Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 20:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3



І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар-------------------------------------------------------------------------------------7
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9


ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық -------11
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------------------------------------------------------------------------------------13
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар---------------------------------------------------------------------14


ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18


ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25

Работа содержит 1 файл

жастармен алеумет.жумыс-курс.doc

— 178.00 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

 

 

 

І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.1 Жастар және жастардың құқықтық  әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6

1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар-------------------------------------------------------------------------------------7

1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9

 

 

ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

 

2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар  арасындағы құқық бұзушылық -------11

2.2 Құқық  бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------------------------------------------------------------------------------------13

2.3  Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар---------------------------------------------------------------------14

 

 

ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық  жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық   жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және  Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана мен құқықтық мәдениет маңызының арта түсуіне жол ашты. Қоғамдағы шынайлықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі -құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз - шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол - белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділІк.

Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып отырғанын біз жақсы бІлеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.

Бұл еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымызды биік дәрежеге көтеріп, оның болашағына ие болып, гүлдендіретін де жастар болып табылады.

Ал жастарды осы бастан ел мен жерге құрмет көрсете білуі максатын казақ халкының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің үлгілерін өз бойына сіңіруге, ғылым мен білімнің соңғы жетістіктерін жете меңгерген кәсіпқойлыққа баулуымыз кажет.

Мемлекеттің өркендеуінде табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі қандай рөл атқаратын болса, жастардың кәсіпкой, өз ісінің шебер маманы болып қалыптасуы да зор рөл атқарады. Қазақстанның ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне көтеріле аламыз.

Қазіргі заманның басты талабы - мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте күрделі іс. Оның негізіне жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отан сүйгіш, интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймаған, ел дамуының кәсіптік мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырған, оларды пайдалана білуге дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу басты іс болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңе заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білікті маман иелерін даярлау ісі құқықтық білім беру және кұқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылалы. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.

Бүгінгі таңның ең артық мұраты – тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аулурылуда.

Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңгыртуға тиіспіз». Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.

Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жана сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық құндылықтарға деген ұмтылыстарымен ерекшеленеді.

Үшіншіден, қазақ ұлты жастарының ұлттық идеясы өз дәрежесінде емес. Оны тіл, діл, дін, салт – дәстүр салаларындағы келенсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда.

Төртіншіден, кейбір саяси партиялардың атынан шығып жүрген жастар ұйымдары акциялары арзан ырду - дырдулардан әрі бара алмауда. Оларды Отан сүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. Мақсат - Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын корпоративтік мүдделер шегінен шығарып, оны жалпыұлттық дәрежеге көтеруде болмақ.

Бесіншіден, жастар арасындағы девиантты мінез - құлық көбеймесе азаяр емес. Есірткі мәселесі де жастар үшін үлкен күрделі проблема. Оған қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізіп,бұл мәселе қоғамдық ұйымдардың да алдындағы міндеттердің бірі екенін ескеру керек./1,227 б./

 

Бұл жастар ісіндегі бір бағыт қана. Еліміздің ертеңі жастарсыз жарқын бола қоймайды. Сондықтан да қазіргі кезден құқықтық мәдениеті жоғары жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Қазақтың алтын бесігі ауыл, ал қазіргі кезде ауыл жастарының басым көпшілігі жұмыссыз, бос. Мемлекет тарапынан ауыл жастарын әлеуметтік-мәдени тұрғыдан көтермелеуге байланысты арнайы бағдарлама қабылдап, оны тез арада жүзеге асыруға кірісу қажет.

Сонымен қатар, қазіргі кезде нашақорлыкқа, ішкілікке салынушылардың дені жастар болып отыр. Әртүрлі жұқпалы аурулар мен СПИД-тің де тамыр жайып отырған ортасы да осы жастар. Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі осы еліміздің жастарының үлесіне тиюде. Жас, тәуелсіз мемлекетіміздің алдында ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті түр. Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі көптеген ғалымдар тарапынан жалпы құқықтық мәдениет мәселелерін қарастыру барысында сөз болады. Жалпы жастардың қүқықтық мәдениеті кешенді мәселе болғандықтан, кейІн оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналып отырған.

Жастардың құқықтық жағдайын зерттеуде оны көбінесе жастардың құқықтық тәрбиесімен астастыра қарастыру орын алған. Жалпы құқықтық мәдениет және жастардың құқықтық мәдениеті туралы Қазақстанның танымал заңгер ғалымдары - С.З. Зиманов, М.Т. Баймаханов, Ж.Д. Бусурманов, С.С. Сартаев, С.Н. Сабикенов, Г.С. Сапарғалиев, Н.Б. Мухитдинов, Т. Ағдарбеков, Н.Ө. Өсеров, С.Ө. Өзбекүлы, Е.К. Нурпеисов, А.К. Мухтарова, Е.Б. Абдрасулов, С.Ф. Ударцев, А.С. Ибраева, А.У. Бейсенова көлтеген еңбектер жазған.

Жастардың құқықтық тәрбиесі мәселесі Л.А. Сахипова, А.И. Долгова, М.В. Лукьяненко, В.М. Фокин, В.И. Новоселов, К.Х. Найманов, А.П.Чуғунов, В.В. Альхиминко, А.Б. Козловский, В.В. Бородин, Е.С. Кубанков, З.А. Бренчев, Г.Б. Елемисов, К.А. Бегалиевтін еңбектерінде кеңінен қарастырылып, арнайы зерттеу нысанасына айналған.

Сонымен қатар, жастардың құқықтық мәселесін жетілдірудің жолдары құқықтық сананың аясында қарастырылады. Бұл бағыт Л.М. Голубеваның, С.А. Батованың, В.В.Оксамытныйдің еңбектерінде жүйелі түрде сөз етіледі. Жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу ісі Е.А. Зорченконың және т.б. еңбектерінде арнайы зерттеледі./4, 45 б./

 

 

 

 

 

 

І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жастар және жастардың құқықтық  әлеуметтенуінің

ерекшеліктері

 

Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздІң даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар - ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері.

Жастардың құқықтық әлеуметтенуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-түрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизімің ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және позитивті, негативті әлеуметтік факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік береді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды индивидтердің сақтауына жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар,  көзқарастар және т.б.  қамтылып  қана қоймайды, олардың толыққанды азамат болып қалыптасу процесіне әсер ететін объективті және субъективті факторларды да қамтиды.

Жастардың құқықтық әлеуметтенуіне макродеңғейлер мен қатар микродеңгейдің де тигізетін ықцалы өте күшті. Оның ішінде жас жеткіншектің алғашқы құқықтық әлеуметтену тәрбиесін жинайтын жері - ол отбасы. ҚР УҒА академигі С.З. Зиманов қазақ халқының құқықтық мәдениетін зерттей отырып, отбасының маңызын былай деп анықтаған: «Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы оған би болу жолында дұрыс бағыт-бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең алдымен отбасында оған казақтың айшықты сөз өнерін, әдеттік-кұқықтық дәстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мәселерерді шешуді, яғни соттық қызмет барысында кездесетін сан-қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін табуды үйренуге көмектесетін, қисынды сөзбен қиюластырылған жұмбақ сөздің астарын табуға баулаған».

Шын мәнінде жастардың бойында моральдық құндылықтар мен мінез-құлық нормаларының қалыптасуында отбасының ықпалы зор. Бала туылғаынан бастап шамамен 15-18 жасқа дейін үзіліссіз ата-анасының қолында болады. Бұл уақыттар аралығында бала ата-анасының, айналасындағылардан тілді, мінез-құлық ережелерін, салт-дәстүрлерді, кәсіптік дағдыларды және т.б. үйренеді. Осылай әлеуметтенудің алғашқы қадамдарын жасайды. Бірақ бұл жас аралығында әлі де болса олардың өмірдегі әлеуметтік орыны белгісіз болады. Соған қарамастан жеке адамның құқықтық әлеуметтенуін жас кезден бастаған жөн. Себебі, адамға тән қасиеттердің 70 пайызы жас кезде қалыптасады. Өмір тәжірибесі көрсетіп жүргендей салауатты, бақытты отбасында тәрбиеленген әлеуметтік дағдылары қалыптасқан бала өзіне және айналасындағыларға сеніммен қарай алатын болады. Ол оз отбасының мәдениет нормаларын шынайы және саналы түрде қабылдап, үлгілі тәрбиеленген жеке тұлға ретіңде қалыптасады. Соған байланысты бала өзінің болашағын анық түрде бағыттай алатын жағдайда болады.

Егер отбасы жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, балалардың жүріс-тұрыс дағдыларын қабылдауында және тәрбие ісінде үлкен кемшіліктер кетіп, ауытқыған мінез-құлық түрі дамиды, Себебі, жастардың қылмысын зерттеу барысындағы нәтижелер көрсеткендей, ауытқыған мінез-құлығы бар жастардың 85 пайызы осындай жайсыз отбасында тәрбиеленгендер. Қазақстанда отбасының этикалық ерекшеліктеріне және қала мен ауылдың әсеріне байланысты өзіндік нысандары қалыптасқан. Осыған сәйкес жастар да әртүрлі деңгейде әлеуметтену процесінен өтеді./9, 28 б./

 

 

 

 

1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар

 

Жастардың құқықтық мәдениетінің бірден-бір негізгі компонентерінің бірі - олардың құқықтық санасы болып табылады. Құқықтық сана жалпы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Құқықтық сана дегеніміз - қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Жастардың құқықтық санасының ерекшеліктеріне көңіл бөлгенде, біз бір жағдайды ескеруіміз қажет. Ол, біздің ойымызша, жастардың әр алуан топтарының әлеуметтік, құқықтық және т.б. жағдайлары. Аталған жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарды әртүрлі топтарға жіктеуге болады.

Мәселен, жастардың ерекшеліктеріне байланысты: балалар (14 жасқа дейінгілер); жасөспірімдер (14-18 жасқа дейінгілер); кәмелет жасынан кейінгілер (18 жастан асқандар). Тұрақты жерлеріне қарай жастар ауыл жастары және қала жастары болып бөлінеді. Білім денгейлеріне қарай: орта білімді, арнайы орта білімді, жоғары білімді деп ажыратылады. Әртүрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың мүшелігіндегі және ондай іспен айналыспайтын да жастарды бөліп қарауға болады. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуын зерттеуде көрсетілген жіктеулердің маңызы ерекше.

Информация о работе Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар