қазақстан Республикасында консулдық мекеме ашуға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің келісімін алғаннан кейін тіркелуші мемлекет Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінін: Мемлекеттік Хаттама қызметіне консулдық мекеме басшысы лауазымына үкіметкердің өмірбаяндық мәліметтерін қоса тіркеп, тиісті нота жібереді.
7. 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 12 және 22-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған үміткерді консулдық мекеменің басшысына тағайындауға өзінің келісімі туралы вербальды нотамен хабарлайды және содан соң экзекватура береді.
5. Әскери, теңіз немесе әскери-әуе атташесін тіркеу
8. Әскери, теңіз немесе
әскери-әуе атташесін тіркеу
6. Дипломатиялық персонал қызметкерлерін тіркеу
10. Дипломатиялық персоналдың
жаңа қызметкері тіркеуден
7. Әкімшілік-техникалық персонал қызметкерлерін тіркеу
11. Әкімшілік-техникалық персоналдың жаңа қызметкері тіркеуден өтуі және тіркеу карточкасын алуы үшін халықаралық ұйымның дипломатиялық миссиясы немесе өкілдігі қызметкер келген күннен бастап 3 күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Хаттама қызметіне белгіленген үлгіде (1,2 қосымша) толтырылған анкетасының 2 данасын, 3x4 см көлеміндегі фотографиясын, паспорты мен визасының көшірмелерін қоса тіркеп, нота жібереді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Хаттама қызметі 7 күндік мерзімде "Т" немесе "О" сериясындағы тіркеу карточкаларын ресімдейді және береді.
8. Шетелдік инвесторларды тіркеу
12. Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
9. Тіркелу карточкаларын тіркеу және беру
13. Қазақстан Республикасында ашылған дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының басшылары, әскери атташелері, мүшелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, тұрмыс құрмаған қыздары және үйленбеген балалары — 12 жастан бастап) өздерінің мәртебесіне сәйкес тіркеу карточкаларын алуға құқылы.
Шетел дипломаттары, өкілдері, мемлекеттік қызметкерлерді қабылдауда жүргізетін кейбір хаттамалық нормалар.
Елшіліктің ресми ашылуы елшінің келуі мен қайтуы шетел өкілдерін қабылдау әрдайым белгілі бір хаттамалық қағидаларды сақтайды, талап етеді. Мысалы, елшілік ашылуында мекеменің төбесіне мемлекеттік туды көтеру елшіліктің әнұранын орындау шаралары ұйымдастырылады. Мұндай салтанатты іс-шараларға Сыртқы Істер министрлігі өкілдері, басқа ресми орган өкілдері, журналистер қатысады.
Шетел дипломаттарын
және өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруды
белгілі бір ереженің орындалуымен
жүзеге асырылады. Бұрынғы кезде
елшілірге еркше ықыласпен
Жоғары шетел өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру қиындау болып келеді. Жалпы ережеге келесілер жатады: қарсы алушының дәрежесі қонақ дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Егер қонақ өз жұбаймен келетін жағдайда, онда қарсы алушы да өз жұбайымен қарсы алуы тиіс.
Салтанатты мерейтой дипломат өкілдерінің басшылары, елшіліктің үлкен идпломаттарын, қонақ мемлекетінің азаматы шақырылады. Қорғаныс күшінің қадірлі қарауылы тізіледі. Қонақтың мемлкеттік туымен қабылдаушы мемлекеттің мемлкеттік туы көтеріледі. Сонымен қатар, екі мемлекеттің мемлкеттік әнұраны орындалады. Қонақ пен қабылдаушы мемлекеттің шығарып салушы өкілдері қадірлі қарауылды өтіп шығады. Салтанатты марш қабылданғаннан кеін келген қонақ мемлекет басшысының резиденциясына бағытталады. Топ көлікті мотоцикл эскорты шығарып салады, ал жол бойында қонақтың мемлекеттік туы ілініп турады. Кейбір мемлекеттерде қонақты пушкамен, салютпен қарсы алады. Африка континентінде ерекше қарым-қатынастың белгісі ретінде экзотикалық билермен қарсы алады. Ал Үндістанда қонаққа гүлден жасалған тәж кигізеді.
Делегация өкілдерінің мүшелерін таныстыру тәртібі мынадай:
Келген делегацияның басшысы да дәл осылай істейді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
2. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен билік басшыларымен мемлекет басшыларының іс сапарын өткізудегі хаттамалық тәжірибесі туралы мысалдар?
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,14,17,19.20.
Бөлім 3. Дипломат имиджі.
Глоссарий
Консенсус – конференция мүшелері барлығына тиімді шешім таба алмағандықтан, олар сайлаусыз ымыраға келеді. Бұл тәртіп Қарусыздану конференциясында, Теңіз құқығы Конференциясында және ОБСЕ Конференцияларында қолданылған.
Келісімдер және конвенциялар (convenio - келісім) экономикалық, саяси, әскери немесе тағы басқа аймақтағы белгілі бір мәселе бойынша мемлекет арасында реттелетін құжат.
Көбінде көпжақты конвенциялар маңызды болып келеді. Мысалы, Вена конвенциясы 1815 жылы және 1961 жылы, «Ашық мұхит туралы» Мұхит құқығы бойынша дипломатиялық қатынасты реттейтін конвенция; «Босқындар құқығы туралы » (1951); «Әйелдердің саяси құқығы туралы» (1952);
Коммюнике (лат. Communico мәлімдеу) құжаттың бір түрі, жалпы ақпаратттық сипаттағы мемлекеттің жалпы саяси принципі , оның лгілі бір мәселеге байланысты позициясы туралы болады.
Аннулирование – бір жақты тәртіпте болады, яғни жазба түрде нақты бір себепке байланысты құжат күші жойылады.
Байланыстар – «қамалдың» антиподы, олар дипломатқа және оның мемлекетіне қабылдаушы мемлекеттің қызығушылығын тудырып, дипломаттың мемлекетіне сенім тудырып, өз мемлекетінің дәрежесін жоғары ұстауға мүмкіндік тудырады.
Тақырып 8. Қазақстан Республикасы президенті мен жоғарғы қызмет басындағылармен шетелдік іс сапарлар хаттамасы.
Дәріс мақсаты: ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігін түсіндіріп, студенттер танымын кеңейту және жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):
Дипломаттар кездесулер
мен байланыстарға тұрақты
Дипломатиялық байланыссыз – дипломатия да жоқ. Осыған сәйкес 1961 жылғы Вена конвенциясының «мемлекетаралық достық қатынастарды дамыту» мақсаты Дипломатиялық қатынастар, яғни байланыстар туралы Конвенция деген атқа ие болған. Үшінші бапта дипломатиялық өкілеттіліктің қабылдаушы мемлекеттегі негізгі функциялары анықталады:
Мұның барлығы дипломат жұмыс істейтін мемлекет басшылары және өкілдерімен жүйелі түрде кездесулері, байланыстары, тіл табысуларына әкеледі.
Байланыстар – «қамалдың» антиподы, олар дипломатқа және оның мемлекетіне қабылдаушы мемлекеттің қызығушылығын тудырып, дипломаттың мемлекетіне сенім тудырып, өз мемлекетінің дәрежесін жоғары ұстауға мүмкіндік тудырады.
Информация о работе Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы