Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2012 в 20:43, дипломная работа
Бұл дипломдық жобада GSM стандарты ұялы байланыс жүйелерін жаңа GPRS және EDGE жаңа технологияларын қолданып жетілдірілуіне байланысты. Жаңа технологиялардың пайда болуы деректемелерді мобильді тарату дамуын адам іс-әрекетінің барлық облыстарында тездету керек. Көбінесе бұл жаңа қызметтердің пайда болуымен байланысты. GPRS және EDGE технологиялары абоненттерге желі жаймалауы бар кез келген нүктеден глобалді желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кезде мұндай таратудың бағасы өте тартымды болады, ал бекітілген телефонды жолдарда уақытша төлемді енгізгенде, Интернетке қол жеткізу тарифі одан әрі бәсекеге қабілетті болады. Берілген технологияларды жылжымалы мониторингтің және объектілердің жағдайын бақылаудың әр түрлі мәселелері үшін өндірістік қолдану идеялары бар.
КІРІСПЕ............................................................................................................................................. ........7 1 Іс жүзінде бар жүйені талдау ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА.........................................................................................................................................8
Іс жүзіндегі бар жүйені талдау........................................................................................8
Жылжымалы радиобайланыс желілерінің қысқаша сипаттамасы........8
GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы және жабдықтарының құрамы...............................................................................10
GSM қызметтерінің жалпы сипаттамасы...............................................18
Жүйені сындық түрде талдау........................................................................................19
Қойылған мәселе бойынша ғылыми-техникалық даму тенденциялары...................20
Есептің негізделген қойылымы.....................................................................................22
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА.................................................................................................23
GPRS технологиясы бойынша GSM стандартты ұялы байланыс желісінің құрылымдық сұлбасын жасау................................................................................23
GPRS технологиясының жалпы сипаттамасы..................................23
GPRS технологиясының арналық құрылымы.......................................25
Хаттамалар құрылымы.................................................................................27
Деректемелерді дестелік түрде таратудың қосылуының негізгі режимдері.................................................................................................................28
GPRS жүйесінің жалпыланған сұлбасы.................................................31
GPRS сәулеті мен интерфейстері............................................................34
EDGE технологиясы.......................................................................................................35
EDGE модуляциялық сұлбасы...........................................................................41
Кодалау.................................................................................................................42
GPRS және EDGE жабдықтары.....................................................................................43
2.3.1 Alcatel шығаратын GPRS жабдығы..................................................................45
2.3.2 GPRS тіректік желі жабдығы..........................................................................45
2.3.3 Биллингтік шлюз.....................................................................................................47
3 ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА................................................................................................51
3.1 Жиіліктерді қайта қолдануды есептеу. Коченел интерференциясының
қатынасы.................................................................................................................................52
3.2 Қызмет көрсету аймағын есептеу..................................................................................55
3.2.1 Жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мен мобильді абоненттік станциясы (АС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................56
3.2.2 СПР параметрлері нашарлағанда жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мобильді абоненттік станциясы арасындағы байланыс қашықтығын есептеу.................................................................................................................60
3.2.3 Орталық станция (ОС) мен базалық (БС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................................................................................................................61
3.2.4 СПР параметрлері нашарлаған кезде орталық станция (ОС) мен базалық станция (БС) арасындағы қашықтықты есептеу.......................................................................62
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР...................................................................................................................64
4.1 Жобаның мәнісі...............................................................................................................64
4.2 Жобаның сипаты..............................................................................................................65
4.3 Маркетинг.........................................................................................................................66
4.3.1 Өнім..........................................................................................................................66
4.3.2 Баға қалыптастыру..................................................................................................67
4.3.3 Нарық сыйымдылығы.............................................................................................70
4.3.4 Қызметтің жылжытылуы........................................................................................72
4.4 Ұйымдастыру жоспары...................................................................................................72
4.5 Өндірістік жоспар............................................................................................................73
4.6 Қаржылық жоспар...........................................................................................................74
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.......................................................................................................................79
5.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау..................................................79
5.2 Қорғаныс шаралары.........................................................................................................80
5.2.1 Өндірістік санитария.............................................................................................80
5.2.1.1 Өндірістік шағын климат.................................................................................80
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................83
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................89
5.2.1.4 Шу және діріл үшін талаптар..........................................................................90
5.2.2 Электр қауіпсіздігі .................................................................................................90
5.2.3 Өрт қауіпсіздігі.......................................................................................................94
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................95
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................................96
GSM стандарты техниклық жағынана жетілдіріле отырып, 1989 жылы жаңа 1800 МГц жиіліктік ауқымға көшті. Бұл бағыт дербес байланыс жүйе атымен белгілі.
GSM технологиясына үлкен инвестициялар салынған, бұл оның дамуының эволюциялық жолын алдын ала айқындады. Желілік элементтердің біртіндеп өсуі, контроллерлер мен базлық станцияларды жетілдіру және екі режимді аьоненттік терминалдарды жасау жүріп жатыр.
Екінші сатылы жүйелердің даму сәттілігіне қарамастан жаңа талаптардың бір қатары олардың мүмкіншіліктерінен тыс жатыр. Олардың санына мультимедия қызметтерін ұсынуды, тура және кері арнада икемді үлестірілген 2048 кбит/с жылдамдықпен асимметриялы таратуды жатқызуға болады.
1.1.2 GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы және жабдықтарының құрамы
1980жылғы 862-960 МГц ауқымында жылжымалы
байланыстың жиіліктерді
Байланыс сеансы уақытында арналарды қайта қосу кезінде бұл жиіліктер арасындағы айырма тұрақты және 15 кГц-ке тең. Көршілес арналар арасында жиіліктердің үлестірілуі 200 кГц-ке тең. Осылайша қабылдау/тарату үшін бөлінген 25 МГц жиіліктер жолағында 124 байланыс арналары орналасады.
GSM стандартында TDMA қолданылады, бұл бір тасушы жиілікте бір уақытта 8 дыбыстық арнаны орналастыруға мүмкіндік береді. Дыбыс түрлендіруші құрылғы ретінде тұрвқты импульстік қозуы бар және жылдамдығы 13 кбит/с болып келетін RPE –LTP дыбыстық кодегі қолданылады.
Радиоарналарда пайда болатын қателерден қорғау үшін блоктық және жиылтқыш кодалау қолданылады. Интерференциялық тынулармен күресу үшін байланыс аппартурасында импульстік сигналдарды кідіріс уақытының орташа квадраттық ауытқуы 16 мкс болатын эквалайзер қолданылады. Жабдықтың синхрондалу жүйесі 233 мкс-ке дейін сигналдардың абсолютті кідіріс уақытын компенсациялау үшін арналған. Бұл 35 км максималды байланыс қашықтығына сәйкес келеді.
GSM стандартында қабылданған функционалды құрылым ықшамдалған құрылымдық сұлбамен белгіленеді. GSM жүйесі негіңзгі 3 ішкі жүйелерден құрылады: [19]
1.1 сурет - GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Базалық станция ішкі жүйесі
Базалық станция ішкі жүйесі (BSS) екі бөліктен тұрады: базалық қабылдау таратқыш станциясы BTS (BTS –Base Transceiver Station) және базалық станция контроллері BSC (BSC – Base Station Controller). Қызмет көрсету аймағы ұяшықтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы бір BTS-пен жаймаланады және бақыланады.
Базалық қабылдау таратқыш радиостанциясы жылжымалы мтанциялар (MS – Mobile Station) мен сәйкес контроллер (BSC) арасында физикалық радиоинтерфейсті қамтамасыз етеді.
Базалық қабылдау таратқыш құрамына қабылдау таратқыштар жиыны,базалық станцияның құрылғысына орналастырылатын цифрлық процессорлер, әр түрлі қызметтерге арналған коммутациялық шиналар кіреді. BTS жабдығы модульдік принцип бойынша құрылады, бұл радиожиіліктік блоктарды өсіру мүмкіндігімен қамьамасыз етеді. Барлық қажетті жабдықтар, цифрлық құрылғылар және қорек көздері конструктивті автономды болып табылады. Базалық станцияда бір антеннамен жұмыс істеу үшін жоғары жиілікті блоктарды комбайнер арқылы біріктіру көзделеді.
BTS-те горизонталь жазықтықта сәлелену диаграммасының ені 120° болатын бағытталған антенналар және бағыты дөңгелек диаграмма болатын бағытталмаған антенналр қолданылады. Сонымен қатар BTS жабдығының құрамына жұмыс режимінің және күйінің индикаторы бар диагностикалық құрылғылар кіреді. BTS-ті тестілеу және баптау үшін сыртқы терминалды қосу мүмкіндігі бар.
Базалық станция контроллері (ВSC) әдетте бірнеше BTS-ті басқарады. Ол базалық радиостанциялармен жылжымалы байланыскоммутациялық орталығы (MSC) арасындағы қосылыстарды бақылайды, және BTS-тен алынған мәліметтер негізінде қызметті эстафеталық түрде тарату процедурасын немесе басқаша айтқанда хандоверді (handover) жүзеге асыру үшін шешім қабылдайды.
ВSC радиоарналарды үлестіруді басқарады, қосылыстарды бақылайды,олардың кезектігін реттейді, жиіліктің секірісімен жұмыс режимін, дыбыс, деректемелер және шақыру үшін тарату адаптациясын қамтамасыз етеді, дербес шақырудың хабарламаларын таратудың кезектігін анықтайды.
Коммутация ішкі жүйесі
Коммутация ішкі жүйесіне (SSS) келесі жабдықтар кіреді:
Жылжымалы байланыстың коммутациялық орталығы (MSC)
Жылжымалы байланыстың коммутациялық орталығы MSC аймағында орналасқан жылжымалы абонентке қажет коммутация функциясын орындайды.
MSC жылжымалы
абонентке және одан қосылысты
орнатады, сонымен қатар ақпаратты
жеткізу бойынша, байланысты
MSC келесі қосылыстарды орнатады:
Жылжымалы байланыстың коммутация орталығы ұяшықтар тобына қызмет көрсетеді және жұмыс үрдісінде жылжымалы станцияға қажет барлық қосылыстармен қамтамасыз етеді. MSC ISDN (ISDN – қызметтер интеграциясы бар цифрлық жүйе) коммутациялық станциясына ұқсас, және ол бекітілген желілер (жалпы қолданыстағы телефон желілері – ЖҚТфЖ,деректемелерді дестелеп тарату желілері, қызметтер интеграциясы бар цифрлық желілер және т.б) мен жылжымалы байланыс желілері арасындағы интерфейс болып табылады. MSC шақыруларды және шақыруларды басқару функциясын маршруттауды қамтамасыз етеді. Кәдімгі ISDN коммутациялық станциясының функцияларын орындаудан басқа MSC-ке радиоарналарды коммутациялау, мобильділікті басқару және т.б. функциялары жүктеледі. Оларға қызметті «эстафеталық түрде тарату» (немесе «handover»)жатады, оның үрдісіндежылжымалы станция бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшкен кезде байланыс үздіксіздігіне жетеді.
Әр MSC белгілі географиялық аймақ шеінде орналасқан жылжымалы абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады. MSC шақыруды орнату және маршрутизация процедураларын басқарады. Жалпы қолданыстағы телефон желілері MSC ОКС №7 хаттамасы бойынша сигнализация функциясын және нақты желінің функцияларына сәйкес интерфейстердің басқа түрлерін қамтамасыз етеді.
MSC болған сөйлесулер бойынша деректерді өңдейді және қалыптастырады және оларды желі ұсынған байланыс қызметтері үшін есептерді шығару үшін есептеме орталығына (биллинг-орталығы) жібереді. MSC сонымен қатар жұмысты бақылау және желіні тиімділеу үшін қажетті статистикалық мәліметтерді құрайды.
MSC радиоарналарға қатынауды басқару үшін қолданылатын қауіпсіздік процедураларын қолдайды. MSC тек қана шақыруларды басқаруға қатысып қана қоймай, сонымен қатар орналасуды тіркеу және қызметті тарату процедураларын басқарады.
Жылжымалы станциялардыңорналасу жерін тіркеу орын ауыстыратын жылжымалы абоненттерге жалпы қолданыстағы телефон желілері абоненттерінен немесежылжымалы абоненттерден түсетін шақыруларды жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажет. Қызмет көрсетуді иараиу процедурасы жылжымалы станция бір қызмет көрсету аймағынан басқа аймаққа ауысқандабайланысты сақтауға және сөйлесудің жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір базалық станцияның контролллерімен (BSC – Base Station Controller) басқарылатын шақыруларды ұяшықтарда тарату сол BSC-мен басқарылады. Егер шақыруларды тарату әр түрлі BSC-мен басқарылатын екі желі арасында жүзеге асырылса, онда бастапқы басқару MSC-де жүзеге асырылады. Сонымен қатар GSM стандартында әр түрлі MSC-ге жататын желілер (контроллерлер) арасында қызметті тарату процедуралар көзделген.
Коммутация орталығы HLR мен VLR-ді қолданып жылжымалы станцияларды үнемі тексеріп отырады. HLR-де коммутация орталығына станция шақыруын жеткізуге мүмкіндік беретін жылжымалы станцияның орналасужөнінде ақпараттың бір бөлігі сақталады.
Орналасудың үй регистрі (HLR)
Орналасудың үй регистрінің (HLR) құрамына әрекеттегі жылжымалы абоненттер туралы дерекқор кіреді. Жазылған деректер абонентке жүйе қамтамасыз ететін белгілі негізгі және қосымша қызметтерді қолдануға мүмкіндік береді. Дерекқор құрамында сонымен қатар әр жылжымалы абонент күйі жөнінде роуминг кезінде оған шақыруды жіберуге қажетті ақпарат бар. Жылжымалы абонент бір HLR-ге жазылған және берілген уақыт моментінде аймағында жататын VLR-ге тіркеледі.
HLR регистрінің құрамында
HLR желіде үнемі тіркелген
HLR-дегі деректерге барлық MSC және VLR желілер дистанциялық қатынау жасай алады. Егер желіде бірнеше HLR болса, онда әр HLR абоненттер жөнінде желінің жалпы дерекқорыныңбелгілі бөлігі болып табылады. Абоненттер жөніндегі дерекқорға IMSI немесе MSISDN (ISDN желісіндегі жылжымалы абоненттің нөмірі) нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Дерекқорға басқа желілерге жататын MSC және VLR желі аралық роумингті қамтамасыз ету мақсатымен қатынау ала алады.
Орналасудың қонақ регистрі (VLR)
Жылжымалы станцияның аймақтан аймаққа ауысуын бақылауын қамтамасыз ететін екінші негізгі құрылғы - орналасудың қонақ регистрі VLR. VLR құрамына оның аймағындағы жылжымалы абоненттер, соның ішінде роумерлер (роумер – «роуминг» процедурасының шеңберінде берілген жүйенің қызметтерін уақытша пайдаланатын басқа GSM жүйесінің абоненттері) жөнінде барлық ақпарат бар абоненттік дерекқор кіреді. VLR-ге жазылған бұл ақпарат жылжымалы абоненттермен байланыс орнату үшін қолданылады. Жылжымалы абоненттер жөніндкегі деректер үш бөлікке бөлінуі мүмкін:
Абоненттер жөніндегі бұд деректер жылжымалы абонент бұл VLR-мен бақыланатын аймаққа орын ауыстырғанда әрдайым VLR регистріне жазылады,және ол басқа VLR аймағына көшкенде жойылады.
VLR келесі абоненттік адрестерді қолданып жылжымажы абоненттерді танм алады:
VLR көмегіменжылжымалы станцияның
НLR-мен бақыланатын аймағының
шеңберінде функционалдануы
Орын ауыстыру үрдісінде жылжымалы станция базалық станциялар тобын біріктіретін BSC базалық станцияның бір контроллерінің әрекетінің аймағынан басқа BSC әрекетінің аймағына көшкен кезде ол жаңа BSC-пен тіркеледі де, VLR-ге жылжымалы станцияның шақыруларының жеткізілуін қамтамасыз ететін байланыс облысының нөмірі жөнінде ақпарат енгізіледі. Осылайша, VLR-де деректер абонент сол VLR-мен бақыланатын аймақта болғанша сақталады.
GSM жылжымалы байланыс желісінде ұяшықтар географиялық аймақтарға (LA – Location Area) топталады, олардың әрқайсысына жеке идентификациялық нөмір беріледі. Әр VLR бірнеше Laабоненттері жөнінде деректерді сақтайды. Жылжымалы абонент бір LA-дан екіншіге ауысқанда, оның мекені жөнінде деректер VLR автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар VLR жылжымалы станцияның роумингтік нөмірінің (MSRN – Mobile Station Roaming Number) берілуін қамтамасыз етеді. Жылжымалы станция кіріс шақыруды қабылдағанда, VLR оған MSRN-ді тағайындайды және оны MSC-ге береді, ол бұл шақырудың жылжымалы абоненттің жанында орналасқан базалық станцияға маршрутизациясын қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда VLR жылжымалы абонент жөнінде ол орналасқан аймақ үшін жергілікті дерекқор болып табылады, бұл НLR-ге үнемі сұранымдарды болдырмауға және шақыруларғы қызмет көрсетуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. MSC және VLR элементтері бір блокқа біріктірілген.
Жабдықты идентификациялау регистрі (EIR)
EIR (Жабдықты идентификациялау регистрі) құрамына жылжымалы станция жабдығының халықаралық идентификациялық нөмірінің (IMEI – International Mobile Equipment Identify) түпнұсқалылығын растауға арналған орталықтандырылған дерекқор кіреді. Бұл дерекқор тек қана жылжымалы станцияның жабдығына қатысты. EIR регистрі жылжымалы станция жабдықтарының айырымдарын сақтайды. Бұл ақпаратты қолданып MSC жылжымалы абоненттің жабдықы қолданысқа жіберілді ме әлде оның қолданысына тыйым салында ма екендігін тексере алады. EIR-де жылжымалы станция үш тізімде тіркеледі:
Информация о работе Іс жүзінде бар жүйені талдау және техникалық