Қазақстанның сыртқы экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі................19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы...............................................................................................21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өңдірушілердің бәсекеге қабілеттілегін қамтамассыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктық инфроқұрылымдардың және әлемдік тауар өндңрушілердің құрылымдық  және сапалы өзгертулерінің процестері инвестициялау есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және елдің экономикасының дамуын анықтайды.

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы отандық және шетелдік инвестициялаудың тартуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары Қазақстан Республикасының территориясындағы кәсіпкерлік қызметің объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интелектуалды қызметті және тағы басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады.

Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарына шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесәне және оны аіықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты аңықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететің факторларды анықтауға, екіншіден, мемлекеттегі жағдайды терңірек бағалауға, үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени, тағы басқалары бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климат бірнеше көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформалардың жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; мемлекеттік нарық потенциалының сипаты; нарық инфроқұрылымының және валюта нарығының дамуы, тағы басқалар жатады.

Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына» сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда – Қазақстанды әлемінің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.

Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтежелерге жетті. Қазақстанның экономикасына  тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2009 жылы қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд долларды құраса, ал 2010 жылы қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд долларды құрады.

2011 жылдың І тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд долларды, ал ІІ кварталында 3,972 млрд доллар құрады. Яғни мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан, тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Ресей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінеді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдерінің негізін мұнай-газ саласы құрады. 2011 жылдың бірінші тоқсанында жалпы инвестициялық  түсімдер көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. [12,4б]

Соңғы жылдары жахандану үрдісінің символына айналған БЭФ-ке Елбасы алғаш рет 1992 жылы қатысқан болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде дүниежүзілік озық  ой мен тың тың тәжірибелер тұғырына айналған Давос форумына Қазақстан Респубуликасының Президеті Нұрсұлтан Назарбаев сегізінші рет қатысып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Давос форумындағы екінші күнін өз салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын алатын әлемінің ең ірі 30 компаниясының жетекшелерімен арнайы жеке кездесу өткізуден бастады. Бұл компаниялар мұнай, мұнай-химия, энергетика, металургия және өнімдіқайта өндеусалары бойынша мол тәжірибе жинақтап, әлем экономикасында өзіндік қолтаңбаларын қалдырған.

Әлемдік қаржы дағдарысының қыйындықтарына қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз және экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға мүдделіміз деп атап көрсете келіп, Президент шетел инвесторларын қызықтыратын ауылшаруашылығы, қайта өндеу өндірісі, минералды шикізаттарды қайта өндеу, мұнай-химия және мұнай-газ өндірісінің машиналарын жасау саларына инвестиция салуға шақырды.

 

3.2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын  жетілдіру жолдары

 

Бүгінгі таңда Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты, болжамды қарым-қатынас жасап отыр.

Тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды.

Біз Шығыс және Батыс елдерімен өзара пайдалы екі жақты қатынастарды дамытуға бейімміз.

Қазақстан сыртқы байланысы елдің тез арада экономикалық дамуына оның әлемдегі маңызын көтеруге жәрдемдесуге  бағдарлануға тиіс.

Қазақстан өзін ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретінде көрсетті.

Осыған байланысты біртұтас экономикалық кеңестік, ЕурАзЭҚ Шанхай ынтымақтастық ұйымы және ортаазиялық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмысты жалғастырған абзал.

Ресей – Қазақстан үшін аса маңызды ел. Біз ортақ геосаяси жағдайдамыз, ұшырасатын проблемаларымз да ортақ. Біздің әлемдегі көптеген процестерге  көзқарасымыз ұқсас, оларды іске асыру керек. Қол жеткізілген экономикалық ықпалдасу мен сенімнің биік деңгейі одан әрі жалғасын табуы қажет.

Қазақстан АҚШ-пен өзара қатынастардың қол жеткізген деңгейін жоғары бағалайды.

Біз Америкамен арадағы белсенді ынтымақтастықтың дамуымыздің сыртқы жағдайларын қамтамасывз ету жөніндегі маңызын жақсы түсінуіміз керек. Америкалық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салуы ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады. [13,2б]

25 миллиарда доллар тікелей  шетелдік инвестициялардың шамамен 7,5 миллиарда АҚШ-тың үлесіне тиесілі. Біз екі елдің мүүделерін есепке ала отырып, бұдан әрі де неғұрлым кең ауқымды ынтымақтастыққа үміт артамыз.

Көршіміз Қытаймен тұрақты және достық өзара қатынастарымыз маңызды. Бұл біздің екі жақтың мүддесін білдіретін барлық мәселелер бойынша  тұрақты үндесу жүргізіліп отырған  сенімді серіктесіміз. Бізге  өзара  сауда-саттық  көлемін өсіру үшін жұмыс істеу қажет. бұған біз қол жеткізген биік өзара  түсініктік деңгейі жәрдемдесетін болады.

Маңызды бұдан кем емес тағы бір басымдық – Орталық Азия елдері. Экономикасының, тиісінше, елдер мен халықтардың  өздерінің де жуықтай түсуі жөнінде көршілерімізбен белсенді жұмыс жүргізу керек.

Біз сол сияқты Қазақстан шекарасының оңтүстік шептеріндегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын түсінуге негізделеміз.

Еуропалық Одақ біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміз  болып табылады және бұл  жерде Қазақстан мүдделерін ілгерілету мен қамтамысз ету тұрғысында белсенді жұмыс жүргізу керек.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде Жапондық жүйе мемлекет пен  бизнестің әрекеттестік жағынан ерекше өзгешеліктерімен сипаталады. Оның  негізінде – жекеменшік бөлімінің мемлекеттік байланыстың маңызды стратегиялық бағдарларын қабылдауыда.

Қазақстанда сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік деңгейде тиімді басқару үшін Жапонияның және де  басқа өркениетті елдердің тәжірибесін егжей-тегжей зерттеп, оның ішінде біздің елімізге сәйкес келетінін алып пайдалану өте қажет. пайдалану процесінде Қазақстанның территориялық, тарихи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері барынша ескерілуі керек.

Жалпы алғанда, өтпелі кезенде сыртқы экономикалық  қызметті ұйымдастыруда және оны іске асыруда мемлекеттін рөлін  арттыруға  мүмкіндік  туғызуы өте тиімді шара. Жапон тәжірибесінде көңіл қоятын жағдайлардың бірі – үйлестіруші органдардың қызметі; екіншісі – ішкі нарықты қорғау.

Сыртқы экономикалық қызметтердің даму жолдары

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше  қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлемінде көпетеген ірі-ірі экономикалық  мәселелерді шешу  әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген  мәселелерді өзбетімен бақылау және оны  тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, байланыстық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады.  Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.

Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда  арнайы тәсілдерді жасау арқылы олардың толықтай потенциалды  мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғыдан Қазақстанның барлық аймақтары төрт топқа бөлінеді.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы  миниралды ресурстардың керемет қорларымен және де ғылыми өндірістік потенциалын қарқынды дамуының жоғары импульсі бар облыстар.

Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Олар еліміздің потенциалын анықтайды.

Екінші топ-жоғары ғылыми-өндірістік потенциалды, ауыр индустриалды салалардағы ашық көрсетілген мамандандару, жоғары технологиялық ғылыми  көлемді өндіріс құру үшін жағымды экономикалық шарттары мен жағдайлары бар облыстар.

Бұл негізде қаржы ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ететін облыстар, бірақ жоғары дәрежелі  негізгі қорлар тозуы, дағдарысты экономикалық және  экологиялық жағдайлардың болуын назарға алу қажет.

Үшінші топ - АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) салаларында маманданды-рылған облыстар. Олар республикада азық-түлік қорларының  алдыңғылары болып табылады.

Төртінші топ-экстремалды табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайларымен, экономи-калық ептілік мүмкіндіктерінің қатаң шектелуімен, халық шаруашы-лығының салалық құрылымының өте тиімсіздігі және де экономикалық дағдарыстағы аудандармен көрсетілетін депрессиялық облыстар.

Жоғары технологиялық өркениетті құру  жолында дамзат 3 әлемге бөлінеді, бірақ жоғары технологиялық өркениеттің жиектері айқын көрініс тапқан жоқ. Сондықтан көпетеген елдердің  стратегиясы осы ареалдан тыс қоймау үшін  бәсекелік күрес жүргізуге  бағытталған. [14,69б]

Геосаяси, геостратегиялық жағдайларды қолдану мүмкіндігі арқылы көптеген мемлекеттер құрылушы жаңа геоэкономикалық құрылымға кіре алады.  Мемлекеттердің әртүрлі типтеріне елдердің сыртқы экономикалық байланысына жүргізілген талдау мынаны көрсетеді, яғни олар өз экономикаларын қорғауға мәжбүр болып отыр, не оны ырықтандыру жолындағы кедергілерді жоюы тиіс. [15,167б]

Сыртқы экономикалық байланысты мемлекет толық реттеп отырған жоқ, өйткені әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпкерлер мемлекеттік кәсіпорындармен бірдей сыртқы серіктестермен жұмыс істеуде, сөйтіп халықаралық шарттар ішкі заңдардан басым түсіп отыр. Сыртқы экономи-калық байланыстың негізгі концепциясы қызметтің басым бағытындағы отандық тауар өндірушілерді қорғауға бағытталған, халықаралық шарттар шеңберінен шықпайтын ақылға сыйымды қолдаушылық болуға тиіс.

Ең алдымен таяу шет елдермен ұзақ мерзімді сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі жақты және көп жақты келісімдерді  жалғастыра беру қажет, ТМД елдерімен экономикалық одақ құруды жеделдетуге жәрдемдесу керек. Бұл бағытта қазірдің өзінде алғашқы қадамдар жасалып отыр: үш Орталық Азия  республикалары-Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекет-аралық Кеңесі құрылды, бұл Кеңес біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосыламын деп тілек білдіруші басқа елдерге жол ашып отыр. ТМД ауқымында Мемлекетаралық комитет құрылды. Мұның бәрі кәсіпорындардың сауда экономикалық  өзара қатынастарының және олардың шаруашылық байланыстарының қайтадан қалпына келуіне ықпал етеді, ТМД елдері ауқымында технологиялық өзара байланыстағы сфералар мен өндірістердің барлық басым бағыттары бойынша мемлекетаралық қаржы -өнеркәсіптік топтар құруға жағдайлар жасайды. Өзіңнің қуатың мен экономикаңның нақты құрылымын ескере отырып, әлемдік нарықтан өз «орныңды» табу керек. Экспорттық тауарлардың дәстүрлі жиынтығы белгілі. Бұлар сирек кездесетін қазба элементтері, түсті металдар, астық, тері, аң терісі шикізаты, мұнай мен мұнай өнімдері. Экспорттық базаны кеңейтумен бірге республиканың экономикалық мүдделеріне  сәйкес келетін елдер мен аймақтарға Қазақстан капиталын бағыттау жолдарын іздестіру керек. 

Сондай-ақ импорт байланысы сферасындағы өлшемдер өзгертілуі қажет. Ол мемлекеттің ағымдағы ғана емес, болашақтағы мүдделерін қорғауға бағытталуы тиіс. Ішкі нарық сұранымын қанағаттандыратын номенклатура нақты белгіленуге тиіс, қалған бөлігі мемлекет қолындағы импортқа әсер ету механизмдері арқылы инвестициялық салаға бағытталуы тиіс.

Жаңа сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыру механизмдері: [16,8б]

1.  Отын-энергетикалық және стратегиялық ресурстарды сыртқы сатуға өктемдік енгізу;ТМД елдеріндегі өзара тауар алмасудың маңызды түрлеріне мемлекетаралық есеп-қисапты келісімді пайдалану;

2.  Сыртқы өнім жеткізу жеткізу бойынша үлес бөлу көлемін біртіндеп қысқарту және оны бірте-бірте тарифтік реттеумен ауыстыру;

3.  Сыртқы саудаға берілетін жеңілдіктер ауқымын азайта түсу;

Информация о работе Қазақстанның сыртқы экономикасы