Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

курсовая сауда саясаты.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.

    Халықаралық сауданың артықшылықтары

    Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.

    Көптеген  жағдайларда, халықаралық саудаға  екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.

    Саудадағы кейбір түбегейлі артықшылықтар

    Қайсыбір  елдерде, басқа жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бадайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ад Канзаста керісінше, апельсинге қарағанда бидай өсірген тиімді. Флоридадағы және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жердер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады. Алайда, ол екі жаққа да қымбатқа түсер еді. Сондықтан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кез-келген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір өнімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.

    Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықгар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.

    Әлем  саудасындағы салыстырмалы артықшылықтар

    Жоғарыда  аталғандай барлық елдердің түбегейлі  артықшылығы бола бермейді. Алайда, олардан басқа елдер де халықаралық саудада өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсыбір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік.

    Дороти Диксон заң колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шаштаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шаштарын жақын жердегі шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан оның өзінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның өзі заң жұмыстарымен шұғылданып, басқаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.

    Әлемдегі барлық елдер өздерінің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер өндіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер өндіруге болады.

    Еркін сауданың артықшылықтары

    Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:

    1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаштан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халықаралық сауда үшін де осындай қатынаста болады.

    2. Қайта койылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларды қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдаушы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін қолданылып, оны шетел бәсекелестігінен қорғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға төлейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.

    Халықаралық саудадағы кедергілер

    Жоғарыда  аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.

    Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отандық өнімдерден, қымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.

    Импорт  үлесі. Бұл импортқа кететін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулердің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі Жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.

    Басқа шектеулер. Аталғаннан басқа да елдер  арасындағы сауда еркіндігін шектейтін  бірқатар әрекеттер бар. Оларға мысал  ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшалай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе «былықшылық» деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.

 

     Қорытынды 

    Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

    Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

    1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен  салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген  болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді.  Бұл тенденция 1997 жылы және  одан әрі де сақталады деп  күтілуде;

    2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне  байланысты Ұлттық банктің қайта  қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың  орта шенінде жылдық 75 пайыз болса,  сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.

    3. Өндірістің құлдырауы тежеліп,  макроэкономикалык ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 101,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны – 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалык өсуге қол жеткізілді.

    4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде  ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі  154,5 пайыз болса, кейінгі жылдарында  едәуір өседі деп күтілуде.

    Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

    ХЭҚ-тің  негізгі нысаны — халықаралық  сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде  өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

    Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды  ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

    Қазақстанның  егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық  ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

    Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

    Ғаламда  қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында: “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілес жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қбілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. ” деп атады.

      Сонымен қатар, еліміздің басты  даму тұспалдарын анықтап берген  құжа”Қазақстан -2030” даму стратегиялық бағдарламасымен үндес келетін айта келген абзал.

 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». ҚР Президентінің Қазақстан халқына  жолдауы. Астана,18.02.05 ж.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 01.03.2006 ж.
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 12.06.2008г. № 209-11 ҚРЗ (өзгерістер және толықтыруларымен).
  4. Гатаулин Ш.К. «Налоги и налогообложение». Учебное пособие. Т., ГНК. 2009.
  5. Горский И.В. Налоги в рыночной экономике. М., Общ. Анкил, 2009.
  6. Деренберг Р.Международное налогообложение: Краткий курс. М.,ЮНИТИ, 2009.
  7. Русаков И. Налоги и налогообложения: Учебник для ВУЗов -М.: Юнити, 2009.
  8. Кобор X. Налогообложение юридических лиц в ФРГ // Налоговый консультант (Налоговый эксперт). -2003. №4. 26-27 с.
  9. Полонова Н. Налоговые органы Франции //Финансы. - 2008. -№1.
  10. Юткина Г. Налоги и налогообложения: Учебник.- М.: Инфра-М, 2009. -429 с.
  11. Черник Д. Налоги и налогообложения. - М.: Финансы и статистика. -2001.-543 с.
  12. Лекбедова Л. Налоги в США //Банки Казахстана.- 2008. -№12. 39-40с.
  13. Майере У. Налогообложение в США // Налоговый эксперт. - 2009.-№3.-33-35 с.
  14. Мещерякова О.В. «Налоговые системы развитых стран мира» (справочник).- Москва, Фонд «Правовая кулътура», 2009, - 240 с.
  15. Сутырин С. Налоги в мировой экономике и налоговое планирование: Учебпое пособие // изредакции Михайлов В.А. -М.: Полиус, 2007. -577с.
  16. Международное налогообложения // Бюллетень бухгалтера. 2002. №20 -8с.
  17. Чериик Д. Налоги и налогообложения. - М.: Финансы и статистика. -2005.- 543 с.
  18. Жарасбай А. Совершенствование механизма государственной поддержки малого и среднего предпринимательства в Казахстане. -Алматы: Университет «Туран», 2008.-140 с.
  19. Әкімов А.Қ. Арнаулы салық режимі бойынша шағын бизнес субъектілері үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ң Кодексінің (Салық Кодексінің) негізгі ережелеріне түсіндіру жөніндегі Жинақ. Астана,- 2005.
  20. Сельское хозяйство Казахстан и страны СНГ //Алматы - 2005. №4.

Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі