Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

курсовая сауда саясаты.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

    Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы  қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбүр етті. «Еркін сауда» саясатының негізін Р. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп «еркін сауда» саясатына көше бастады.

    Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.

    Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.

    ГАТТ  – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінін, саны 1990 жылы 90-ға жетті.

    ЕАСТ  – Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.

    ЮНКТАД  – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД – халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.

   Сыртқы  сауданың негізгі көрсеткіштері

   Біздің  республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық  экономикалық қарым-қатынастардың толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму үстіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты.

   Қазақстанның  сауда әріптестері қатарында  еуропалық елдермен қатар, азия өңірінің, Америка, Африка және Австралия елдері де бар.

   1997 жылдан бастап елдің сыртқы  саудасының географиясы шалғай  шетел елдерімен байланыстарды  кеңейту бағытына қарай өзгергені байқалады. Достастық елдері арасында және ТМД-дан тыс елдер арасындағы экспорт көлемінің пайыздық арақатынасы да айтарлықтай өзгерді. Шалғай шетел елдерімен саудадағы экспорт белсенділігінің қарбалас кезеңі 2000 жылға тура келді. Бір уақытта 2000 жылы ТМД елдері арасындағы негізгі сауда әріптестері болып табылатын барлық елдерге экспорт көлемі айтарлықтай ұлғайтылды.

   1995 жылмен салыстырғанда 2005 жылы  сыртқы сауда айналымының көлемі 5 есеге өсіп, 45201,5 АҚШ долларын  құрады (2004 жылы өсім - 37,5%). Экспорт операцияларының өсу қарқыны 1999 жылы 10%-ға, 2000 жылы 50%-ға кетерілгеннен кейін 2005 жылы 38,6% құрады. 2005 жылы сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт операциялары көлемінің көтерілуі ықпал етті (1-сурет).

   2005 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 167 әлем ел-дерінде сауда серіктестері болды (1995 жылы - 146 елде). 2005 жылы ҚазақстанныңТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 12200,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 19,4%-ға көтеріл-ді, оның ішінде экспорт - 4066,8 млн. АҚШ долларына (1%-ға төменде-ді), импорт - 8133,9 млн. АҚШ долларына (33%-ға өсті).

   Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымында  Ресей Фе-дерациясымен жасалатын  сауда жетекші роль атқарады, ол бұрынғы тарихи қалыптасқан процестердің арқасында Қазақстанның негізгі сауда әріптесі және қазақстан өнімінің негізгі тұтынушысы болып табылады.

   Әлемдегі  басқа мемлекеттермен сыртқы сауда  айналымы 33000,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 45,6%-ға көтерілді, соның ішінде экспорт - 23782,2 млн. АҚШ доллары, 48,6%-ға көтерілді, импорт - 9218,6 млн. АҚШ доллары, 38,3%-ға көтерілді (1-кесте). 

   Сыртқы  сауда айналымының  серпіні

   2-кесте

   Сыртқы  сауданың негізгі  көрсеткіштері

   өткен жылға %-бен

  1995 2000 2005
Тауар айналымы 133,3 145,4 137,5
ТМД елдері 136,7 162,7 119,4
ТМД-дан  тыс елдер 128,4 137,0 145,6
Экспорт 162,5 150,1 138,6
ТМД елдері 153,9 154,7 99,3
ТМД-дан  тыс елдер 174,4 148,5 148,6
Импорт 106,9 137,9 135,8
ТМД елдері 121,9 170,3 133,0
ТМД-дан тыс елдер 83,4 112,5 138,3

   1-диаграмма

   Қазақстан Республикасы экспортының  тауарлық құрылымы

   2005

    

   3-кесте

   ТМД елдеріне Қазақстан  Республикасы экспортының  серпіні

   млн.АҚШ доллары

Елдің атауы 1995 2000 2005
Барлығы 5250,2 8812,2 27849,0
Соның ішінде      
ТМД елдері 2883,5 2336,7 4066,8
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ 2535,3 1882,2 3329,7
Беларус 54,2 19,9 26,5
Қырғыстан 74,9 58,3 225,5
Ресей Федерациясы 2365,8 1751,4 2927,2
Тәжікстан 40,4 52,6 150,6
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН ТЫС ЕЛДЕР 348,2 454,5 727,0
Әзірбайжан 23,1 46,8 129,1
Армения 0,2 4,1 43,1
Грузия 0,3 7,7 52,0
Молдова 2,5 1,1 52,5
Түрікменстан 47,5 7,1 17,3
Өзбекстан 153,1 133,5 242,6
Украина 121,5 254,2 200,4
 

2-диаграмма

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі әріптес елдер бөлінісіндегі экспорты мен импорттың құрылымы 

                 Экспорт             Импорт

          

 

3-диаграмма

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі тауарлық топтар бойынша экспорты мен импортының құрылымы 

Экспорт

 

Импорт

    

 

     ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

    3.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының басты бағыттары 

    Қазақстанның  егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

    Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

    1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде;

    2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.

    3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалык ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 101,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны – 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалык өсуге қол жеткізілді.

    4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 пайыз болса, кейінгі жылдарында едәуір өседі деп күтілуде.

    Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған  сыртқы сауда режимі, баға жасау  еркіндігі және дүниежүзілік рыноктаға  бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажетгігі туындап отыр. Солардың ішінде:

    - облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы (сауда режимі) экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау қүқығын алу қажет;

    - барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

    - экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

    Қазақстанның  сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы  орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерілін ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

    Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндетгері тұр.

    Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.

    Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді бағалап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшеліктері оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

    Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы басқарушы органы – Министрлер конфершциясы. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әрбір қатысушы мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді. БСҰ - бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым. «Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселісінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі