Қазақстанның сыртқы экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі................19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы...............................................................................................21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА.doc

— 228.00 Кб (Скачать)


 

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері

1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5

1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................

 

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16

2.2 Қазақстанның халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруі................19

2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

кеңістіктің дамуы...............................................................................................21

 

3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі  мәселелер мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24

3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26

 

Қорытынды......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы  экономикалық жүйенің  басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың  біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты –  әлемдегі  жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық  әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның  негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде  анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақыры-бының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

- Қазақстанның Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңдегі экономикасын қарастыру;

- Қазақстанның  Кеңес дәуіріндегі 1918-1940 жылдардағы экономи-касына тоқталу;

-Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгі (1991) Қазақстанның экономикасын қарастыру;

- Қазақстанның халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруіне тоқталу;

- Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

кеңістіктің дамуын қарастыру;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелерге тоқталу;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясатын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері

 

1.1 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, қағидалары және  мақсаттары

 

Сытқы экономикалық саясат - бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сытқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

-сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттқы саясат кіреді);

-шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

- валюталық саясат.

Сонымен бірге,  сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат- сыртқы экономикалық қызметті де реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

-материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы-өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сытқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.Сытқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады. [1]

Сытқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері. Тиімді сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап лау керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын-сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық- құқықтық реттеуге берілген.              Оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Сыртқы экономикалық саясаттың  негізгі  4 қағидасы: [2,67б]

1)       Мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да (кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

2)       Ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3)       Үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъекттілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4)       Сыртқы экономикалық саясат- кез-келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

  Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта Қазақстандық экспортерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау - Қазақстанның сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

              Сыртқы экономикалық саясат – cыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалыстарын реттейді.

Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: -сыртқы сауда саясаты; өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы - несиелік; - шетел инвестициялары саласындағы –технологиялар мен айырбас жасау саласындағы –жұмысшы күші; миграция саласы және т.б.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласындағы: валюталарды сатып алу-сатуоперациялары, коммерциялық және басқа да мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бірі салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу. Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы күшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім шарттармен келісімге бекітіледі.

Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кездегі кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экокномикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та кез-келген  қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәннің әр түрлі көзқараста түсіндіріледі.

Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсаттар жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы жыл ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кіреді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер «ұлттық» және «мүдде» терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шарттық сипатта екені анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердін басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету – абстрактілі нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай. [3,115б]

Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуға тиіс.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады. Оны өлшеу үшін 2 әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.

Кез келген мемлекеттің қоғамы – мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.

Информация о работе Қазақстанның сыртқы экономикасы