Қазақстанның сыртқы экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі................19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы...............................................................................................21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр станцияларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады.

Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — темір жол, 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.

 

2.2 Қазақстанның  халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруі, орны

 

Егемендік алғаннан бері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып енуде.

Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 – ұлттық  мүшесі болды.

              Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Алматыда Азиядағы өзара байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20-ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты. Қазақстан   өкілдерінің   БҰҰ – ның    көмекші   органдарындағы жұмысы күн санап кеңеюде.

Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы)  комиссия-сының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды.

              БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көрсетуге бағытталған.

              1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі  болды.

              Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген  приоритеттік  салаларында  ЕЭК-ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізілуде. [8; 121б.]

              Еуразиялық мемлекет аралық экономикалық қатынастар, 2000 жылдың 10 қазанында Кеден Одағы кұрамындағы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Мемлекетаралық кеңесінің отырысында жаңа халықаралық ұйым – еуразиялық  экономикалық қауымдастығы (ЕарАзЭС) кұрылды. Біртұтас экономикалық кеңестіктің инициаторы Қазақстан болды. Осындай одақ құру идеясын Қазақстан Республикасы Президенті 1994 жылы көтерген болатын.

              Қазіргі кезде ұлттық заңдардың бір-біріне жақын келуі және унификациялануы, экономиканың құрылымдық қайта құрылуының келісім жүргізілуі, экономикалық өзара қарым – қатынастардың жаңа логикасы жүзеге асырылуда.

              Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы «еуразиялық бестіктің» халқы үшін жағымды нәтижелер әкеледі, өйткені қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласындағы саясат пен заңының үйлесімдігі туралы арнайы бөлім бар.

              Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ-ның  экономикалық және әлеуметтік Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды. Еуразия аймағының мемлекеті ретінде Қазақстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады. [8; 122б.]

ЭСКАТО-мен бірлескен жобалардың бір қатарын Азиялық даму банкісі қаржыландырады. ЭСКАТО-ның эгидасымен Қазақстандық мамандардың қатысуымен көптеген Азия елдерінде конференциялар мен семинарлар жүруде. 1992 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік  ұйымына,   Бүкіләлемдік  почталық  Одаққа,   Азаматтық авиациялық әлемдік ұйымына, интеллектуалдық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына,  білім,  ғылым мен мәдениет сұрақтары  бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО),  Халықаралық валюталық қорға,  қайта құру мен дамудың Әлемдік банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды.

              Халықаралық қаржылық ұйымдар жөнінде айтар болсақ, 1992 жылы Қазақстан Халықаралық  валюта қоры мен Әлемдік қайта құру және даму банкісіне мүше болды.

              ХВҚ-ға және Бүкіләлемдік Банктің ұйымдарына кіру үшін қажетті жағдайларды жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Әлемдік қайта құру және даму қорына, Әлемдік даму корпорациясына, Әлемдік даму Ассоциациясына, «Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Әлемдік орталыққа мүшелігі»  жөнінде арнайы Заң қабылданған еді.

              1993 жылдан бастап Қазақстан үкіметі қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізуге және экономиканы түбегейлі қайта кұруға бағытталған ортақ экономикалық стратегияға сәйкес қызмет етеді.

              ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды   қаржыландыру  механизмі   бойынша   заем  түрінде  және 1994   жылдың  қаңтары   мен   1995   жылдың  маусымында   бекітілген екі Стенд-бай несиелері түрінде келіп түсті.

              Қазіргі кезде ХВҚ-дан стенд – бай  бағдарламасы бойынша З жыл мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр.  Әлемдік қайта құру мен даму банкісі Қазақстанға көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті.

              Қазақстан 1994 жылы Азиялық даму банкісінің мүшесі болды. 1994 жылдың қазан айында 1994 – 1996  жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және Азиялық даму банкісінің Миссиясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

              1999 жылы Қазақстанға 839 мың доллар сомасында гранттар мен техникалық көмек көрсетілді, олар кадрларды дайындау және  менеджментті жақсарту саясатын, Алматының ауа бассейнінің экологиясын, банктік саясатты және т.б. қамтыды. 2004 жылы ауыл шаруашылығы бағдарламасы білім беру мен менеджментті реформалау саласына 80 млрд. доллар көлемінде несие беру жөніндегі келісімге қол қойылды. [9; 19б.]

              1992 жылы Қазақстан Еуропалық банкке мүше болды. Бұл банктің Қазақстанға қатысты стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезенде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе ұйымдастырушылық құрылыс пен кадрларды дайындау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен транспортқа нақты инвестицияларды енгізу көзделген.

 

2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық   кеңістіктің дамуы

 

Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2008 жылы достастық елдерге экспорт 55% болса, импорт 74% болған екен. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оньң ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді.

              Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық  жасау пайдалы. 1997-ші жылы каңтар айында ТМД елдер үкімет басшыларының мәжілісінде интеграциялық даму бағдарламасының жобасы қаралды. [10, 45б.]

              Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай принциптері қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – «микроденгейдегі интеграция» деген айдар тағылды. Шаруашылық субъектісінің әр түрлері осы аталған негізде «микродеңгейдегі интеграцияны» жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы – өнеркәсіп   топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуда.

          XX ғасырдың соңындағы басты уақиға социалистік экономи­калық жүйенің және оның негізінде құрылған әлемдік эко­номикальқ қатынастар жүйесінің ыдырауы. 50 жыл қызмет істегеннен кейін 10 социалистік елді біріктірген, үш құрлықта орналасқан Өзара Көмек Кеңесі (ӨКК) ұйымы күйреді. ӨКК ыдырағаннан кейін, оның негізгі мүшелгрінің бірі КСРО да күйреді. 90-жылдары оның орнында бірнеше тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы өндіріс көлемінің біраз төмендігімен, жаңа пайда болған елдер арасында өндірістік – техникалық, ғылыми, мәдени байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. Егер ТМД елдеріндегі өндірістің жалпы төмендеуін 100% десек, оның 60 пайызы шаруашылықтық байланыстардың үзілуінен болып саналады.

              ТМД елдері ішінде тығыз ынтымақтастықты дамыту жолымен экономикалық өсу үшін мол резервке ие елдер Украина, За­кавказье республикалары, Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан. Жаңа тәуелсіз елдердің басшыларының әлемдік экономиканың басты даму үдерістерінің бірі әлемдік экономикальқ интеграция үдерісі екенін көздері жетіп отыр. Өздерінің басты мақсаттарының бірі әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіру екендігін белгілей отыра, әлемдік экономиканың басты даму жолынан тыс қалмаулары тиіс. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер негізінде өзара экономикалық ынтымақтастықтың үдерісі 1992 жылдың күзінен басталды. 1993 жылдың қыркүйегінде Мәскеуда мемлекет басшылары мен үкіметтерінің деңгейінде ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісім шартқа қол қойылды.  Экономикалық одаққа әдепкіде сегіз мемлекет кірді, яғни Армения, Белоруссия, Казах­стан, Ресей, Тәжікстан,  Өзбекстан, Кырғызстан, Молдавия және Украина. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт жалпы экономикалық кеңістікті кезекпен қалыптастыру туралы ережені мағлұмдады. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт ТМД елдерінің интеграцияның бір кезеңінен екінші кезеңіне кезекпен өтуін жобалады: еркін сауда аймағы – кедендік  одақ – төлем   және валюталық одақ, және соңғысы – тауарлар, қызмет пен капиталдың жалпы нарығы. Еркін сауда аймағын құру туралы келісім 1994 жылдың 15 сәуірінде қабылданды. Бұл құжатқа барлық 12 ТМД мемлекеттерінің басшылары қол қойды, бірақ 6 мемлекет ратификация жасады. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі ретінде қарастырылады. 1995 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кедендік одақ құрды. 1998 жылдың сәуірінде кедендік одаққа Тәжікстан қабылданды. [11; 9б.]

              Ол өзара қолайлы еркін сауда режимін қалыптастыруға көмектесті. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің жетістігі ретінде 1997 жылдың сәуірінде Ресей және Белоруссия арасындағы құрылған «Екілік одақты» айтуға болады. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында өткен Кедендік Одақ мүшелері – Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның үкімет басшыларының Кеңесінде, оның негізінде жаңа әлемдік ұйым – Еуроазиялық  экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылданды. Жаңа ұйым 2000 жылғы 23 мамырдағы Әлемдік мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылады.

              ЕЭҚ-тың басты мақсаты «бестіктің» шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік құру. Бұл ұйым дербес халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Еуроазия қоғамдастығының жоғарғы әкімшілік тұлғасы ротация тәртібімен 3 жылға сайланатын бас хатшы болады.

              ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғы бір мемлекетті қайта құру туралы шешімдер қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД-ның басшы ұйымдары 1995 – 1997  жылдары қабылданған шешімдерінің сипаты Ынтымақтастық елдерінің құқтық шындықтарына көбірек сәйкес келді. ТМД шеңберінде тығыз, өзара кіріскен байланыстар пайда болды. Мысалы, «екілік» (Ресей және Белоруссия), «үштік» (Орталық Азия мемлекеттер одағы, 1998 жылы Тәжікстанның кіруіне байланысты «төрттік» болды), кедендік одақ («төрттік» қосу Тәжікстан). Сонымен бірге ГУАМА аймақтық бірлестігі пайда болды. Оған Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдавия кіреді. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себептті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда.

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1 Қазақстан Республикасының экономикасына дамыған елдерден тікелей инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы

 

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықта толыққанды мүше болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өңдірістің масштабының кеңеюіне, сонымен қатар экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестиция көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапаларымен, қарқынымен аңықталынылады. Сонымен қатар инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқаңдай оң нәтижелер болмайды. [11,67б]

Информация о работе Қазақстанның сыртқы экономикасы