Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.
Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........
Сауда капиталы қанау процесінің шеңберін ұлғайтады. Оның өзгесіне тек өнеркәсіп жұмысшылары ғана емес, қолөнершілер және интеллегенцияның басым көпшілігі ұшырайды. Сауда капиталы еңбекшілерді қосымша тонаудың өткір құралы. Жалдамалы еңбек халық даналығындағы «Жығылғанға жұдырық» дегенге осы жерде тап болды-ау.
Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі.
Әлем экономикасында тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұлттық шекара арқылы айырбастау процесін «халықаралық сауда» деп атайды.
Шет елдерден сатылып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулер – «импорт» деп аталады. Ал, басқа елдерге сатылатын тауарлар экспорт болып саналады.
Егер ұлттық валюта құны басқа валюталармен салыстырғанда немесе онда елдің экспорты көбейіп, ол тауарлар басқа ел тұрғындары үшін арзандайды. Осындай жағдайда, міндетті түрде импорт азайып, ал тауарлар осы елдің тұрғындары үшін қымбаттайды. Ал, ұлттық валюта құны басқа валюталармен салыстырғанда артса, онда керісінше бағыттағы құбылыстар пайда болады.
Қазақстанның
егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында
халықаралық экономикалық қатынастар
ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру
көкейтесті мәселеге айналып отыр.
4-кесте
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
(млн АҚШ доллары)
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Тауар
айналымы -барлығы
соның ішінде: ТМД елдері әлемнің басқа елдері экспорт – барлығы соның ішінде: ТМД елдері әлемнің басқа елдері Импорт – барлығы соның ішінде: ТМД елдері әлемнің басқа елдері |
16254,3 5237,6 11016,8 9670,3 2194,3 7476,0 6584,0 3043,2 3540,8 |
21335,4 6912,8 14422,6 12926,7 2980,5 9946,2 8408,7 3932,3 4476,4 |
32877,5 10215,1 22662,4 20096,2 4097,2 15999,0 12781,3 6117,9 6663,4 |
45201,2 12200,6 33000,6 27849,0 4066,7 23782,3 17352,2 8133,9 9218,3 |
61927,2 16637,5 45289,7 38250,3 5574,0 32676,3 23676,9 11063,5 12613,4 |
5-кесте
Қазақстан Республикасының негізгі елдер-сауда серіктестері бөлінісіндегі экспорты
2004 | 2005 | 2006 | ||||
млн. доллар | қоры-тындыға пайыз-бен | млн. доллар | қоры-тындыға пайыз-бен | млн. доллар | қоры-тындыға пайызбен | |
Барлығы | 20096,2 | 100,0 | 27849,0 | 100,0 | 38250,3 | 100,0 |
соның ішінде: | ||||||
ТМД елдері | 4097,2 | 20,4 | 4066,7 | 14,6 | 5574,0 | 14,6 |
ЕурАзЭҚ елдері | 3214,5 | 16,0 | 3329,7 | 12,0 | 4611,9 | 12,1 |
Беларусь | 18,3 | 0,1 | 26,5 | 0,1 | 71,0 | 0,2 |
Қырғызстан | 222,0 | 1,1 | 225,5 | 0,8 | 267,8 | 0,7 |
Ресей Федерациясы | 2838,1 | 14,1 | 2527,2 | 10,5 | 3731,1 | 9,8 |
Тәжікстан | 136,1 | 0,7 | 150,6 | 0,5 | 157,3 | 0,4 |
Өзбекстан | 384,7 | 1,0 | ||||
ЕурАзЭҚ-тан
тыс елдер |
882,7 | 4,4 | 737,0 | 2,6 | 962,1 | 2,5 |
Әзірбайжан | 287,1 | 1,4 | 129,1 | 0,5 | 226,4 | 0,6 |
Түрікменстан | 26,1 | 0,1 | 17,3 | 0,1 | 20,7 | 0,1 |
Өзбекстан | 201,7 | 1,0 | 242,6 | 0,9 | ||
Украина | 277,8 | 1,4 | 200,4 | 0,7 | 622,8 | 1,6 |
Басқа елдер | 90,0 | 0,5 | 147,6 | 0,5 | 92,2 | 0,2 |
ӘЛЕМНІҢ БАСҚА ЕЛДЕРІ | 15999,0 | 79,6 | 23782,3 | 85,4 | 32676,3 | 85,4 |
ЕУРОПА | 10979,5 | 54,6 | 17100,8 | 61,4 | 24032,4 | 62,8 |
3.2
Халықаралық сауданың
артықшылығы мен келешегі
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на жөне басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оң құбылыстарды байқар едік:
1.
Теңгенің тұрақтылығының
2.
Инфляция деңгейінің
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалык ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 101,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны – 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалык өсуге қол жеткізілді.
4.
Экспорт өнімдері тұрақты
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктаға бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажетгігі туындап отыр. Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы (сауда режимі) экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау қүқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерілін ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндетгері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал,
дамушы елдердің өз экспортына қолайлы
база жасау бағытындағы іс-
Таргетинг — экспорттық потенциалды, негізінде бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бүл форумның мақсаты – БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.
1996
жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан
және Ресей өкіметтері
«Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.
Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.
Соңғы
онжылдықтарды ғылыми-
Дүниежүзілік шаруашылық – ХЭҚ-тің объективті негізі және маңызды бөлігі. ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты ХЭҚ-тің да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.
XX ғасырдың бас кезінде дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.
Интернационалдану
дегеніміз: халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде жекелеген елдер
ХЭҚ-тің дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өндеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі