Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 20:32, курсовая работа
Курстық жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар-------------------------------------------------------------------------------------7
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9
ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық -------11
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------------------------------------------------------------------------------------13
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар---------------------------------------------------------------------14
ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25
Қылмыстық қодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптьшыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде—13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа Зеландиада — 10, Ирландия құқығында— 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен коғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15- бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14, 16 жас) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мәнжайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мәнжай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекеттің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы белімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете дамымауынан болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысының 8-тармағында.
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды. Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құкығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.
«1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады./6, 159 б./
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жок, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталатынын біз білеміз.
Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмысты, ішкілікке салынуды, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және өзін-өзі өлтіруді жатқызуға болады.
Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жас өспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлқы (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Сөйтіп, девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.
Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді:
біріншіден, бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопаталогиялық болып келетін мінез-құлық;
екіншіден, қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық.
Осының барлығы көп жағдайда жасөспірімнің санасы мен психологиясына әсер ететін көптеген факторлардан тұрады. Ондай факторларға дара, жеке, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік факторлар жатады.
Сонымен, жасөспірімнің осы девианттық мінез-құлқы жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушы тұлғаның қалыптасуын анықтайтын негізгі шарт болып табылады. Жастардың ауытқыған мінез-құлқының негізгі мәселелеріне арналған заңи және психологиялық әдебиеттерде анағұрлым басым пікір, көптеген делинкветтік жасөспірімдердің сәтсіз отбасыларда тұруы, олардың нашар тұрмыс жағдайы, отбасындағы шиеленіскен қатынастар болып табылады.
Осындай отбасында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдарламасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімдермен қарым-қатынастарының нашарлауы, сабақты жиі жіберу т.б. тән жатады. Кейбір жағдайларда айналасын тәл-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы қабылдаған өз ортасының нормаларынан бас тартып, нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Адамдар девианттық мінез-құлықты қылмыскерлермен қарым-қатынаста болған жағдайда меңгереді. Егерде жасөспірімнің достары және туыстары қылмыстық іспен айналысса, ол да нағыз қылмыскерге айналуы мүмкін.
Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер уақытын үйлердің жертөлелерінде өткізеді. "Үй асты өмірі" олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге әр түрлі өздері сияқты жастар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің "Үй асты" моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.
Жасөспірім тұлғаның дамуының криминалды нұсқасы тек сәтсіз отбасының жағдайларына ғана байланысты емес. Ол кең түрде әлеуметтік және жалпы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге де байланысы. Дегенмен, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44%-ы осы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Біз қарастырып жатқан мәселеде, профессор А.Е.Личконың пікірі анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп керсетеді:
- отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлықына) отбасындағы қаталдыққа дейін әртүрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;
- немқұрайдылылық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын әртүрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады.
Сөйтіп, объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Мына төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырының динамикасын көруге болады:
- бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру (назар аудару) және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;
Делинквенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанында қызуқандылық міндетті түрде болады.
Р.Бэрон және Д.Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар:
— жиі болатын ата-ананың арасындағы ұрыс, жанжалдар;
— ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
— балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
— жасөспірімдердің пікірін елемеу;
— ата-аналармен жылы шырайлы байланыстардың болмауы;
— балалардың арнамысына тию;
— тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемістуге, жазалауға, үлкендер жағынан қатал қарауға ұшырағандар.
Бүгінгі күнде көптеген отбасы өзінің рухани моральдық қуатынан айырылған. Оған ықпал етуші жағдайларға қазіргі жасөспірімдер арасындағы рухани жүдеулікті, нашақорлықты, маскүнемдікті, қазақ қоғамында кездесе бермейтін қыздардың жезөкшелігін жатқызуға болады.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер көптеген жастарымыздың өмір тұрмысына кейде кері әсерін тигізуде. Өтпелі кезеңнің ауыр жағдайы жастарға зардабын тигізуде. Олар жұмыс берушінің жастар еңбеген реттеуші еңбек заңы нормаларын орындалмауына көнуге мәжбүр болуда.
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынадай тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшілігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.
Сот, медицина, педагогика, психиатрия тәжірибесінде ішкіштің қылмыскерге айналуы, ал ұсақ құқық бұзушының ауыр қылмыс жасауы, қылмыскердің нашақорға айналуы т.б. жиі кездеседі. Нашақорлардын, 70%-і 30 дейінгі жастар, ал 60%-і 19 жасқа дейін нашаның дәмін алғандар. Сондықтан, нашақорлық мәселесі бүгінгі күндегі жастар мәселесімен тығыз байланысты болып отыр.
Девианттық мінез-құлықтың бір түрі суицид, яғни бұл өзін-өзіне қол жұмсау. Ауытқудың 6ұл түрі 55 жастан кейін және 20 жасқа дейін кездеседі, ол қазіргі таңда 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда басқа ТМД елдерінен қалыспай отыр.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының бірнеше себептері бар:
1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.
2. Девианттық мінез құлықтың моральдық этикалық факторы қоғамның моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады және барлығын сатып алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық қайырымшылық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі.
3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немкұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы. қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.
ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ
Соңғы кездері қылмыс жасаушылардың жас деңгейі жасарып барады деген сөз мерзімді басылымдарда кең етек алып бара жатыр. Өйткені, қыл-мыстың жасалуы ең алдымен Қазақстан, сосын қазақ ұлты үшін ең қатерлі қасірет. Ендеше, оның қыр-сырын біз алыстан іздемей, өзіміздің отбасымыздан қарастырғанымыз жөн. Қылмыс әлемінің жасалуы себептеріне байланыстырсақ, онда тәрбие отбасынан, одан да әрі терең кетсек, ананың құрсағынан басталуы тиіс. Сондықтан да соңғы жылдары республикамызда жүргізілген социологиялық зерттеулерге орай «Сіздің отбасыңыз тату ма?» деген сұраққа оқушылардың 72,2 пайызы «иә, өте тату», деп жауап берсе, ал 24,4 пайызы «онша емес десе, қалған 1,8 пайызы «мүлде тату емес», деген кесімді тұжырым айтқан, 1 пайызы болса мүлдем жауап бермеген. Міне, осының өзінен-ақ қылмыс әлеміндегі жасөспірімдердің алатын орнын өкшелеуге келгенде отбасының атқарар рөлін анық байқауға болады емес пе.
Жалпы, адам жақсы - жаманды отбасынан біліп, оның қырсырын бойына сіңіреді. Сондықтан да, жасөспірімдердің адамға, қоғамға, еңбекке, мемлекет пен ұлтқа, соның ішінде өзінің ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың көрсеткен үлгісіне қарай қалыптасады. Олардың әрбір жасаған теріс қылықтары еш уақытта да із түзсіз қалмай баланың бойынан көрініс табады. Мысалы, егер әке шешесі үйге ұрланған зат әкелгенін байқаса, оны ол да қайталауы мүмкін. Мұндай жағдайда тәрбие жөніндегі сөз бос әурешілік болып қалады. Сондықтан да толыққанды жақсы тәрбие немесе отбасының ажырасуының бала өмірінде алатын криминогендік орны ерекше. Мысалы, зерттелгендердің 68 пайызында кәмелетке толғанға дейін әкесі де, шешесі де болса, ал 32 пайызында әке-шешелерінің біреуі немесе екеуі де болмаған. Тіпті, оны айтасыз, олардың 19,4 пайызы некесіз туғандар. Әрине, егер отбасында әке-шешесінің біреуі болмаса, оның үстіне бала бірнешеу болса, олардың жүріс-тұрысын қадағалау, жалпы тәрбие беру мәселесі өте қиынға соғады. Ата-ананың жүріс-тұрысы да, іс-әрекетіде заңға қайшы келетін отбасында дұрыс тәрбие беру мүмкін емес, бірақ соған қарамай, олардың келеңсіз мінез-қылықтары баланы қайткен күнде де қылмыскер етіп шығара-ды деу де оншалықты шындыққа жанаса қоймайды. Мұндай жағдайда ең басты нәрсе, балаға деген көңіл, оны барынша мейірімділікпен ішке тарту немесе жатсынып жақтырмай сыртқа тебудің рөлі ерекше. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепке тұратын 15 мыңға жуық жасөспірімдердің басым көпшілігінде ата-аналарымен мейірімді байланыс болмаған. Соның салдарынан олардың зорлық-зомбылық, тіпті аш-көз пайдақорлық сипаттағы қылмыстарға баруына жол берген./8, 57 б./