Қазақстанның сыртқы экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі................19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы...............................................................................................21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

4.  Экспорттық бағыттағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие беруді қоса, өнімдерді сыртқа шығаруды ынталандыру шараларын әзірлеу;

5.  Экспортқа шығарылатын және импорттық тауарлардың негізгі номенклатуралары бойынша әлемдік және ішкі бағалары деңгейіндегі елеулі айырмашылықты теңестіруге бағытталған тарифтік реттеу жүйесін әзірлеу;

6.  Сыртқы қарыз ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттің сыртқы қарыздар кепілдігі рәсімі, осы аумақтағы мемлекеттік институттардың құқығы мен жауапкершілігі заңмен орнықтырылатын амал әзірленіп, іске қосылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол  мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды  ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаяси көзқарасын қолдану жағдайла-рында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір мезеттерді жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі технологияларды қолдануды талап етеді.

Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты  халықаралық  ынтымақтастықтың  балама  бағыттарымен қаныққан.

Техникалық революциясының жаңа толқыны кейбір елдерде айнлып өтті, яғни өз дамуында  алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада: қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айнаоуы үшін экономикалық қуатын арттыруы тиіс. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді  күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.

Сыртқы экономикалық қызметте үлкен стратегиялық олқылықтар жіберілді. Сыртқы нарыққа жаппай үйлесімсіз шығу республиканың өте бағалы шикізат ресурстарын талан-таражға салуға әкеліп соқты. Әлемдік нарықтың ахуалын білмеу, көбнесе отандық кәсіпкерлердің өзара бәсекелесуі шикізатты арзан бағалар бойынша сатуға итермеледі. Валюталық ресурстардың едәуір бөлігі шет елде қалып жатыр және бүгінге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Сыртқы экономикалық қызмет саласында ойластырылған мемлекеттік саясаттың жоқтығынан ел экономикасына қандай шығын келгенін дәл айту қиын. Сыртқы экономикалық қызметте стратегиялық қателіктер жіберілген. Үйлестірілмеген жаппай сыртқы нарыққа шығу республиканың құнды шикізаттарын ысырапқа ұшыратып, әлем нарығында қалыптасқан тұрақтылық жағдайына кері әсер етті, шикізат нарығын бұзып ондағы қалыптасқан баға деңгейін құлдыратып жіберді. Кәсіпкерлердің әлем нарығындағы конъюнктураны білмеуі және олардың өзара бәсекелестікке баруы шикізатты өте төмен бағамен сыртқа сатып өткізуге мәжбүр етті. Валюталық түсімдердің қомақты бөлігі шет елдерде қалып қалды және осы күнге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Алдын-ала ойландырылмаған сыртқы экономикалық саясат елге қаншама зиян келтіргенін анықтаудың өзі қиын.

Осындай кемшіліктерге қарамастан, Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзінің сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттарын анықтап, оны нық орнатуға және одан да әрі дамуға қадамдар жасауды бастаған. Еліміз он төрт жылда қаншама өзгерістерге ұшырағаны бәрімізге мәлім. Жеткен жетістіктерде тоқтамай, алға өршіп-өрбуіміз қажет.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Бірінші тарауда сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері қарастырылатын болады.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары қарастырылады.

Үшінші тарауда жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру жолдарына көңіл бөлдік.

Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.           Авдокишин Е. Международные экономические отношения.-М.-«Маркетинг», 2008.-300с.

2.           Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан// Егемен Қазақстан.-2008.- 28-ақпан.-5б.

3.           Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері.-Алматы.-2009.-360б.

4.           Арынов Е. Международные экономические организации и экономические союзы.-Алматы, 2009.-300б.

5.           Булатов К. Мировая экономика.-М, «Экономикс», 2007.- 480с.

6.           Джапаркулов Д. Перспективы развития международных связей Казахстана со сторонами СНГ// Транзитная экономика.-2008.-№1.- с.45

7.           Дукенов К. Международная позиция Казахстана// Юридическая газета.-2008.-21 марта.-с.3

8.           Исмайлова А. Ретроспектива и тенденции развития экономической интеграции// Саясат.-2010.-№12-с.9

9.           Кошаганов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему и ВТО// Транзитная экономика. – 2010.- №5.-с.19

10.      Кулекеев Ж. Экономика Казахстана в условиях мирового кризиса// Транзитная экономика.-2011.-№1.-8с.

11.      Мамыров Н. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Алматы.-Экономика.-2009.-300б.

12.      Назарбаеав Н. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы// Саясат.-2006.-№2.с.7

13.      Нәбиев Е. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Астана, 2001.-300б.

14.      Нурпейсова Ж. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат.- 2009.- .-№2-9б.

15.      Раджаев К. Мировая экономика/ Учебник.-«Юнити».- 2007.-450с.

 

 

 

12

 



Информация о работе Қазақстанның сыртқы экономикасы