Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 20:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3



І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар-------------------------------------------------------------------------------------7
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9


ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық -------11
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------------------------------------------------------------------------------------13
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар---------------------------------------------------------------------14


ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18


ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25

Работа содержит 1 файл

жастармен алеумет.жумыс-курс.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

Арнайы психологиялық-әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ондай бала-лардың сол өзіміз айтып отырған қоршаған ортаға келеңсіз әсер ететін жағдайда тәрбиеленгендігін көрсетеді.

Қоршаған орта демекші, ендігі  бір жүргізілген социологиялық зерттеудің бір қыры — «Жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне не ықпал етеді?» деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған. Олардың 7,5 пайызы теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14,1 пайызы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші — 2,3 пайыз, көшенің ықпалы тиді деушілердің саны 73,6 пайыз болып отыр. Сұралғандардың 3,1 пайызы ғана әке-шешелерінің беделін сыйлап, келеңсіз жолға түспегендерін әңгімелесе, мұғалімнің, яғни, ұстаздың беделін 2,3 пайызы ғана алға тартады. Осынау келтірілген цифрлардан аңғаратын жағдай, алдымен жасөспірімдерге отбасы тәрбиесі, сосын барып оларды қоршаған орта, араласқан қатар-құрбыларының кім екендігін тексеріп білудің маңыздылығы. Жалпы, қалыптасып үлгермеген жасөспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы жақсы-жаман қасиеттерді, соңдай-ақ өзі араласып отырған ортадағы іс-әрекеттердің оғаштарын тез қабылдайды. Мұның ішінде әсіресе жағымсыз жайлар бойға тез сіңеді. Қазақтың «жаман әдет жұқпалы» деуі де сонда болса керек. Ендеше, «қиын» жасөспірімдерді біз өзіміз ата-аналар, ұстаздар қолдан жасаймыз.

Осынау қиын да, қызық кезеңде өмір сүріп жатқан жасөспірімдердің тыныс-тіршілігін жасаған қылмыстарына қарап пайымдасақ, олардың көбісінің отбасы, бала-бақша, мектеп секілді орындардан оң тәрбие көрмегенін байқауға болады. Олардың көпшілігінің өзінің ата-анасына мейірімсіз болып шығуының сыры сонда. Олар өздерін отбасы мүшесімін деп толыққанды санай алмаған. Яғни, қылмыс жасаған жасөспірім әлеуметтік - психологиялық оқшаулықта қалған.

Заң бұзушылықтың себептерін адамның өмір салтындағы кем-шіліктермен де байланыстырған жөн. Жалпы, кім-кімнің болмасын қылмысқа баруы, алдымен оның тұрмыс-тіршілігі, кешкен күн, сүрген өмірінен еш бөліп қарауға келмейтін құбылыс. Оның алдын алуының жолдары да сан алуан. Бір қызығы, қолдағы бар деректерге сүйенсек, сотталғандар отбасының 31 пайызы балаларын қылмыстық жолдан сақтандырғысы келмеген, келген жағдайда да қауқарлары жетпеген, ал 20 пайызы балаларының  қылмыстық әрекетін біліп көре-тұра,  одан арашалап қалуға еш әрекет жасамаған. Сұралғандардың 49 пайызы «жүріс-тұрыстарына отбасындағылар көңіл бөлді ме» деген сауалға жауап берместен, үнсіз қалған. Бұдан жасалатын қорытынды, оларға отбасының оң ықпалы болмай, өздерінің балалары алдын да неге беделі болмағандықтарын көрсетеді. Тіпті, оны айтасыз, кейбір ата-ана үшін баласының қылмыстық жолға түскені жаңалық болып табылмаған. Ата-анасы оны біле-тұра жасырып, ел-жұрттан ұят деген жалған намыстан аса алмай қалған. Міне, осының барлығы да бала тәрбиелеудегі қателіктермен кемшіліктерге үлкен жол ашады.

Соңғы кездері кейбір ата-ана аяқ астынан қарызға белшеден батып, дүние-мүлік, үй-жайын сатуға мәжбүр болады. Бұл — нарық тудырған қиындық. Міне, осының өзі бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөліне ерекше ықпал ететіні тағы анық. Осы тұста айта кететін жай  «Жекешелендіру туралы» заңда тұрғын үйге баланың құқығы жайында   ешнәрсе айтылып, көрсетілмеген.  Үйсіз-күйсіз қалған жасөспірім балалар үйіне тапсырылады. Кейін, ол есейген соң қайда барарын білмей далада қалары белгілі. Сол жасөспірімдердің өздерінің басына түскен оқиғаларын жазып әкімшілік орындарына  жолдаған хаттары да жауапсыз қалып жатады. Сондықтан да «Жекешелендіру туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, онда балалардың тұрғын үйге деген құқығы анық та нақты көрсету керек. Бұл орайы келгенде  айтылған мәселе.

Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғарғанымыз, пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыстарды жасау себептерінің бірі — мектеп тәрбиесіндегі кемшіліктер. Сондықтан да   қылмыстылық пен мәдениеттілік, білім және біліктілік арасындағы байланыстарды еш уақытта бөле-жара қарамай, олар-ды бір мақсаттағы негізде жүйелі жолға қою керек. Соған қарамай, білімділік адамның өнегелік, құкықтық, мәдени деңгейінің жоғарғы көрсеткіші емес екендігін де аңғаруға болады.

Демек, мектепті де білім бермедің деп кінәлай беруге де болмас. П.Лагафт деген ойшыл-заңгер бір кезде: «Білімділік қылмыс заңын азайта алмады, ол тек криминалистерге қылмыстарды жаңаша топтастыруға мүмкіндік берді, себебі білімділік деңгейінің қылмыстың рөлі мен сипатына әсер ететіндігі анықталды» деп жазуының өзінде де осынау ойдың астары бар. Енді бір деректерге қарасақ, кейбір отбасылар мектеппен барлық байланысты жоғалтқан, олардың балаларын оқытып жүрген ұстаздармен, жалпы педагогикамен шаруасы жоқ, көптеген ата-аналар тіпті мектептегі ұстаздармен ұдайы жанжалдасып, олардың айтқандарына құлақ аспайды да. Олар «Балаларымызбен не істеу керектігін мұғалімдерсіз-ақ өзіміз білеміз» деп санайды. Яғни, ата-аналар жиналысына шақырғанға келмейді, мұғалімдермен араласуды ұнатпайды. Қолдағы мәліметтерге жүгінсек, 5- сынып оқушыларының сауал қойылған 100 ата-анасының 32-сі мектептің қайда екенін білмесе, ал Зб-сы өзбалалары оқып жүрген сыныптың жетекшілерін танымайды екен. Баланың мектепте алған азды-көпті оң өнегесі отбасында қолдау таппастан, қайтаның түбіріне балта шабылады. Сонымен, кәмелетке толмаған қылмыскерлер тобындағы мектеп оқушылары мен студенттер үлесі аз (2,5 есе), ал КТУ оқушыларымен жұмыс істейтін жастардың үлесі жоғары, (ол да 2,5 еседей). Бұл мәліметтердің отбасымен байланысы бар екендігі сөзсіз, оны КТУ оқушыларының және өнегесіз на-шар тәрбие берген отбасынан шыққан жұмыссыз жастардың арасындағы қылмыстылықтың деңгейі көрсетіп тұр. Мұның барлығын тәптіштеп айтып жатуымыздың сыры, балаларға тәрбие берудегі отбасы және мектеп, жоғары оқу орындарының қоғамдағы алатын орнын аңғарту./14, 177 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНЫДЫ

 

Сонымен, зерттеу курстық жұмыстың  І-бөлімінде: Жастардың құқықтық әлеуметтенуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-түрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизімің ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және позитивті, негативті әлеуметтік факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік береді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды индивидтердің сақтауына жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар,  көзқарастар және т.б.  қамтылып  қана қоймайды, олардың толыққанды азамат болып қалыптасу процесіне әсер ететін объективті және субъективті факторларды да қамтиды.

Бүгінгі таңда ауыл жасына көңіл бөлетін, бет бұратын уақыт жеткендей. Жұмыссыздықтан ауыл жастары қалаға ағылып, көптеген қылмыстық әрекеттерге ұрынуда. Бұл қазір тенденциялық сипат алуға бет бұруда. Енбекқорлыққа баулу туралы қазақтың белгілі ойшылы Шәкәрім Құдайбердиевте кезінде айтып өткен болатын: «Адам мен азаматқа сәби кезінен енбекқорлыққа үйрету тағылымы кәзіргі кездеде өзінің көкейкестілігін жойған емес».Сондықтан да ауыл жастарының ауылда тұрақтандыру үшін мынандай шаралар атқару керек:

-  ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешу;

-  ауыл жастарының бос уақытын ұтымды өткізу үшін мәдени шаралар ұйымдастыру;

-  ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын, ұлттық   дәстүрді уағыздайтын кешенді шаралар ұйымдастыру т.б.

ІІ-бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды: Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамдарды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып сатарлық жа-сау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық, компьютерлік қылмыс және басқа түрлермен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Бұрынырақта жасы кәмелетке толмағандар қылмысы незігінен «көшелерде» жасаған іс-әрекеттер болса, соңғы кездегі олардың қылмыстық іс-әрекеттері қоғамдық орындарда, көлікте, бөтеннің үйінде, оқу орындарында, жатақханаларда жүзеге асырыла бастады.

Жасы кәмелетке толмағандардың 90-95 пайызы — ер балалар. Жеткіншектердің қылмысына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқадай есеңгірететін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналысуға арнайды.

Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғарғанымыз, пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыстарды жасау себептерінің бірі — мектеп тәрбиесіндегі кемшіліктер. Сондықтан да   қылмыстылық пен мәдениеттілік, білім және біліктілік арасындағы байланыстарды еш уақытта бөле-жара қарамай, олар-ды бір мақсаттағы негізде жүйелі жолға қою керек. Соған қарамай, білімділік адамның өнегелік, құкықтық, мәдени деңгейінің жоғарғы көрсеткіші емес екендігін де аңғаруға болады.

Жалпы жастармен жүргізілетін жұмыстардың бағыт – бағдары:

1. Қазақстанның    демократиялық    құқықтық және  әлеуметтік    бағыты айқындалған мемлекет екенін ескере отырып, біздер үшін жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру оңды болмақ. Қазақстан егмендігін алған сәтте саяси мемлекеттік құрылым, өндіріс тәсілі, нарықтық қатынастарға өтудегі жаңа экономикалық  реформалардың  енгізілуі  салдарынан  жастар  саясатының бағыты елеулі қиындықтар мен күрделіліктерге тап болғанлығын ескеру керек.

2. Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру және нығайту процессінде қоғамның демократиялануы және мемлекеттің экономикалық негіздері жастардың әлеуметтік мәртебесіне, элеуметтік-саяси белсенділігіне әсер еткенін ойдан шығармау қажет.

3. Мемлекеттік жастар саясаты күн санап өзгеріп жатқан қоғамдағы саяси-экономикалық жаңалықтар мен қоғамның жаңа санасына (жастар санасының да) сай құрылуы қажет. Жастар ортасы қоғамның    реформаланушы және шынайы идентификациялық процесстердің - этникалық азаматтық әлеуметтік ықпалында болып отыр. Жас ұрпақтың ұлттық санасы өзгеріп жатқанын ескере отырып, жаңа мемлекеттік құндылықтардың қалыптасуы жолында саясат жүргізген жөн. Онда жастардың қоғамдық-саяси іс-шараларға араласуы көлпартиялық ой-пікір алуандығы, сөз бостандығы және адам құқы тәрізді демократиялық құндылықтарды орнықтыру және жүзеге асыру ісі өз дәрежесінде емес екенін ескеру керек.

4.    Қазақстан   Республикасында   жастар   саясатының   қалыптасып,   жүзеге асуының негізгі бағыттарына төмендегі факторлар жатады: рухани фактор жастар саясатын дұрыс жүргізуге тірек болады; ұрпақ сабақтастығының болашақтағы өндіріс күшін  арттыруға бағытталған білім   мен мәдениет саласы. Бұл орайда білім саласындағы реформалар Қазақстанды әлемдік өркениетке, мәдениетке бастайтындай жүргізілуі тиіс.

5. Егемендік алғаннан кейінгі жаңа қоғамдық құрылымның әлеуметтік-экономикалық жағынан ең әлсіз қорғалған тобы жастарды әлеуметтік тұрғыдан қамқорлыққа алу қажет. Бұл орайда жастар ортасында әлеуметтік-психологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Бұл өз кезегіңде девианттық мінез-құлықты жастарды жөнге салуға, қылмыс әлемінің өршіп кетпеуіне жәрдемдеседі. Жас ұрпақты әлеуметтік қорғау саясаты мемлекеттің дамуында үлкен маңызга ие екенін ескерген жөн.

6.    Мемлекеттік   жастар   саясатын   жүзеге   асыру   бірінші   кезекте   жастар саясатының заңдық және саяси-құқықтық негіздерін жүзеге асыруды қажет етеді. Сыннаң өткен теориялық әдістемелік тұжырымсыз жаңа  жастар   саясатынын ұстанымдарын жүзеге асыру мүмкін емес. Мемлекеттің даму кезеңі тұсындағы жастар саясатына ғылыми тұрғыдан қарау жаңа жастар саясатының заңдық-құқықтық негізі жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан оны жетілдіру қажет.

7. Мемлекеттік  жаңа  жастар  саясатын   жүзеге   асыру  үшін,   мемлекеттік, аудандық және жергілікті жерлердегі ұйымдастыру жұмыстарын шешуге баса назар аударған жөн. Биліктің білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және әрбір жеке тұлғаның рухани қажеттігін өтей білетін реформаларды сауатты   үйлестіре білген жағдайда ғана «Қазақстан - 2030» Стратегиялық Бағдарламасының он жылдықтарға жоспарланған бір тармағы ретінде жастар саясатын жүзеге асыру мүмкін болмақ.

8.   Жастар саясатының рөлі мен маңызын және оның қалыптасуын, жүзеге асуын зерттеу  Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуының басты шарттарының бірі болып табылады. Біз еліміздің әлемдік демократиялық   қауымдастыққа интеграграциялануында жастар ісінде, ұлттық таным,    дәстүр,  рухани-мәдени құндылықтар мәселесінде еліктеу т.б. кемшіліктерге тосқауыл қоя отырып, әлемдегі өзге мемлекеттерден тәжірибе алмасуға да көңіл бөлу керек.

9.  Жастар саясатының практикалық аскпектісіне орай, 10-15 жылға арналған кешенді мемлекеттік жастар саясаты болмай отыр. Бұл мезгілді таңдау себебіміз, осы уақыттан соң, жастар тұрақты және жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болады.

10.  Республикамыз өтпелі кезеңнің қиындықтарын енсеріп өткенімен, жастар саясаты   мемлекеттің   негізгі  басымдықтарының  бірі   болып  табылады.   «Жастар саясаты туралы» жаңа Заңның қабылдануы ғана емес, оны жетілдіру жастардың саяси-әлеуметтік белсенді топ ретінде дамуына әсер етеді. Қоғаммен қарым-қатынас арқылы жастар өздерінің құндылықтарын саралап, саяси партиялардағы жастар фракциясы. мемлекеттік емес мекемелердің ісіңе араласа отырып жүзеге асыра білулері қажет.

11.  Америка Құрама Штаттарының Конгресінде мектеп оқушылары, жоғары сынып тәрбиеленушілері конгресс мүшелерінің қолын ұзартып шай кофе, қағаз, кітап, заң жобаларын тасып қызмет көрсетеді. Парламент ішіндеп хал-ахуалды көзбен көріп, заң шығарушылық қызметке, жалпы мемлекеттік саяси қызметке құштарлық сезімі оянады. Сөйтіп когрессмен, сенаторлар қатарынан орын алу олардың өмірлік мақсатына айналады. Соған жету үшін олар табанды білім алып, өздерін ерте бастан дайындайды. Осындай тәжірибені игеру бізде жоқтың қасы. Егер бұл тәжірибе Қазақстан Республикасы Парламентінде де іске асса, талапты жастарды саралап заңгер, саясаткер санатына қосудың жүйелі әрекеті жүргізілсе дұрыс болар еді.

Информация о работе Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар