Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:43, курс лекций
Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Глоссарий:
“ Дипломатия ” ұғымы грек сөзі diploma – екі бүктелген бет, құжат деген мағнадан шыққан. Бұл жерде “ дипломды ұстаушы ” деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім громаталары.
Дипломатиялық хаттама – шетелдегі мемлекет және үкімет өкілдерінің және әріптестерімен сөйлескенде, қатынасқанда ұстанатын жалпы заңдылықтар, дәстүрлер, нормалардың жиынтығы.
Кездесу – өзара тіл табысу үшін шақырылған қонақтар жиыны. Ал Жоғарғы дәрежедегі кездесулер – мемлекетаралық тіл табысу үшін шақырылған мемлекет өкілдерінің жиыны.
Келіссөздер - өте күрделі, кейде мерзімі ұзаққа созылған, өзіндік даму динамикасы бар үрдіс.
Тақырып 4. Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірыңғай құқықтық негізі.
Дәріс мақсаты: Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірінғай құқықтық негізін таныстыру. Студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):
Шетелдік азаматтардың Казақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Казақстан Республикасынан кетуінің ТӘРТІБІ
Шетелдік азаматтардың
Казақстан Республикасына
1. Жалпы ережелер
І. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді:
1) шетелдік азаматтардың
Қазақстан Республикасына
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және түрақты тұруы құқығына арналған қүжаттарды реттеудің;
3) шетелдік азаматтардың
Қазақстан Республикасының
4) шетелдік азаматгардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, соңдай-ақ оларды Қазақсган Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
2. Шетеддік
азаматтардың Казақстан
4. Шетелдік азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжатгар бұдан әрі -төлқұжат бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
6. Шетелдік азаматтарға
Қазақстан Республикасынан
Төлқұжатты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және оның өкілдіктерінде тіркелген шетелдік азаматтарға кету және кету-келу визаларын беруді осы ұйымдар жүргізеді.
20. Шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойьшша Қазақсган Республикасының Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі айқындайды.
23. Шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден:
1) егер шетелдік азамат
Қазақстан Республикасында
2) егер ол өзі туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа;
3) заңдарда көзделген өзге де жағдайлар бойынша бас тартылуы мүмкін.
5. Шетелдік азаматтардың Казақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы мен транзитгік өтуі және олардың Қазақстан Республикасыңда тұратын жерді тандауы
26. Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдік азаматтардың болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұратын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұратын жерді таңдай алады. Жүріп-тұрумен тұратын жерді таңдаудағы шектеулер, ол мемлекеттік қауіпсіздікгі қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың ден-саулығымен өнегесін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің немесе ұлтгық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықгық актілерімен белгіленеді.
34. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзімін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
35. Шетелдік азаматгардың Қазақстан Республикасында болуының мерзімін қысқарту туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдары немесе ұлтгық қауіпсіздік органдары қабылдайды.
36. Кетіру туралы шеішімді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары немесе ұлтгық қауіпсіздік органдары қабылдайды. Шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан осы шешімде көрсетілген мерзімде кетуге міндетті. Мұндай жағдайлар дау жан - жалдар прокурордың рұқсатымен қамауға алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен кетірілуге жатады. Бұл ретке келтіру үшін қажетті мерзімге ұстауға жол беріледі.
37. Шетелдік азаматтар заңдарда белгіленген тәртіппен өзін Қазақстан Республикасьнан кетіру және Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімге Ылайымдануға құқылы.
7. Халықаралық келісімдер
39. Егер Қазақстан
Республикасының халықаралық
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметінің нормативті-құқыктық базасының дамуы
Қазіргі Қазақстан Республикасы мемлекеттігін құру мен неғұрлым күрделі де, ауқымды мәселелерді шешу кезеңінде сыртқы саясат ведомствосының алдында түрған міндеттерді табысты іске асыру үшін қолдағы бар нормативті-қүқықтық база жеткіліксіз болар еді. Дипломатиялық қызмет органы ісі мен қүқықтық мөртебесін реттейтін заңды акті қажет. Ол дипломатия саласындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіп, сыртқы саяси міндеттерді табысты жүзеге асыруға икемділік танытар еді.
1997 жылы 12 қарашада қабылданған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заң Қазақстан Республикасы сыртқы саясат қызметінің дамуында жаңа сапалы кезеңіне өтуінің белгісі болды. Бұл бұрынғы КСРО-ның кеңістігінде әзірленген тұңғыш құжат, Жеті тарау мен 29 баптан тұратын ҚР-ның "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы Қазақстан дипломатиялық қызметінің құқықтық негізін анықтайды. Құжат әр түрлі елдердің дипломатиялық қызмет тәжірибелерін ескере отырып, мәселен, Дипломатиялық қатынас жөніндегі 1961 жылғы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да нормативті -құқықтық құжаттар негізінде жасалынды.
Құжатта түңғыш рет "Қазақстан Республикасының дипломатиялық кызметі - Қазақстан Республикасының тиісті заңы мен шартына сай, республика сыртында да саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдағы азаматтардың кәсіби ісі" деп, дипломатия қызметі тұжырымдалып нақты берілген.
Заңның 3-ші бабында "Дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөніндегі департамент, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қызметін қамтамасыз ету үшін қүрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық Академия және Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы басқа да оқу орындарын құрайды" - деп көрсетілген.
Заңның 5-ші, 6-шы баптарында
дипломатиялық қызметтің
6-шы бабында "шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қатынастағы Қазақстан Республикасы өкілдігі" іске асыратын дипломатиялық қызмет органының функциясы баяндалған.
9-шы бап дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібін белгілейді.
Заңның 3-ші тарауында дипломатиялық дәреже беру тәртібі мен бір дәрежеден келесі дәрежеге өту мерзімі, оны шұғыл және кезектен тыс беру, төмендету, дәрежеден айыру мен қалпына келтіру жағдайы ұсынылған.
12-ші бапта СІМ жүйесіндегі және халықаралық ұйымдардағы жұмыспен қатар, дәрежеде болған мерзіміңізге ғылыми және жоғарғы оқу орнындағы оқьпушылық қызмет және Сыртқы істер министрлігінің ғылыми орталығындағы, жоғарғы оку орынындағы оқу, аспирантура мен докторантура есепке алынады деп жазылған.
13-ші бапта қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін, әлде басқа да беделге нүқсан келтіретін себептермен СІМ жүйесінен босаған кезде қызметкер дипломатиялық дәрежеден айырылады деп қаралған.
4-ші тарауда дипломатиялық
қызметте өту шарты жазылған.
Оған қызмет ауыстырғаны,
СІМ орталық аппаратында және шетелдегі мекемелерде жұмыс жасау шартты мерзімі белгіленген.
16-шы бап туыстардың
бірге жүмыс жасауын шектеумен
әйгіленді. Жақын туыстардың
Құкық, міндет және қызметкерлердің дипломатиялық кызметтегі жауапкершілігі 5-ші тарауда көрсетілген. Халықаралық құқықтың нормаларында белгіленгендей шетелдерде олар қүқықтық қорғау мен артыкшылықтарды қолданады.
20-шы бапта қызметкерлерді ынталандыру құрастырылған, ал 21-ші бабымен кәсіби міндетін бұзғаны мен заңға қайшы іс жасағаны үшін, Қазақстан Республикасының немесе барған елінің заңы бойынша жауапкершілікке тартылады.
6-шы тарауда қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету әрі кепілдіктері қаралған. Дипломатиялық қызметті қаржылай-материалдық қамтамасыздандыру, республика бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7-ші тарауда дипломатиялық
қызметті тоқтату шарты
"Дипломатиялық қызмет туралы" Заң қабылданғаннан кейін оның қызметін бұдан ары қарай да жалғастыру үшін сыртқы саясат ведомствосы жайында жаңа ереже кажеттілігі туындады. 1997 жылы 12 карашада ҚР Үкіметінің Қаулысымен N 1553 "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы" Ережесі бекітілді. Ол жеті тараудан, 15 баптан түрады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірыңғай құқықтық негізі.
Әдебиеттер: 1,2,3,5,17,20,22.
Тақырып 5. Артықшылықтар мен имунитеттер.
Дәріс мақсаты: Артықшылықтар мен имунитеттер туралы түсінік беру.
Студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):
Кең мағынадағы дипломатия ұғымы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкідділіктер жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушылардың құқуқтарымен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия – бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістермен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
Тар мағынада дипломатия ұғымы ұғымы – бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге , халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп – білуге негізделетілін айту керек.
Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселерінде оның маңызды құралының бірі – дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір – бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.
Информация о работе Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы