Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:43, курс лекций

Описание работы

Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Работа содержит 1 файл

Дипломатиялы- хаттама дипломатияны- ма-ызды --ралы (1).doc

— 316.00 Кб (Скачать)

        Барлық мемлекеттердегі орталық  және шетелдердегі орган түріндегі  дипломатиялық аппараттарды (Сыртқы  істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консулдықтар ) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат – бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекттің әлеуметтік – экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.

        Дипломатиялық аппаратты жетілдіру,  дипломатиялық кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озақ тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту – халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілікпен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.

        Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне жұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтың нормалар реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салалардың ішіндегі анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық – бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғасырдың басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқыққа айналды.

        Дипломатиялық құқық – бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін ( функциялары мен мәртебесін ) реттейді.

       Шарт  және салт-дәстүр дипломатиялық  құқықтың негізгі қайнар көздері  болып табылады. 1961 жылы дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар тұралы Конвенция, мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы 1975 жылғы Вена Конвенциясы.

      Шетел  мемлекеттерінің тәжірибелерін  ескере отырып, Қазақстан дипломатиялық  және консулдық қызметтерді ұйымдастру  жөнінде өз заңдарын қабылдауда, сыртқы саяси ведомство – Сыртқы істер министірлігінің жұмысын жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдардың және азаматтағы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы; Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді рәсімдеу туралы және тағы басқа жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.

     Қазақстан  Республикасындағы дипломатиялық  қызмет Ұлттық заңдарға және  халықаралық шарттарға сәйкес  жүзеге асырылатын мемлекеттік  органдарға азаматтардың кәсіби  қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандарттарға сай. Мәселен, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын боламыз. Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайда қамтамасыз етеді.

      Біздің  мемлекетіміздің дипломатиялық  және консулдық қатынастарын шетел мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер қамтамаcыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауыпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырады. 

      Елшілік және миссия – бұл дипломатиялық өкілдіктің екі түрі. Қазіргі таңда дипломатиялық өкілдіктер деңгейін елшілік деңгейіне дейін жоғарылату үрдісі нығайып келеді. Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар тығыз, әрі достық сипатта бола бастағанда дипломатиялық өкілдіктер бір деңгейден екінші деңгейге қарай қайта құрылады. Мұндай жағдайларда, тиісті елдердің үкіметтері халықаралық қатынастардың сапалы екендігін білдіру үшін өздерінің дипломатиялық өкілдіктерінің деңгейін жоғарылатуға және оларды миссиядан елшілікке айналдыруды, ал уәкілдерді елшілер дәрежесіне көтеруге шешім қабылдайды.

      А.В Мальконың  пікірі бойынша, құқықтық иммуниттер дегеніміз аса маңызды жеңілдіктер мен артықшылықтар, олар тікелей халықаралық құқық бекіткен нормалардан босатылу болып табылады. Сонымен қатар белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерден құтылу.

    И.П. Блищенко, В.Н.Дурденевский Ресей авторлары «иммунитет» терминіне «дипломатқа немесе консулға ұсынылған жеңілдіктер, мемлекет ұысынған құқықтар мен игіліктер, олар шетелдік өкілдердің жұмысын жеңілдетеді.

Ю.М.Колосов және В.И.Кузнецовтардың пайымдауынша, дипломатиялық корпустың қызметкерлері арнайы иммунитеттер, жеңілдіктері, игіліктер, артықшылықтармен пайдаланылады, олар қарапайым азаматтар мен шетелдіктерге берілмейді.

Қазақстанның атақты ғалымы, халықаралық құқық профессоры М.А.Сарсембаев иммунитеттер мен артықшылықтар  бұл тәуелсіз мемлекеттің дип.өкілге берген жеңілдіктер деп түсіндіреді.

      Жалпы  ҚР –да дипломатиялық қызметкерді  және дипломатиялық қызметкер  жанұясы республикалық бюджет  тарапынан қаржылық қамтамасыз  етіледі. Дипломатиялық қызметкер  арнайы көлікпен, қызметкерлік мекемемен, байланыс құралдарымен және т.с. мүліктермен қамтамасыз етіледі. Дипломатиялық қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету дипломатиялық қызметінің қиындығы мен шетел мемлекетінің ерекшелігіне де байланысты қамтамасыз етіледі. Шетелде дип.қызметкердің жанұясында бір адам қаза тапса немесе дүниеге бала келіп жатса, адам ауырып қалса, онда ҚР заңнамасына сәйкес қаржы бөлінеді, оны алуға олар толық құқылы болып табылады. Сонымен қатар, Республикалық бюджет тарапынан кепілденген белгілі бір көлемдегі кепілденген медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. ҚР Үкіметі бекіткен норма бойынша шетел мемлекетіндегі дипломатиялық қызмет қызметкері жанұясымен қоса тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Дипломатиялық қызмет қызметкерінің балалары жалпы орта білімді республикалық бюджет тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, шетелде жұмыс атқаратын дип.қызметкер және оның жанұясы республикалық бюджет тарапынан медициналық кепілдемемен қамтамасыз етілуге жатқызылады.

Дип.қызметкер персоналына  жыл сайын төленетін отыз күндік демалыс беріледі.

Шетелдегі ҚР дип.персоналдың  артықшылықтар мен иммунитеттері  Вена Конвенциясына (1961 жыл, 18 сәуір), ҚР дипломатиялық қызмет туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР-да дипломатиялық қызметкерлер дипломаттың артықшылықтары мен иммунитеттерімен жұмысқа түскен соң бірден игере бастайды.

Дипломатилық иммунитеттердің  қайнар көздері болып халықаралық  құқық нормалары, регламенттер, конференциялар мен мекемелер бекіткен қаулылар табылады. ҚР дипл.персоналының иммунитеттері мен артықшылықтары арнайы дипломатиялық паспорттармен дәлелденеді. Дип. қызметкерлер аса қорғалады, олар штелде өз қызметттерін атқарып жүргенде жандарында арнайы күзетші азаматтар болады. Дип.қызметкер қолсұқпайтын жеке тұлға болып табылады.  ҚР-да оның құқықтық негізін Вена Конвенциясынан басқа ҚР Конституциясы, Қылмысты-процессуалды кодекс негіздері болып табылады. Шетелде ҚР дип.қызметкері қылмыс жасаған жағдайда, ол заңға тартылады.

 Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

    1. Дипломаттардың артықшылықтары
    2. Дипломаттардың имунитеттері

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,17,18,19.

 

Тақырып  6. ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігі.

Дәріс мақсаты: ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігі туралы түсінік беру, студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1. ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігі.

2. ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігі қызметі.

Тақырыпқа қысқаша  сипаттама (тезистер):

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметінің нормативті-құқыктық базасының дамуы

  Қазіргі Қазақстан Республикасы мемлекеттігін құру мен неғұрлым күрделі де, ауқымды мәселелерді шешу кезеңінде сыртқы саясат ведомствосының алдында тұрған міндеттерді табысты іске асыру үшін қолдағы бар нормативті-қүқықтық база жеткіліксіз болар еді. Дипломатиялық қызмет органы ісі мен қүқықтық мәртебесін реттейтін занды акті қажет. Ол дипломатия саласындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіп, сыртқы саяси міндеттерді табысты жүзеге асыруға икемділік танытар еді.

1997 жылы 12 қарашада қабылданған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заң Қазақстан Республикасы сыртқы саясат қызметінің дамуында жаңа сапалы кезеңіне өтуінің белгісі болды. Бұл бұрынғы КСРО-ның кеңістігінде әзірленген тұңғыш қүжат, Жеті тарау мен 29 баптан түратын ҚР-ның "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы Қазақстан дипломатиялық қызметінің құқықтық негізін анықтайды. Құжат әр түрлі елдердің дипломатиялық қызмет тәжірибелерін ескере отырып, мәселен, Дипломатиялық қатынас жөніндегі 1961 жылғы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да нормативті-құқықтық құжаттар негізінде жасалынды.

Құжатта түңғыш рет "Қазақстан Республикасының дипломатиялық кызметі - Қазақстан Республикасының тиісті заңы мен шартына сай, республика сыртында саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдағы азаматтардың кәсіби ісі" деп, дипломатия қызметі тұжырымдалып нақты берілген.

Заңның 3-ші бабында "Дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөніндегі департамент, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық Академия және Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы басқа да оқу орындарын құрайды" - деп көрсетілген.

Заңның 5-6-баптарында дипломатиялық  қызметтің негізгі функциялары  мен міндеттері анықталған.

6-бабында "шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қатынастағы Қазақстан Республикасы өкілдігі" іске асыратын дипломатиялық қызмет органының функциясы баяндалған.

9- бап дипломатиялық  лауазымға тағайындау тәртібін  белгілейді.

Заңның 3-тарауында дипломатиялық  дәреже беру тәртібі мен бір дәрежеден  келесі дәрежеге өту мерзімі, оны  шұғыл және кезектен тыс беру, төмендету, дәрежеден айыру мен қалпына келтіру жағдайы ұсынылған.

12-бапта СІМ жүйесіндегі  және халықаралық ұйымдардағы жұмыспен қатар, дәрежеде болған мерзіміңізге ғылыми және жоғарғы оқу орнындағы оқытушылық қызмет және Сыртқы істер министрлігінің ғылыми орталығындағы, жоғарғы оқу орынындағы оқу, аспирантура мен докторантура есепке алынады деп жазылған.

13-бапта қызметтік  тәртіпті бүзғаны үшін, әлде басқа  да беделге нүқсан келтіретін  себептермен СІМ жүйесінен босаған  кезде қызметкер дипломатиялық  дәрежеден айырылады деп қаралған.

4-тарауда дипломатиялық қызметте өту шарты жазылған. Оған қызмет ауыстырғаны, лауазымды орынға отыруы, ротация, аттестация, шетелдік іссапарлар, жоғарғы оку орны мен ғылыми мекемеге жолданғаны жатады.

СІМ орталық аппаратында  және шетелдегі мекемелерде жұмыс жасау шартты мерзімі белгіленген.

16- бап туыстардың бірге жұмыс жасауын шектеумен әйгіленді. Жақын туыстардың бір-біріне тікелей қызметтік бағыныштылықта болмауы тиіс.

Құкық, міндет және қызметкерлердің дипломатиялық кызметтегі жауапкершілігі 5- тарауда көрсетілген. Халықаралық құқықтың нормаларында белгіленгендей шетелдерде олар қүқықтық қорғау мен артықшылықтарды қолданады.

20- бапта қызметкерлерді ынталандыру карастырылған, ал 21- бабымен кәсіби міндетін бүзғаны мен заңға қайшы іс жасағаны үшін, Қазақстан Республикасының немесе барған елінің заңы бойынша жауапкершілікке тартылады.

6- тарауда қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету әрі кепілдіктері қаралған. Дипломатиялық қызметті қаржылай-материалдық қамтамасыздандыру, республика бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асыры-лады.

7-тарауда дипломатиялық  қызметті тоқтату шарты баяндалған. Оның мынандай негіздері болуы  мүмкін: қызметкердің өз өтініші бойынша, келісімнің мерзімі аяқталғанда немесе оны бұзғанда, зейнеткерлік жасқа жеткенде, табыс пен дүние-мүлік туралы жалған мәлімет бергенде, азаматтығын жоғалтканда және Қазақстан Республикасы заңында қаралған басқа да себептерге орай.

Информация о работе Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы