Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

курсовая сауда саясаты.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

    Күн тәртібіндегі мәселелер іс жүзінде американ экономикасының мақсатты қалыптасуы сұрақтарына қатысты болды. Осы уақытта АҚШ экономикалық тәуелсіздік алған елдерден тікелей тарифтік жеңілдіктерді төмендетуін талап етті.

    Кейінгі кездерде американдық экономика  ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша келіссөздерде американ экспортының төмендеуі проблемасын қойып отыр. АҚШ-тың сыртқы сауда саясатында әлемдегі, ең алдымен Еуропалық Одақтағы аграрлық протекционизмнің күрделі жүйесін бұзатын құралдардың бар екендігін атап өту керек.

    Бұл сұрақта әр түрлі келіспеушіліктер болды. Американдық саясат Еуропалық саясатты ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын бірлестікке айналдыру мысалы ретінде қарастырады.

    Бірақ АҚШ-тың сыртқы сауда саясатындағы көптеген сәтсіздіктер іс жүзіне аспады.

    Бұл жердегі сұрақ: билотеральдық келісімдерді қолдануда АҚШ-тың саясаты.

    Шын мәнінде, бұл келісімдер белгілі  бір дәрежеде Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясына деген сенімді  әлсіретті. Осы ассоциацияның Бас  директорының бірі былай деп айтып өтті: бұл ұйымның жұмысындағы көп нәрсе американдық сауда саясатының қандай бағытты қабылдағанына тәуелді болып келеді.

    Экспортқа ықпал етуі бойынша мемлекет қызметін сипаттай отырып мынаны атап өту керек, яғни экспортты кеңейту жолдары  экспорттың өзін шектемейді. Дегенмен, экспорт сыртқы экономикалық саясаттың басым мәселелерінің бірі болып табылады.

    Саясаттың бағдарламалық элементтерінің дамуы  төмендегі шараларды қалыптастырады:

    • қызмет бойынша келіссөздер;

    • префекция бағдарламаларын ұзарту шаралары;

    • Израильмен еркін сауда аймағын құру шаралары;

    Осы өзгерістер барысында сауда шектеулерін үш кезеңге бөлу қажеттілігі туындады:

    • дискриминациялық (құқылығын шектеу);

    • негізсіз (дәлелсіз);

    • ақылға сыйымсыз. 

 

     ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда.

    2.1. Қазіргі халықаралық сауда 

    Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

    Американ  ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

    Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

    Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

    Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

    Сыртқы  сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

    Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.

    XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

    Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етеді:

    1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

    2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

    3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

    4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

    5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

    6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

    7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

    Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

    Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

    Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

    Бәсекеге  қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы  төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

    Женевада  өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты  мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

    Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

    Дамушы  елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді. 

    1-кесте

Мемлекеттер Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік  саудадағы үлесі – %
1. АҚШ 512 12,3
2. Алмания 421 10,1
3. Жапония 397 9,5
4. Франция 236 5,7
5. Ұлыбритания 205 4,9
5. Италия 189 4,5
7. Канада 165 4,0
5. Гонконг 152 3,7
9. Голландия 148 3,6
10. Бельгия (Люксембург) 131 3,1
11. Қытай 121 2,9
12. Сингапур 96 2,3
13. Оңтүстік Корея 96 2,3
14. Тайвань 93 2,2
15. Испания 73 1,7
 

    XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

    Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдігі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

    Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр. 

    2.2 Халықаралық сауданың  стандартты моделі 

    Неоклассикалық  ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама  сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды. Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.

    Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша  мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.

    Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін  баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейінің (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады (1-сурет).

    

    Сурет 1. Сауда жоқ жағдайындағы баланс 

    1-і  елдің өндірістік мүмкіндер қисығы орнын басу шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орнын басу шекті деңгейі І-і қисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынуды көрсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды. Ал 2-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А' нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-і, тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.

    1-суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы көрсеткендей, 1-і ел салыстырмалы артықшылыққа ие тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді. Ал 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер графигі өзі салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бірлігін ендіру үшін. 1-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді.

    Трансформацияның  шекті деңгейі – 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауар өндірісінен бас тарту қажетті даналар саны.

    Графикте  бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкіндіктер қисығы, бірақ  бір тауардың екінші тауардың орнын  басу шығындарынын өсуін көрсетеді.

    Елге 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін барған сайын 2-і тауардың көп  мөлшерінен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық болды. Ол тауардың ішкі ұсынысының көлемін көрсетеді.

    Орнын басу шекті деңгейі – қалыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.

    График  жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетіліп, (тұтынушынын бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар арақатынасының тұтыну барысында қамтамасыздығын көрсетеді. Ол тұтынушының әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшері керектігін көрсетеді. Орын басудың шекті деңгейі рыноктағы бар сұранысы сипаттайды. Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:

Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі